Оқулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде



бет114/123
Дата25.09.2022
өлшемі9,29 Mb.
#150652
түріОқулық
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   123
Байланысты:
шеберлик
2-тапсырма Коучинг (2), Практика 2. Ғылымның табиғаты. Іргелі зерттеулер, СӨЖ-1, Педагогикалы арым- атынас шеберлігі Жоспар 1, 11 тапсырма, 8-тапсырма. МФТ

№ 12


4-кластың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты мамандар тобы пайда болды. Олар: “эрудиттер”, “спортсмендер”, “артистер”, “жұмысшылар”, “шопандар”, “мұғалімдер”.
Бұл топтар неліктен және қандай жағдайларға байланысты пайда болған деп ойлайсыз?
Бұл топтармен қандай жұмыстар жүргізуге болады деп есептейсіз?


№ 13


    • Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың?

    • Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды.

    • Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені “бүлдіргенсің ғой?

    • Жоқ, ештеңе де бүлдірген жоқпын. Бізді жібермей, бәрімізді хор репитициясына апарады.

    • Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің?

    • Мен жазылған жоқпын, мені қуып апарды. Не дейсің, қуып апарғаны қалай?

    • Туу апа, қандай түсіне алмайтын адамсыз.

    • Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдынды тұрды да, киім ілгіштің жанында тұрды. Бізді сабақтан кейін қатарға тұрғызды да, залға тура алып келіп өлең айтқызды.

    • Ал енді мұның несі жаман?

    • Мені зорлап ән айтуға мәжбүр етті, ал мен өлең айтуды сүймеймін. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі көрінеді? Осы ерекшелікті баланың анасы және мектеп педагогтары қалай ескеріп отыр?

Сіздің пікіріңіз қандай?


№ 14


4-а класына басқа мектептен үш қиын оқушы қабылданды. Класс мүшелері араларында іріткі туып, оқушылар топ-топқа бөліне бастады. Тәртіп те төмендеді. Класс жетекшісі кластағы беделді балаларға сүйеніп, қиын балаларды тәртіпке шақырып, класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.
Ал, 4-б класында, осындай педагогикалық жағдайда класс жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен сырт қалды.
Қиын оқушылардың тәртіпсіздігі туралы шағымдар басқа мұғалімдерден түсе берді. Класс «қиын класс» деп аталды.
Сұрақ: ұжымдағы тәрбие жұмысындағы класс жетекшілерінің іс-әрекеттерін салыстырыңыздар. Өз іс-тәжірибеңізде қай әдісті қолданған болар едіңіз?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   110   111   112   113   114   115   116   117   ...   123




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет