Кеңістік примитивтеріне келесі примитивтер жатады:
- Кӛрініс экрандары;
Үшӛлшемді полисызықтар;
Блоктар.
Кӛрініс экрандары
Үш ӛлшемді объектіні тұрғызған кезде графикалық экранды бірнеше бӛлікке (кӛрініс экрандарына) бӛлген қолайлы. Әрбір кӛрініс экранында ӛзінің кӛру нүктесін орнатып, қажетті кескіндерді орындауға болады. Жүйе бірнеше қиылыспайтын кӛрініс экрандарының конфигурациясын жасауға және оларға ат беруге мүмкіндік береді. Бұл команданы View (Вид) құлама мәзірінен немесе Видовые экраны аспаптар тақтасынан пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Бұл команда 2.56-суреттегідей диалогтық терезені ашады
New name (Новое имя) алаңында конфигурацияның атын енгіземіз. Standard View ports (Стандартная конфигурация) алаңында конфигурацияларды Preview (Образец) алаңында кӛріп, қажетті конфигурацияны қабылдаймыз.
Бұл диалогтық терезеде режимді, кӛріністі және визуалдық стильді ӛзгертуге болады.
Егер Standard View ports (Стандартная конфигурация) тізімінде Три справа конфигурациясын таңдағанда Preview (Образец) алаңында экранның үшке бӛлінгенін кӛреміз. Үш экранның әрқайсысы үшін режимді, кӛріністі және
визуалдық стильді қоямыз (2.57-сурет). ОК батырмасын басқаннан кейін экранда графикалық алаңның үш бӛлікке бӛлінгенін кӛреміз (2.58-сурет). Белсенді кӛрініс экранының рамкасы жуан болып келеді және бұл кӛрініс экранында курсордың түрі айқас кесінділер болып келеді. Егер басқа кӛрініс экранын белсенді ету керек болса, тышқанның сол батырмасының кӛмегімен экранның ішіне шертіп қалу керек.
2.58-сурет
Үшӛлшемді полисызықтар
Үшӛлшемді полисызықтар тӛбелерінің координаталары үш ӛлшемдік кеңістікте кез келген болуы мүмкін және бір-бірімен байланысқан түзу сызықты сегменттерден тұрады.
Үшӛлшемді полисызықтар 3D POLY (3-ПЛИНИЯ) командасының кӛмегімен сызылады.
Жүйенің бірінші сұрауы келесі болады:
Достарыңызбен бөлісу: |