Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов


Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы



Pdf көрінісі
бет243/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

7.3. Кәсіпкерлік капитал. Толық айналым және ауыспалы 
айналым. Инвестициялар
Кәсіпкерліктің кез келген түрінде кәсіпкер әрдайым капитал 
жұмсап өзіне тезірек пайда табуға ұмтылады. Бұл үшін кәсіпкер 
өндірісті үзбей жалғастырып, ұдайы өндіріс үдерісін жүзеге асырады. 
Ұдайы өндірістің үздіксіздігі өнеркәсіптік капиталды пайдалану 
негізінде жүреді. Ұдайы өндірістік үдерісті, осыған қатысатын 
өнеркәсіптік капиталдың функционалдық формаларының өзгеруі 
тұрғысынан қарасақ, оны 
А – Т . . . Ө . . . Т ’ – А’
түрінде сипаттауға болады.
Бұл ұдайы өндірістік үдерістің формуласы. Ол мынадай заңды 
сатылардан құралады:
А – Т ...
Өндіріс факторлары нарығында тауар формасын алған өндіріс 
факторларына 
ақша капиталы
жұмсалады.
Сөйтіп, осы ақша капиталы 
өндіргіш капиталға
айналады. Бұл 
капиталдың қызметі болып өндіріске жағдайлар жасау табылады:
... Ө ...


136
Өндіріс үдерісінде өндіргіш капитал 
тауарлық капиталға
айна-
лады және ол үстеме құн (қосымша пайда) өндіру қызметін атқарады:
... Т’ – А’
Дайын тауарларға сіңген үстеме құн, оны нарықта өткізгеннен соң 
кәсіпкердің қарамағына пайда ретінде түседі. Бұл сатыда тауарлық 
капитал тағы да жаңадан ақша капиталына айналады. Тауарлық 
капиталдың қызметі – үстеме құнды жасау және сату.
Капиталдың бір формадан екінші формаға айналатын қозғалысын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   239   240   241   242   243   244   245   246   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет