66
ғым ды пiкiрде болды. Кiшi жүз қазақтары арасында ғы жағдайды тез
түсiнiп үлгердi. Билiктi билер кеңесiне берудi жақта ған Сырым батырдың
ықпалын әлсiретуге тырысты.
1786
жылы О. Игельстром хан билiгiн реформалаудың жобасын
ұсынды. Ол реформаның мәнi хан билiгiн толығымен жою еді.
Бiрақ
Игельстромның реформасы Кiшi жүздегi сұлтандар мен стар шындардың
наразылығын туғызды. Өйткенi олар қазақ да ла сын дағы өз ықпалынан
айырылғысы келмедi.
Игельстром реформаларының мазмұны
Хан билігін толығынан жою
Орынборда
шегаралық сот құру
Кіші жүзді рулық-тайпалық
жүйе бойынша үшке бөлу
Расправалар құру
Кіші жүз аумағында екі не үш
қала, бірнеше мектеп,
мешіттер
салу ұсынысы
1786
жылы старшындардың съезi өттi. Онда тек қана Шегаралық сот
құруға келiсiм берiлдi. Соттың құрамына алты ру старшыны сай лан ды.
Мұның өзi лауазымды әкiмшiлiк қызметiнде қазақ ру старшындарының
сұлтандарды ығыстырып, ауыстыра бастағанын көр сеттi. Алайда мұндай
сайлау Кiшi жүздiң үш-ақ руында болды. Сөйтiп, Шегаралық сот Кiшi
жүздiң бүкiл руларымен жоғары дә ре желi билер тобы арқылы байланыс
жасай алмады. Соның салдарынан Кiшi жүздегi саяси жағдайға ықпал ету
мүмкiн болмай қалды.
Сұлтандар қазақ даласында
Достарыңызбен бөлісу: