93
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы
Россиядағы мектеп пен педагогика
XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың бас кезін В.И. Ленин: “Жалпы буржуазияшыл-демократиялық қозғалыстар, әсіресе буржуазияшыл-ұлттық қозғалыстар дәуірі, дәурені өтіп бара жатқан феодалдық абсолюттік орындардың күйреу кезеңі”,— деп бағалады.
XIX ғасырдың бірінші жартысында Россияның ішкі өмірінде капитализмнің дамуына байланысты крепостнойлық құрылыстың іру процесі күшейе берді. Соның нәтижесінде таптық қайшылықтар шиеленісті. Шаруалар қозғалысы өріс алды, дворян революционер-лері — декабристер, онан кейін интеллигенция бас көтерді.
XIX ғасырдың басында Россияда капиталистік қатынастардың дамып өріс алуымен байланысты, патша үкіметі алдыңғы қатарлы қоғамдық ой-пікірдің алдында көз бояушылық мақсатымен либералшыл бағытта кейбір реформалар жүргізді.
Мектеп білімінің Осы кезеңде таңңа отырған I Александр мем-
мемлекеттік лекеттік билеудің ескірген жүйесін жүйесінің құрылуы өзгертті. Бұрынғы коллегиялардың орнына бір орталыққа бағынған министрліктер құрды. Соның бірі 1802 жылы құрылған Халық ағарту министрлігі болды. Бұл министрлік ғылым, әдебиет, баспасөз, ағарту және тәрбие ісін басқарды.
1803 жылы Халық ағарту министрлігі “Халық ағарту ісінің бастапқы ережелерін” жариялады. Бұл “Ережелер” бойынша бүкіл Россия 6 оқу округтеріне бөлінді, әр оқу округін мемлекет чиновнигі — оқу округінің попечителі деген басқарды.
Осылай халық ағарту ісін басқарудың қатаң бюрократтық жүйесі құрылды.
Мектеп реформасының келесі сатысы — 1804 жылы қабылданған “Оқу орындарының уставы” болды. Бұл “Устав” бойынша Россияда төмендегідей жаңа оқу орындары ұйымдастырылды.
1. Приход училищелері әр қалалар мен селоларда ұйымдас-тырылды, оқу мерзімі бір жылдық. Мұның міндеті: уездік училищелерге оқушылар әзірлеу, дін тәрбиесін және элементарлық сауат ашу. Училищенің оқу жоспарында: “Құдай заңы” мен ережелері, оқу, жазу, арифметиканың бастапқы төрт амалы, үй тұрмысы мен денсаулыққа байланысты оқыту пәндері болды. Сабақты жалғыз оқытушы жүргізуге тиіс еді. Училище мемлекет қамқорлығында болмай, оны қамтамасыз ету жергілікті басқару орындарына жүктелді.
Шаруалар помещиктердің қол астында болуына байланысты, олардың балалары бұл училищеде де оқи алмады.
94
2. Уездік училищелер губерниялың және уездік қалаларда ашылды. Оқу мерзімі — екі жылдық. Мұның мақсаты — гимназияға оқушылар әзірлеу, сол кездегі өндіріс және сауда салаларынан білім беру. Осыған байланысты оқу пәндерінің саны шамадан артық көп болды, сондықтан олардың сапалы түрде өтуі күмәнды еді.
3. Гимназиялар әрбір губерниялык қалаларда ашылды. Оқу мерзімі төрт жыл. Гимназиялардың алдына қойылған міндеттер: университеттерге оқу үшін жастар даярлау, “әдепті тәрбиеленген адамдарды” қалыптастыруға қажетті білімдер беру.
Гимназияның оқу жоспарындағы оқу пәндері кең, әр салалы болды (шет тілдер, география мен тарих, жалпы және Россия мемлекетінің статистикасы, философия ғылымдарының бастапқы курсы), метафизика, логика, этика, мораль, математика, табиғат тарихы (минералогия, ботаника, зоология), коммерция теориясы, технология мен сурет.
Гимназиялар университеттерге бағындырылды. Бұл оқу орны халық бұқарасына арналған приход және уездік училищелерге қарағанда материалдық жағынан анағұрлым жақсы жағдайда болды.
4. Университеттер мемлекеттік жұмысқа чиновниктер, оқытушылар даярлады. Оқу орындары уставын әзірлеген ғалымдардың талаптарына сәйкес және үкіметтің либералшыл саясатына байланысты университеттердің өзін-өзі басқару түрі қабылданды. Оны сайланып қойылатын совет, ректорат және деканаттар басқарды.
Уставта оқу орындарының барлық түрінде жалпыға бірдей, тегін білім берілетіндігін жариялаған еді, бірақ қабылданған уставтың ізінше крепостной шаруалар гимназияларға алынбайды деген түсініктеме хат жіберілді. Купец, мещан, қолөнерші, басы бос егіншілер сияқты сословиелердің өздері балаларын гимназияға қабылдату үшін бұрынғы қоғамдық сословиелерден шығуы тиіс болды.
Осындай тар мағыналылығына қарамастан, 1804 жылғы оқу орындарының уставының кейбір тарихи прогресшіл жақтары да болды: оқу орындарының бір-бірімен байланыстылығы, сатылы түрде құрылуы көрсетілді. Уездік училищелер мен гимназиялардың оқу жоспарлары біраз кең көлемді реальдық білімдер талап етті. Осы 1804 жылғы уставтан кейін қалаларда, баяу қарқында болса да, оқу орындарының саны өсті. 1812 жылғы Отан соғысының қарсаңында Россияның 47 губерниялың қалаларының барлығында да гимназиялар, уездік қалаларда уездік және приход училищелері ашылды.
Бірақ бұл “либералшыл” делінген оқу орнының уставы
сословиелік-крепостнойлың құрылыстың негізін бұзғысы кел-
меді. Оқу орындары негізінен қалаларда ашылғандықтан, ша-
руалар бұрынғыша сауатсыз қала берді. Уставта оқытушы-
95
лардың педагогикалық творчествосына да өзгеріс енгізе алмады, оқытушы өзінің жоғарғы басшыларының әмірін орындайтын дәрменсіз үкімет чиновнигі дәрежесінде ғана болды.
Өкімет крепостнойлың-сословиелік идеологияны күшейту мақсатында барлық оқу орындарына дін оқуын ендірді.
1812 жылғы Отан соғысы орыс халқының сана-сезімін да-мытуда ірі роль атқарды. Елде бостандық сүйгіш пікірлер өрістеді, крепостнойлық пен самодержавиеге қарсы саяси күреске шыққан құпия, жасырын одақтар құрылды. Оқу орындарында бұрын тыйым салынған Пушкиннің, Рылеевтің, декабрист ақындардың шығармалары тарады.
Бұған үкімет ағарту саласында өріс алған реакцияны кү-шейтумен жауап берді: оқу орындарында қатал аракчеевтік режим орнады, халықтың білім алуын тежеуге бағытталған бірнеше указдар қабылданды. Гимназиялардың оқу жоспары ірі өзгеріске ұшырады: дін сабағы кеңінен енгізілді, жастардың санасында бостандық сезімін оятатын философия, саяси экономия, табиғи право, эстетика теориясы пәндері алынып тасталынды.
Реакция университеттерге де төнді: Қазан университеті үкіметтің қатты бақылауына алынып, оған реакционер попечитель Магницкий, ал Петербург университетіне реакционер Рунич тағайындалды, прогрессившіл университет оқытушылары мен студенттер үстінен полициялық бақылау орнатылды.
Осы кезде Россиядағы оңу орындарына педагогикалың ой-пікірдің дамуына самодержавиелік-крепостнойлық құрылысна қарсы шыққан декабристердің революцияшыл күресінің белгілі әсері болып жатты.
Дворян революционерлерінің программалық талаптарының негізгі бір саласы — халық және крепостной шаруалардың арасына сауаттылыңты тарату еді. Олар патша чиновниктерінің мәдениет пен ғылымның дамуына тигізіп отырған кедергі әрекеттерін, ғалымдар мен оқытушылар үстінен жүргізіп отырған полициялы-бюрократтың бақылау жүйесін қатты сынға алды.
Декабристердің басшыларының бірі — Пестель ағарту ісінің түбірінен қайта құрылуын самодержавиені құлату және жаңа саяси-қоғамдық құрылыс орнату міндеттерімен байланыстырды.
Петербург, Москва, Киев маңындағы кейбір декабристік ұйымдар солдаттар арасында, олардың балалары арасында, крепостной шаруалар арасында сауат ашу жұмысын жүргізді. Декабристер “Бірлесіп, көмектесіп еркін оқу қоғамын” құрды, бұл қоғам мектеп ашу, оқу кітаптарын тарату, мұғалімдер даярлау, дәрігерлік тегін кемек көрсету т. б. істермен айналысты.
Декабристердің және алдыңғы қатарлы оқытушылардың
96
көмегімен халық арасына крепостнойлыққа қарсы идеялар насихатталынды.
Декабристер көтерілісі күшпен басылғаннан кейін, педагогикалық қоғамдар таратылды, крепостиойлық үкімет ағарту саласында реакцияшыл үстемдікті мейлінше өрістетті,
I Николай екіметінің ағарту ісіндегі шектен асқан реакцияшыл саясатының айқын айғағы ретінде 1828 жылы “Гимназиялар мен училищелер уставы” деген қабылданды. I Николай өкіметі бұл устав арқылы ғылымды, ағарту ісін және мектепті сол кезде күйреу дәрежесіндегі крепостнойлың құрылысты нығайту құралы етуге тырысты. “Устав” бойынша ағарту ісіндегі сословиелік басшы принцип қатаң түрде бекітілді. Мектептің сословиелігін бұзушылар өкімет тарапынан жазаланатындығы көреетілді. Мектеп өмірінде бюрократиялы-полицейлік тәртіп мейлінше күшейтілді, әскери казармалық тәртіп орнатылды.
ІІатша үкіметінің халық ағарту саясатын 1833 жылы та-ғайындалған Оқу министрі Уваров үш салалы ұғыммен анықтады, ол білім мен тәрбие “православиелік”, “самодержавиелік” және “халықтың” негізде болады деген. Бұл дворяндық-монархиялық идеологияны күшейту және негіздеу программасы еді және ағарту ісіне төнген ауыр бағыт, зиянды әрекет болатын.
Бірақ үкіметтің халықтық ағарту ісіне мұндай террорлық әрекеттері оның алға ұмтылуын тоқтата алмады. Барлық кедергілерге қарамастан, баяу қарқынмен болса да, приход учи-лищелері кебейді, уездік училищелерге жаңа оқу құралдары мен оқыту әдістері енгізілді (аналитикалық дыбыс әдісі, көрнекі ңүралдарды пайдалану т. б.). Тамаша педагог В. Ф. Одоевскийдің (1804—1869) суреттермен безендірілген балалар кітаптары шықты. Петербург педагогикалық институтының профессоры Ф. И. Буссе оқу құралдарын жазып, арифметиканы оқытудың әдістерін зерттеді.
Патша өкіметінің ағарту саласындағы реакцияшыл саясатын елдегі прогрессившіл қайраткерлер (жазушылар, ақындар, ғалымдар, педагогтар) жігерлі түрде сынады.
Орыстың революцияшыл демократтары
Виссарион Григорьевич Белинский мен
Александр Иванович Герценнің педагогикалық теориясы
XIX ғасырдың 30—40-жылдарында Россияның алдыңғы қатарлы қоғамдық-педагогикалың ой-пікірінің дамуында осы кезеңнің екі үлы ойшылы болған В. Г. Белинскийдің және А. И. Герценнің алатын орны аса ерекше.
Бұл тамаша қайраткерлердің өмірі Россияның революцияшыл азаттың қозғалысымен тығыз байланысты, бұлар орыстың классикалың философиясының және революцияшыл-де-
97
мократиялық педагогикасының негізін салушылар болып есептелді. В. Г. Белинский мен А. И. Герцен орыс социал-демократтарының алдынан өтушілер бола отыра, сол кездің өзінде социалист-утопистер мен шетелдердегі ағартушылардан анағұрлым жоғары тұрды.
Олар 30—40-жылдардағы орыс ой-шкірінің рухани көсемдері болды.
В. Г. Белинский — орыстың ұлы ойшысы, сыншы,
1811-1848 революцияшыл-демократ, революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін салушы.
Педагогтың қызметке ертеден құмар болған ол, Москва университетіне түсер қарсаңында, Пенза гимназиясының төменгі кластарына біраз сабақ берді. Университеттен шығарылғаннан кейін де Белинский оқытушылық қызметке сұранады, бірақ оның өтініші қабылданбады. Осыдан кейін ол педагогтың жұмыспен тікелей айналыса алмады.
1838 жылдан бастап В. Г. Белинский “Москва” газетінде, сонымен бірге Москвадағы “Телескоп” және “Московский наблюдатель” журналдарында әдеби сыншы болды. 1839 жылдың аяқ шенінен бастап Петербургтегі “Отечественные записки” және “Современник” журналдарымен творчестволық байланыс жасады. Белинскийдің осындай мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған әдебисын еңбектері оны ұлы сыншы ретінде танытты, оның мақалалары бірден-ақ сол кездегі алдыңғы қатарлы орыс қоғамының көңілін аударды.
Ұлы орыс ақыны Пушкин және басқа орыс жазушылары Белинскийдің алғашқы мақалаларын, әсіресе 1834 жылы жа-
рияланған “Әдеби қиялдар” атты мақаласын жоғары бағалады.
Белинский өзінің әдеби-сын жұймысында үнемі тәрбие мен білімнің келелі мәселелеріне көңіл бөлумен болды. Ол 1837 жылы “Орыс тілі грамматикасының негізі” деген ғылыми-методикалық зор мәні бар еңбек жазды. Ұлы сыншының орыс мектептерінің оқулықтарына және балалар кітаптарына жазған көптеген пікірлерінде терең мазмұнды педагогикалың көзқарастары баяндалды. Оның түбегейлі педагогикалық пікірлері әдебиет жөніндегі еңбектерінде және жазысқан хаттарында да айтылды.
98
Ұлы ойшы, патша өкіметінің үзбестен жүргізген қуғынының нәтижесінде ауру азабы мен жоқшылыққа ұшырап, 1848 жылы 26 майда қайтыс қызмет істеді. Бірақ осындай ауыр да аз мерзімнің ішінде өз заманының идеялық көсемі, қайраткері дәрежесіне көтерілді. Орыс педагогикасында түбірлі жаңа бағыттың — революцияшыл-демократиялық педагогиканың негізін қалады.
* * *
Белинский өзінің философиялық және саяси-идеялық дамуында идеализмнен материализмге және ағартушылықтан революцияшыл демократизмге қарай көтерілудің күрделі жолын өткізді. Осыған байланысты оның философиялық және саяси-идеялық көзқарастарындағы эволюция оның педагогикалық пікірлеріне де әсер етті.
XIX ғасырдың 30-жылдарының аяғына дейін Белинский идеалист-диалектик бағытта болды: адамның айналасын, қоршаған өмірін абсолюттік идеяның мәңгілік көрінісі деп есептеді. Бір кезде (1837 жылдары) ол Гегель философиясының ықпалымен қоғамдық күрестің қажеттілігіне түсінбеді. Сондықтан Белинский қоғамдық қозғалысты ағарту ісімен, адамгершіліктің дамуымен ғана байланыстырады.
Осыған байланысты ол өзінің педагогикалық пікірлерінде де адамгершілік пен ағарту ісін жетілдіру қоғамға жеткілікті деп есептеді, ал адамға өз санасын, адамшылығын, айналасын қоршағандарға мейірімділігін дамыту керек деді.
Бірақ Белинский осы 30-жылдарда-ақ крепостнойлық тәр-тіптерге қарсы еді, ол сол құрылыстың жойылуын тіледі, ағарту саласындағы үкімет саясатын сынады, сол кездегі буржуазияшыл педагогикалық ой-пікірдің реакцияшылдығын көрсетті, крепостнойлық Россиядағы тәрбие жүйесі адамның дамуына кедергі жасайды деді. Белинский сол кездегі тәрбие жүйесінің жаңа жүйе арқылы өзгеретіндігіне сенім білдірді.
Белинский 40-жылдардың басында Батыстағы және Россиядағы тап тартысының ықпалымен, социалист-утопистердің еңбегімен зер сала танысуының нәтижесінде және Ф. Энгельстің алғашқы шығармаларымен танысуы арқылы өз көқарастарын тереңірек қайтадан ойластырды. Осыдан кейін-ақ ол материализм бағытына табанды түрде ойысты. Бұл кездердегі шығармалары түгелдей материалистік философия рухында болды, идеалистерді қатал сынады. Таным теориясында дүниені танып білуге болады деген материалистік көзқараста болды, дінге, діни уағыздарға қарсы шықты. Белинский революцияшыл жолды бірден-бір дұрыс жол деп есептеді, сол дәуірдегі орыс халқының өмірін өзгертіп, бостандық пен бақытты халық өмірі үшін, халық ағарту ісін кеңінен дамыту үшін жағдайлар орнатудың қажеттілігін талап етті.
99
Табанды түрде революцияшыл демократия жолына көшу кезінде Белинский өзінің бұрынғы ағарту ісінің ролі жөніндегі көзқарас-тарын да негізінен қайта өзгертті. Ол адамдарды бір-бірімен тәң ететін социалистік қоғам ғана адамдардың барлығына бірдей тәрбие береді деген қорытынды пікір айтты. Адам — қоғамдың нәрсе деген Радищев ойын қолдай отыра, Белинский: адамды құратын — табиғат, ал оны дамытьш, жетілдіретін қоғам, сондықтан қоғам әр адамның қабілетін дамыту үшін барлық адамдарға бірдей тәрбие беруге тиіс деді.
“Осылай В. Г. Белинскийдің философиялық саяси-- идеялық көзқарастары педагогикалық пікірлеріне негіз болды.
А.И.Герцен Ол жалынды революционер-демократ, ірі ойшы-
(1812—1870) материалист, тамаша жазушы және публи-
цист, ғалым және ағартушы, қоғам қайраткері болды.
В. И. Ленин өзінің “Герценді еске түсіру” деген мақаласында Герцен “Өз заманының аса ұлы ойшыларының қатарына биікке шыға алды. Ол Гегельдің диалектикасын меңгеріп алды, оның “революцияның алгебрасы” екенін түсінді, диалектикалық материализмге әбден таяу келіп, тарихи материализмнің алдына жеткенде тоқтап қалды”,— деді.
В. И. Ленин Герценнің тарихи ролін жан-жақты талдай келе, “Декабристер Герценді оятты! Герцен революцияшыл үгітті өрістетті... Ол революция туын көтерді” 2,— деп бағалады.
А. И. Герценнің шығармалары мен күрескерлік қызметі сан алуан. Оның “Өткендер мен ойлар”, “Кім жазықты”, “Сұғанақ сауысқан”, “Доктор Крупов” сияқты шығармалары орыс
өмірінің аса зәру проблемаларын көтерген айрықша бағалы туындылар болатын. Сонымен қатар Герценнің философиялық мұрасы және бір тебе. “Ғылымдағы дилетантизм”, “Табиғаттану туралы хаттар” атты еңбектері классикалық туындылар қатарынан саналады.
Россия жағдайында еркін пікір айтуға мүмкіндік аздығын көрген Герцен шетелдерге кетеді, көп жылдар бойы Лондонда тұрады. Бұл кезде оның әсіресе публицистикалық таланты дамиды,
1 В. И. Л е н и н. Шығармалар. 18-том, 11-бет.
2 В. И. Л е н и н. Шығармалар. 18-том, 16-бет.
100
революциялық қызметі күшейеді. Өзі ұйымдастырып шығарған “Полярная звезда”, “Колокол” журналдарының беттерінде озат ойдың жаршысы болады.
Өзінің барлық өмірін Россияның революциялық қозғалысына арнай отыра, Герцен Россияның жаңа педагогикасын құру жолында да күресті. Ол өзінің саяси-қоғамдық қозғалысқа араласуының алғашқы кездерінен бастап-ақ, ағарту мәселелері жөніндегі патша үкіметінің саясатын негізінен сынады. “Кім жазықты” романында помещиктік тәрбиені дәлелді сынай отыра, казармалық мектеп тәртібіне қарсы шықты. “Колоколда” жазғандарында үкімет тәртібінің халық ағарту істеріне тікелей қарсы екендігін көрсетті, патша барша күш-құралдарымен ғылымға, мәдениетке және білімге қарсы күресті деп жазды. 1861 жылы январьда “Колоколда” рево-люцияшыл досы Н. П. Огаревпен пікірлес жазған мақалаларында білім және ағарту ісін жақсартуды жер және бостандық сияқты саяси талаптармен қатар қойды. Ағарту орындарына қоғамдық қаражат белу, ақысыз, тегін оқыту ісін енгізуді ұсынды.
Герцен өзінің еңбектерінде тәрбиенің негізгі мәселелерін революцияшыл-демократиялың тұрғыда шешуіне байланысты, Батыс елдерінің алдыңғы қатарлы педагогика қайраткерлерінің
(Ж. Ж. Руссоның “еркін тәрбие” теориясы, Р. Оуэннің утопиялық педагогикалық пікірлері) көзқарасындағы кемшіліктері мен тапшы жақтарын орынды сынады.
Достарыңызбен бөлісу: |