Оқулық Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы, 2014 А. Н. Доғалов н. С. Досмағанбетов



Pdf көрінісі
бет245/595
Дата06.02.2022
өлшемі2,49 Mb.
#80523
түріОқулық
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   595
Байланысты:
Экономикалык теория

Айналмалы капитал
– бұл өндіргіш капиталдың бір бөлігі болып 
табылатын, өзінің құнын дайын өнімге бірден ауыстыратын және 
әрбір ауыспалы айналым актісінің соңында ақшалай формада тұтас 
қайтатын капитал. Айналмалы капиталға шикізат, отын, материалдар, 
басқалары жатады.
Негізгі капитал айналмалы капиталға қарағанда материалдық 
(физикалық) және моральдік (сапалық) тозуға ұшырайды.


137
Материалдық тозу
– бұл негізгі капитал элементтерінің 
физикалық тұрғыдан қызмет етуге жарамсыз болып қалып өздерінің 
тұтыну құнын жоғалтуы.
Негізгі капитал материалдық тозуға мынадай жағдайларда 
ұшырайды: 
- жұмыс уақытында капиталдың қызмет ету үдерісінде;
- табиғат күштерінің әсерінен жұмыссыз қалған кезеңде.
Материалдық тозудың екі жағы болады:
- техникалық-өндірістік – тұтыну құнының жойылуы;
- құндық – құнның жаңа өнімге көшуі.
Моральдік тозу
– бұл негізгі капитал, еңбек құралдары құнының 
төмендеуі нәтижесінде немесе олардың өнімділігінен жоғары сапалы 
еңбек құралдарының пайда болуына байланысты құн бағалылығының 
жойылуы.
Моральдік тозудың екі түрі болады:
- еңбек өнімділігінің өсуіне сәйкес берілген еңбек құралдары 
арзандау, аз құнмен ұдайы өндіріледі;
- құны бұрынғыдай машиналар өндіріледі, бірақ техникалық 
жағынан жетілдірілуі, өнімділігі мен рентабельділігі (тиімділігі) 
жоғары болады.
Аталған екі жағдайда да негізгі капитал тозуға ұшырайды, 
құны төмендейді, өйткені еңбек құралдарының бағасы олардың 
пайдалылығымен есептеледі. Мұндай жағдайлар амортизациялық 
қор құруды талап етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   241   242   243   244   245   246   247   248   ...   595




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет