(Выберите объект для создания подобных или <выход>):
Объектіні таңдау керек.
Specify through point :(через точку:)
Жаңа ұқсас объект ӛтетін нүктені нұсқау керек.
Объектілерді бұру ПОВЕРНУТЬ (Rotate) командасының кӛмегімен жүзеге асырылады.
ПОВЕРНУТЬ (Rotate) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.
3.13-суретте объектіні 60 градус бұрышқа бұру кӛрсетілген. Командалық жолда келесі хабар шығады:
Command: _ rotate
AutoCAD командасын шақырғаннан кейін командалық жолда келесі жүйелік айнымалылар туралы хабар шығады: ANGDIR – бұрышты есептеудің оң бағыты және ANGBASE – базалық бұрыштың бағыты.
(Current positiveangle in UCS: ANGDIR=counterclockwise ANGBASE=0)
Бұдан кейін объектілерді таңдау ұсынылады:
Select objects:
Тышқанның сол батырмасын басу арқылы қажетті объектіні таңдаймыз. Егер бірнеше объектіні бұру керек болса, керекті объектілерді курсордың кӛмегімен рамкаға аламыз, таңдауды ENTER пернесін басу арқылы аяқтаймыз.
Содан кейін AutoCAD базалық нүктені сұрайды. Оның координаталарын пернетақтадан енгізу арқылы немесе экранда курсордың кӛмегімен енгізуге болады. Суретте базалық нүкте ретінде объекті осінің ұшы таңдалған.
Specify base point: _endp of (задайте базовую точку:)
Объектіні бұру осы нүктенің тӛңірегінде орындалады. Содан кейін AutoCAD
бұру бұрышын енгізуді сұрайды.
Specify rotation angle [Reference]:
(Задайте угол поворота или [опорный угол]:)
Объектіні қажетті бұрышқа бұру үшін бұрыштың шамасын пернетақтадан немесе экранда тышқанның кӛмегімен енгізуге болады. Базалық нүктені таңдағаннан кейін курсорды қозғалтқан кезде таңдалған объектілер базалық нүктенің айналысында бұрыла бастайды. Керекті бұрышқа бұрылған кезде тышқанның сол батырмасын басып объектіні орнына бекітеміз. Бұл жерде жұмысты жеңілдету үшін объектілік байланысты, содан кейін ОРТО немесе полярлық трассалау
3.13-сурет
режимдерін қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |