Оқулық Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет137/159
Дата20.11.2023
өлшемі4,09 Mb.
#192113
түріОқулық
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   159
Байланысты:
О улы аза стан Республикасы Білім ж не ылым министрлігі бекіт

З
Заттық жəне жабын əйнектері
– жасушалық селекцияда жəне де басқа
микроскопиялық зерттеулерде қолданылатын, түзу, ұзынша жəне жұқа төртбұрыш
болып келетін əйнекшелер кесінділері.
Зертханалық дəріхана
(аптека) – əртүрлі дəрі-дəрмектерді сақтауға арналған,
көптеген суырмалары, сөрелері мен түсірілетін столдары бар шкаф.
Зигота
– ұрықтанған аналық жұмыртқасы. Зиготаның екі кезеңдерін
(стадиясын) ажыратады: екі пронуклеустар (кариогамияға дейін) жəне ересек зигота
(кариогамиядан кейін) кезеңдері.
И
In vitro
(лат. in vitro - шыныда) – шыныда, жасанды жағдайда.
In vivo
(лат. in vivo – тірі орнанизмнің құрамында) – тіршілік иесінде, оның
құрамында, бөлінбеген күйде.
Идиотип
(гр. idios – өзіне тəн, typos – із, таңба, үлгі, қалып, ағ. idiotype) –
организмнің барлық гендерінің (ядродағы, митохондриядағы, хлоропластардағы)
жиынтығы.
Изогендік желі (линия)
(гр. isos – бірдей, тең, ұқсас, genos – шығу тегі, туыс)
– гомозиготалық организмдерден тұратын топ.
Иммобильденген 
жасушалар
(лат. immobilis – жылжымайтын,
қозғалмайтын, ағ. immobilbsed cells) – табиғи немесе синтетикалық заттардың беткі
қабатына бекіген немесе полимерлік гельдер құрамына енгізілген, қозғаласы
шектелген, осы ортада өсетін жасушалар.
Иммуноферментік талдау
(лат. immunitas – құтылу, босану, ағ. enzyme
immunoassay) – «антиген-антидене» комплексінің ферменттік активтігін анықтауға
негізделген иммунодиагностикалық əдіс; сезімталдығы өте жоғары.
Индукциялау
(лат. induction – қозу, ағ. induction) – сыртқы орта факторлары
немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне əсер етіп, өсімдіктің даму жолын
белгілеу. Олар индукторлар, мысалы: гормондар, сыртқы ортаның түрлі
факторлары, кейбір метаболиттер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір
жүйеге келтіреді, себебі сол жүйенің ғана индукторлық əсерін қабылдауға
мүмкіндігі бар.
Инокулюм
(лат. inoculation – егу, ағ. inoculum) - жаңадан дайындалған
қоректік ортаға көшіріп отырғызу үшін қолданылатын суспензияның азғантай
бөлігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   133   134   135   136   137   138   139   140   ...   159




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет