5 Компьютерлік графикадан орындауға арналған зертханалық жұмыстар 1-зертханалық жұмыс. Графикалық жүйемен танысу. AutoCAD
интерфейсі AutoCAD интерфейсі Windows-қа стандартты болып келетін басқару элементтер тобын қолданады. Операциялық жүйенің ӛзімен таныс немесе Microsoft Office пакетін білетін пайдаланушыларда AutoCAD терезесінің элементтерімен жұмыс істеу, онда командаларды енгізу қиындық тудырмайды.
Тӛменде AutoCAD интерфейсінің негізгі элементтері қысқаша келтірілген.
AutoCAD-тың негізгі терезесі.
AutoCAD-ды жүктегенде 1-ші суретте кӛрсетілгендей бірнеше элементтерден тұратын терезе пайда болады.
Тақырып жолы Мәзір жолы
Аспаптар тақтасы пиктограммалар (AutoCAD-тың белгілі бір командаларымен байланысқан, суреті бар тік тӛртбұрыш тәріздес графикалық элемент) тобын құрайды.
Объектілерді тұрғызу процесінің барлығы AutoCAD-тың негізгі терезесінің графикалық аймағында орындалады. Бұл аймақтың шекарасын табуға әрекеттенбеңіз, себебі оны іс жүзінде шексіз деп айтуға болады. Айталық, Сіз бұл жерде он киллометрлік плотинаның сызбасын салумен немесе миллиметрдің жүзден бір бӛлігін құрайтын микроэлементті жобалаумен айналыссаңыз болады, және бұның барлығын Сіз 1:1 масштабпен орындайсыз.