Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет224/260
Дата24.12.2021
өлшемі9,4 Mb.
#128604
түріОқулық
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   260
Байланысты:
3467 Kaz-n tarih 8-7kl kaz

ойыңмен бөліс
Сенің өмірлік 
кредоң қандай?
ойлан!
Ы. Алтынсариннің 
ағартушы ретінде 
қалыптасуына әсер 
еткен жағдайды 
анықта. Себебін 
түсіндір.


183
өзi  қосты.  Осыдан  бастап  оның  ағартушылық  және 
педагогикалық қызметi басталды.
1864 
жылы  қазақ  балаларына  арналған  интер-
наты  бар  мектеп  салтанатты  түрде  ашылды.  Үгiт 
жұмыстарының  нәтижесiнде  оқуға  16  бала  жазыл-
ды. Кейiнiрек бұл мектептердегi оқушылардың саны 
арта  бас тады.  Халық  ағартушысы  жүргiзген  үгiт  жұмыстары  нәтижелi 
болды.  Бұл  ретте  ол  былай  деп  қуана  жазды:
  «Аш  қасқырдың   қойға 
ұмтылғаны сияқты, мен балаларды оқытуға қызу кiрiстiм және менi 
өте қанағаттандыратыны – бұл балалар әлдеқандай үш ай дың iшiнде 
оқу ды, тiптi жазуды үйренiп алды».
1879 
жылы  Ы.  Алтынсарин  Торғай  облысы  мек-
тептерiнiң  инс пекторы  болып  тағайындалды.  Оның 
еңбегiнiң  арқасында  бiлiм  беру  саласы  қазақ  да-
ласында  кең  орын  алды.  Атап  айтқанда,  облыстың 
бар  лық  уездiк  қалаларында  училищелер  ашу  қолға 
алынды.  Ол  осы  мақсатпен  Торғай  облысының  қазақ  ауылдарын  түгел 
аралап  шықты.   Халықтан  қажеттi  қаржы  жинастырды.  Соның  нә ти-
жесiнде барлық уездерде екi сыныптық орыс-қа зақ училищелерiн ашты. 
Оларды  мұғалiмдермен  және  оқушылар мен  то лық  қамтамасыз  еттi.  Ол 
мектептердiң  жабдықталуына,  олардың  жанында  шағын  кiтапханалар 
ұйымдастыру ға ерекше мән бердi.
Қазақстанда  қыз  балаларға  бiлiм  берудiң  басталуы  да  Ы.  Ал  тын-
са риннiң  есiмiмен  байланысты.  Аса  көрнектi  халық  ағартушысының  
басшылығымен  қыз  балаларға  арналған  бiрнеше  мектептер  ашылды. 
Олардың  жанында  интернаты  болды.  Ы.  Алтынсарин  мектептi  халық 
ағар ту iсiнiң маңызды бір буыны деп санады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   260




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет