8
орындау және редакциялау принциптері әртүрлі. Мысалы, растрлық графикада
объектіні белгілеу кезінде объект күрделі формалы облыс түріндегі нүктелер
жиыны ретінде қарастырылады. Оны белгілеу кӛбіне күрделі,
әрі қиын болып
келеді. Ол объектіні жылжытқан кезде орны «тесік» болып қалады. Ал векторлық
графикада объект графикалық примитивтердің жиыны ретінде қарастырылады
және оны белгілеу үшін мышканың кӛмегімен әр примитивті белгілесе болады.
Ал егер бұл примитивтер топтастырылған (группировка) болса, оның кез келген
нүктесіне меңзесе болғаны. Белгіленген объектіні жылжытқан кезде оның
астында жатқан элементтер ашылады.
Қазіргі таңда графикалық редакторлардың бір-біріне жақындасу тенденциясы
байқалуда. Кӛптеген векторлық редакторлар растрлық суреттерді фон ретінде
қолдана алады, кескіндерді векторлық форматқа
қосымша орнатылған құралдар
(трассировка) арқылы айналдыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: