164
туындылар қалдырды. Солардың қатарында
Т.У. Аткинсон, Г.Ю. Клапрот,
Б. Залесский
,
А.Э. Брем, И. Кастанье, Л.З. Ве рещагин,
Т. Шевченко т.б. бар.
Ағылшын
саяхатшысы, суретші Т.У. Ат-
кинсон (1799–1861) 1848–1852 жылдар ара-
лығында Қазақстанның бірқатар жерлерінде
болып,
тарихи-этнографиялық, география -
лық зерттеулер жүргізді. «Шығыс және Батыс
Сі бірдегі зерттеулер», «Әмудария бойымен
сая хат» атты еңбектерінде «Түнгі ауылға ша-
буыл», «Аттылы қырғыздардың (қазақтардың)
ұрысы» атты суреттер жариялады. Ол сурет-
терде сол кездегі қазақтардың қару-жарағы (айбалта,
найза)
бейнеленген, киімі, тамағы, қысқы киіз үйі
жай лы бірнеше этнографиялық гравюралар келтірілген.
Неміс зоологы, саяхатшы А.Э. Брем (1829–1884)
1877 жылғы Сібір мен Солтүстік-батыс Түркістанға
саяхаты кезінде Семейде болған. Осы сапары жө нінде «Қырғыздардың
(қазақтардың) тұрмысы мен отбасы», «Дала көшпенділері – малшылар»
атты еңбектерін жазды. Түрлі гравюралармен безендірілген бұл еңбектерде
қазақ халқының тұрмысы, әдет-ғұрпы, қонақжайлылығы,
ән мен музы-
каға ерекше дарындылығы, шешендік өнері жөнінде айтылады. Орыс
кескіндемешісі В.В. Верещагин (1842–1904) «Лепсі алқабы», «Шу өзені
бойындағы қазақ үйлері», «Алатауда», «Аңшы қазақ» суреттерінде қазақ
халқының тұрмысын жан-жақты бейнеледі. Б. Залесскийдің «Қазақ да-
ласына саяхат» атты суретті альбомы 1865 жылы Парижде жарық көрді.
Суретшінің туындыларында қазақтардың тұрмыс-салты, көне ескерткіш-
тері мен табиғат көрінісі ғажайып бейнеленген.
Достарыңызбен бөлісу: