258
I
In vitro жағдайында өсіру
– фолликулалар
немесе олардан бөлектенілген
ооциттер, эмбриондардың арнайы дайындалған қоректік ортаға салынып, өсірілу
əдісі.
In vivо жағдайында өсіру
– аралық реципиенттерін пайдалану арқылы өсіру
əдісі.
Іздеуші аталық
– күйіті келген аналықты анықтау үшін қолданылатын еркек
малдар.
К
Каллус
(лат. callus – қалын тері, ағ. callus) – ұлпа, өсімдік
жасушаларының
ретсіз бөлінуінің нəтижесінде пайда болатын ұлпа.
Капацитация
– аналықтың жыныс мүшесінің ішіндегі аталық ұрық
жасушалары – сперматозоидтардың ұрықтандыру қабілетінің артуы (жұмыртқа
түтікшесінің қабырғасы жəне қынаптан бөлінетін шырыштардың əсерінен).
Кариогамия
– екі гаметаның ядролық материалдарының бірігуі.
Кариотип
(гр. karyon – жаңғақ, жаңғақтың дəні) – организмдегі
хромосомаларына тəн
белгілерінің жиынтығы, ол хромосомалар саны, пішіні,
мөлшері, өлшемі жəне морфологиялық өзгешелігімен ерекшеленеді.
Катализатор
– ағзада жүретін химиялық реакциялардың бағытын өзгертетін
немесе жүру қарқындылығын арттыратын арнайы молекулалар.
Катетерлер
– қолдан ұрықтандыру
мен эмбриондар тасымалдауда
қолданылатын арнайы істік тəріздес құрал.
Достарыңызбен бөлісу: