Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


жатақтар деп аталды. 2. ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның қалыптаса бас тауы



Pdf көрінісі
бет141/197
Дата12.09.2023
өлшемі7,89 Mb.
#180807
түріКнига
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   197
Байланысты:
7 сынып Қазақстан тарихы

жатақтар
деп аталды.
2. ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның қалыптаса бас тауы.
Қарамағындағы жердің жаппай тартып алынуы, көшпелі малшаруа-
шылығының құлдырауы, әлеуметтік құрылымның өзгеруі қазақтарды 
қайыршыландыруға дейін жеткізді. Көшпелі және жартылай көшпелі 
өмір салтының күйзеліске ұшырауы салдарынан өлкеде халықтың екі 
тобы қалыптасты. Олар 
байлар 
және 
жалдамалы жұмысшылар
еді.
Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылар мен болыстар сияқ-
ты ауқаттылар байы ған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кә-
сіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ дала-
сында олар 
бай саудагерлер
деп аталды. Мал сойып, ет өндіруді кәсіп 
еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорны болды. 
Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты.
Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымды-
лық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Павлодар уезіндегі 
Қараөткел болысының болысы 
А. Қазанғапов 
кедейлерге, мешіттер мен 
мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсіпкер 
Б. Шоқабасов 
Пав-
лодар қаласында мешіт салдырды. Томск губерниясындағы бай қазақ 
Нұрекен
Мекке қаласында жүз кісілік қонақүй салуға үлкен үлес қосты. 
Ол қонақүйге қажыға барған қазақтар жайғасып жүрді.
3. дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауы.
ХІХ ғасырдың бас 
кезіне дейін қазақтардың өзіне тән бірегей әлеуметтік құрылымы болды. 
ізден!
Қазақ даласында 
жаңа әлеуметтік 
топтардың қалып-
тасуына не әсер етті?
Все
учебники
Казахстана
на
OKULYK.KZ
*
Книга
предоставлена
исключительно
в
образовательных
целях
согласно
Приказа
Министра
образования
и
науки
Республики
Казахстан
от
17 
мая
2019 
года

217


154
Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты-
на бейімделген еді. ХІХ ғасырдың 20-жылдары-
нан бастап патша үкіметі қазақтың әлеуметтік 
құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізді. 
Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 20–90-жылдары 
аралығында сұлтандар билігін әлсіретіп, билер 
сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отар-
шыл өкімет орындарының жалпыимпериялық 
басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтіретін 
еді. Билер қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық 
тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін 
қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп 
отыратын. ХVІІІ ғасырда мемлекеттік және 
қоғамдық қызметтің маңыздылығы, шешендік 
өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан 
Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақ-
ты билер болды. Олар – Ұлы жүздегі 
Төле би

Орта жүздегі 
Қазыбек би
және Кіші жүздегі 
Әйтеке би
. ХІХ ғасырда Өткел би, Аслан би т.б. 
билердің есімдері халық арасында кеңінен таныл-
ды. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері 
билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз 
қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көр-
некті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына 
жоғары баға берді. Патша үкіметі қазақтың 
би лік құрылымына сұлтандарды да ығысты-
ра бастады. 1867–1868 жылдардағы әкімшілік 
рефор малар сұлтандардың артықшылықтарын 
шек теп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен 
теңестірді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет