Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты



Pdf көрінісі
бет190/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

Патша үкіметінің ислам дініне қатысты саясаты
Қазақтарға Шығыс елдерінде 
оқуға тыйым салды
Дінге байланысты мәселелер Ішкі 
істер министрінің қарауына берілді 
Әр болыста бір молда ғана 
ұстауға рұқсат етілді 
Молдалар Ресей империясына шын 
берілген қазақ болуы тиіс делінді 
Мешіт салу үшін генерал-губер-
натордың рұқсатын алу қажет болды 
Жергілікті тұрғындардың сауа-
тын ашып, оқытуы үшін уезд 
бастығының рұқсаты керек болды
 
5. Зар заман ақындары.
 Дәстүрлі қазақ қоғамы 
құндылықтарының  өзгеруі,  отаршылдық  езгінің 
күшеюі,  халықтың  қатты  күйзелуі  тұсында  өмір 
сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде 
танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында 
Ресей  империясының  отаршылдық  озбырлығы  мен 
сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді. 
ХIХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның 
жарқын  өкiлдерi  қатарына 
Дулат  Бабатайұлын

Шортанбай Қанайұлын
,
 Мұрат Мөңке ұлын
 қосуға 
болады. Бұлар «зар заман» дәуiрiнiң ақындары атал-
ды.  Олардың  поэзиясының  не гiзгi  сарыны  өткен 
заманды,  қазақ  халқының  бұрынғы  ерлiк  iстерi 
мен аңызға айналған өмiрiн аңсау, жаңа заманның 
зар даптарын  сы нау  болды.  Шығармалары  салт-дәстүрлерді  бұзылмаған 
қалпында  сақтауға  шақырады.  Ұлттық  болмыс-бітімнен  ажырамауға 
үндейді. Зар заман ақындары қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып 
«Зар заман» өкілдерінің 
қоғамдық-саяси көзқа-
растары қандай фактор-
лардың әсерінен қалып-
тасты?
ізден!
Дулат Бабатайұлы-
ның жырларында 
Ресей империя-
сының отаршыл-
шылдық озбырлығы 
қалай суреттеледі?


156
алып,  ұрпағын  аздыру,  діннен  аулақтату  секілді  империялық  пиғылға 
қарсы тұрды. Ақындардың барлық қабілеті ел-жұртының санасын оятуға 
жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зомбылықты алдын ала ескертті. 
Зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді.
Мұрат  Мөңкеұлы  «Үш  қиян»  деген  өлеңiнде  Ресейдiң  Қазақстан ды 
жаулап  алуы  мен  отарлауы  кезiндегi  қазақ  хал қының  ауыр  жағ дайын 
шынайы суреттейдi:
«Едiлдi тартып алғаны –
Етекке қолды салғаны.
Жайықты тартып алғаны –
Жағаға қолды салғаны.
Ойылды тартып алғаны –
Ойындағысының болғаны. 
Маңғыстауда үш түбек 
Оны-дағы алғаны. 
Үргенiш пен Бұхарға
Арбасын сүйреп барғаны –
Қоныстың бар ма қалғаны?!
Мал мен басты есептеп, 
Баланың санын алғаны – 
Аңғарсаңыз жiгiттер, 
Замананы тағы да –
Бiр қырсықтың шалғаны!»
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет