STRETCH
Specify stretch point of [Base point/Copy/Undo/exit]: РАСТЯНУТЬ
(Точка растягивания или [Базовая точка/Копировать/Отменить/Выход]:)
Бұл хабар бастапқы команда РАСТЯНУТ(СОЗУ) екенін айтады және басқа опцияларды таңдауға ұсыныс жасайды.
Тұтқалар арқылы редакциялау режимінен шығу үшін екі рет ESC пернесін басу керек.
3.3-суретте кесіндінің 1 тӛбесі орнында қалап, 2 нүктесін 3 нүктесіне ауыстырып, кесіндіні тұтқаның кӛмегімен редакциялау мысалы кӛрсетілген. Ол үшін алдымен кесіндіні таңдаймыз. Содан соң 2 нүктесіне шертіп, оны базалық
а ә б
в г
3.3-сурет
етіп аламыз. Содан кейін белгіленген тұтқаны 3 нүктесіне алып барып, тұтқаны шертіп қаламыз. Кесінді жаңа орнына келеді. Екі рет ESC пернесін басып, командадан шығамыз.
Дәл осылай кесінділердің немесе басқа объектілердің орнын ауыстыруға, оларды кӛшіруге және т.б. ӛзгерістер жасауға болады.
Объектілердің орнын ауыстыру
Объектілердің орнын ауыстыру Перенеси (Move) командасының кӛмегімен жүзеге асырылады. Перенеси (Move) командасын құлама мәзірдің РЕДАКТИРОВАНИЕ (Modify) бӛлімінен немесе аспаптар тақтасындағы пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады.
Командалық жолда келесі хабар шығады:
Command: _move
Әрі қарай компьютер орнын ауыстыратын объектілерді таңдауды ұсынады:
Select objects: Specify opposite corner:
Тышқанның сол батырмасын басу арқылы объектіні белгілейміз. Егер бірнеше объектіні жылжыту керек болса, онда курсордың кӛмегімен барлық қажетті объектілерді рамкаға аламыз. ENTER пернесін басамыз.
Specify base point or displacement:
(Задайте базовую точку или сдвиг:)
Бұл жерде ығысу параметрін немесе
базалық нүктені координаталарымен беруге болады. Нәтиже дәл болу үшін базалық нүктені таңдаған кезде объектілік байлау режимін қолданған
дұрыс.
3.4-сурет
3.4-суретте объектілік байлау бұйым
кескінінің контуры мен осьтік сызығының қиылысында таңдалған. Командалық жолда келесі жазу болады:
Достарыңызбен бөлісу: |