Оқулық Қазацстан Республикасы Білім және 2Ы.Іым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


  Инновациялық кәсіпкерлікті үйымдастыру мен мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет16/21
Дата30.01.2020
өлшемі4,08 Mb.
#56815
түріОқулық
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21
Байланысты:
Инновация-менеджмент-на-каз


6.5  Инновациялық кәсіпкерлікті үйымдастыру мен мемлекеттік 
қолдаудың озық шетелдік тәжірибелері
Дамыган 
елдердің 
экономиканы 
инновациялық 
дамытудагы 
озық 
тэжірибелерін  қарастыру жэне  оны  өз  елімізде  пайдалану тиімді  болары  сөзсіз. 
АҚШ,  Үндістан,  Германия,  Жапония,  Корея,  Қытай  жэне  т.б.  дамыған  елдер 
тэжірибелері  мынаны  анықтайды,  инновациялық  жэне  т.б.  жобаларды  басқару 
жүйесі -  экономикалық дагдарыстан шыгудың мықты қүралы жэне  ірі  гылыми, 
өндірістік жэне саяси мэселелерді шешу әдісі болып табылады.
Нарықтық  қатынаста  бәсекенің  дамуымен  экономикада  мемлекеттің  рөлі 
төмендейді.  Бірақ  дамыган  елдер  тэжірибесі  бойынша  тек  қана  нарықтық 
принциптер  негізінде  материалдық-техникалық  базаның  қалыптасуы  мүмкін 
емес.  Елдегі  инновациялық  даму  мемлекеттің  араласуынсыз  оң  нэтиже 
бермейді.  Сондықтан  инновация  мен  инвестиция  мемлекеттің  реттеудің 
объектісі  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  ел  экономикасы  дамуының  шешуші 
факторлары  -   гылым  мен  инновациялық  технологиялар  екеніне  күннен-күнге 
көз  жеткізіп  келеміз.  Бүкіл  әлемде  озық  технология  мен  техниканы 
насихаттайтын  1951  ж.  Калифорнияда  қүрылған  дүние  жүзіндегі  ең  алғашқы 
технопарк  -   АҚШ-тагы  «Силикон  аңгарының»  пайда  болуына  негіз  болды. 
Өткен  гасырдың  80-жылдары  технопарктер  тек  АҚШ,  Еуропа  гана  емес, 
Канада,  Сингапур,  Австралия,  Бразилия,  Индия,  Қытай,  Жапонияда  да  қүрыла 
бастады.  Жапондықтар  жаңа  өнімді  ойлап  табу  жэне  оны  жасап  шыгару 
жылдамдыгынан  американдықтар  мен  еуропалықтарды  да  басып  озады.  Жаңа 
автокөлік  Жапонияда  1  айдан  кейін  шықса,  АҚІІІ-та  4,  Еуропада 2  айдан  кейін 
шығады.  Жапондықтар  үшін  өнімнің  сапасын  қажетті  деңгейге  жеткізу  үшін  4 
ай  жеткілікті,  ал  АҚІТТ-та  бүл  көрсеткіш  -   11  ай.  Қытайда  жаңа  техника  мен 
жогары  технологияны  өндіріске  енгізумен  1950  ж.  қүрылған  ЕТИП  (гылыми  -  
индустриалды 
парктер) 
айналысады. 
Онда 
технологиялық 
жетістіктер 
коммерциялық  жэне  өндірістік  жагынан  қарқынды  жылдамдықпен  игерілді.
142

ҒТИП  қарамағына  эр  түрлі  саладағы  ғылыми  орталықтар  мен  кәсіпорындар 
кіреді.  ҒТИП  олардың  қүрылуына  жағдай  жасайды,  ғылыми  зерттеулерін 
жүргізуге  көмектеседі,  ақпарат  жэне  қаржымен  қамтамасыз  етіп  қадағалайды, 
бір  сөзбен  айтқанда,  кәсіпорынға  «қолайлы  орта»  жасайды.  Ал  Корея 
Республикасының  (Оңтүстік Корея) ғылым  мен техниканы  соңғы  50  жылда өте 
қарқынды  дамытты.  Екінші  дүниежүзілік  соғыстан  элемдегі  ең  кедей  елдердің 
бірі  болып  шығып,  соғыстан  кейінгі  зерттеулердің  басым  бөлігін  қорғаныс, 
ядролық  жэне  космостық  салаларға  бағыттады.  Корея  Республикасы  ғылыми- 
техникалық  саясатын  өткен  ғасырдың  60  жылдарының  ортасында  қолға  алды. 
1967  жылы  басты  міндеті  ғылыми-техникалық  саясатты  жобалау  жэне  жүзеге 
асыру  болып  табылатын.  Ғылым  жэне  технология  министрлігі  қүрылды  жэне 
Ғылым  мен  техниканы  қолдау туралы  Заң  қабылдады.  Осыдан  кейінгі  дамуы  5 
жылдық  кезеңдерге  жоспарланған.  Финляндия  1991  жылға  дейін  экспортының 
жартысын  КСРО-ға  жіберетін.  КСРО  тарап  кеткеннен  кейін  жэне  90- 
жылдардағы  экономикалық  дағдарыс  Финляндия  экономикасына  да  жағымсыз 
әсер  етті.  Мысалы,  жүмыссыздық  деңгейі  1991  жылы  3,5%-дан  1993  жылы 
20%-ға дейін өсіп кетті.  Осы келеңсіз жағдайдан шығу үшін Финляндия Үкіметі 
1991  жылы  жаңа  экономикалық  бағдарлама  қабылдады.  Оны  59  филиалы  бар 
мемлекеттік  қаржылық  корпорация,  102  филиалы  бар  үлттық  қаржылық 
корпорация,  117  филиалы  бар  сауда  жэне  өндірістік  кооперацияның  Орталық 
банкі,  інағын  инновациялык  кэсіпорындарға  арналған  кредиттерді  сақтандыру 
үйымдары  жүзеге  асырады.  Шағын  жэне  орта  бизнесті  қолдаудың  жапондық 
жүйесінің  негізгі  элементі  -   ол  қүқықтық-нормативті  қамтамасыз  ету  болып 
табылады.  Оған  «Шағын  жэне  орта  бизнесті  мемлекеттік  қолдау»  туралы 
Заңнан  бастап  «Жаңа  қызмет  түрін  енгізуге  туындайтын  төтенше  жағдайлар» 
туралы Заңға дейінгі заңдар кешенін қамтиды.
Әртүрлі  елдерде  ғылыми  жэне  инновациялық  саясатты  жүзеге  асыруға, 
ЖҮӨ  өңдеулері  мен  зерттеулеріне  кететін  шығындардың  эртүрлі  үлесі  тиісті 
болады.  Бүл жерде көшбасшы Швейцария болады, кейіннен Германия, кейіннен 
Жапония,  Швеция,  Оңтүстік  Корея  жэне  АҚШ .  ҒЗТКЖ  мен  зерттеулерді 
қаржыландыру  көлемі  бойынша  элемнің  көшбасшы  елдерінің  қатарына 
Жапония,  Германия,  Швеция,  Швейцария,  Оңтүстік  Корея  жэне  АҚШ  кіреді. 
Екінші  топқа  «жоғары  технологиялар  елдері»  Үлыбритания,  Франция, 
Нидерланды, Италия, баска да еуропалық мемлекеттер жэне Тайвань жатады.
Батыс  еуропалық  мемлекеттерде  инновациялық  үдерістерді  мемлекеттік 
қолдау негізінен мыналарға бағытталған:
инновациялық үдерістерді ынталандыру;
фирмааралық  кооперациялардың  жэне  университеттердің  бірлестік 
жүмыстарын қолдау;
интеллектуалды жекеменшікті қорғау жүйесін жақсарту; 
ақпараттық қызмет көрсетулерді жақсарту; 
антимонополиялық заңдар жинағын жақсарту.
Инновациялық 
үдерістерді 
қаржыландырудың 
көп 
бөлігі, 
жанама 
қаржыландыруларға тиесілі, оған келесілер жатады:
Зерттеулерге кеткен шығындарды төмендететін субсидияларды бөлу.
143

Венчурлы қаржыландырудың даму жүйесі.
Институционалды (зейнетақы) қорларын нығайту.
Жеке инвестицияларға («бизнес-періштелер») жэрдем беру.
Білім жүйесін дамыту.
Мамандандырылған жәғіе басқарушылық кадрларды дайындау.
Басқарушылық кеңес беру фирмаларын дайындау.
Ғылыми-техникалық ақпараттық орталықтарды қүру.
Қоныс аудару туралы заңдар жинағын өңдеу.
Еуропалық  мемлекеттер,  инновацияларды  қолданатын  коммерциялық 
компанияларға  жэне  университет  кооперацияларына  жәрдем  беруге  үмтылады 
жэне  делдал  (брокер)  ретінде  болады.  Нақты  бағыттар  жэне  аумақтық 
индустриялаудың  дамуы  бойынша  ғылыми  зерттеулерге  жәрдем  беру  үшін, 
бүрын  бірігіп  жүмыс  істеп  көрмеген  компаниялар  мен  жоғары  оқу  орындары 
арасында  жаңа  кооперациялық  байланысты  қүруға  мемлекеттің  шаралар 
жиынтығы.  Бір  немесе  бірнеше  шоғырланған  кластерде  жаңа  өнімді  жэне 
қүрал-жабдықты 
өндіру 
бойынша 
өңдеу 
жүргізілгендіктен, 
кластерлер 
кэсіпорындарды бэсекеге қабілетті болуына кемек береді.
Еуропалық  үкімет  басым  көн,ілді  патенттік  заңдар  жинағына  жэне  оның 
тәжірибелік  қолданысының  аспектілеріне  бөледі.  Осы  бойынша,  мысалы, 
инновациялық  кәсіпкерлікпен  айналысатын  кіші  жэне  орта  бизнеске  қолдау 
көрсету  бойынша,  еуропалық  мемлекеттер  кіші  жэне  орта  кэсіпорындарға 
ақысыз түрде патенттік ақпараттарды үсынуды енгізді.
Еерманиядағы  ІЫЗТІ  жобасы  1995  жылы  Еерманияның  Білім  жэне 
Зерттеу  федералды  Министрлігімен  (ВМВҒ)  қүрылған,  онық  мақсаты 
жаңалықты  ашушылар  мен  новаторлар  үшін  мемлекетте  тиімді  ортаны  қүру 
жэне  өнімді  сатуға  арналған  өңдеулер  мен  зерттеулер  шешімдерінің  пайда 
үдерісін  жақсарту  болып  табылады.  Жүзеге  асырылу  мерзімі  5  жылға 
есептелген  бүл жоба,  уақыт  шектеуінсіз  үзартылды.  Жобаны жүзеге  асыруды  -  
"
іпб
Ш
ііі
 
сіег  сіеиізсһеп  \¥ігІ8сһай”  басқарады,  ал  қаржыландыруды  -   “ВМВҒ” 
жүргізеді.  Бүл  жобаның  негізгі  мақсаты  патенттік  жүйені  жэне  ғылыми- 
техникалық ақпараттар базасын қүру.
XXI  ғасырда  АҚШ  экономикасының  маңызды  бағыты  елдің  жан-жақты 
дамуы  үшін  ғылыми-техникалық  базисті  қүра  отырып  инновациялық  қызметті 
жеделдету болып отыр.  Техникалық прогрестің негізгі қозғалтқыштарының бірі 
шағын  жэне  орта  кәсіпкерлік  (ШОК)  болып  отыр.  Олардың  инновациялық 
белсенділігі 
бір  ғылыми  қызметкерге  келетін  жаңа  ендіртпелер  мен 
жаңалықтардың  көлемі,  ірі  үйымдарға  қарағанда  4  есеге  жоғарылығымен 
дэлелденуде.  ШОК  саласында  ҒЗТКЖ-ға  жүмсалған  1  долларға  келетін  жаңа 
ендіртпелер мен жаңалықтар  ірі  кэсіпорындарға қарағанда 24  есе  артық келуде. 
Сонымен  қатар,  ШОК  саласындағы  бір  қызметкерге  берілген  салыстырмалы 
патентпен  санымен  көрсетілетін,  мамандардың  инновациялық  белсенділігі  ірі 
үйымдарға  қарағанда  16  есеге  артық  болып  отыр.  Мынаны  айта  кету  керек, 
шектеулі  ресурстарға  ие  бола  отырып,  шағын  кәсіпорындар  жоғары 
тэуекелдермен  байланысты  инновациялық  салада  жоғары  инновациялық 
белсенділік  көрсетуде.  Инновациялық  ШОК-тарға  табысты  қызмет  үшін
144

қолайлы  жағдай  туғызу  мақсатында  АҚШ  Үкіметімен  1982  жылы  «Шағын 
бизнесте  инновациялық  қызметті  дамыту  туралы»  (Тһе  8та11  Визіпезз 
Іппоуаііоп  О еуеіортепі  Асі)  федералдық заң  қабылданды.  Бул  заңның  мақсаты 
болып енетіндер:
1.  Технологиялық инновацияларды ынталандыру.
2.  ҒЗТКЖ  орындауда  федералдық тапсырыстарды  жүзеге  асыру үшін  ШОК 
әлеуетін қолдану.
3.  Технологиялық  инновациялармен  шүғылдануға  жас  талантты  адамдарды 
тартуға қолдау көрсету.
4.  Федералды  тапсырыс  бойынша  орындалған  ҒЗТКЖ  нэтижесіндегі 
ғылыми-техникалық жетістіктерді коммерциялизациялауға көмектесу.
5.  АҚШ-тың инновациялық саласында арнайы зерттеулер мен эзірлемелерге 
деген  үлттық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында  жүмыс  жасайтын 
шағын кәсіпорындарды тарту.
Осы  заң  шеңберінде  инновациялық  ШОК-тар  жэне  ойлап  тапқыштардың 
эзірлемелерін  жүзеге  асыруда  үлкен  мүмкіндіктерді  ұсынатын,  мемлекеттік 
бюджеттен  қаржыландырылатын  бірнеше  үлттық  бағдарламалар  жасалды. 
АҚШ  заңнамаларында  инновациялық  қызметтегі  эр  түрлі  кэсіпорындарды 
ынталандыру  мақсатында,  көптеген  шығын  түрлерін  салық  салудан  босатады 
(құжаттарды,  кұрал-жабды ктарды  алу,  тәжірибелік  үлгілерді  жасау,  сынақтар 
жүргізу, патенттік кызметтерді төлеу жэне т.б.).
Инновациялық  саласында  арнайы  зерттеулер  мен  эзірлемелерге  деген 
ұлттық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру  мақсатында,  сонымен  қатар,  ҒЗТКЖ 
айналысатын инновациялық кэсіпорындардың қызметін одан эрі табысты жасау 
үшін,  АҚІП-та  эр  түрлі  масштабтағы  ғылыми-техникалық  бағдарламалар 
кешені  жүзеге  асырылуда.  Федералдық  деңгейдегі  тиімді  іс-эрекеттер  ретінде 
мына  бағдарламаларды: 
«Щағьтн 
бизнестегі 
Инновациялық  зерттеулер
багдарламасын»  (Тһе  8та11  Визіпезз  Іппоуаііоп  Кезеасһ  Ргоугат-  8ВІК)  жэне 
«ІІІағын  бизнестегі  технологиялар  трансферті  багдарламасы»  (Тһе  8та11 
Внзіпезз  Тесһпоіоуу  Тгапзіег  Ргодгат-  8ТТК)  көрсетуге  болады.  Бүл  екі 
багдарламада  «Шагын  Бизнес  Әкімшілігі»  технологиялар  Департаментімен 
үйлестіріледі.
Инновациялық ШОК-тарды қолдау мен дамытудың Жапониялық тәжірибесі 
ел  экономикасын  реформалау  негізгі  үдерістерді  мемлекттік  тарапынан  ыкцал 
жасаудың  жогары  деңгейімен  ерекшеленеді.  Қысқа  тарихи  кезеңде  Жапония 
шектелген  табиги  ресурстарға  ие  бола  отырып,  әлемдік  экономиканың 
көшбасшылары  қатарына  кірді.  Көп  жагдайда  бүған  ШОК-тарды  жан-жақты 
қолдау  мен  дамытуга  бағдарланган  мақсатты  багытталған  мемлекеттік  саясат 
арқылы жетті.  Жапон экономикасының реформалаудың табыстылыгы көбінесе, 
мемлекеттік  басқару  органдардың  ішкі  жэне  жаһандық  нарықта  болып  жатқан 
өзгерістерді  қабылдауы  мен  оган  реакциясына  байланысты  болды.  Ел 
экономикасында  ШОК  секторының 
маңызын  ескере  отырып,  реформалау 
үдерістерін  ШОК-тарды  колдаудың  тармақталган  инфрақүрылымы  бар, 
мемлекеттік,  аймақтық  жэне  жергілікті  басқару  органдарының 
өзара 
эрекеттерін,  байланыстарын  жетілдіруге  көңіл  бөлінеді.  XX  гасырдың  50
145

жылдары  Жапония  басында  шетелдік  «ноу-хау»  жэне  патенттерін  қолданумен 
басталған,  қарқынды  экономикалық  даму  жолына түсті.  80  жылдардан  бастап, 
мемлекеттің  экономикалық  саясаты  ҒТП-нің  басымды  мәселелерін  шешуге 
арналған,  өз  ғылыми-зерттеу  элеуетін  қалыптастыру  мен  ірі  зерттеу 
орталықтарын 
қүруға 
бағытталды. 
Жапонияда 
1983 
жылдың 
өзінде 
технополистерді  дамыту  концепциясы  қабылданған.  Нэтижесінде,  олардың 
экономикалық  өсу  қарқыны  ел  бойынша  орта  көрсеткіштерден  жоғары 
екендігін көрсетті.  Ел Үкіметімен үлттык технопарктерді дамытуға байланысты 
арнайы бағдарламалар қабылданды:
1.  «Технополистерді дамыту жоспары»  венчурлық бизнес үшін  субсидиялар 
мен  төмен  пайызды  қарыздар  үсыну,  өндірістік  қуаттар  мен  қүрылыстарды 
жалға алу төлемін төмендету шараларын қарастырды.
2.  «Ғылыми 
өндірісті 
орналастыру 
жоспары» 
аймақтық 
өндірісті 
территориялды  шоғырландыру  жэне  оларды  мамандануы  бойынша  біріктіруді 
қарастырды.
3.  «Базисті  зерттеулер  жоспары»  кәсіпорынның  бастапқы  өмірлік  кезеңінде 
оның дамуына ықпал жасауға бағытталады.
Жергілікті  өзін-өзі  басқаруың  рөлі  жоғары  болуда.  Жергілікті  салықтардан 
босату,  жергілікті  бюджеттерден  мақсатты  дотациялар  мен  қарыздар  бөлуді 
қосатын,  эр  түрлі  жобаларға  қатысушыларға  қосымша  жеңілдіктер  беру 
мүмкіндігімен  айкындалады.  Мысалға,  Кьюшу  аралында  Кьюшу  технопаркін 
(микроэлектроника,  байланыс  қүралдары  жэне  компьютерлік  технологиялар 
өндірісі) 
қүруға 
шетелдік 
инвестицияларды 
тарту 
үшін, 
жергілікті 
муниципалды  билік  инвесторларға  10  жылға  берілетін,  жылдық  пайыздық 
ставкасы  1 - 8   %-ті қүрайтын (бірінші төлемді 2  жылға дейін қалдыру)  $10  млн. 
көлемінде қарыздар берді.
Іскерлік  жэне  ғылыми-техникалық  байланыстарының  қарқынды  дамуына 
мүмкіндік  беретін  зерттеу кешендерін  қалыптастыруды  қамтамасыз  ететін  100- 
ден  аса  технопарктер  күрылды.  Технопарктер  биліктің  эр  түрлі  деңгейіндегі 
белсенді  мемлекеттік  қолдау  арқылы,  университеттер  мен  ғылыми-зерттеу 
институттарының  өндіріспен  өзара  әрекеттер  орталығына  айналып  отырды. 
Жапондық 
технопарктердің 
70%-ы 
аймақтардағы 
шағын 
жэне 
орта 
кәсіпкерліктің  қолдауы  арқылы  қүрылған,  сонымен  қатар,  олардың  жалпы 
санының  58%-ы  жоғары  технологиялық  өндіріске  бағытталған.  Оларды 
функционалдық принципі бойынша былай бөлуге болады:
Ғылыми-зерттеу  парктері 
(41%)  үлттық  зерттеу 
орталықтарының 
эзірлемелерін өндіріске енгізуге негізделеді.
Ғылыми  парктер  (33%)  жаңа  жоғары  технологиялық  кэсіпорындарды 
қүруға арналған.
Инновациялық  орталықтар  (26%)  ҒЗТКЖны  жүзеге  асыруда,  ШОК-тарға
эрекеттенуге көмек көрсетуде.........
ШОК секторында инновациялық қызметтің дамуына қуатты  серпінді  1999 
жылғы  «Шағын  жэне  орта  кәсіпкерлік  туралы  заңы» 
(8та11  апсі  Месішт 
Епгергізе  Вазіс  Батс.  Асі  N
0
.  154 ^   1963:  АтепсіесІ  іп  О есетЬег  3,  1999)  берді. 
ШОК-тарда  инновациялық  қызметті 
экономикалық  ынталандыру  үшін,
146

қаржылық  жэне  ғылыми-зерттеулік  қолдаудың  (гранттарды  көбейту,  берілетін 
несиелердің көлемін ұлғайту,  патенттеу шығындарын компенсациялау,  өтеу)  эр 
түрлі  формаларымен  қатар,  ҒЗТКЖ-ға  жүмсалатын  шығындарды  (жабдықтар, 
тәжірибелік  үлгілерді  дайындау  жэне  демонстрациялық  модельдерді  шығару 
шығындарын)  салық  салудан  шығарып  тастау  секілді  қосымша  шаралар 
қабылданды.  Үкіметпен  университеттер,  ғылыми-зерттеу  институттары  жэне 
технологиялық  даму  орталықтары  базасында  біріккен  инновациялық  ТІТОК- 
тарды 
қүруда 
арнайы 
салықтық 
жеңілдіктер 
мен 
преференциялар 
қарастырылған.
Инновациялық қызметті қолдау жүйесін реформалау элемдік нарыққа жаңа 
тауарлар  мен  қызметтерді  тез  шығару  мен  жылжыту  мақсатымен,  ақпараттық 
технологиялар 
саласындағы 
ҒЗТКЖ 
нэтижелері 
мен 
әзірлемелерді 
коммерциализациялауды  қарқындатуға  бағдарланған.  Осыған  байланысты 
перспективті  ҒЗТКЖ  жэне  ақпараттық  технологияларды  қуатты  бюджеттік 
қаржыландыру  шаралары  қабылданған.  Оған  қоса,  үзақ  мерзімдік  зерттеу 
кезеңдері  бар  преспективті  ҒЗТКЖ  қаржылық  қолдаудың  арнайы  шаралары 
қарастырылады.  Үкіметтік  тапсырыстың  ҒЗТКЖ-ларын  қаржыландыру  35%-ға 
артқан.  Жеке  өнеркэсіптегі  ҒЗТКЖ-ны  коммерциялизациялауды  қаржылық 
қолдау  27%-ға  жэне  жас  ғалымдарға  көмек  23%-ға  көбейген.  Өндіріске 
технологиялар 
трансфертін  жасау  үшін,  университеттер  жанынан  еншілес 
ШОК-тар қүруды  ынталандыру мақсатында бюджеттен  $550 млн.  бөлінді.  Ол 3 
жылдан  кейін  Т000  жаңа  еншілес  инновациялық  компанияларды  қүруға 
мүмкіндік  береді.  Үкімет  пен  ҒЗТЬСЖ-ның  4  өте  маңызды  стратегиялық 
бағыттары  (өмірлік  үдерістер  туралы  ғылым,  ақпараттық  технологиялар, 
нанотехнологиялар  жэне  жаңа  материалдар  әзірлемесі)  белгіленген,  бүлар 
арқылы 
Жапонияға 
ғылым 
мен 
технологиялардың 
осы 
салаларында 
көшбасшылыққа  жетуге  мүмкіндік  береді.  Бүл  мақсаттарға  жету  үшін 
инвестициялар көлемі 30%-ға жоғарылатылған.
Инновациялық 
қызметті 
дамыту 
мен 
жетілдіруде 
зияткерлік 
(интеллектуалдық)  меншікті  қолдану  мен  оны  қорғау  мэселелері  ерекше  орын 
алып  отыр.  Оларға  зияткерлік  меншікті  тарату  эдістері,  ақпаратты  қорғауды 
күшейту,  өнертапқыштар  рөлінің  маңыздылығын  тану,  патенттерді  тіркеу 
шығындарын төмендету мен оларды беру уақытын тездету,  өндірістік шпионаж 
бен  зияткерлік  меншікті  үрлаудың  алдын  алу,  өнімдерді  заңсыз  көшіріп 
шығаруға  қарсы  түру  жэне  т.б.  жатады.  Жапонияда  зияткерлік  меншік 
қүқықтарын  қамтамасыз  етудің  барлық  инфрақүрылымын  жетілдіру  жэне 
ақпаратты  қорғау,  сактау,  таратуды  бақылау  технологиялары  бойынша  барлық 
халықаралық  стандарттар  міндеттерін  орындауды  жүзеге  асыру  үшін  мына 
«Патенттеу  туралы  заң»,  «Тауарлық  белгілер  туралы  заң»,  «Патенттік 
прокуратура туралы заңдар» қайта қаралды.  Бүл 20 Т0 жылдан бастап зияткерлік 
меншікті  қорғау  мен  оны  қамтамасыз  етуде 
әлемдік  стандарттарға  сәйкес 
жағдай жасауға мүмкіндік туғызды.
Жапония өндірісінің әлемдік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру 
шаралары мыналарды қарастырады:
147

1.  Алдыңғы  қатарлы  әзірлемелерді  коммерциялизациялауды  жылдамдату 
мақсатымен  зерттеу  кезеңі  мен  содан  эрі  жүргізілетін  нарықтық  тауардың 
эзірлену мен дайындалу кезеңі  арасындағы тізбелікті қамтамсыз  етуге  арналған 
ҒЗТКЖ қаржыландырудың жаңа бағдарламаларын жүзеге асыру.
2.  Инновациялық  ШОК-тар  үшін  салық  салу  жүйесін  мүлдем  жақсартуды 
іске  асыру.  Бүларға:  ҒЗТКЖ  шығындарын  салық  салудан  алып  тастау, 
салықтық  демалыстар  (каникулдар)  беру,  университеттер  мен  бірлесіп 
жүргізілетін  ҒЗТКЖ-ға  арналған  инвестицияларды  шығындар  ретінде  жылдам 
алып  тастау  мен  ҒЗТКЖ-ға  жеңілдікті  салық  салу.  ШОК-тар  үшін  патенттік 
қызметтер қүны  50%-ға төмендетіледі жэне олар 3  жылға патенттік төлемдерді, 
баждарды  төлеуден  босатылады.  Осы  шаралар  ҒЗИ  жэне  университеттермен 
бірлескен инновациялық кэсіпорындардың ашылуына ынталандырады.
3.  Зияткерлік  меншік  қүқықтарын  қорғауды  күшейту  жэне  коммерциялық 
қүпиялардың  сақталуын қамтамсыз  ету бойынша үсыныстар кешенін қабылдау. 
Коммерциялық  қүпияларды  сақтау  жэне  оларды  бүзушылармен  күресті 
күшейту  бойынша  қүқықтардың  қамтамасыз  етілу  шараларының  жүруі. 
Патенттеу процедураларының кететін уақытты азайту.
4.  Қаржыландыруға  түскен  тапсырыстарды  конкурстық  таңдауды  кеңейту 
негізінде қаржылық ресурстарды бөлудегі икемділікті жоғарылату.
5.  Университеттерді  реформалау  жэне  жалпы  білім  беру  жүйесін  күшейту. 
Сонымен 
қатар, 
пэнаралық 
зерттеулер 
мен 
ҒЗТКЖ-ны 
жургізуде 
университеттер мен академиялық күрылымдар мүмкіндіктерін кеңейту.
6.  Ғылыми-техникалық 
дамудың 
приоритетті 
бағыттарына 
сәйкес 
инновациялық  қызметке  бағдарланған  жаңа  ШОК-тардың  қүрылуына  белсенді 
көмек  көрсету.  Бүл  үшін  берілетін  несиелердің  жоғарғы  шектері  көтеріледі, 
персоналды  оқыту  мен  техникалық кеңес  беруге  үсынылатын  қаржылық көмек 
үлғайтылады.
Осы  шаралар  арқылы  Жапонияда  жақын  арадағы  5  жылда  жаңадан 
қүрылатын  жоғары  технологиялы  ШОК-тардың  саны  екі  есеге  көбейеді  деп 
күтілуде.  ШОК-тарды  қолдау  мен  дамытудың  бар  үлттық  инфрақүрылымы 
қызметінің  координациясын  мемлекеттік  «Шағын  жэне  орта  кэсіпкерлік 
Агенттігі»  (8та11  апй  М еб іи т  Епіегргіве  А§епсу-8МЕА)  атқарады.  Сонымен 
қатар,  Үкіметтің  ИТОК  секторындағы  инновациялық  қызметі  бағытын  жалпы 
стратегиясын  жүзеге  асырады.  Бүл  агенттік  ірі  мемлекеттік  жэне  тэуелсіз  жеке 
үйымдар,  ғылыми  орталықтар  жэне  зерттеу  орталықтарымен  белсенді  қарым- 
қатынас  жасайды.  Оның  ішінде  ман,ызды  орын  алатын  «ШОК-тарды  қолдау 
үйымы  жэне  Жапония  аймақтарының  инновациялық  дамуы»  агенттігі 
(Ог«алІ
2
а
1
іоп  Гог  8МЕ&  Кеүіолаі  Іппоүаііоп  оГ Іарал-8М Ю )  болып  табылады. 
8МЮ  қүрылымында Ш ОК-тарда технологиялар  мен  басқаруды  жетілдірудің  9 
институты,  4  технопарк  жэне  бірнеше  бизнес-инкубаторлары  бар.  Мүнда 
жылына  4000  жуык  шағын  кэсіпорындардың  басқарушылары  мен  мамандары 
кэсіпкерлік қызметке қатысты теориялық жэне тэжірибелік дайындықтан толық 
өтеді.
148

АҚШ-пен  Еуропалық  мемлекеттер  тәжірибесіне  сүйеніп  ЗМШ  агенттігі 
Жапония  сауда-өндірістік  палатасымен  бірге  зейнет  жасындағы  жоғары  кэсіби 
мамандарды  тарту  арқылы  енді  қүрылған  немесе  даму  үстіндегі  ШОК-тарға 
көмек  тәжірибесін  кен,ейтуде.  8МЮ 
агенттігі  жергілікті  префектуралар 
экімшілігі 
жэне 
сауда-өндірістік 
палаталарымен 
бірігіп 
«Кэсіпкерлікті 
қолдаудың 
венчурлық  орталықтары- 
КҚВО», 
«ШОК-тарды 
қолдаудың 
муниципалды  орталықтары  М   -   КҚМО»  жэне  «Аймақтық ШОК-тарды  қолдау 
орталықтары -  АКҚО» күрды.
Бүл  орталықтардың  басшылары  мен  штаттық  қызметкерлері  болып 
табысты,  тэжірибесі,  мол  жергілікті  кәсіпкерлер  мен  менеджерлері  қойылады. 
Қазіргі  кезде  Жапонияның  ШОК-тарды  инновациялық  қолдау  мен  дамыту 
мемлекеттік  инфрақүрылымына  8  венчурлық,  59  аймақтық  жэне  261 
муниципалды  орталықтар,  сонымен  қатар,  бірнеше  зерттеу  институттары, 
ақпараттық  қызмет  орталықтары  мен  қаржы-несиелік  үйымдары  кіреді. 
«Аймақтық  ШОК-тарды  қолдау  орталықтары»  елдің  47  префектурасы  мен  10 
ірі қалаларында орналасқан.
Жапонияда  «Шағын  бизнестегі  инновациялық  зерттеулер  бағдарламасы» 
(Тһе  З т а іі  Визіпезз  Іппоүаііоп  Кезеасһ  Рго§гат-  8ВІК)  АҚШ-тагы  осы  аттас 
багдарламага  үқсас. 
Жапондық 
8ВІК  бағдарламасы 
қүрылу  үстіндегі 
инновациялық  ШОК-тарға  көмектесу  үшін  гранттар,  жеңілдікті  қарыздар, 
аутсорсингтік  кызметтерді  мемлекеттік  органдардың  каржы  жэне  техникалық 
мүмкіндіктерінен  тартады.  Жаңа  өндірістік  технологияларды  табу  жэне  құру 
үшін  ҒЗИ,  университеттер  мен  ШОК-тардың  өзара  эрекетерін  жандандыруга 
қосымша  қаражаттар  бөлінуде.  Бүл  университеттер  жанынан  1000  аса  еншілес 
инновациялық ШОК-тар ашуга мүмкіндік берді.
Сауда-өндірістік  қогамдар  федерациясы  мен  Жапония  сауда-өндірістік 
палатасы  жэне  8МШ   агенттігінің  қаржылық  көмегімен,  сонымен  қатар, 
жергілікті  әкімшіліктермен  бірге  келесідей  іс-шаралар  атқарылды.  «Венчурлық 
бизнестің үлттық  8ТАКТ-ЦР қоры»  (8іаг1-іір  Уепіиге  Ыаііолаі  К ош т)  қүрылган, 
осы  форум  шеңберінде  венчурлық  кэсіпорындар  қүру-дамыту  тәжірибесі  бар 
кэсіпкерлердің мобильді топтарымен бүкіл ел аумагында семинарлар өткізеді.
Осы  шаралардың  барлыгы  жаңа  тауарлар  мен  қызметтерді  шыгару,  бар 
өндірістерді  жетілдіруге  белсене  араласатын  кэсіпорындардың  инновациялық 
қызметін белсендіруге мүмкіндік берді.  Инновациялық қызметпен айналысатын 
кэсіпорындардың  үлесі,  бизнестің  стратегиялық  бағытталуына  байланысты 
мынадай:  өндіріс  саласында -  64,7%, жаңа технологияларды шыгару саласында 
-   60,7%,  қызметтің  жаңа  түрлерінде  -   47,8%,  саудада  -   42,9%,  бар  өндірісті 
модернизациялауда -   15,8%-ды қүрайды.
«ШОК-тарда  инновациялық  қызметті  қолдау  туралы  Заңы»  (Іһе  Ьа\\  оп 
Зиррогііп»  Внзіпезз  Іппоүаііоп оі' 8та11  ансі  Месіішп  Епіегргізез),  «ШОК-тардагы 
шыгармашылық  белсенділікті  қолдау  туралы  Заңдары»  (Іһе  һа\ү  сопсешіп§ Іһе
149

Рготоііоп  оі' Сгеаііуе  Асііүірез  оГ 8МЕ§) ШОК-тарды  инновациялық қызметпен 
айналысуға  ынталандырудың  құкықтық  негізі  болып  табылады.  Мысалға, 
қызмет  етудің  жаңа  салаларын,  жаңа  тауарлар  мен  технологиялар  өндіруді 
игеріп  жатқан  жергілікті  венчурлық  ШОК-тарды  инвестициялау  үшін 
«Венчурлық инвестициялау серіктестігі»  (Ьітііесі  Рагіпегзһір  Гог Уепіиге  СарііаІ 
Іпуезітепі)  құрылды.  Мұндай  серіктестіктер  құрамына  мүдделі  бірнеше 
компаниялар кіреді, оның ішіне міндетті түрде акционер ретінде  ЗМК.І  агенттігі 
кіреді.  Мұндай  серіктестіктерде  басқарушы  компания  болып,  эдетте  жеке 
венчурлық  қорлар  болады.  Бұл  серіктестіктер  ШОК-тарды  инвестициялауды 
тікелей капитал салымдары немесе жалпы көлемі ¥300 млн.  иеннен аспайтын (~ 
$3,3млн.)  сомадағы  акциялар  мен  облигациялар  шығару  арқылы  жүзеге 
асырады.  Соңгы  жылдары  инновациялық  бизнес  саласында  «періштелер»  деп 
аталатын  жеке  инвесторлар  есебінен  инвестициялық  капитал  тарту  тәжірибесі 
кең таралған.
Жапонияның  экономикалық  өмірінде  елдің  ең  ірі  мегаполисі  —  Токио 
қаласы ерекше орын алады.  2006 жылы мықты «Токио сауда орталыгы»  (Токуо 
'Ггасіе  Сепіег-ТТС)  құрылды.  Бұл  орталық  кэсіпкерлік  бойынша  ШОК-тарга 
жан-жақты  ақпараттық,  техникалық,  кеңестік  қызметтермен  көмектеседі. 
ГТрактикалық түрде мегаполистің экімшілік аудандарында орналасқан  5  бизнес- 
инкубаторларда  жаңа  ШОК-тар  ашуды  ұйымдастыруга  жагдай  жасайды. 
Токиода  123  университеттің  шогырлануы,  ҒЗИ  көптігі,  талантты  жэне  жоғары 
кәсіби мамандардың көп  санының  болуы, жоғары технологиялық ШОК-тардың 
артуымен  үйлесуі  бұл  қаланы  Жапония  өнеркәсібінің  қарқынды  даму 
орталыгына айналдырды.
Жапонияда инновацияға салынатын жеке  инвестициялар  80%-ды құрайды, 
ал  20%-ын  Жапонияның  үкіметі  қаржыландырады.  Азаматтық  қогамның 
қызыгушылығымен  пайда  болган  зерттеулер  көбірек  қаржыландырылады. 
Бюджеттік  қаржыландырудың  негізгі  бөлігі  университеттер  мен  мемлекеттік 
гылыми  кэсіпорындарга  бөлінеді.  Іргелі  зерттеулер  басым  түрде  мемлекетпен 
қаржыландырылады. 
Инновациялық 
кэсіпкерлікті 
мемлекеттік 
қаржыландырудың  жанама  формаларының  дамуы  күштірек  болып  отыр. 
ҒЗТКЖ-мен жұмыс  істейтін  фирмалар, тікелей мемлекеттік қолдауды  бөлшекті 
түрде 
алады. 
Көбіне 
мұндай 
компанияларға 
салықтық 
жеңілдіктер 
қарастырылған.  Сонымен  қатар,  мемлекет  шағын  инновациялық  кэсіпкерлікті 
келісімдер  жэне  жаңа  технологиялық  шешімдер  мен  бұйымдар  өңдеуіне 
арналған  мемлекеттік  тапсырыстар.  Жапонияның  инновациялық  кэсіпкерлігі 
өндірістік  гылыми-зерттеулік  жэне  тэжірибелі-конструкторлық  өңдеулерді 
қаржыландыруға  байланысты  көмекті  көп  түрде  алмайды.  Ғылыми-зерттеулік 
жэне тэжірибелі-конструкторлық өңдеулерге байланысты шығындардың 25%-ы
150

мемлекеттің  үлесіне  тиеді.  Бірақ  үкімет  үлттық  нарықты  жэне  ғылыми- 
техникалық 
прогресстің 
мықты 
бағыттарын 
қорғауға 
байланысты 
протекционистік шаралар қолданады.
Жапонияның  сыртқы  сауда  жэне  өндіріс  Министрлігі  ірі  үлттық 
бағдарламаларды  өңдеуді  қүрайды  (ғарыштық  зерттеулер,  биотехнология, 
генетика,  экология,  жаңа  дәстүрлі  емес  қуаттың  көздері).  Ғылыми-зерттеулік 
жэне  тэжірибелі-конструкторлық  өңдеулердің  мықты  бағыттарына  кеткен 
мемлекеттік шығындар  90-шы жылдардың  басында Жапонияда Ж ¥Ө -нің  3,5%- 
ын қүраған.
Жапонияның үкіметі ҒЗТКЖ жэне зерттеулер үшін қаржыландыру жүйесін 
күрды,  ол мемлекеттің  несиелі-қаржылық мекемелердің  күралдарын экономика 
салаларының  жэне  жақсартылған  өндіріске  бағыттау  мүмкіндігін  береді.  Осы 
үшін 
мемлекеттік 
өндірістік 
саясатта 
несиелі-қарждылық 
ресурстарда 
бағыттаудың  тікелей,  сондай-ақ жанама түрі,  жэне  қайта несиелеу  тэжірибесін 
тарату  қарастырылған;  пайыздық  қойылымдарын  төмендету  стратегиясы 
қолданылады,  «банк  -   үкімет  -   экономика  -  субъекті»  түрде  арнайы 
шығарылған  несиелік  сызықтар  бойынша  несиелеуді  үйлестіретін  келісілген 
кеңестер  күрылады.  Жапониядағы  инновациялық  кэсіпкерлікті  дамыту  үшін 
бағытталған  мемлекеттік  займдар  жэне  инвестицияларды  жүзеге  асыру 
бағдарламасы  бойынша жүмыстардың  негізгі  көлемін  Жапонияның  даму  банкі 
жэне  трасттық  қорлар  бюросы  орындайды.  Мемлекеттік  инвестициялық 
бағдарлама  оңайлығымен  ерекшеленеді,  елде  болып  жатқан  экономикалық 
үдерістерді  есептей отырып өзгерістерге тап болады.
Ғылыми-инновациялық 
қызметке 
жэне 
инновацияға 
мемлекет 
тарапынан жүргізілетін шаралардың  негізгі бағыттары мыналар  болады:
• 
Мемлекеттік  бірегей  немесе  кейінгі  тапсырыстары  бойынша ҒЗТКЖ-мен 
айналысатын жеке компанияларды қаржыландыру.
• 
Түрлі қорлардан ҒЗТКЖ-ларды қаржыландыру.
• 
Салық салу жеңілдіктері  немесе  ҒЗТКЖ ауданындағы  ғылыми-зерттеулік 
жэне өндірістік қызметтерді салықтан босату.
• 
Ноу-хауды  қолдануға  арналған  лицензияларды  сатып  алу  үшін  ірі 
өндірістік компанияларға мемлекеттік демеу қаржылар.
• 
Перспективалы ҒЗТКЖ эзірлемелерін жүргізуде несиелік жеңілдік.
• 
Табыстылық  пен  қаржылық  түрақтылыққа  қол  жеткізу  бойынша  жеке 
иелікке берумен өндірістің жеке салаларын өз қарамағына алу.
• 
Жапондық өндірушілерді бэсекелестерден қорғау.
• 
Басқа  мемлекеттерден  жаңа  технологияларды  алу  бойынша  қолайлы 
жағдайды жасау.
• 
ҒЗТКЖ қаржыландырудың бюджеттен тыс көздерін қызықтыру.
• 
Мемлекеттік 
инвестициялық 
бағдарламаны 
үлттық 
өндіріс
қызығушылығымен келістіру.
151

Кіші инновациялық кәсіпкерлікті қолдайтын ұйымдар:
• 
Жапонияның  негізгі  технологиялар 
орталығы  шағын  жэне 
орта 
инновациялық кэсіпкерлікке  байланысты  қажетті  байланыстарды  кұруға көмек 
береді, іргелі жэне қолданбалы зерттеулерді қаржыландырады.
• 
Қуаттың  жағщ  көздерін  дамыту  бойынша  ұйым  жеке  кәсіпкерлерге 
ғылыми  оргалықты  құруға көмектеседі жэне  бірлестік зерттеулер жүргізу үшін 
кэсіпкерлердің халықаралық әріптестігін ұйымдастырады.
Сонымен  қатар,  Жапонияда  «Ғылыми  білімдерді  тарату  бағдарламасы» 
дайындалып,  жүзеге  асырылып  жатыр,  оның  шектеуінде  жеке  мердігер- 
компаниялар  үшін  префетурада  ғылыми  орталықтар  құрылады  жэне  білікті 
өңдеушінің жақсартылған шарттарын  құруға,  қаржылық қолдауға жэне ҒЗТКЖ 
қаржылық  көмекке  мемлекеттік  кепілдікті  қамтамсыз  етуге  бағытталған 
«Ғылым мен технология бойынша негізгі заң» шықты.
Қытай  дамыған  елдерден  ғылыми-техникалық  артта  қалудың  алдын  алу 
үшін,  1982  жылдың  өзінде  ғылыми  парктер  құру  идеясы  негізінде  әлеуметтік- 
экономикалық  саладағы  инновациялар  бағдарламасы  қабылданған  екен.  Қытай 
Үкіметі  ірі  масштабтағы  инновациялық  жэне  ғылыми-техникалық  жобаларды 
жүзеге  асыру қажеттілігін  түсіне  отырып,  экспорттық өндірісті  қамтамасыз  ету 
үшін  ғылыми  парктер,  бизнес-инкубаторлар,  арнайы  технологиялық  зоналар 
құру  бойынша кең  ауқымды  бағдарламаларды  бастады.  1985  жылы Гонгконгқа 
жақын Шэньчжэн  қаласында елдегі бірінші  ғылыми паркті  құруға қайтарымсыз 
негізде  316  гектар  жер  бөліп,  жобаны  қаржыландыруға  кірісті.  Паркте 
орналасуға  тек  алдыңғы  қатарлы  жэне  жаңа  технологияларға  ие,  сонымен 
қатар,  оларды  өндіріске  енгізу  мүмкіндігі  бар  фирмаларға  мүмкіндік  берілді. 
Олардың  міндетті  түрде  өнімдері  мен  қызметтері  үшін  нарықтың  болуы  мен 
олардың  экспортқа  бағдарлануы  кажет  болды.  Бүл  фирмалар  үшін  Қытай 
Үкіметі  маңызды  жеңілдіктер  ұсынды  (салықтық  каникулдар,  экспорт  пен 
импортта,  ғылыми-техникалық  гранттар  алуда  артықшылықтар).  Фирма- 
қатысушыларға  несиелер  мемлекеттік  банктерден  төмен  пайызбен  берілді. 
«Шэньчжэн»  паркінің  10  жыл  жұмыс  істеуінде  90-нан  аса  технологиялар  мен 
өнімдер  жасалды,  оның  көбісі  халықаралық  деңгейде  танылды.  Нэтижесінде 
елде  53  ғылыми-техникалық парктер құрылды.
Қытай Үкіметімен қабылданған шаралар мен бағдарламаларға тоқталсақ:
1.  1986 
жыл, 
наурыздағы 
«863 
бағдарламасы» 
ғылыми 
сыйымды 
салалардың 
приоритетті 
бағыттары 
болып: 
микроэлектроника 
жэне 
информатика,  аэроғарыш,  оптико-талшықты  байланыс,  гендік  инженерия  жэне 
биотехнология,  жаңа  энерго  үнемдеу  технологиялары,  табиғатты  қорғау 
техникасы мен жабдықтары, медициналық жабдықтар саналады.
2.  1986  жылғы  «Искра»  мемлекеттік  бағдарламасы  ғылыми-техникалық 
жетістіктерді  қолдану  негізінде  ауылшаруашылығы  экономикасын  дамытуға 
бағытталды.
3.  1988 
жылғы 
«Факел» 
бағдарламасы 
отандық 
алдыңғы 
қатарлы 
әзірлемелерді  өндіріске  жылдам  енгізу  мақсатында  ғылым  мен  техника 
дамуына бағытталды.
152

4.  1987  жылы  ғылыми-техникалық  кәсіпорындардың  инкубаторларын  құру 
шарасын  іске  асыра  бастады.  Жоғары  технологиялы  ШОК-тарды  қуру  арқылы 
инновациялық жобаларды іздеу мен оларды қолдауға арналды.
5.  1988  жылы  эксперименталды  Пекин  жаңа  жэне  жоғары  технологиялар 
паркін  қурды.  Территориясы  100  шаршы  шақырымды  қурады,  мунда  ондаған 
ЖОО-лар,  130  ғылыми-зерттеу  институттары  мен  зертханалар  болды,  оларда 
100000 жуық мамандар жумыс істеді.
6.  Көлемі  бойынша  Қытайда  екінші  парк  «Наньху»  қурылды.  22  шаршы 
шақырым 
территорияны 
алып 
жатыр, 
12 
ЖОО, 
30 
ғылыми-зерттеу 
институттары,  220 жоғары технологиялық кэсіпорындар,  оның  ішінде  $7  млрд. 
шетелдік капиталдың қатысуымен 30 компания бар.
7.  1990 
жылдары 
Қытайда 
«Жоғары 
технологиялар 
зоналары» 
(технопарктер)  қурыла  бастады.  Мемлекеттік  жеңілдіктермен  қоса,  шетелдік 
жэне  отандық инвесторларды ынталандыру мен тарту үшін жергілікті  органдар 
мен  әкімшіліктер  тарапынан  қосымша  жеңілдіктер  қарастырылды.  Мысалға, 
Харбинь  қаласындағы  жаңа  жэне  жоғары  технологияларды  игеру  зонасында 
мынадай қосымша жеңілдіктер алуға болады:
Кәсіпорындар  (аккредиттеу  күнінен  бастап)  алғашқы  3  жылда  табыс 
салығынан  толық  босатылады,  50%  салықты  (7,5%  тарифімен)  екінші  3  жылда 
төлейді, 7 жылдан  бастап табыс  салығын толық (15% тарифімен) төлейді.
Жылдық  жалпы  ішкі  өнімдері  ішінен  экспортқа  арналған  өнімдер 
көлемінің  қуны  50%-дан  асатын  кәсіпорындар  табыс  салығын  10%  тарифимен 
төлейді.
Жергілікті  өнеркэсіп  шығармайтын,  жоғары  технологияларды  зерттеу 
мен  игеруге  арналған  қуралдар  мен  жабдықтар  кедендік  импорт  бажынан 
босатылады.
Аймақтар  территориясында  кешенді  қурылыс  жүргізуде  кәсіпорындар 
бірқатар жеңілдіктерге ие болады.
8.  1992 
жылы 
Қытай 
Үкіметімен 
«ШОК-тарды 
өндірістік 
қолдау 
орталықтары»  қурыла  бастады.  Қазір  Қытайда  мундай  орталықтардың  саны 
1218  болып  отыр.  Бул  орталықтардың  негізгі  қорларының  жалпы  сомасы  $16 
млрд.  қураған.  Оларды  қаржылық  қолдау  мақсатын  да  жыл  сайын  $12,5  млн. 
бөлінеді.  Мунда 200000-ға жуық мамандар  оқытылып,  92000  ШОК-қа кеңестер 
көрсетілген.
9.  1996 жылы елде  «2010 жылға дейінгі ғылыми-техникалық бағдарламаны» 
жүзеге  асыра  бастады.  Бағдарлама  өмір  сапасын  арттыруға,  өмір  сүру  ортасын 
жақсартуға,  адам  мен  табиғат  қатынастарын  жарастыруға,  әлеуметтік  саладағы 
ғылыми-техникалық прогресті жандандыруға бағытталған.
10.  1998  жылы  мемлекетпен  «Жаңа  білімдерді  ізгілендіру»  жобасы  бойынша 
эксперименталды жумыс басталып,  $600 млн.  бөлінді.  Жоба мақсаты зияткерлік 
новаторлықты  жэне  халықаралық  білім  орталықтарын  уйымдастырудың 
функционалдық механизмін қуру болды.
ШОК  секторының  ғылыми-техникалық  элеуетін  ашуға  ықпал  ететін 
инновациялық  қызметтін,  даму  улттық  жүйесін  қалыптастыру  кезеңі  маңызды 
болды.  Оған мыналар жатады:
153

1)  Инновациялық ШОК-тарға қатысты жалпы стратегияны қалыптастыру.
2)  ШОК  секторында  инновациялық  қызметті  координациялау  бойынша 
экімшілік органдарды  кұру.
3)  Жетілдіру үстіндегі ШОК-тар үшін салықтық преференциялар үсыну.
4)  Инновациялық даму үшін қаржылық қолдау жүйесін қүру.
5)  Инновациялық  ШОК-тар  ақпараттық,  кеңестік,  техникалық  қызмет 
жасаумен қамтамсыз ету.
6)  Тез  дамып  келе  жатқан  ШОК-тарды  қолдау  үшін  бизнес-инкубаторлар, 
технопарктер мен технологиялық зоналарды қалыптастыру.
7)  ШОК-тар үшін венчурлық қорларды үйымдастыруға ат салысу.
2004 жылы Қытайда 500-ге жуық бизнес-инкубаторлар, оның ішінде 200 эр 
түрлі  «ғылыми-техникалык  кэсіпорындардың  инкубаторлары»  қызмет  істеді. 
Бизнес-инкубаторлар  1515,1  млн.  м  жерді  алып  жатыр.  Мүнда  3  млн-га жуық 
ШОК  орналасқан,  бүл  барлық  ШОК-тардың 25%-ын  қүрайды.  2008  жылы  елде 
7298  білім  жэне  зерттеу  үйымдары  болды.  Онда  жүмыс  істейтін  зерттеушілер 
саны  бойынша  Қытай  Жапония  мен  Ресейді  озып,  АҚШ-тан  кейінгі  екінші 
орынды  алды.  Соңғы  4  жылда  шетелдік  инвестицияларды  тарту  арқылы 
қүрылган 
инженерлік 
орталықтар 
саны 
200-ден 
750-ге 
дейін 
өсті.
Технологиялық парктер мен бизнес-инкубаторларды дамыту арқасында,  эсіресе 
шағын  бизнес  саласындагы  инновациялық  белсенділікті  арттыруга  мүмкіндік 
туды.  Бүл  ҚХР-да  венчурлық  капитал  нарығын  қалыптастыруга  күшті  әсер 
берді.  Қазір  елде  180-нен  аса  эр  түрлі  венчурлық  инвестициялық  компаниялар 
жүмыс  жасайды,  оның  ішінде  90%-ы  үкіметтік,  8%-ы  шетелдік,  қалган  2%-ы 
бірлескен  кэсіпорындардікі  болып  отыр.  Олардың  жалпы  капитал  салымдары 
$30 млрд.  қүрайды.
Қытайдың  Ғылым  жэне  технология  министрлігі  жасаған  жоғары 
технологиялық 
секторды 
дамыту 
арнайы 
бағдарламасының 
бастапқы 
кезеңдерінің  өзінде,  1997  -  2001  жылдар  аралыгында  жыл  сайын  іргелі  жэне 
қолданбалы  зерттеулерге  $13  млрд.  бөлінген.  Бүл  қаржылар  академиялық 
институттар  мен  шагын  кэсіпорындарға  электроника  жэне  ақпараттық 
технологиялар  секторындагы  ҒЗТКЖ  мен  іргелі  зерттеулер  нэтижелерін 
коммерциялизациялауға  көмек  ретінде  жіберілген  болатын.  Үкімет  қытайлық 
компьютер  жэне  электроника  өндірушілеріне  салықтық  жеңілдіктер  беріп, 
олардың  мүдделерін  шетелдік  бэсекелестерден  қорғады.  Қытайға  шетелдік 
жогары  технологиялардың  енуін  ынталандыру  үшін  заң  қабылданған.  Бүл  заң 
шетелдік  компаниялар  Қытай  нарыгына  шыгу  үшін  қытайлық  бір  фирмамен 
бірлескен 
кэсіпорынды 
қүруын 
міндеттеді. 
Американдық, 
еуропалық, 
жапондық,  тайвандық  электронды  күралдарды  шыгарушылар  жаппай  түрде 
ҚХР-да 
өз 
өндірістерін 
орналастырып, 
жергілікті 
компанияларга 
ірі 
тапсырыстар  бере  бастады.  Бүл  2007  жылы  Қытайға  электронды  қүралдарды 
шығару көлемі бойынша АҚШ-тан кейінгі 2 орынга шыгуына мүмкіндік берді.
Ел  экономикасын  реформалаудың  негізгі  мақсаттары  болып  мемлекеттік 
үйымдардан  ғылыми-техникалық  прогресті  басқару  бойынша  функцияларды 
арнайы  өкілетті  жеке  гылыми  жэне  технологиялық  агенттіктер  қарамагына 
беруді 
қарастырды. 
Осыган 
байланысты, 
2003 
жылы 
Ғылым 
жэне
154

технологиялар  министрлігі  белгілі  зерттеу  институттары  негізінде  ғылыми 
жэне технологиялық делдал агенттіктердің улттык желісін  құру мэселесіне көп 
көңіл  бөлді.  Бундай  агенттіктердің  жэне  жоғары  технологиялы  ШОК-тардың 
болуы  улттық  инновациялық  жүйенің  дамуын  қамтамасыз  ететін  талаптардың 
бірі  болып  табылады.  Делдалдық  агенттіктер  технологиялық  жаңалықтардың 
жария  етілуінде,  ғылыми-техникалық  жетістіктерін  бағалауда,  инновациялық 
идеялардың таралуында  ерекше  орын  алады.  Қазір Қытайда 6  миллионға жуық 
ғылыми  жэне  технологиялық  делдал  агенттіктер  бар.  Мүнда  110  млн.  адам 
жүмыспен  қамтылған.  2009  жылы  ел  Үкіметімен  «инновациялық  кэсіпорын» 
мэртебесі  қабылданган. 
Бүл  мәртебе  байланысты  90  кэсіпорынга  берілген. 
Олардың  өз  брэнді  бар  жэне  техникалық  новаторлыққа  байланысты  элемдік 
нарықта  жогары  бэсекеге  қабілеттілікке  ие  болуда.  «2006  -  2020  жылдарга 
арналган  гылым  мен  техника  саласының  орта  жэне  үзақ  мерзімді  даму 
мемлекеттік  багдарламасына»  сэйкес,  инновациялық  жэне  ғылыми  қызметті 
одан  эрі  күшейту қажеттілігі  байқалуда.  2020 жылга қарай  Қытайдың ЖІӨ-дегі 
гылыми  зерттеулер  мен  жаңалықтарға  капитал  салымдарының  үлесі  2,5%-га 
дейін  еседі,  экономикаға гылым  мен техниканың  қосқан үлесі  60%-га өседі  деп 
күтілуде.  Бүл  үшін  Қытай  Үкіметі  зерттеулер  мен  талданымдарына  бөлінетін 
салымдарды  сатылы  түрде  көбейтуде.  2004  жылы  осындай  инвестициялар 
көлемі  $108,9  млрд.,  (ЖІӨ-нің  1,5%),  2005  жылы  -  $125  млрд.,  2006  жылы  - 
$136  млрд.,  2010  жылы  бүл  шыгындар  $220  млрд.  жетеді.  Қытайдың  Ғылым 
жэне  технология  министрлігі  2020  жылы  ҚХР-ды  АҚШ,  Жапония,  Оңтүстік 
Корея 
Республикасы 
жэне 
Финляндия 
секілді 
инновациялық 
типтегі 
мемлекеттер  қатарына  кіреді  деп  болжайды.  Бүл  елде  инновациялық  қызметті 
дамытудың  бүтіндей  бір  гылыми-техникалық  жүйесін  қүрумен  қамтамасыз 
етіледі.  Қазірде  Қытайдың  гылыми-техникалық  саласында  38,5  млн.  адам 
шогырланган,  осы  салада  жүмыспен  қамтылгандар  саны  бойынша  алгашқы 
орынды иеленуде.
Мейліниіе  кең  таралган  инновациялыц  цызметті  цолдау  әдістері.  Айта 
кету  керек,  дамыған  жэне  түрақты  түрде  дамып  келе  жатқан  мемлекеттердің 
ШОК  саласында  инновациялық  қызметті  ынталандырудың  эр  түрлі  эдістері 
қолданылады.  Мүнда  ерекше  рөлді  ШОК-тардың  инновациялык  эзірлемелерін 
қаржыландыру мен техникалық қолдаудың мемлекеттік багдарламалары  алады. 
Сонымен қатар,  бизнестің барлық саласында инновациялық қызметтің дамуына 
жагдай  жасайтын  мемлекеттік  жэне  аймактық  деңгейдегі 
заңнамалық, 
қаржылык,  салықтық жэне  мүліктік тетіктер бар.  Әлемдік тэжірибеде келесідей 
шагын  жэне  орта  кэсіпкерлікте  инновациялық  қызметті  ынталандырудың 
формалары бар:
Үкіметтік  үйымдардың  тапсырыстары  бойынша  ҒЗТКЖ  орындайтын 
инновациялық 
ШОК-тарды 
қаржылық 
жэне 
техникалық 
қолдаудың 
мемлекеттік  бағдарламалары  (АҚШ,  Жапония,  Үлыбритания,  Үндістан,  Қытай 
жэне басқа да мемлекеттер).
155

Тікелей  қаржыландыру  (субсидиялар,  қарыздар)  жаңа  өнім  мен 
технология  жасауға  кететін  шығындардың  50%-на  дейін  жетеді  (Франция, 
АҚГІТ жэне т.б.).
Қаражат  беру,  оның  ішінде  пайызды  төлеусіз  (Швеция);  жаңалықтарды 
өндіріске  енгізу  шығындарының  50%-ын  жабуға  қайтарымсыз  қаражат  беру 
(Г ермания).
Болуы  мүмкін  коммерциялық  тэуекелді  ескере  отырып  инновацияларды 
енгізу корларын  құру (Англия, Германия,  Франция, Швейцария, Нидерланды).
Жеке  онертапқыштар  мен  кұрастырушыларға  мемлекеттік  баждарды 
төмендету мен салықтық жеңілдіктер беру (Австрия, Германия, АҚШ, Жапония 
жэне  т.б.),  сонымен  қатар  оларды  қолдауға  арналған  арнайы  инфрақұрылым 
қалыптастыру (Жапония).
Өнім  немесе  туынды  энергияны  үнемдеуге  қатысты  болса,  мемлекеттік 
баждарды төлеу уақытын шегеру немесе босату (Австрия).
Жеке  өнертапқыштар  мен  құрастырушылар  тапсырысы 
бойынша 
патенттерді  тіркеуде  төлемсіз  қызмет  ету  немесе  баждарды  төлеуден  босату 
(Нидерланды, Германия, Жапония, Үндістан).
Инновациялық  салада  қызмет  етуші  кәсіпорындар  үшін  салық  салуды 
жеңілдету,  оның  ішінде  ҒЗТКЖ-ға  жұмсалган  шыгындарды  салық  салудан 
алып  тастау  жэне  университеттер  мен  ГЗИ  -  га  жеңілдікті  салық  салу  (АҚТТТ, 
Үлыбритания, Үндістан, Қытай жэне Жапония).
Зияткерлік  меншік  пен  авторлық  құқықтарды  қоргауды  заңнамалық 
қамсыздандыру (барлық дамыган елдерде).
Тәуекелді  шығындардың  орнын  толтыру  жэне  тәуекелдерді  төмендету 
бойынша мемлекеттік багдарламалар (АҚТТТ, Жапония).
ІІТСЖ  күшімен  инновациялық  жобаларды  жүзеге  асыруга  қодануга 
арналган  венчурлық  капитал  қорларының  кең  желісін  қалыптастыру  (барлық 
дамыған мемлекеттер).
Гылыми  парктер,  бизнес-инкубаторлар  жэне  технологиялық  даму 
аймақтарының желісін кұру (барлық дамыган мемлекеттер).
Инновациялық 
ШОК-тарга 
гылыми-техникалық, 
қаржылық 
жэне 
өндірістік  жан-жақты  қолдаумен  қамсыздандыратын  мықты  мемлекеттік 
ұйымдар (корпорациялар, агенттіктер) құру (АҚШ, Жапония Үндістан, Қытай).
Мүдделі  кэсіпорындарга  кажеггі  техникалық  шешімдер  мен  мүмкін 
әріптестерді  табуга  мүмкіндік  беретін  прогресивті  технологиялар  мен 
инновациялық  әзірлемелердің  арнайы  мамандандырылган  ақпараттық-іздеу 
сайттарын көрсетуге болады.
Жалпы,  озық  тэжірибелерді  талдау  көңіл  аударатын  жагдай.  Өйткені,  ол 
белгілі  бір  дамудан  өткен  жэне  тәуекелділігі  төмен  жобалар.  Сондықтан  да 
дамыған  мемлекеттердің  инновациялық  даму  бағыттарын  ел  экономикасының 
ерекшеліктерін  ескере  отырып  негізге  алудан  экономикамыз  ұгыла  қоймайды 
деп  ойлаймыз.  Шетелдік  тэжірибе  көрсеткендей,  гылыми-техникалық  элеует  ~ 
кез-келген 
мемлекеттің 
өркендеуінің 
кепілі. 
Экономикалық 
дамудың, 
мемлекеттің 
көркеюінің 
негізгі 
жолы 
-  
гылыми 
техникалық 
жэне 
инновациялық  салаларда  көшбасшы  болу.  Инновациялар  мен  жаңалықтар
156

экономиканың  құлдырауына  төтеп  беріп,  ғылыми-техникалық  прогрестің 
белсенді  түрде  дамуына  жағдай  жасап,  үлтық  экономиканың  тиімділігі  мен 
бәсекеге қабіліеттігін жоғарылатады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет