Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен Аламаты, 2011 (075. 8)


-тарау. ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ



бет7/13
Дата29.03.2017
өлшемі1,58 Mb.
#12550
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13

8-тарау. ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТАРИХИ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРДІҢ ӘДІСТЕРІ

Жоспары:


8.1 Теориялық зерттеу әдістерінің мәні.

8.2 Тарихи педагогикалық зерттеулердің бастаулары


Практикалық сабақтар мазмұны

8 Педагогикалық тестілеу және тәжірибелік-педагогикалық эксперимент

Жоспары


  1. Педагогикалық тестілеуді жүргізу, оның типі және формалары

  2. Педагогкалық эксперимент, оның түрлері және жүргізу кезеңдері

  3. Әлеуметтік әдістер

Әдістемелік ұсыныстар. Дәріс материалдарында көрсетілген әдебиеттерден тақырыпқа байланысты деректерді жинастырыңыз. Педагогикалық тестілеудің өзге тестілеуден ерекшелігін еске түсіріңіз. Тестілеу үдерістің үш кезеңіне мән беріңіз. Тестілеу үдерісінің моделін дайындаңыз. Педагогикалық эксперименттің жүргізілу кезеңдерінің моделін дайындап сипаттама беріңіз. Әлеуметтік әдістерді қолдану үдерісін көрсететін модель дайындаңыз.

Барлық әдістерді талқылауға әзір болыңыз.


8.1 Педагогикада теориялық зерттеулер мен оның әдістері ерекше орын алады. Теориялық зерттеулердің мәні белгілі бір дүниетаным тұрғысынан алып қарағанда, эмпирикалық және қорытылған материалды жүйеге келтіруде, талдауда және бағалауда болып табылады.

Теориялық зерттеу – теориялық жинақтау мен зерделенетін құбылыс заңдылықтарын тұжырымдауға арналған әдістер. Мәселелерді анықтау, болжамды тұжырымдау және жиналған деректерді бағалау үшін қажет. Теориялық талдау барысында әдетте педагогикалық құбылыстың жекелеген жақтары, белгілері, ерекшеліктері мен қасиеттері бөлектеніп көрсетіледі. Жекелеген деректерді талдап, оларды топтап және жүйелеп зерттеуші олардағы жалпылықты және әсіресе, жалпы принципті немесе ережені белгілейді.

Теориялық талдауда педагогикалық құбылыстың жеке жақтары, белгілері, ерекшеліктері және қасиеттері көрініс табады. Деректерді талдай, оларды топтай және жүйелей отырып, олардың жалпы артық және жеке ерекшеліктерін анықтау жалпы принцип немесе ереже тұжырымға келеді.

Теориялық зерттеуде индуктивтік және дедуктивтік әдістер қолданылады. Бұл әдістер эмпирикалық жолмен алынған мәліметтерді қорытудың логикалық әдістері болып табылады.

Индуктивтік әдіс – ойдың жеке талқылануынан жалпы қорытындыға келуі (қозғалысы), яғни, құбылысты тәжірибелі зерделеу жолы, оның барысында жекелеген деректерден жалпы ережелерге көшу жүзеге асады. Дедуктивті әдіс – ғылыми теорияны құру тәсілі, өзгешелік ерекшелігі қорытындының дедуктивті (дедукция) техникасын қолдану болып табылады, яғни, жалпы талқылаудан жеке қорытындыға келу.

Теориялық әдістер мәселені анықтауға, болжамды белгілеуге және жинақталған деректерді бағалауға қажет.

Теориялық әдістер әдебиеттерді оқумен байланысты: педагогика классиктерінің еңбектері, жалпы және арнайы педагогика еңбектері, тарихи материалдар, құжаттар, мерзімді баспасөз құралдары, мектеп, мұғалімдер туралы көркем шығармалар, педагогикалық әдебиеттер, анықтамалық, оқулықтар және әдістемелік оқулықтар.

Әдебиет көздерін зерделеу – көздердің библиографиялық атауларын жекелеген карточкаларға тіркеу және олардың аңдатпасын (аннотация) құрастыру; мәселеленің жеткілікті зерделенгенін, қайсысымен ғылыми пікір-сайыстар жүруде, не ескірді, ал қандай мәселелердің әлі шешілмегендігін білуге мүмкіндік береді. Адамтану мәселесі бойынша тұтастай және педагогиканы да қоса алғанда классиктердің еңбектері; педагогика бойынша жалпы және арнайы жұмыстар; тарихи-педагогикалық жұмыстар; мерзімдік педагогикалық басылымдар; анықтамалық педагогикалық әдебиеттер; педагогика мен араласа ғылымдар бойынша оқулықтар мен әдістемелік құралдар зерделенеді. Әдебиет пен жұмыс жасау мынадай әдістерді пайдалануды көздейді:



  • библиография құрастыру – зерттелетін мәселемен байланысты жұмыс үшін іріктелген әдебиет көздерінің жүйесі;

  • рефераттау – жұмыстың негізгі мазмұнын қысқаша баяндау;

  • конспектілеу – жұмыстың басты идеялары мен ережелерін бөліп көрсету негізінде жасалатын ерекше жазбалар жүргізу. Шығармашылық конспектіге жеке ойлар, сұрақтар, күмәндар, пайымдаулар да енгізіледі;

  • аннотациялау – кітаптың және мақаланың жалпы мазмұнының қысқаша жазбасы;

  • үзінді алу – әдеби көздерде кездесетін сөйлемдерді, нақтылы немесе сандық деректерді сөзбе-сөз жазу;

  • «педагогикалық консилиум» – нәтижесінде оқушылармен оларды оқытуда, дамытуда және тәрбиелеуде табылған кемшіліктерді жою жолдары бойынша жалпы көзқарас (баға) әзірленетін, ұжымдық талқылаудан және педагогтің, әкімшіліктің және т.б. оқушылардың оқу нәтижесін бағалаудан тұратын тәуелсіз сипаттарды жинақтау әдісінің алуан түрлілігі; Педагогикалық консилиум әдісі – (Ю. К. Бабанский) тәрбиелеушіні зерттеудің нәтижелерін ұжымда отырып талдау. Оқу-тәрбие үдерісінің нәтижелерін талқылау, тұжырым жасау арқылы арнайы бағдарламалар бойынша жүргізіледі.

  • терминологиялық – проблеманың базалық және шалғайлық ұғымдарын пайдалану, педагогикалық құбылысты талдауды педагогика теориясы тілінде бекітілген ұғым арқылы орындау.

Талдау мен жинақтау.

Талдау екі нысанда болады: практикалық әрекет және ой тәсілдері (Анализ; грек. аnalusis – ыдырату, ажырату). Талдау терминінің синонимі – зерттеу. Адамның даралық дамуында талдау алдымен нақты тәжірибелік әрекетпен іске асырылады. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлуі; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір-біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар, жүйелер түрінде жинақтауға болады. Бұл ретте аулақтау ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. сonjunction – одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен жинақтау диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, “талдау” термині көбінесе зерттеу үдерісі тұтастай зерттеу үдерісінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.

Теориялық әдістің қажеттілігі мәселе анықтауға, гипотеза белгілеп, жинақталған деректердің бағасын шығарудан туындайды. Теориялық әдіс көптеген әдебиеттермен таныс болуды талап етеді:

- жалпы адамтану, соның ішінде педагогика классиктерінің еңбектері;

- жалпы және арнайы педагогикалық әдебиеттер;

- тарихи-педагогикалық ресми деректер мен құжаттар;

- педагогикалық мерзімді басылымдар;

- мектеп, тәрбие, мұғалім жөніндегі көркем шығармалар;

- педагогикалық анықтама құралдары;

- педагогика және онымен сыбайлас пәндер бойынша оқулықтар мен әдістемелік қолданбалар.

Теориялық зерттеу әдістері бұған салыстырмалы-тарихи талдау, абстрактылықтан нақтылыққа өту, модель құрау жатады.

Салыстырмалы-тарихи талдау педагогикалық құбылыстарды жан-жақты және терең зерттеп, пайда болған мәселелерді қазіргі кездегі алдыңғы қатарлы әдістерге сүйеніп, өткеннің қателері мен кемшіліктерінің алдын алып, оқу-тәрбие барысында жетілдірудің нақты шараларын жобалауға мүмкіндік береді.



Тарихи-педагогикалық зерттеу әдістері

  1. Тарихи-педагогикалық зерттеудің педагогика мен тәрбие тәжірибесінің дамуы үшін маңызды.

  2. Әдістері: әдеби шығармаларды теориялық талдау, архив (мұражай) материалдарын зерттеу және талдау; баяндау (сипаттау, статистикалық, тарихи, индуктивтік-дедуктивтік әдістер, салыстырмалы әдістер).

  3. Тарихи-педагогикалық зерттеудің кездері: педагогика классиктерінің еңбектерін зерттеу, ресми құжаттарды, материалдарды зерттеу (заңдар, жобалар, есептер, баяндамалар т.б), білім беру туралы архивтік материалдар, бағдарлама, оқулық, оқу құралдарын зерттеу, педагогикалық баспа сөз материалдарын зерттеу.

Теориялық ізденіс әдістерін пайдалану тиімділігін модель құру әдістері күшейте түседі. Олар зерттелетін құбылыс барысын сызба, схема, қысқаша сөздік және жазбаша түрінде көрнекі-бейнелік сипаттама беруге мүмкіндік береді.

Абстракты логикалық әдістер модельдеу жасанды ситуацияларды жасаудан көрінеді, мұнда нақтылы міндеттегідей байланыс пен тәуелділік негізгі рөл атқарады. Оңайлату мен схематизмнің арқасында бұл байланыстар мен тәуелділік дәл талдау мен математикалық сипаттамаға жол береді. Мұндай ситуацияның зерттеу нәтижелері мен модель обьектілерінде алынған деректер, содан, ұқсастығына орай нақтылы жағдайларға көшіріледі де, осы жерде алынған қорытындылардың дұрыстығы тексеріледі.

Абстракция (лат. Abstraction – бұру, аудару) – ойлаудың негізгі операцияларының бірі, субъект зерттелу үстіндегі объектінің әлдебір белгі-нышанын айырықша бөліп алып, басқаларын назардан тыс қалдырады. Соның нәтижесінде абстракция терминін білдіретін ақыл-ой өнімі (түсінік, үлгі, теория, жіктелімдер және т.б.) пайда болады. Абстракцияның шынайылығы мен өнімділігінің өлшемі – тәжірибе.

Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар:


  1. Талдап қорыту;

  2. Жекелеп бөлу.

Талдап қорыту – көптеген біріңғай заттар мен құбылыстардың жалпы белгілерін анықтау.

Жекелеп бөлу – бір затты немесе құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу үдерісі.

Дәріптеушілік – дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік үдерісі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе, материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.



Ұқсастыру әдісі.

Ұқсастық (Аналогия; грек. аnologia – сәйкестік) – зат немесе құбылыстар арасындағы ұқсастық, екі заттың немесе құбылыстың ортақ қасиетін түйіндеу, ой қорытынысының бір түрі, бір заттың қасиеттерін басқаларға ұқсастығы негізінде анықтау.

Ұқсастық – эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Ұқсастық негізінде ой қорытындысын жасаған кезде қайсібір объектіні қарастырғанда алынған білім неғұрлым аз зерттелген затқа жалғастырылады. Бұл эмпирикалық және теориялық зерттеудің жалпы ғылыми әдістерінің бірі. Оқыту ісіндегі ұқсастық зерделенетін заттар мен құбылыстар арасындағы қайсыбір тұрғыдағы ұқсастықты анықтау болып табылатын педагогикалық әдіс; сондай-ақ оқыту үдерісінің танымының басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмағанда қолданылатын қажетті элементі. Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады

Е. М. Муравьев пен А. Е. Богоявленская педагогикалық зерттеу әдістерінің мынадай схемаларын ұсынды.



Әдебиетке салыстырмалы-тарихи талдау жасау әдісі әдебиет мәселелерін, оның тарихын зерттеуді көздейді, бұл ретте барлық көзқарастарға талдау жасалады. Ең алдымен ғылымда бұл мәселе жөнінде не жинақталғанын оқып зерделеу қажет (негізгі ғылыми идеялар, ғылыми зерттеулердің негізгі принциптері, т.с.с). Бұл үшін зерттеу тақырыбы бойынша әдебиетті ұқыпты түрде таңдап алу керек, бұған бірінші кезекте көңіл бөлген жөн. Барлық әдебиетті мынадай өлшемдер бойынша талдау қажет:

- әр түрлі ғалымдар мәселенің мәнін, зерттеу мәселесін қалай түсінген;

- зерттеу субъектісіне қандай анықтама берген, қандай белгілерді мәнді деп санаған, т.с.с;

- белгілі бір ғалымның пікірінше, осы мәселенің мәні неде, оны немен түсіндіруге болады;

- осы мәселенің жалпы ғылым жүйесіндегі, оқыту (тәрбие) теориясындағы, тәжірибедегі орны қандай;

- осы құбылыстың басқа да төркіндес құбылыстармен негізгі және жанама байланысы қандай?

Ғалымдардың пікірінше, осы немесе басқа үдеріс, осы немесе басқа құбылыс қандай жағдайларда қалайша өтеді; зерттеліп отырған үдерістің құбылыстың ішкі қозғаушы күштері, тетіктері, динамикасы қандай?.

Талдау ғалымдардың жалпы тұжырымдарымен аяқталады. Бұл тұжырымдар зерттеу жұмысында арқа сүйейтін тіректер болуға тиісті. Осыған дейін істелген істің барлығына сыни тұрғыдан баға беру, оған өзінің субъективтік көзқарасыңды білдіру қажет. Қолдағы әдебиетке сыни тұрғыдан талдау жасау өзіңнің жеке көзқарасыңа емес, логикалық, құрылымдық, фактологиялық талдауларға сүйенуге тиісті. Сынау, пікірталастыру, айтысу үшін осы мәселе бойынша жақсы базалық білім болуға тиісті.

Мәселе бойынша әдебиетке сыни талдау жасаудың маңызы мынада: яғни, ақиқатты табу, адасушылықты, жетіспеушілікті айқындау, зерттеу нәтижелерін дәлеледеу, зерттеу міндеттерін белгілеу.

Модельдеу әдісі.

Модельдеу әдісі (франц. modele, лат. modulus – үлгі), модель (лат. modulus – үлгі, өлшем) – нысан және оған қатынастық мәндерді көрсететін көрнекілік құралдардың бірі (шартты бейне, схема, т.б.). Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделен жасау әдісі.

Модельдеу – зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастығы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа, екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зертеп, алған нәтижелерін ұқсастық пен үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын не мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әр түрлі формалары қолданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болып бөлінеді. Модельдеудің түрін таңдау зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.

Бұл әдістің мәні, желілердің, сызбалардың, қысқаша сөздік сипаттамалардың, кейде матрицалардың, кескіндердің математикалық формулалардың, т.с.с. көмегімен зерттеліп отырған үдерістер мен құбылыстарға көркем бейнелі сипаттама беру болып табылады.

Математикалық және статистикалық әдіс.

Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық дәлдікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өзара тәуелділікті айқындау, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін, орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.

Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алуы қажет. Сондай-ақ, шартты критерийлер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.

Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады.

Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.

Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде «құбылыс» деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер «мәні» деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады. Онда құбылыс мәннің көрініс фомасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеудің теориялық және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір-бірімен диалектикалық байланысты және бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, әрі дамымайды.

Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей - әдістемелік деңгей. Танымның әдістемелік деңгейі педагогика категорияларымен, «білмеген туралы білімді» айқындаумен, ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолданумен байланысты мәселелерді шешуге бағытталған, таным іс - әрекетінің негізгі әдестемелік теориясы құрылуда.

Ғылыми педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірігейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу міндеттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.

Педагогикалық зерттеулерде, міндетті түрде, әр түрлі мамандардың қатысуын талап ететін кешендік методика қолданылады, яғни педагогтер, философтар, социологтар, психологтар, физиологтар, дәрігерлер қатыстырылады.

Педагогикалық- ғылыми зерттеудің кешендігі оған ұжымдық сипат береді және көңілге қонымды нәтижелер алуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Теориялық зерттеулер ұжымда да, жекеше де орындалады.


1- Кесте. Теориялық зерттеу әдістерінің түрлері

Т

Е

О

Р

И

Я

Л

Ы

Қ

З

Е

Р

Т

Т

Е

У
Ә

Д

І

С

Т

Е

Р

І

Әдебиет көздерін зерттеу



Талдау және жинақтау



Абстракциялау



Индуктивті және дедуктивті



Ұқсастыру



Модельдеу



Болжау


Математикалық және статистикалық




Сонымен, теориялық зерттеу әдістері деректерді терең талдауды, барлық жанамалықтан абстаркциялану, үдерісті «таза қалыпта» айқындау, онда мәнді заңдылықтарды ашуды көздейді.
Сұрақтар мен тапсырмалар

  1. Теориялық әдістерге сипаттама беріңіз.

  2. Тарихи зерттеу әдісіне сипаттама бер

3. Тарихи педагогикалық зерттеулердің педагогиканы дамыту және тәрбиелеу тәжірибесіндегі мәні неде деп ойлайсыз?
Студенттердің білім деңгейін тексеруге арналған тест сұрақтары:

1. Теориялық әдістерді жалғастыр:

Индукция,...



2.Тарихи зерттеу әдістерін жалғастыр:

Тарихи қолжазбалар,..






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет