Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 Ә. Ізтаев, К. Б. Байболов


Жарманы сақтауды бақылау және жіберу



Pdf көрінісі
бет134/161
Дата14.06.2022
өлшемі16,75 Mb.
#146530
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   161
Байланысты:
(K)Ізтаев Ә. Жарма және жарма концентраттары технологиясы

12.7 Жарманы сақтауды бақылау және жіберу
Жармасы бар қаптарды өңдеу күні, ауысымы, сұрпы және түрі бо­
йынша массасы 63 т­ға дейін қатарларға орналастырады. Жарма темір 
жол көлігімен келіп түскенде оларды вагон бойынша орналастырады. 
Қатарларды ағаш сөрелерге жинайды. Ленталы конвейер қолданғанда ені 
1,25 м және арту­түсіру жұмыстарды орындау үшін электротиегіштерді 
қолдануда 3,8 м­ге дейін қатар арасындағы өткелдер қалдырады. Ауа 
айналымы үшін қабырғадан ені 0,7 м өткел қалдырады. Қаптарды жи
-
нау биіктігі жарма түрі, ылғалдылығы мен ауа температурасына байла
-
нысты.
Ұнтақ жарма, бидай, қарақұмық, күріш, арпа мен аршылған бұршақты 
биіктігі 94­кестеде келтірілген қатарларға жинайды. Күріш ылғалдылығы 
17%­ға дейін болғанда қаптарды биіктігі сегіз қатардан аспайтындай 
жинайды. Егер қаптар массасы 50 кг болса, онда қатар биіктігін екі 
қатарға көтеруге рұқсат. Тары, жүгері, және сұлы жармаларын 95­кестеде 


311
келтірілген нормалар бойынша жинайды. Егер жүгері жармасының 
ылғалдылығы 15,5%­ға дейін болса, онда қатар биіктігін алты қатарға 
дейін төмендетеді.
94-кесте
Ұнтақ жарма, бидай, қарақұмық, күріш, арпа және асбұршақ
жармалары үшін қатар биіктігі
Қоймадағы ауа 
температурасы, °С
Жарма ылғалдылығы
14%­ға дейін
14­тен жоғары 15,5%­ға 
дейін
10­нан жоғары
10
8
10­нан 0­ге дейін
12
10
0­ден төмен
14
14
95-кесте
Ақталған тары, жүгері және сұлы жармалары үшін қатар биіктігі
Қоймадағы ауа 
температурасы, °С
Жарма ылғалдығы
13%­ға дейін
13­тен жоғары 
14%­ға дейін
10­нан жоғары
8
6
10­нан төмен
10
8
Жарманы сақтау кезінде лаборатория қоймадағы ауаның температу
-
расы мен салыстырмалы ылғалдылығын, жарманың температурасын, 
ылғалдылығын, астық қорларының зиянкестерімен залалдануын, иісі 
мен дәмін бақылайды.
Ауа температурасын 7 күнде бір рет, ал жүйелік желдетуде күн са­
йын тексереді. Қосымша айына бір рет қатар қаптарының төменгі, 
орташа және жоғары қатарларындағы ауа температурасын тексереді. 
Ауаның температурасы мен салыстырмалы ылғалдылығын еденнен 1,5 
м биіктікте тексереді. Температураны бақылау үшін термографтар не
-
месе термометрлер, ал салыстырмалы ылғалдылықты бақылау үшін ги
-
грографтар, гигрометрлер немесе психрометрлер қолданады.
Жарма температурасын қатардың әртүрлі биіктігіндегі сыртқы 
қаптарда және қатардың ішкі бөліктеріндегі қаптарда термометрмен 
анықтайды. Жарма температурасын олардың қоймаға түскен кезде 


312
өлшейді, сосын 15 күнде бір рет ауа температурасы 10°С­дан жоғары 
болғанда және айына бір рет ауа температурасы 10°С­дан төмен болғанда 
өлшейді. Егер жарма ылғалдылығы 14­15% және ауа температура
-
сы 10°С­дан жоғары болғанда, жарма температурасын әр 5 күн сайын 
бақылайды.
Астық қорларының зиянкестермен залалдануы, дәмі мен иісін темпе
-
ратура 10°С­дан төмен болғанда айына бір рет және температура 10°С­
дан жоғары болғанда 15 күнде бір рет бақылайды. Ылғалдылығын айы­
на бір рет тексереді.
Жарманы сақтаудың бақылау нәтижелерін журналдар мен қатар 
жарлықтарына жазып қояды.
Жарма сапасын бақылау нәтижелері негізінде ӨТЛ бастығы ұнды 
сақтауға арналған іс­шаралар жоспарына тән оның сақтауды қамтамасыз 
ететін іс­шаралар жоспарын құрады. Ерекшелігі салқындату үшін ірі 
ядролы жарманы таза брезентке себуге, дән тазалау машиналар арқылы 
өткізуге және дән кептіргіштерде кептіруге болады.


313


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   161




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет