307
тилденген су қосады. Суспензияны 77°С температурада 45 минут ара
лығында су моншасында қыздырады. Сосын оны бөлме температурасын
-
да 15 минутқа қойып қояды, одан кейін оны сүзеді. Алғашқы сүзіндінің
3040 млін тастайды, сосын пипеткамен 10 мл сүзіндісін алып 100 мл
өлшем колбасына құяды, оған алдын ала 1 мл йод ерітіндісін қосады (1
л суға 2 г йод пен 20 г йодты калий).
Өлшем колбасына 1 мл 30%ды HClды, шамамен 6070 млге дис
-
тилденген суды құйып араластырады, сосын колбаны белгіге дейін сумен
толтырады. Ерітіндіні бөлме температурасында 30 минут аралығында
ұстайды. Көк бояудың белсенділігін 600 нмде ФЭКМ фотоэлектро
-
колориметрде анықтайды. Құрал көрсеткішін 100ге көбейте отырып
крахмалдағы амилозаның пайыздық мөлшерін алады. Бояуды 1 мл KJ
және 100 мл дистилденген судағы 1 мл HCI ерітіндісінің бояуымен са
-
лыстырады. Амилозаның жоғары мөлшері жарманың жақсы аспаздық
бағалыққа ие екенін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: