241
Жарманы тазалауға арналған дән сепараторы үш металл штамптты
електермен жабдықталған: қабылдайтын (d=10 мм); мөлшері жармадан
үлкен қоспаларды бөлу үшін сұрыптайтын (d=78 мм); жармадан ұсақ
қоспаларды бөлу үшін түсіретін (d=5 мм).
Екі қайтара аспирациямен елекке жарма түсу және оның машинадан
шығу кезінде жеңіл қоспаларды бөліп алады. Магниттер жүйесі арқылы
өткізіп, жарманы металдымагнитті қоспалардан тазалайды. Тазартылған
жармада мөлшерлері жармадан үлкен қоспалар болмау керек, әсіресе
ұнтақтың жармада болуы технологиялық үдерістің одан ары жүргізілуін
қиындатады (әсіресе тістәрізді және жартылай тістәрізді жүгері жарма
-
сын өңдеу кезінде олар өте көп болады). Сепараторда тазалаған соң жар
-
мада қалған ұнтақ жарманы жуу кезінде біржола жойылады.
Бірқалыпты ылғалдану үшін жарманы өткір буда үздіксіз жұмыс
істейтін шнекті булағышта (бұл кезде жарма ылғалдығы 2225% дейін
көтеріледі) булайды, содан кейін қорапта шамалы уақыт ұстайды. Бұл
үдерістердің барлығы крахмал дәндері мен ақуыз заттарының ісінуіне
ықпал етеді, бұл өз кезегінде жарманың мұнан былайғы пісіруін
тездетеді.
Пісіру аппаратына артылатын жарманың мөлшерін В (кг) төмендегі
формуламен (5) есептеуге болады:
мұнда:
В
1
– 15% ылғалдылық кезіндегі артылатын жарма мөлшері (
В
1
–
көрсетілген ылғалдылықта тұрақты және 800 кгға тең);
С
қ.з.
– стандартты
ылғалдылықтағы жармадағы құрғақ заттар мөлшері (
С
қ.з.
– тұрақты және
85% тең), %;
С
қ.з.с.
– артылатын
жармадағы құрғақ зат мөлшері, %.
Мысал. Егер жуу және булаудан соң жарма ылғалдығы 20%ға дейін
көтерілсе, ондағы құрғақ заттардың мөлшері 80%ға тең болады. Сонда
аппаратқа артылатын жарма мөлшері келесіні құрайды:
Пісіру аппаратына артылған жармаға қанттытұзды ерітіндіні құяды.
Шикізат шығынының нормалары бойынша стандартты ылғалдықтағы
800 кг жармаға 39,6 кг қант және 19,8 кг ас тұзы қажет болады. Бұл
мөлшерді 150 л суда ерітеді. Ерітіндіні қайнатады және сүзгіден өткізеді,
содан кейін жинағышмөлшерлегіш арқылы пісіру аппаратына құяды.
Өткір бумен жарманы пісіру аппараттағы қысым 0,15 МПа жет
-
кен сәттен бастап 2 сағатқа созылады. Пісіру нәтижесінде жарманың
242
тағамдық заттары үлкен өзгерістерге ұшырайды. Жарманы жуу және
қайнату кезінде ісінген крахмал дәні клейстерленеді, бұл жармадағы
еритін заттардың мөлшері ұлғаюына алып келеді. Ақуыздық заттар,
жарманы жібіту үдерісінде сіңіріп алған ылғалды бөле отырып ұйып
қалады.
Жарма сарғышқоңыр реңкке (кейде күліңгір қоңыр) ие болады.
Жарманың түстілену дәрежесі, инвертті қант және аминқышқылды жар
-
ма арасындағы реакция кезінде түзілетін ондағы меланоидиндер әсеріне
байланысты. Меланоидинді негіздер сонымен бірге жармаға ерекше
дәм береді, бірақ адам ағзасымен сіңбейді, және сондықтан жарманы
күліңгірқоңыр түсті етіп алу ұсынылмайды.
Жарманың қарқынды боялуы пісіру уақытында жарманың дайындығы
көрсеткіші болып табылмайды. Жарма біржола пісіп және сонда да
ашыққоңыр түсті болуы мүмкін.
Пісірілген жүгері жармасының ылғалдығы 3637% төңірегінде бо
-
луы қажет.
Қанттытұзды ерітінді түрінде пісіру аппаратына түсетін су мөлшерін,
аппаратқа құйылатын қанттытұзды ерітінді мөлшерін өлшеп анықтауға
болады. Бұл су мөлшері ерітінді қайнауы кезінде біршама бу мөлшерінің
конденсациялануы есебінен 150 л шамалы көп болады. Бу конденсация
-
сы есебінен пісіру кезінде жармамен алынатын су мөлшерін, қайнатқан
соң жарма ылғалдығын өлшеп тәжірибелік жолмен анықтауға болады.
Формуланы (5) пайдаланып, қайнату аппаратына салынатын құрғақ
заттардың жалпы мөлшерін есептеуге болады. Ол 738 кгға тең, оның
ішінде:
жармамен
Достарыңызбен бөлісу: