2.14-сурет
2.15-сурет
Екінші сұрау:
Specify point on object for second tangent of circle:
(Объектіде екінші жанаманы анықтайтын нүктені (2) кӛрсетіңіз:)
Үшінші сұрау:
Specify radius of circle:
(Шеңбер радиусы:)
Радиусты санмен жазып немесе екі нүктені кӛрсету арқылы беруге болады. Екі нүктені кӛрсеткенде, олардың арасындағы қашықтық радиус болады. Егер берілген параметрлер бойынша шеңбер салу мүмкін болмаса, онда жүйе соған сәйкес хабар береді. Кӛбінесе радиус тым кішкентай немесе шамадан тыс үлкен болса.
Шеңберді берілген үш объектіге (түзу, доға немесе шеңбер) жанама салуға болады. Ол үшін
Рисование құлама мәзірінен
Круг командасын, оның ішінде
3 точки касания опциясын таңдаймыз. Командалық жолдағы сұрауларға берілген үш объектіні кезегімен кӛрсетеміз. Сонда ізделінді шеңберіміз берілген үш объектіге жанама болады. 2.15-суретте берілген үш шеңберге жанама сызылған шеңбер кӛрсетілген.