Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011


Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру



Pdf көрінісі
бет135/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

Жасушаларды ағынды-ағынсыз жүйеде өсіру
– сұйық қоректік ортада
өскен жасушалар суспензиясының бір бөлігі оқтын-оқтын алынып, оның орнына нақ
сондай мөлшерде жаңа қоректік орта құйылып тұрады.
Жасушаларды жаңа қоректік ортаға көшіру (пассаж)
(фр. passage-ery, ағ.
subculture) – жасушаларды жаңадан дайындаған қоректік ортасы бар шыны ыдысқа
ауыстырып отырғызу.
Жасушаларды қорландырып (мерзімді) өсіру
– жасушалар суспензиясын
жабық ыдыста бастапқы құйылған қоректік ортасында жаңартылмай өсіру.
Жасушаларды мұздатып сақтау
(ағ. cryopreservation) – мұздатып алып, өте
төмен температурада сақтау, мысалы, сұйық азотта - 196ºС температурада.
Жасушаларды турбидостатта өсіру
– фотоэлементті қолданып биомасса
концентрациясын тікелей бақылау арқылы, жасушаларды сыртқы жағдайдан
ешқандай шектеусіз, үздіксіз өсіру.


256
Жасушаларды үзіліссіз өсіру –
жасушаларды сұйық қоректік ортаның
үзілмей беріліп тұратын ағынында өсіру.
Жасушаларды 
хемостатта 
өсіру
– құрамында 
өсуді 
тежейтін
концентрациясы белгілі компоненті бар жаңа қоректік орта тұрақты жылдамдықпен
биоректорға құйылып түсіп тұрады да, сондай жылдамдықпен өскен жасушалар
суспензиясы алынып отырады.
Жасушалардың кері немесе негативтік селекциясы
(ағ. negative selection) –
белгілі бір жағдайлар жасап сұрыптау. Бұндай жағдайда жасушалардың жабайы
типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант
жасушалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.
Жасушалардың кері селекциясы
(ағ. negative selection) – белгілі бір
жағдайлар жасап сұрыптау, мұндай жағдайда жасушалардың «жабайы» типтері ғана
бөлінеді де, біраздан кейін өліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант жасушалар
бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет