Органогенезin vitro (гр. organon – мүше, genesis - шығу тегі, ағ. in vitro
organogenesis) – ұлпаларды жасанды қоректік ортада өсіргенде бұрынғы бар тамыр,
бүршіктерден жəне бастауыш (инициаль) жасушалардан емес, жаңадан мүшелердің
түзілуі.
Ө Өсімдіктер жасушаларын өсіру (ағ. plant cell culture) – жасанды қоректік
ортада асептикалық жағдайда (
in vitro ) өсімдіктердің жасушаларын, ұлпаларын жəне
мүшелерін өсіру.
Өсімдіктерді сауықтыру (ағ. virus – free plants) – өсімдіктерді жасанды
ортада
in vitro өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақтық жəне вирустық ауру
қоздырушылардан арылту.
Өсіру циклі (гр. kyklos – дөңгелек, шеңбер, ағ. growth cycle) – трансплантты
немесе сұйық қоректік ортада өскен жасушалардың бөлігін (инокулюмды) жаңа
қоректік ортаға отырғызғаннан бастап, келесі жаңа қоректік ортаға ауыстырғанға
дейінгі өсу кезеңі.