Подобие (offset) командасының кӛмегімен сызбадағы объектіге ұқсас және одан белгілі бір қашықтықта орналасқан объектілерді салуға болады. Бұл жерде ұқсас объектіні салу деп отырғанымыз объектінің нормалі бойымен белгілі бір қашықтыққа объектінің сызықтарының ығысуын айтамыз.
Подобие (offset) командасын РЕДАКТИРОВАНИЕ құлама мәзірінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.
Командалық жолда келесі хабар шығады:
Command: _offset
Әрі қарай жүйе ығысу ӛлшемін енгізуді сұрайды. Жүйеде бастапқы орнатылған ӛлшем 1 мм-ге тең болады. 3.11 мен 3.12 – суреттерде ұқсас объектілердің арасы 15 мм-ден болады. Сондықтан командалық жолда 15 санын енгіземіз:
Specify offset distance or [Through] <1.0000>
3.11-сурет
(Введите величину смещения или [Точка]: 15
Содан соң AutoCAD келесі сұрау қояды:
Select object to offset or
(Выберите объект для создания подобных или <выход>): Бұл сұрауға жауап ретінде берілген объектіні нұсқау керек. Specify pointonside tooffset:
(Укажите точку определяющую сторону смещения:)
Содан соң берілген объектінің қай жағына жаңа объектіні түсіру керек болса, сол жағында кез-келген нүктені нұсқау керек.
AutoCAD келесі сұрақты қояды:
Select object to offset or :
(Выберитеобъектдлясозданияподобных или<выход>): Егер қажет болса процесті әрі қарай жалғастыруға болады. Егер қажетті объектілерді салып болсаңыз, ENTER пернесін басып, командадан шығасыз.
Ығысу ӛлшемін командалық жолға жазып немесе курсормен экранда екі нүктені белгілеу арқылы енгізуге болады. Бұл екі нүктенің арасындағы қашықтықты жүйе ығысу ӛлшемі ретінде қабылдайды.
Егер ұқсас объектіні сызбада берілген бір нүкте арқылы ӛтетіндей салу керек болса, Точка [Through] опциясын таңдау керек. Сонда AutoCAD келесі хабарды жазады: