Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы



Pdf көрінісі
бет134/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

ДНҚ молекуласының екінші реттік құрылымы

ДНҚ молекуласының
кеңістікте паралель орналасқан қос қабат спиральға ұқсай орналасуы
Донор
– генетикалық тұрғыдан бағалы аналық жұмыртқасы немесе
эмбриондар алынатын ұрғашы дара.
Ж
Жануардың физиологиялық жетілуі
– жас малдың белгілі жынысты ересек
жануарға тиесілі пішінге ие болып, оның тірілей салмағының 70-75%-на жеткен,
яғни, физиологиялық жағынан толысқан мерзімі.
Жануарлар биотехнологиясы
– молекулалық жəне жасушалық əдістерді
қолдану арқылы генотиптерге түзетулер енгізіп, тез жетілетін, ауруларға төзімді
жəне жоғары өнімді мал түрлерін шығару əдістерін қалыптастыратын ғылым
саласы.
Жасуша
– тіршіліктің ең кіші бірлігі, ағзаның құрылысы мен тіршілік
əрекеттерінің жəне дамуының негізі.
Жасуша генерациясының мерзімі
(лат. generatio - туу) – жасушаның кезекті
екі бөлінуі арасындағы мерзім.
Жасуша циклі
(гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер) – жасушаның бір бөлінуінен
екінші рет бөлінуіне дейінгі жасушада жүретін тіршілік үдерістердің жүйесі, ол
митоздан (мейоздан) жəне интерфазадан (G1, S, G2) тұрады.
Жасушалар популяциясы
(лат. populus – жұрт, ел) – жасанды қоректік
ортада өсірілген жасушалардың жиынтығы.
Жасушалар суспензиясы
(лат. suspension – асып қою, ағ. suspension cell
culture) – жеке жасушаларды немесе кішігірім жасушалар топтарын арнаулы
қондырғы арқылы ауамен қамтамасыз етіп жəне араластыра отырып, сұйық қоректік
ортада өсірілуі.
Жасушаларды ағынды ашық жүйеде өсіру
– үздіксіз ағып кіріп тұрған жаңа
қоректік орта мен төгіліп сыртқа ағып шыққан жасушалар суспензиясының
қарқынының (көлемдерінің) тең болуы.
Жасушаларды ағынды жабық жүйеде өсіру –
жасушалар өсетін сұйық орта
үздіксіз жаңа қоректік ортамен қамтамасыз етіліп тұрады, сұйық ортаның кіріп
құйылу қарқыны мен оның төгіліп сыртқа шығу қарқыны бірдей болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет