Фасканың екінші катетінің ұзындығын пернетақтада 15 санын жазу арқылы енгіземіз де, ENTER клавишасын басамыз. Содан соң сұрау болады:
Select an edge or [Loop]: (Қырын таңдаңыз немесе [Контур]:
Беттің фаска жасалатын бір немесе бірнеше қырын кӛрсету керек, команданы ENTER пернесін басу арқылы немесе тышқанның оң батырмасын шерту арқылы аяқтайды. 4.28-суретте фаска жасаудың үлгісі кӛрсетілген.
Түйіндесу
Түйіндесу (Fillet) командасын қаттыденелі объектіде түйіндесу орындау үшін қолдануға болады.