Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен



бет29/100
Дата13.01.2023
өлшемі8,63 Mb.
#165468
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100
Байланысты:
AutoCAD графикалық ортасының интерфейсімен танысу.

Түзу (Прямая - XLINE)


Түзуді салу үшін Прямая (XLINE) командасын қолданады.
Екі бағытта да шексіз сызықтарды түзу дейміз. Шексіз түзулерді кӛбінесе объектілерді салу кезінде қосымша сызықтар ретінде пайдаланады.
Шексіз түзулердің болуы сызбаның шекарасына әсер етпейді. Сондықтан түзулер зумдау процесіне немесе кӛрінісі экрандарына да әсері жоқ. Түзулерді жылжытуға, бұруға және кӛшірмесін жасауға болады.
Команданы шақыру тәсілдері:

  1. Прямая (XLINE) пиктограммасын басу арқылы, бұл пиктограмма аспаптар панелінің Рисование (Draw) бөлімінде орналасқан.

  1. Құлама мәзірдегі Рисование (Draw) бөліміндегі Прямая командасын таңдау арқылы.

  2. Командалық жолға Прямая (XLINE) сөзін жазу арқылы.

Команданы шақырғаннан кейін, түзудің базалық нүктесін енгізу керек. Одан кейін түзудің екінші нүктесін енгізеді. Қажет болған кезде бірнеше түзулер салуға болады. Бұл түзулердің барлығы бастапқы базалық нүкте арқылы ӛтетін болады. Команданы аяқтау үшін ENTER пернесін басыңыз.
Команданы бірінші шақырған кезде командалық жолда келесі сұрау пайда болады.

Specify a point or [Hor/Ver/Ang/Bisect/offset]


(Укажите точку или [Гор/Вер/Угол/Биссектр/Смещение]:)
Қажетті опцияны таңдап, кӛлденең, тік, кӛлбеу орналасқан түзулерді салуға болады.




2.18-cурет
Сол сияқты берілген бұрыштың тӛбесі арқылы ӛтетін және ол бұрышты қақ бӛлетін түзуді салуға болады. Ол үшін Bisect опциясын таңдайды. Базалық нүкте ретінде бұрыштың тӛбесін (1) қабылдайды (2.18- сурет). Содан соң бұрыштың бірінші қабырғасындағы (2)
нүктесін, екінші қабырғасындағы (3)

нүктесін кӛрсетеді. Команданы аяқтау үшін ENTER батырмасын басасыз.
Егер offset опциясын таңдасаңыз, берілген объектіден а қашықтықта орналасқан түзуді салуға болады (2.19- сурет). Ол үшін алдымен берілген объектіден жаңа түзуге дейінгі қашықтықтың a шамасын енгізеді. Содан кейін берілген объектіні (1) нұсқайды. Содан кейін жаңа түзудің объектінің қай жағында (2) салынатынын кӛрсетеді. Ізделінді түзу объектінің қай жағына қарай нұсқасақ, сол жағында пайда болады.


      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет