DIMDIAMETER (РЗМДИАМЕТР) командасы диаметр ӛлшемін қоюға арналған. Бұл команданы Dimension (Размеры) құлама мәзірінен Diameter (Диаметр) пунктін таңдау арқылы немесе Dimension (Размеры) аспаптар
панелінде пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Диаметрді қою
мысалдары 2.50-суретте кӛрсетілген.
Әдетте диаметрді
шеңбердің ішіне орналастырған кезде, ол доғаға қойылған радиус сияқты қойылады, яғни диаметр ӛлшем сызығының
2.50-сурет
бір-ақ жағында бағыттауышы
болады. Егер диаметр екі жағында да бағыттауышымен болсын десеңіз, онда DIMATFIT жүйелік айнымалының мәнін 1 санына ӛзгерту керек. Ол үшін командалық жолда DIMATFIT командасын теріп, Enter батырмасын басамыз. Командалық жолда келесі сұрау шығады:
Enter new value for DIM A TFIT <3>:
63
(Новое значение DIMATFIT <3>.)
Жаңа мәнді , яғни 1 санын енгіземіз. Енді диаметрді шеңбердің ішіне қойғанда оның екі жағында да бағыттауыштары болады (2.51-сурет). Қажет болған жағдайда DIMATFIT жүйелік айнымалысының қайтадан бұрынғы мәнін енгізуге болады.
Бұрыштық ӛлшем
DIMANGULAR (РЗМУГЛОВОЙ) командасы түзулер арасындағы бұрышты немесе доғаның бұрыштық ӛлшемін (немесе шеңбер бӛлігінің) қоюға арналған. Бұл команданы Dimension (Размеры) құлама мәзірінен Angular (Угловой) пунктін таңдау арқылы немесе Dimension (Размеры) аспаптар панелінде пиктограммасын басу арқылы шақыруға болады. Команданың бірінші сұрауы: Select arc, circle, line, or :
(Выберите дугу, круг, отрезок или <указать вершину>:)
Доғаны таңдаған кезде, бұрыштың тӛбесі ретінде оның центрі болады. Шығарма сызықтардың бастары доғаның шеткі нүктелері болады. Ӛлшем сызығы шығарма сызықтардың арасындағы доға түрінде болады (2.52-сурет).
Шеңберді таңдаған кезде (1) нүктесі бірінші шығарма сызықтың басы болады. Бұрыштың тӛбесі шеңбер центрі болады. Бұрыштың екінші шеткі нүктесі ретінде (2) нүктесін нұсқаймыз. Бұл нүкте екінші шығарма сызықтың басы болады. Бұл нүкте шеңберде жатпауы да мүмкін.
Кесіндіні таңдаған кезде екі кесіндіні кезек-кезек нұсқау керек. Программа таңдалған кесінділерді бұрыштың қабырғалары ретінде, ал олардың қиылысу нүктесін бұрыштың тӛбесі ретінде қабылдайды. Ӛлшемдік сызық кесінділердің арасындағы кіші бұрышты анықтайды. Егер ӛлшем доғасы берілген кесінділермен қиылыспаса ол кесінділер шығарма сызықтардың кӛмегімен ұзартылады. Қойылатын бұрыш шамасы әрқашан 180 градустан кем болады.
2.52-сурет
3>3>
Достарыңызбен бөлісу: |