Рисование (Draw) бөлімінен Прямоугольник (Rectang )командасы шақырылады.
Рисование (Draw) аспаптар панелінде пиктограммасын курсормен таңдау арқылы шақырылады.
Командалық жолда Прямоугольник (Rectang) командасы жазылады.
AutoCAD графикалық жүйесінде тік тӛртбұрышты екі түрлі тәсілмен сызуға болады: тік тӛртбұрыштың диагоналінің шеткі нүктелерін кӛрсету арқылы және бір нүкте мен тік тӛртбұрыштың қабырғаларының ӛлшемдерін енгізу арқылы.
Кәдімгі тік тӛртбұрышты салу
Фаска (Chamfer) және түйіндесу(Fillet) параметрлерін қолданып, екі нүкте арқылы тік тӛртбұрыш салу
2.7-сурет
Бірінші тәсіл бойынша тӛмендегідей жолмен салынады.
Command: _rectang
Specify first corner point or [Chamfer/Elevation/Fillet/Thickness/Width]:
Компьютер тік тӛртбұрыштың бірінші бұрышының нүктесін сұрап тұр. Оны сіз графикалық алаңның кез-келген жерінде қалауыңызша таңдай аласыз. Содан соң келесі сұрау болады:
Specify other corner point or [Dimensions]:
Бұл жерде тік тӛртбұрыштың тӛбесі болатын және бірінші нүктеден жүргізілген диагональдің бойындағы нүктені кӛрсету керек. Нүктенің координатасын әр түрлі жолмен енгізуге болады, оның ішінде объектілік байлауды да қолдануға болады.
Егер екінші нүктені сұраған кезде Specify other corner point or [Dimensions]: [Размер Dimensions] опциясын таңдап алса, AutoCAD жүйесі тік тӛртбұрыштың қабырғаларының ӛлшемін сұрайды: алдымен оның ұзындығын, яғни Х осы
бойынша ӛлшемін, содан соң енін, яғни Y осі бойынша ӛлшемін. Содан кейін үшінші нүктені кӛрсету керек деген сұрау болады. Бұл нүктені тік тӛртбұрышты алғашқы нүктеге қатысты қай жағына орналастыру керек болса сол жақты кӛрсету керек: жоғары және солға қарай, жоғары және оңға қарай, тӛмен және солға қарай, тӛмен және оңға қарай.
Достарыңызбен бөлісу: |