Кейнстік экономикалық теория – капиталистік экономиканың
өздігінен ресурстардың толық қамтылуын қамтамасыз ете алмай-
тындығын және олардың толық қамтылуына қол жеткізу үшін бюджет-
салық және ақша-несие саясаттарын қолдану керектігін түсіндіретін
және экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігін жақтайтын
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.
Классикалық экономикалық теория – капиталистік экономика-
ның мемлекеттің араласуынсыз өздігінен ресурстарды толық қолдана
алатындығын түсіндіретін ХХ-ғасырдың 30-шы жылдарына дейін
көптеген экономистермен мойындалған макроэкономикалық бағыт.