Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов



Pdf көрінісі
бет133/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

Жарманың сусіңіргіш қасиеті
. Бұл көрсеткішті таразылы және 
көлемді әдіспен анықтайды. 
Таразылы әдіс
. Сусіңіргіш қабілетінің коэффициенті деп судағы жы
-
лумен өңдеуден кейінгі жарма массасының жарманың бастапқы масса
-
сына қатынасын айтады.
Массасы 100 г жарма өлшендісіне ыстық сумен (температура 98°С) 
құяды және 90 минут аралығында ұстайды, сосын суды төгіп тастап 
жарманың сусіңіргіш қасиетін келесі формуламен анықтайды:
мұндағы: 
m
h
– ісінуден кейінгі жарма массасы, г; 
m
K
– ісінуге дейінгі 
жарма массасы, г.
Көлемді әдісі
. Бұл әдіс жарманы ыстық суда (98° С температура) ұстау 
кезінде жарма көлемінің өсуі сусіңіргіш қабілетімен сипатталады.
Анализ үшін сыйымдылығы 100 мл 12 бөліктелген цилиндрлер ала
-
ды, оның әрқайсысына 40 мл дистилденген су құяды. Цилиндрлерді су 
моншасына қойып көрсетілген температураға дейін қыздырады. Сосын 
цилиндрлерге 5 г­нан жарма салып тығынмен жабады. Әр 5 минут сайын 
бір цилиндрді алып шкала бөлуі бойынша жарма көлемін анықтайды. 30 
минуттан кейін көлемнің өзгеруін әр 10 минут сайын бақылайды. Жал
-
пы қайнату уақыты – 90 минут. Ісіну санын (экспансия санын) келесі 
формуламен анықтайды:


308
мұндағы: 
v
90
– 90 минут аралығындағы қайнатудан кейінгі жарма көлемі, 
v
– қайнатуға дейінгі жарма көлемі.
Жарманың аспаздық бағалықтары
. ВНИИЗ әдісі және 100 балдық 
жүйе бойынша анықтайды. Жарманың аспаздық бағалықтарын ботқа са
-
пасы бойынша сипаттайды. Қақпағы бар металды цилиндрлер салынған 
электрожылытқышы бар су моншасыннан тұратын арнайы құралда 
ботқаны қайнатады. Анализ үшін 100 г жарма алады және өлшемді ци
-
линдрде оның көлемін өлшейді. Сосын жарманы екі рет жуғаннан кейін 
ботқа пісіру цилиндріне салады және 100° С­ға дейін қайнатылған суды 
құяды. Пісіруге арналған су мөлшерін жарма түріне байланысты түрліше 
анықтайды.
Пісірілген ботқа көлемін ботқамен толтырылмаған цилиндр көлемінің 
өлшемі бойынша анықтайды.
Пісіру коэффициентін келесі формуламен анықтайды:
мұндағы: 
v
1
– ботқа көлемі, см
3

v
– қайнатуға дейінгі жарма көле­
мі, см
3
.
Сонымен қатар, ботқа консистенциясын анықтайды. Ол үш түрлі бо
-
луы мүмкін: шашпа, жартылай шашпа және жабысқақ.
Бірқалыпты қайнатылған түйіршіктері болғанда консистенция типті 
деп саналады. Пісірудің бірқалыпсыздығы түйіршіктердің әртүрлі 
өлшемдері немесе ажарлауда оларды өңдеуді бірқалыпсыздығымен 
негізделеді.
Ботқаның берілген жарманың өзіне тән түсі, иісі және дәмі болуы 
керек. Тары ботқасы сары түске, күріш – таза ақ түске, ал қарақұмық – 
сұрғылт­қоңыр түске бояулары керек.
Гидротермиялық өңдеуге түскен жармалардан алынған ботқаның дәмі 
мен иісі әлсіз білінеді.
Сапасы төмен жармалардан дайындалған ботқалардың бөтен иістер 
мен татымдар болуы мүмкін: уытты, қышқыл, ащы және т.б.
Сұлы үлпектері.
Оларды екі түрде шығарады: Геркулес және жапы­
рақшалы. Жалпы көрсеткіштерден басқа қышқылдылықты анықтайды, 


309
ол 5 градустан артық емес болу керек. Геркулес жармасы үшін пісіру – 
20 минут, жапырақшалы үшін – 10 минутты құрайды.
Талқан
. Талқан түсі ақшыл кремді, ылғалдылығы – 10%­дан, күлділігі 
– 2%­дан артық емес және 10%­ды тұз қышқылында ерімейтін күл – 
0,1%­дан артық болмауы керек.
Тартылған талқанның ірілігін №27 және 39 екі жібекті електерде елеу 
арқылы анықтайды. №27 електегі қалдық 2%­дан, ал №39 електің өтімі 
60%­дан артық болмау керек, минералды қоспаларға рұқсат етілмейді.
Жоғары құндылықты жарма.
Бұл жарманың сапасын бағалауда 
олардың түсін, иісін, дәмін, бетін, түйіршік пішіні мен өлшемін, 
ылғалдылығын, біркелкілігін, сынық және пішіні өзгерген түйіршіктердің 
мөлшерін, бөтен қоспаларын, залалдануы мен металмагнитті қоспаларын 
анықтайды.
Жарманың біркелкілігін 2,6х20 мм електің өтімі мен 1,4х20 мм елек 
кетімі мөлшері бойынша анықтайды. Жарманың барлық түрі үшін нор
-
ма 80%­дан кем емес. Сынықтарға Флотская, Союзная, Южная жармала
-
ры үшін Ø 1,5 мм елек арқылы өткен және басқа жарма түрлері үшін Ø 
3 мм елек арқылы өткен ұрылған түйіршіктері жатады. Пішіні өзгерген 
берілген жарма түріне сай келмейтін деформацияланған түйіршіктер жа
-
тады. Жарма ылғалдылығы 13%­дан артық емес, бөтен қоспа мен залал
-
дануына рұқсат етілмейді, металмагнитті қоспа – 1 кг­ға 3 мг­нан артық 
емес. Юбилейная және Здоровье буып­түйілген жармадағы сынықтар 
5%­дан, ал басқа түрлерінде ­ 3%­дан аспауы керек. Өлшемелі Юби
-
лейная және Здоровье жармасында сынық мөлшері 7%­дан, ал басқа 
жарма түрлерінде – 5%­дан артық емес болу керек. Буып­түйілген 
жарманың барлық түрінде деформацияланған түйіршіктер мөлшері 5%­
дан, өлшенетінде – 7%­дан артық емес болу керек.
Жемдік ұсақтар, ұнтақ, қауыз.
Жемдік ұсақтар, ұнтақ және қауыздың 
сапасын жалпы көрсеткіштер бойынша анықтайды: ылғалдылық, зиян­
кестермен залалдануы, металмагнитті қоспалар мөлшері. Сонымен 
қатар, жемдік ұсақтар, ұнтақ және қауызда бүтін және ұрылған ядролар 
мөлшерін анықтайды.
Жемдік ұсақтардағы бүтін ядро мөлшерін келесі түрде анықтайды: 
массасы 200­300 г таңдалынған үлгіде массасы 100 г өлшендіні алады 
және тары үшін саңылауы Ø 1,6 мм електе және сұлы үшін саңылауы Ø 
2 мм електе 3 минут аралығында 1 минутына 120 айналмалы тербелісте 
елейді. Сосын електің кетімінде бүтін ядро мөлшерін анықтайды. Нор
-
ма бойынша ол жарма массасының 2%­нан аспауы керек.


310
Жемдік ұнтақтағында бүтін және ұсақталған ядро мөлшерін анық­
тауда төменде келтірілген електерде елеу жүргізеді. Тары ұнтағы үшін 
саңылауы Ø 1,6 мм електі қолданады, електің кетіміндегі бүтін ядро бо
-
луына рұқсат етілмейді. Сұлы ұнтағын саңылауы Ø 2 мм електе елейді, 
ядро мөлшері 2%­дан аспауы керек. Қарақұмық ұнтағын №08 елек
-
те елейді. Ядро бөлшектерінің мөлшері 1%­дан аспауы керек. Күріш 
ұнтақғын саңылауы Ø 1,5 мм електе елейді. Електегі қалдықта бүтін 
және ұсақталған ядролар 0,5%­дан аспауы керек. Арпа жармасының 
(ячневая) ұнтағын №1 және 2 електерде, бидай – № 063 електе және 
жүгері – № 09 електе елейді. Келтірілген елек кетімдері 5%­дан артық 
болмау керек.
Бұршақты ұнтақ пен ұсақтарды саңылауы Ø 2 мм електе бақылайды. 
Елек кетімі 5%­дан аспауы керек. Қауызды бақылау үшін массасы 100 г 
өлшендіні тары үшін саңылауы Ø 1,2 мм, қарақұмық үшін – саңылауы Ø 
1,5 мм електерде 3 минут аралығында елейді. Елек кетіміндегі бүтін және 
ұсақталған ядро мөлшері 1%­дан аспауы керек. Сұлы қауызын бақылауда 
саңылауы Ø 2 мм, арпа үшін ­саңылауы Ø 1,2 мм және бұршақ үшін – 
саңылауы Ø 1 мм електерін қолданады. Кетімдегі бүтін және ұсақталған 
ядролар мөлшері 1,5%­дан артық болмау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет