ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет17/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber
Педагогикалық шеберлік2, сапаркулов жумыс

Педагогика-
лық іскерлік
бұл  теориялық  білімге  негізделген  және 
үйлесімді  дамыған  жеке  тұлғаны  дамытуға 
бағытталған,  автоматтандырылған  бірізді 
жүзеге асатын әрекеттердің жиынтығы 
Педагогикалық 
жүйе (грек. - 
«бөліктерден 
құралған, қосылған») 
 белгілі бір педагогикалық тұжырым және оны 
шынайы педагогикалық практикада жүзеге 
асыратын тәжірибені қамтитын кең педагогикалық 
ұғым.
Перцептивті 
іскерлік
қарым-қатынаста басқаларды қабылдау, түсіну 
түрінде көрініс табатын іскерлік.
Педагогика-
лық техника 
мұғалімнің өзін-өзі басқара алу және өзара 
әрекеттесу іскерліктерінен құралады. 
Педагогикалық техника мұғалім іс-әрекетінің 
ішкі мазмұны мен сыртқы көрінісінің үйлесімді 
жарасымдықта болуына ықпал етеді.
Педагогика-
лық мораль
мұғалім  тәртібіне,  мінез-құлқына,  өзін-өзі  ұстау, 
қарым-қатынас  жасау  мәдениетіне  қойылатын 
белгілі  бір  талап-тілектердің,  қағида-ережелердің, 
қалыптың  мазммұндық  тұжырымның  жүйесі, 
жиынтығы.
Педагогика-
лық іс-әрекет 
аға ұрпақтың жас ұрпаққа адамзат жинақтаған 
мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, 
олардың тұлғалық дамуына жағдай жасап, 
қоғамда белгілі бір әлеуметтік рольдерді 
орындауға дайындайтын әлеуметтік іс-әрекеттің 
ерекше түрі.
Педагогика-
лық 
импровиза-
ция
жасау мен қайта жаңғырту уақыты жағынан сәйкес 
келгенде кездейсоқ жағдаятқа жауап ретінде пайда 
болатын  педагогикалық  үдеріс  барысындағы 
әрекет.  Егер  мұғалім  фундаменталды  білімдерді 
меңгерген,  реакциясы  жылдам,  қиялы  және 
интуициясы  дамыған,  қабылданатын  шешімді 
сол  сәтте  жүзеге  асыра  алатын  болса,  онда 
импровизация жасау қиын емес. 

276
Педагог
бiлiм  беру  ұйымдарында,  сондай-ақ  бiлiм 
беру  бағдарламаларын  iске  асыратын 
басқа  да  ұйымдарда  бiлiм  алушылар 
мен  тәрбиеленушiлердi  оқытуға  және 
тәрбиелеуге  байланысты  бiлiм  беру 
қызметiмен айналысатын қызметкерлер. 
Педагогтар
құл  иеленушінің  баласына  жауапты 
құлдардың  атауы  (грек  тілінен  аударғанда 
баланы  жетелеп  жүруші  құлдар  дегенді 
білдіреді)  Грек  қоғамындағы  ауқатты 
шенеуліктердің  баласының  тәрбиесімен 
айналысатын адамдар.
Рефлексия: 
адамның өз-өзіне тоқтатуы, іс-әрекетін талдауы, 
негізгіні дұрыс ойлауы, іс-әрекетінің дұрыстығын 
дәлелдеу.
Рефлексия
педагогтың  өзін,  өзінің  психикалык  жағдайын 
сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге 
адамдардың  өзін  қалай  бағалайтындығын  байқай 
білу дағдысы.
Рефлексивті 
іскерлік 
педагогтың өзіне және өз іс-әрекеттеріне 
бағытталған бақылау-бағалау іс-әрекетін жүзеге 
асыратын іскерлік түрі. Рефлексия сөзі латын 
тілінен аударғанда өткенге қайта оралу дегенді 
білдіреді.
Сабақ беру: 
педагогтың реттелген іс-әрекеті, оқытудың 
мақсатын жүзеге асыру, тәрбие беру, білімді 
практикада қолдану
Сабақ (урок)
 Мектептегі оқу әрекетін  ұйымдастырудың 
негізгі формасы. Сабақта мұғалім дәл белгіленген 
уақытта құрамы тұрақты оқушылармен, 
сыныппен, қатаң сабақ  кестесімен, алуантүрлі 
әдістерді пайдаланып алдына  қойылған 
дидактикалық міндеттерді шешуге қол жеткізу 
үшін оқу бағдарламасы талаптарымен анықталған. 
Әрбір сабақ алдыңғы және кейінгі сабақтармен 
тығыз байланыста болады. Қандайда бір оқу 
тақырыбы немесе бүтіндей пән бойынша құрамдас 
бөлігі болады.

277
Сабдақтың 
тәрбиелік қызметі 
(воспитательная 
функция урока).
оқушының тұлғалық қуатын дамыту 
мақсатындағы сабақтың мазмұн, әдіс, құралдары
Сабақтың 
білімдік қызметі 
(образовательная 
функция урока)
 Оқушының  білім, білігі, дағдыларын 
қалыптастыруды көздейді.
Сабақтың 
дамытушылық 
қызметі 
(развивающая 
функция урока)
  Оқушының рухани және психологиялық  
сапаларын дамытуды көздейді.
Сабақ жоспары 
(план урока)
Тәлімдік құрылым элементтері бар сабақтың 
әдістемелік құрылымының қысқаша мазмұны. 
Сабақ жопарында сабақтың мақсаты, міндеті, типі, 
қағидалары мен әдістемелері көрініс табажы.
Субьект (субьект) 
(лат. Subgectum – 
бастауыш, негіздегі, 
түпте жатқан)
Нақты  пәндік-практикалық әрекет пен танымды, 
белсенділікті тасымалдаушы.
Сабақтың 
жабдықталуы  
(оборудование 
урока)
Оқу құралдарын іріктеу мен даярлау, 
дидактикалық материалды, оқытудың техникалық 
құралдарын, реактивтерді және т.с.с., сабақ 
тақырыбына сай және демонстрациялау мен 
оқушылардың өзіндік жұмысы үшін қажет 
жабдықтар.
Сұрау (опрос)
 Сұрақ-жауап формасында жүргізілетін 
білімді тексерудің құрамдас бөлігі. Мақсатты 
бақылау, өткен материалды бекіту, жаңа білімді 
қабылдауға даярлық, оқу үрдісін тұтасымен 
белсендендіру. Сұрау кезінде мұғалім оқушылар 
білімінің бағасын бірқалыпты жинақтау міндетін 
басшылыққа алады. Сонымен қатар ынталылар 
мен жеткілікті даярланбағандарды жұмысқа 
қосуға, ынтасын оятуға түрткі, жетекші  болады.

278
Сабақ кестесі 
(расписание 
уроков)
Сыныптағы оқу аптасының әр күніндегі оқу 
сабақтарының бірізділігін қамтамасыз етуді 
мақсат еткен нақтыланған оқу жоспары. Дұрыс 
құрылған сабақ кестесі оқушылардың оқу 
жүктемесінің бірқалыпты бөлінуіне, олардың 
ақыл- ой еңбегімен шұғылдануына қолайлы 
жағдай жасайтын педагогикалық құжат
Тұжырымдама 
(концепция): 
ғылыми ізденуге қызмет ететін теориялық 
жағдайлардың жүйесі.
Тәрбиелеу: 
бұл жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибелі, 
моральды дүниетанымды, еңбек мәдениеті мен 
мінез-құлықтарын беру іс-әрекеті.
Тәрбиелеу  іс-
әрекеті 
бұл оқушыларға адамзат баласы жинақтаған 
әлеуметтік тәжірибені мақсатты түрде 
алмастыруға және олардың тұлғалық сапаларын, 
қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған іс-әрекет 
түрі.
Ұғым (понятие)
Рационалды танымның бір түрі. Мәнді нәрсенің 
сөзбен негізделген ең сирек кездесетін құбылыста 
бейнеленуі. Ол адамға ғана тән ойлау элементі 
және ойдың қарапайым формасы ретіндегі 
психикалық құбылыс
Үлгерім 
(успеваемость)
 Оқу бағдарламасымен белгіленген білім, білік, 
дағдыны олардың тереңдігі, саналылығы, 
толықтығы мен беріктілігі тұрғысынан меңгеру 
дәрежесі. Сыртқы бейнеленуі балдық бағалаумен  
көрсетіледі. Бағалардың жекелеген пәндер 
бойынша салыстырмалы мәліметтер әрбір оқу 
пәні, пәндер циклі, сыныпта немесе мектеп 
бойынша үлгерімді көрсетеді. Оқушылардың 
жоғары үлгеріміне дидактикалық әдістер мен 
құралдардың жүйесі, сондай-ақ тәрбиелік іс- 
шаралар арқылы қол жеткізуге болады.
Үздіксіз 
педагогика-
лық білім 
беру 
нақты  педагогикалық  іс-әрекетке  дайындау 
және  тұлғаның  білім  беру  қажеттеліктерін 
өтеу  мақсатындағы  педагогикалық  білім 
беру мекемелерінің атқаратын іс-әрекеті

279
Ынта (стимул) 
(лат. Stimuls- 
жануарларды 
үркітетін үшкір аяқ 
тақ)
Тұлғаға сыртқы әсер, ұжым, адамдар тобы, олардың 
түрткіленген саласын белсендіретін және сол 
арқылы белгілі бір әрекетін тудырушы.
Халық 
педагогикасы: 
халықтың ғасырлар бойы жинақтаған тәрбие 
туралы өмір тәжірибесінің жиынтығы.
Эвристика 
(эвристика)
Ғылым, адамның шығармашылық қызметінің 
заңдылықтарын зерттейтін, күрделі 
интеллектуалдық міндеттерді шешудегі ойлап 
табу ізденісін ұйымдастырудың теориясы мен іс–
тәжірибесі, жетелеуші сұрақтар жолымен оқыту 
әдісі.
Қарым-қатынас: 
әртүрлі құралдар арқылы іс-әрекет кезіндегі 
адамның байланысы, танымдылық, эмоционалды-
еріктік және мінез-қылықтары арқылы жүзеге 
асатын мақсат көздеген процесс.
Қалыптастыру 
әр түрлі факторлардың әсерінен индивидтің тұлға 
болып қалыптасу процесі.
Конструктив-
ті іс-әрекет 
педагогикалық іс-әрекеттің жобаларын, 
жоспарларын құрастыру түрінде жүзеге асатын 
іс-әрекет.
Коммуникативті іс-
әрекет
педагогикалық  процеске  қатысушылармен 
қарым-қатынас  орнатуға  бағыттылған  іс-
әрекет.
Кәсіби дайындық
белгілі  кәсіп  бойынша  арнаулы  білім,  дағды, 
шеберлік, еңбек тәжіребиесін қалыптастыру. Кәсіби 
дайындық  кәсіби  біліктілігінің  күрделілігі  мен 
әзірлік деңгейіне қарай жоғары, арнайы, орта немесе 
төмен білім түрлеріне бөлінеді.
Кәсіп
адамның білімі туралы тиісті құжаттармен расталған 
кәсібінің, еңбек қызметінің негізгі түрі.
Эмпатия
педагогтың  өзге  адамды,  оның  уайым-кайғысын, 
әрекет  ету  мотивін  және  сыртқы  ортаға  деген 
әсерін  іштей  түсіне  білу  дағдысы;  бұл  -  рухани-
эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге 
қайғыру.

280
Педагогикалық жағдаяттар 
№ 1
Жаңадан  келген  мүғалім  оқушылармен  тез  тіл  табысып  кетті. 
Бірақ  оны  күлімдеп  қарсы  алып,  көзін  тез  тайдырып,  қоңырау 
соғылғанда шығып кетуге асығатындар да бар еді.
Осыны байқаған мұғалім анкета беруді ұйғарды. Онда жалғыз 
ғана  сұрақ  бар  еді:  “Қазіргі  мұғалім  сенің  ойыңша  қандай  болуы 
керек?”
Мұғалім неге мұндай шешім қабылдады?
№ 2
(А. С. Макаренко шығармаларының 5-томынан алынды)
Петренко заводқа кешігіп қалған. Кешкісін бұл туралы рапорт 
алдым. Петренко отрядының командирын шақырып алып:
- Сендерде заводқа кешігіп бару бар ма? - дедім.
- Иә, Петренко кешігіп қалды, - деді ол. Одан әрі екеуміз:
- Бұл қайтып қайталанбасын.
- Құп болады, енді қайталанбайды, - деп келіскенмен Петренко 
тағы кешіккен. Енді отрядты түгел жинап алып ескерттім. Олар енді 
кешігу болмайды деп келісті. Мен оларға: “кете берулеріңе болады” 
- дедім.
1.  Неге  ескерту  айыптының  өзіне  жасалмай  әуелі  командирге, 
кейін отрядқа жасалды?
2. Бұл әдістің ықпал күші кайда? Оның мәнін ашып беріңіздер.
№ 3
Әрбір  адам  денесінің  бітімі  сымбатты,  жан  дүниесінің  сергек 
болуына ұмтылады. Бұл орайда ұлттық ойындардың да рөлі зор.
Республиканың барлық мектептері үшін дене тәрбиесі пәнінің 
бағдарламасына бәйге, жорға жарыс, қыз қуу, теңге қазақша күрес 
т.б.  ұлттық  ойындарының  түрлері    ұсыныстарға  сіздің  пікіріңіз, 
оны  немен  дәлелдейсіз?  Мектептерде  жүзеге  асырудың  қандай 
тәжірибелерінбілесіз?
Дене тәрбиесі пәнінде қолданылатын әдістерді түсіндіріңіз.
Дене тәрбиесіне байланысты қандай проблемалар туындап отыр.

281
№ 4
Екі баланың аналары өзара сөйлесіп отыр.
-  Сіздің  Серігіңіз  суретті  қандай  жақсы  салады,  ал  менің 
Даниярымның  салғаны  тек  шимай-шатпақ.  Қанша  таза,  ұқыпты 
салуды ескертсем де, бәрі бір нашар салады.
- Ал, сіз, балаңызды үйретуге тырыстыңыз ба?
-  Мен,  баламды  сурет  салуға  жиі  отырғызамын.  Бірақ  сурет 
салуға қабілеті мүлдем жоқ па деймін.
Сұрақ: Даниярдың анасының пікірі дұрыс па?
Балалардың  бейнелеу  өнеріне  деген  ықылас-ынтасын  тудыру 
үшін ата-аналарға қалай көмектесуге болады?
№ 5
Мұғалім: Балалар, бүгін біз мамандықтар туралы әңгімелесеміз. 
Әжелерің, аталарың, әке шешелерің кайда жұмыс жасайды ?
- Менің әкем милиционер.
- Өте жақсы.
- Менің апам тігінші.
- Өте жақсы.
- Ал, менің мамам - мұғалім.
-  Балалар,  Айманның  мамасының  мамандығы  өте  ауыр,  өте 
қажет, қызықты және сыйлы мамандық.
- Айман “Олай емес. Папам айтады: ол ең қиын мамандық, себебі 
маманың бос уақытын кұрытып, папамның жүйкесін тоздырып, мені
бақылаусыз қалдырады”.
- Мұғалім: ?
№ 6
Еңбек  сабағы  оқушылардың  бәрі  тегіс  жұмыс  жасауда.  Тек 
жалғыз Самат жұмысты орындамай отыр. Сіздің әрекетіңіз?
№ 7
Жаңа педагогикалық технологиялар тізімін жасаңыз.
№ 8
Үзіліс  кезінде  Серік  коридордан  әдемі  қалам  тауып  алып,  үн-
түнсіз қалтасына салып алды. Сіз онымен қалай сөйлесер едіңіз?

282
№ 9
Автобусқа отырған оқушы баланың қасындағы бос орынға жас 
әйел  келіп  отырды.  Келесі  аялдамадан  қарт  әже  трамвайға  зорға 
мініп, бұлардың қасына келді. Жас әйел оқушы бала орын беретін 
болар  деген  оймен  балаға  қарап  еді,  ол  терезеге  қарап,  әжейге 
көз салмады. Әйел өзі тұрып орын берді. Оған жалт қараған бала 
қызарып кетіп, әйелге өз орнын ұсынады.
Бала неліктен қызарды?
Әйел балаға ықпал ету үшін қандай әдіс қолданды.
№ 10
4-сынып оқушысының мамасы мұғалімге келіп баласының өзін 
әркезде алдап істейтіні туралы айтты, мұғалім мұндай хабарға елең 
етті,  себебі  ол  мұғалімді  немесе  қасындағы  жолдастарын  алдап 
көрген емес.
1. Не себепті мектепте алдау дегенді білмейді, ал мамасын алдауы
мүмкін.
2. Мұғалім баланың апасына қандай кеңес беруі мүмкін.
№ 11
Класс бөлмесін тазарту жұмысын аяқтаған соң, алтыншы класс 
оқушылары  түгел  киноға  баруды  ұйғарады.  Мектеп  директоры 
келіп, коридорды жинауға көмектесу керек екенін айтты.
Балалармен қалай әңгіме жүргізесіз?
№ 12
4-кластың оқушылар ұжымында әртүрлі іс-әрекетке байланысты 
мамандар  тобы  пайда  болды.  Олар:  “эрудиттер”,  “спортсмендер”, 
“артистер”, “жұмысшылар”, “шопандар”, “мұғалімдер”.
Бұл  топтар  неліктен  және  қандай  жағдайларға  байланысты 
пайда болған деп ойлайсыз?
Бұл  топтармен  қандай  жұмыстар  жүргізуге  болады  деп 
есептейсіз?
№ 13
- Сен неге бүгін күні бойы мектептен шықпай қойдың?
- Тек мені ғана емес, бәрімізді де қамап койды.
- Кім сендерді қамады? Тағы бірдеңені “бүлдіргенсің ғой?

283
- Жоқ, ештеңе де бүлдірген жоқпын. Бізді жібермей, бәрімізді 
хор репитициясына апарады.
- Қашаннан бері сен әншілікке жазылып едің?
-  Мен  жазылған  жоқпын,  мені  қуып  апарды.  Не  дейсің,  қуып 
апарғаны қалай?
- Туу апа, қандай түсіне алмайтын адамсыз.
- Оқу ісінің меңгерушісі сыртқы есіктің алдынды тұрды да, киім 
ілгіштің жанында тұрды. Бізді сабақтан кейін қатарға тұрғызды да, 
залға тура алып келіп өлең айтқызды.
- Ал енді мұның несі жаман?
-  Мені  зорлап  ән  айтуға  мәжбүр  етті,  ал  мен  өлең  айтуды 
сүймеймін. Осы диалогта баланың қандай психологиялық ерекшелігі 
көрінеді? Осы ерекшелікті баланың анасы және мектеп педагогтары 
қалай ескеріп отыр?
Сіздің пікіріңіз қандай?
№ 14
4-а  класына  басқа  мектептен  үш  қиын  оқушы  қабылданды. 
Класс  мүшелері  араларында  іріткі  туып,  оқушылар  топ-топқа 
бөліне  бастады.  Тәртіп  те  төмендеді.  Класс  жетекшісі  кластағы 
беделді  балаларға  сүйеніп,  қиын  балаларды  тәртіпке  шақырып, 
класс дәстүрін мойындауға мәжбүр етті.
Ал,  4-б  класында,  осындай  педагогикалық  жағдайда  класс 
жетекшісі тек өз тарапынан ықпал жасап, балалар ұжымы бұл істен 
сырт қалды.
Қиын  оқушылардың  тәртіпсіздігі  туралы  шағымдар  басқа 
мұғалімдерден түсе берді. Класс «қиын класс» деп аталды.
Сұрақ:  ұжымдағы  тәрбие  жұмысындағы  класс  жетекшілерінің 
іс-әрекеттерін  салыстырыңыздар.  Өз  іс-тәжірибеңізде  қай  әдісті 
қолданған болар едіңіз?
№ 15
Музыкалық  білімі  бар  анасы  баласын  алты  жастан  рояльды 
ойнауға  үйретті.  Бастапқыда    баланың    музыкаға  деген 
қызығушылығы  басым  болды.  Сегіз  жасынан  бастап  музыка 
мектебіне  қабылданды.  Осындай  мүмкіндігіне  қарамастан  оның 
музыкаға деген ынтасы бірте-бірте төмендеп кетті. Бірақ анасы оны 
көндіруге  тырысты,  оқуға  мәжбүр  етті,  жазалады.  Анасы  дұрыс 
істеді ме?

284
№ 16
Жаңа буын оқулықтарының ерекшелігіне талдау жасаңыз.
№ 17
Мектеп  аралық  жарыс  жүріп  жатыр  еді.  Әділ  қазылар  алқасы 
сіздің  сыныбыңыздың  командасына  орынсыз  ескерту  жасады. 
Команда  мүшелері  сізге  әділдікке  шақырыңыз  дегендей  карады. 
Сұрақ.
Сіз әділ қазылар алқасына ескерту айтасыз ба? Неге?
Егер ескерту айтар болсаңыз қандай дауыс ырғағын, сөз өнерін 
қолданған болар едіңіз?
№ 18
“Алақай!  Мама,  мен  “бес”  алдым!  Мұғалім  бүгін  бізге  не 
айтқанын  білесің  бе?”  -  деп  бірінші  кластың  оқушысы  өзінің 
алғашқы жетістіктері жайында қуанышы сыймай мамасына айтып 
жатыр. Бірақ, жылдар өте береді, біз “ Алақай, мама, мен бүгін “бес” 
алдым!” - деген қуанышты сөздерді барған сайын сирек естиміз”.
Кластан класқа көшкен сайын үлгерімінің кеми беретіні неліктен?
Жаңашыл  мұғалімдердің  тәжірибесінен  мысал  келтіріп, 
салыстырыңыз.
№ 19
Мұғалім:  “Жанар,  Маратқа  бір  дәптер  бер,  сенде  көп  екен”. 
Жанар: “Бермеймін. Мамам айтты, оларды табу өте қиын”. Мұғалім: 
?
№ 20
6  жасар  Жәнібек  білімге  құмар,  қимыл-қозғалысы  белсенді, 
бақшада жүргенде сабақтың мазмұнын тез меңгере алатын. Адамға 
үйірсек, көпшіл, бірақ зейінсіз, шыдамсыз, жеңілтек еді. Ал бірінші 
класта мұғалімнің ескертуіне құлақ аспайтын, сабақтан жан-жағына 
алақтағыш,  мұғалімнің  түсіндіргендерін,  құрбыларының  жауабын 
тыңдамайтын,  не  болса  соған  жаны  ашығыш,  күйгелек  болды. 
Сұрақ:  Жәнібекте  қандай  мінез-құлық  сапалары  қалыптаспаған? 
Жақсы оқу үшін оған қандай көмек керек?

285
№ 21
4-кластың  екі  оқушысының  мінезіне  бақылау  жасау  мынаны 
көрсетті: бірінің ұстамдылығы қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерді 
атқарғанда  көрінсе,  екіншісінің  ұстамдылығы  еңбекте  де,  ойында 
да, спортта да және әртүрлі сабақтарда да көрінеді.
Қайсысында 
ұстамдылық 
темперамент 
қасиеттерімен 
басымырақ қозады? Қандай белгілермен орнатуға болады?
№ 22
Сара  апай  туралы  жақсы  пікірлер  естіп  жүрдім.  4-кластағы 
сабағын  көруге  келдім.  Сабақ  үстіндегі  тәртіп,  балалардың 
белсенділігі таң қалдырды.
Сабақтан  соң,  оқушылардан  “Сара  апайды  жақсы  көресіңдер 
ме?” -деп сұрадым.
“Жоқ,  біз  одан  қорқамыз.  Сәл  қимылдасаң,  ата-анаңды 
шақырады. Сондықтан оның сабағын жаттап аламыз”.
Сұрақ:  Мұғалім  мен  балалардың  қарым-қатынасын  қалай 
бағалайсыз?
№ 23
Педагогикалық негізгі ұгымдардың тізбесін жасаңыз.
№ 24
Саябақтағы  жұмыс  қызып  жатты.  Жұмыс  бәріне  де  жетерлік 
еді.  Апалы-сіңілілер  жеңдерін  түріп,  шүберек  орамал  алып,  іске 
кірісті. Еділ мырзасынып, сен неғып тұрсың? Үйдің төбесін жууға 
көмектес, – деді оған немере апасы.
- Жумаймын оны, біздің шаруамыз емес. Ал егер ауыр бір нәрсені 
әкел десең, әңгіме басқа... Үйді жинастыру әрқашан әйел адамның 
шаруасы болып келген, – деп қостап қойды немере інісі Қапаш.
-  Қызық  екен  еден  жуу,  үй  жинау  біздің  ісіміз  болсын.  Өткен 
аптада  стол  әкелу,  шкафтарды  қозғау  сияқты  біз  атқарған  іс  те 
қыздардың жұмысы делік. Сонда сендер “ерлердің” ісімен қашан 
айналыспақсыңдар.
Көбіне  істі  “ерлердікі”  және  “әйелдердікі”  деп  бөліп  жату  – 
өзінің барып тұрған жалқаулығын бүркемелеу болып шықпай ма? 
Пікірлеріңізді өнегелі өмір тәжірибесімен дәлелдеңіз.

286
№ 25
Мектептің  педагогикалық  кеңесінде  оқу-тәрбие  процесінің 
қорытындысы талқыланды. “Педагогикалық жұмыстың нәтижесі” 
деп нені есептейміз? - деген сұрақ қойылды.
География пәнінің мұғалімі. “Мен оқушыларыма ризамын. Пән 
бойынша екілік жоқ” - деді. Тарих пәнінін мұғалімі. “Бір қарағанда 
шәкірттерімнің бәрі тәрбиелі сияқты. Бірақ үлкен өмірге аттанғанда, 
олардың кім боларына мазасызданамын” - деді.
Сұрақ:  Осы  айтылған  пікірлерден  оқу  тәрбие  жұмысында 
нақтылы  міндеттерді,  тәрбие  принциптерін  шешіп  отырғандарын 
көруге бола ма?
№ 26
Дұрыс жауап табуға көмектесу.
“Мұғалім болып жаратылу керек”.
“Мұғалім болып туудың қажеті жоқ, табиғи дарынсыз да мұғалім 
болуға болады. Егер жақсы оқытса, үйренеді”.
Мен де табиғи дарын да, педагогикалық техникада да жоқ. Мен 
тек балаларды өте жақсы көремін.
№ 27
Бастауыш  сынып  оқушыларынан  жиі:  “Әсел,  дұрыс  жазбай 
отыр, оған Деурен дұрысын айтқан жоқ”, немесе “Марат дәптерін 
бүлдіріп тастады” - деген дауыстарды естиміз.
Сұрақ:
1. Бастауыш сынып оқушыларының осындай қылықтарын
қалай түсінуге болады?
2. Бұл балалардың жеке басының дұрыс қалыптасуы, ұжымдағы, 
қарым-қатынасының сәтті болуы үшін мұғалім қандай әрекет етуі 
қажет?
№ 28
Сіз 4-сыныпқа жетекші болып белгілендіңіз. Оқушыларыңыздың 
тәрбиелеу  жағдайларымен  танысу  мақсатын  көздеген  от  басына 
алғашкы баруыңызды қалай елестетесіз?
№ 29
Балалар  “  Дүкен”  ойының  ойнап  жатыр.  Сатушының  алдына 
кезекке  тұрғандар  жинала  бастады.  Кезекте  тұрған  балалардың 

287
мінез-құлқын бақылаудың өзі қызықты. Ажар әже болуға тырысып, 
басына  жаулық  тартып,  қолында  таяғы,  белін  бүкірейтіп  алған. 
Кезекке  ешкімді  алдынан  жібергісі  келмей  тұрған.  Сағындық: 
“Кәрісің  бе?”  деп  сұрады.  “Әрине,  әже  деген  кәрі  болады”  -  деп 
жауап берді Ажар. Жарайды, әже онда менің алдыма келіп тұрыңыз, 
әрине қарттарды алдымен жіберу керек” - деді Мұрат араға килігіп.“ 
Жарайсың, Мұрат!” - деп тәрбиеші оны мақтады.
Осы  келтірілген  мысалдар  балаларда  қандай  адамгершілік 
саналары тәрбиеленеді?
№ 30
Педагогикалық кеңесте 3-ші сынып оқушысының (А) тоқсандық 
“2” -ге шыққаны туралы мәселе қаралды. Ол әдетте жайдары оқушы. 
Мұғалім: Ол абстрактылы ойлай алмайды, әлі күнге есепті қолын 
парта  астына  жасырып,  саусақпен  санап  шығарады.  Оған  бәрін 
мысалмен,  суретпен,  кескінмен  ұғындыру  керек.  Онсыз  ештеңе 
істей алмайды.
Екінші мұғалім: Бұл оқушының көрнекі - бейнелі ойлайтындығы 
айқын байқалады. Мұндай оқушыларда абстрактылы ой кешеуілдеп 
жетіледі. Ол оқушы есепті өзіндік тәсілмен шығарады. Сонда оған 
екі қою ақылға сия ма?
Екілік оның абстрактылы ойлауын дамыта ма?
Сіздің пікіріңіз (позицияңыз)?

288

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет