ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет1/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber
Педагогикалық шеберлік2, сапаркулов жумыс

1
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫ
 БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ж. А.  ЖҮСІПОВА
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК
ОҚУЛЫҚ
Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен
Алматы, 2011

2
ББК 
Ж 
Пікір жазғандар: 
К. Ж. Каракулов - педагогика ғылымдарының докторы,  профессор
Ш. И. Джанзақова - педагогика ғылымдарының докторы, профессор
Жусупова Ж.А. 
Ж   Педагогикалық шеберлік: Оқулық. Алматы, 2011.- 316 бет. 
ISBN 
Оқулық  050103  -  Педагогика  және  психология  мамандығының 
ҚРМЖМБС  6.08.  013  -  2009  және  2007  ж.  Типтік  оқу  бағдарламасы 
талаптары негізінде дайындалды.
Оқулық  бүгінгі  күннің  талабына  сай  психологиялық-педагогикалық 
ғылымның соңғы жетістіктеріне сүйене отырып, қазіргі заманғы мұғалім 
шеберлігінің  мәнін  және  оны  қалыптастыру  жолдарын,  мұғалімге  тән 
білім  мен  білік  дағдыларын  қалыптастыратын  кәсіби  дайындық  түрлері 
қарастырылады. 
Оқулық  050103  –  Педагогика  және  психология  мамандығының 
кредиттік жүйе негізінде күндізгі бөлім бойынша білім алып жатқан 4 курс 
студенттеріне, магистранттарға, мұғалімдерге, тәрбиешілерге арналған. 
ISBN
ББК
                                                       © Ж.А. Жусупова, 2011
© ҚР Жоғары оқу орындарының 
                                                          қауымдастығы, 2011

3
«Қазақ  мектептері  -  қазақтарға  білім  берудің  басты  құралы  ... 
біздің барлық үмітіміз, қазақ халқынын келешегі осы мектептерде. 
Сондықтан мектептерде жақсы білім беретін болсын ... Ғылыммен 
қаруланған, әр нәрсеге дұрыс көзқарасы бар адамдар қазақ арасында 
көбейіп, бүкіл халыққа әсер ете алады».
Ы. Алтынсарин 
«Мұғалімдік  мамандық  -  бұл  адамтану,  адамның  күрделі 
және  қызықты,  шым-шытырығы  мол  жан  дүниесіне  үңіле  білу. 
Педагогикалық  шеберлік  пен  педагогикалық  өнер-ол  даналықты 
жүрекпен ұға білу болып табылады». 
В. А. Сухомлинский
«Маған  жақсы  мұғалім  бәрінен  қымбат,  өйткені  мұғалім 
мектептің жүрегі»
Ы. Алтынсарин
 «Тәрбиешілік мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі 
десеңізші: оның қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».
В. Г. Белинский
«Бала тәрбиесінің басты мақсаты өз тәрбиесін үнемі еске салып, 
оның жеке басының мүддесі мен үмітін қанағаттандыру».
Д. Дьюи
«Ең  әуелі  мектепке  керегі-білімді,  әдістемеден  хабары  мол, 
ізгілікті оқыта білетін мұғалім»
А.Байтұрсынұлы
«Болашаққа  жарамды  адамды  тәрбилеу  үшін,  оларды  тамаша 
жетілген азамат етіптәрбиелеу қажет-тек сонда ғана тәрбилеуші өз 
ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады». 
Л. Н. Толстой
«Тәрбиеленуші  сіздің  жан  дүниеңіз  бен  ақыл-ойыңызды  сізді 
көру, тыңдау арықылы қабылдайды».
А. С. Макаренко.

4
«Совет балалары мен жеткіншектерін талант есебімен тәрбиені 
құра аламыз ба? Жоқ. Тәрбиелеуге қабілеттілікте, тәрбие процесінің 
жүйесінде  нақты  білімінде  тек  қана  шеберлік  туралы  айтуымыз 
керек. Мен тәжірибе барысында, мамандыққа негізгі қабілеттілікті 
шеберлік шешеді деген пікірге келдім».
А. С. Макаренко
«Өнер  мен  шеберлік  педагогты  жүректілік  пен  ақылдылыққа 
байланыстыратын қабілеті». 
В. Сухомлинский
Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, 
оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады. 
К. Д. Ушинский
Ұстаз – ұлы есім. 
М. Әуезов
Ұстаз болу - өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау. 
Ж. Ж. Руссо
Қазақтың  тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай 
негізде  құрылуына  барып  тіреледі.  Мектебімізді  таза,  берік  һәм 
өз  жанымызға  (қазақ  жанына)  үйлесетін  негізде  құра  білсек, 
келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады.
Мағжан Жұмабаев
Мектептің  жаны  –  мұғалім.  Мұғалім  қандай  болса,  мектеп 
сондай  болмақшы.  Яғни,  мұғалім  білімді  болса,  ол  мектептен 
балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі 
мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы 
оқыта білетін мұғалім. 
Ахмет Байтұрсынов
Егер мұғалім өн бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті 
жинақтаса, ол нағыз ұстаз. 
Л. Н. Толстой

5
АЛҒЫ СӨЗ
Қазақстан  Республикасының  егеменді  мемлекетке  айналуы, 
экономика бағытының нарықтық модельде құрылуы, ұлттық білім 
беру жүйесіне енуі білім берудің жаңашыл бағыты мен сипатының 
объективтік  факторларымен  түсіндіріледі.  Қоғамымыздың 
түбегейлі  жаңаруы  сол  жаңаруға  сай  мамандар  потенциалын 
дайындамайынша  мүмкін  емес.  Мамандармен  қамтамасыз  етуде 
жетекші рольді жоғары мектеп атқарады.
Жоғары  мектеп  жағдайындағы  жаңа  қатынас  бұрыннан 
қалыптасқан  оқу  процесі  түбегейлі  жаңарған  қоғам  талаптарына 
сәйкес келетін, сауатты, шығармашылықпен ойлана алатын маман 
қалыптастыруда түбегейлі бетбұрысты білдіреді. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінде  негізгі  ағым  мамандардың 
дайындық сапасын көтеруге, инновациялық білім беруді дамытуға, 
ғылыми-зерттеу  әрекетімен  кіріктірілуге,  жоғары  оқу  орындары 
зерттеулерінің  әлеуметтік  және  экономикалық  сала  талаптарымен 
тығыз  байланыста  болуына,  ақпараттық  және  білім  беру 
технологиясын жетілдіруге саяды.
Бұл  проблемалар  ғылыми  негізделген,  оқыту  процесінің 
мақсаттылығына,  нормативтік-әдістемелік  қамтамасыз  етуге, 
оның  ішінде  оқу  процесіне,  оның  мақсаты  мен  мазмұнына, 
ұйымдастырудың  әдістемесі  мен  формасына,  жоғары  мектеп 
дидактикасының жалпы және оқу процесінің ішінара проблемасына 
қатысты.  Жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  жаңа  жолын 
ойластыру қажеттілігі қоғамның дайындалған мамандар сапасына 
қанағаттанбауынан  туындауда,  ол  бірінші  кезекте  педагогиканың 
әлеуметтік  сұраныс  деген  категорияны  нақтылау  қажеттілігімен 
түсіндіріледі.  Жоғары  білім  беру  дидактикасының  кейбір 
аспектілерін қайта құру қажеттілігі қоғамның дамуының, нарықтық 

6
экономикаға өту, құқықтық мемлекет құру сияқты тенденцияларды 
талдау барысында көрінеді. Болашақ мамандарды өмір әрекетінің 
жаңа жағдайында жаңаша даярлау талабын туғызады.
Қазіргі  жеделдету,  демократияландыру  жағдайында  Қазақстан 
Республикасында басты міндеттердің бірі - ұлттық ерекшеліктерді 
есепке  алып,  жастарға  терең  білім  мен  тәрбие  беру  ісін  одан  әрі 
дамыту және жетілдіру. 
Еліміздің еркіндік алуы, тіл аясынын кеңеюі, қазақ мектептері 
санының  көбеюі  бүгінгі  талапқа  сай  кадрларын  әзірлеу,  жас 
педагогтарға өзіндік бағыт, бағдары бар түйінді ойларды жинақтап 
жеткізу қажеттігін туындатып отыр. Сол себептен де қазіргі заман 
мектебі жоғары деңгейде маманданған кәсіпқой мұғалімді күтуде. 
Бүкіл әлем бұл күнде тәлім-тәрбие қызметіне ең білгір, ең талантты, 
өте  жауапкершіл  педагог  -  мамандардың  кажеттігін  мойындап 
отыр.  Себебі,  адам  тағдырында  мектептік  кезең  аса  маңызды  рөл 
атқарады. Балалардың өмір бастауында жетесіз педагог тұрса, одан 
келер  шығынды  өлшеп  болмайды.  Сондықтан  да  педагог  білікті 
маман, өз ісінің шебері болуы керек. Яғни, педагог шебер болу үшін: 
өзінің мүмкіндіктерін жаңа формация мұғалімі ретінде объективті 
бағалай  алуы  керек,  кәсіби  мамандығына  қажетті  қабілеттерді 
меңгеруі  тиіс,  жалпы  мәдениетті,  интеллектуалды  іс-әрекетті, 
мінез-құлық, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі тиіс, өтіп жатқан 
интеграциялық процестерге, әлемдік білім беру кеңістігі қарқынына 
бағыттала алуы тиіс. 
Қоғам  дамуының  жаңа  саяси,  әлеуметтік-экономикалық 
шарттарына байланысты болған білім саласындағы түбірлі өзгерістер 
қазіргі маманның кәсіптік шеберлігінің жоғарғы деңгейде болуын 
талап етеді. Педагогтың жұмысына қажет маңызды  шарттардың бірі 
- өз ісі үшін жауапкершілік қана емес, оның жұмыстағы бостандығы 
еркіндігінің  болуы.  Педагог  өзі  істеген  барлық  жұмысына  жауап 
бере алатын, дербес білімді маман болуы керек. 
«Педагогикалық  шеберлік»  курсы  -  «Педагогика  және 
психология» мамандығы бойынша жалпы кәсіптік пәндер цикліндегі 
педагогикалық пәндердің бірі болып табылады.
Курс мақсаты: Болашақ педагог-психолог студенттер бойында 
оқыту  мен  тәрбиелеудің,  өзін-өзі  жетілдірудің  өнерін  үнемі 
жетілдіріп  отырудың  қажеттілігін  қалыптастыру.  Студенттер 
бойында психологиялық сауаттылықтың, компоненттіліктің, жалпы 
мәдениет пен педагогикалық қабілеттерін дамуына үлес қосу.

7
Курстың міндеттері:
- педагогикалық шеберлік мазмұнын түсіну;
- педагогикалық қызметтің мазмұнын ашу;
- педагогикалық мамандықтың перспективалық мүмкіндіктерін 
көрсету;
- жанашыл педагогтар идеясын, оқыту формасын пайдалану.
Курсты оқып болғаннан соң сіздер:
- курстың методологиялық, теориялық, практикалық негізі;
- педагогикалық шеберлік элементтері;
- оқыту технологиясы;
- педагогикалық техника, өзін-өзі басқаруды игеру;
- мектепке дейінгі мекемеде оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау-
ды меңгересіздер.

8
ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
1-дәріс. Педагогикалық шеберлік, педагогикалық мәдениеттің 
компоненттерінің мәні мен мазмұны
Педагогикалық  шеберлік  және  мұғалімнің  педагогикалық 
мәдениеттің компоненті ретінде. Педагог мамандығындағы актерлік 
және режиссерлік шеберлік элементтері. Педагогикалық шеберлік 
компоненттері. Мұғалімнің кәсіби білімнің ерекшеліктері. Педагог 
мамандығындағы  жеке  шығармашылық  қабілетті  іске  асыру. 
К.  С.  Станиславскийдің  педагог  дайындауда  театрлық  жүйенің 
принциптері. Көрнекті педагогтар шеберлігі. Мұғалімдер дайындау 
жүйесіндегі педагогикалық шеберлік негізін қалыптастыру.
2-дәріс. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың негізгі 
кәсіби-педагогикалық іс-әрекеті
Педагогикалық  қызмет  қоғамдық  құбылыс  ретінде.  Жалпы 
педагогикалық  қызмет  және  кәсіби  педагогикалық  қызмет. 
Педагогикалық  қызметтің  ерекшеліктері  мен  қиыншылықтары. 
Кәсіби  қызметтің  мәні  мен  құрылымы.  Мұғалімнің  жеке  басы 
оның кәсіптік қызметінің өзекті факторы ретінде. Мұғалімнің кәсіби 
шеберлігі педагогтың жеке басының кәсіби қасиеті. Педагогикалық 
қызмет  деңгейлері:  репродуктивтивтік  бейімділік  жергілікті 
үлгіленген,  жүйелі  үлгіленген  қызмет  пен  мінез-құлық.  Шеберлік 
педагогтың қызметінің ең жоғары деңгейі ретінде
3-дәріс.  Педагогикалық  шеберліктің  басты  шарты 
педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік
Жалпы  мәдениет  педагогтың  кәсібилігінің  шарты.  Ғылыми 
эрудиция  құндылық  бағдарламалар  –  педагогикалық  мәдениеттің 
компоненттері.  Педагогикалық  эрудицияға  жетудегі  ой-еңбегі 
техникасымен  мәдениетті.  Педагогтың  теориялық  дайындалу 
мазмұны: бақылау, жобалау, ақыл рефлекциясы.
4-дәріс. Педагогикалық техника педагог шеберлігінің элементі 
ретінде
Педагогикалық  техника    мұғалімнің    жүріс-тұрыс    формасы  
және    оның  компоненті.  Мұғалім  іс-әрекетінің  техникалық  мәні. 
Педагогикалық  шеберліктегі  басқару  технологиясы.  Мұғалімнің 

9
өзін-өзі  басқарудың  шеберлігі  өзін-өзі  қалыптастырудың 
техникалық негізінде. Педагогикалық техника педагог шеберлігінің 
элементі ретінде. Педагогикалық өзара  қызметте ауызша қатынас 
құралы.  Педагогикалық  қарым-қатынастағы  пантомимика  және 
пластика. Зиянды әдеттер. Мұғалімнің сыртқы киімінің мәдениеті. 
Өзінің психифизикалық жағдайын меңгеру техникасыөзін жөнге 
келтіру негізі. 
5-дәріс.  Педагогтардың  сөзі  тәрбиелік  ықпал  ету  мен 
мағлұмат беру құралы ретінде
Педагог сөзі оның іс-әрекетінің құрылымында. Тіл және сөз. Сөз 
әрекетінің психологиялық құрылымы: мақсаты, мазмұны, формасы. 
Сөз-мұғалім  мен  оқушылардың  тіл  табысу  құралы.  Педагог 
сөзінің  тиімділігінің  әлеуметтік-психологиялық  факторлары.  Сөз 
мәдениеті, оның элементтері. Мұғалім сөзінің логикасы. Сөз сөйлеу 
құралдары. Сөз, сөйлеу техникалар: дем алу, дауыс, дикция, ырғақ.
6-дәріс. Кәсіптік шеберліктің құрамдас бөлігі педагогикалық 
қарым-қатынас
 
Педагогикалық  қарым-қатынастың  мәні.  Педагог  пен 
тәрбиелеуші  арасындағы  кәсіби  қарым-қатынас.  Қарым-қатынас 
педагогиканың  негізі  жөніндегі  ұғым.  Қарым-қатынасты 
ұйымдастыра  білу  және  өзінің  психологиялық  жағдайында  оны 
басқара білу. Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары. Қарым-
қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль. Педагогикалық 
такт, педагогикалық этика.
7-дәріс.  Педагогикалық  қарым-қатынастың  қажетті 
элементі педагогикалық этика мен такт 
Педагогикалық  қатынас  және  оның  мұғалімнің  кәсіби 
қызметіндегі орны. Педагогикалық қарым-қатынас стилі.
Педагогикалық 
қарым-қатынастың 
қажетті 
элементі 
педагогикалық  этика  мен  такт.  Педагог  әдептілігін  меңгеру 
шарттары.  Сендіре  білу  тіл  табысудың  негізгі  әдісі  ретінде. 
Мұғалімнің  кәсібі  қызметіндегі  жанжалдар  олардың  түрлері  мен 
себептері. Педагогикалық қатынас және оның кәсіби қызметіндегі 
орыны.  Педагогикалық  ұжымдағы  әлеуметтік-психологиялық 
климат. Педагогтың этикасы мен шеберлігі.

10
8-дәріс.  Педагогикалық  қарым-қатынастың  формасы 
коммуникативтік іс-әрекет
Педагогтің 
оқушыларға 
олардың 
ата-аналарына, 
әріптестеріне  сөз  арқылы  көмек  көрсету.  Педагогикалық  өзара  
іс-әрекет,  коммуникативтік  қабілеті.  Сенім  түрлері  және  оның 
классификациясы.  Сенімнің  сөздік  формалары:  команда,  бұйрық, 
тәртіп,  талқылау,  әзіл-қалжың  арқылы  белгі  беру.  Сенім  мен  көз 
жеткізудің бір-бірімен байланысы.
9-дәріс. Педагог-психологтың өзін-өзі тәрбиелеуі және кәсіби 
шеберлігін қалыптастыруы
Педагог-психологтың    өзін-өзі  тәрбиелеуі  және  кәсіби 
шеберлігін   қалыптастырудың құралы ретінде. Педагог іс-әрекетінің 
компоненттері. Педагог-психологтың өз мәдениетін көтеру. Педагог-
психологтың  сана-сезімі  және  педагогикалық  рефлексия.  Педагог 
шығармашылығының құрылымдық компоненттері.
10-дәріс.  Жоғары  және  орта  оқу  орындарында  оқу-тәрбие 
процесін басқарудағы оқытушының шеберлігі
Оқушылардың  танымдық  әрекетін  басқарудағы  оқытушы 
шеберлігі. Студенттердің өзіндік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
ұйымдастыру  мен  басқарудағы  оқытушы  шеберлігі.  Студенттер 
ұжымындағы  тұлғарааралық  қатынастар  жүйесін  басқарудағы 
тәрбиеші шеберлігі.
Практикалық сабақтардың тақырыптары
1. Педагог шеберлігі, оның компоненттері
2. Шеберлік – педагог қызметінің биік деңгейі ретінде
3.  Мұғалімнің  жеке  басы  және  оның  кәсіби-педагогикалық 
қызметтегі қалыптасуы
4. Педагогтың мимикалық және патомимикалық мәнері
5. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде
6. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы
7. «Мұғалім-оқушы» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынас
8. «Мұғалім-ата-ана» жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынас

11
9. Мұғалімнің педагогикалық әдептілігі 
10. Байқағыштық мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті
Зертханалық сабақтардың тақырыптары
1. Педагогикалық еңбектердің көрнекті шеберлері
2. Педагог техникасы. Өзіндік реттеу техникасының негіздері
3. Мұғалімнің кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар
4. Педагог этикасы педагог қарым-қатынасының негізін салушы 
элементтердің бірі
5. Педагогтің өзара қызметтестігінің тәсілдері
6.  Өзін-өзі  тәрбиелеу  -  мұғалімдердің  педагогтік  шеберлігін 
қалыптастырудың бірден-бір жолы
СОӨЖ тақырыптары
1. Педагог қызметіндегі актерлік және режиссерлік шеберлік
2. Педагог-психологтың жеке тұлғасының кәсіби маңызды сапа-
лығы
3. Педагог пен актер-аудиторияға жеке ерекше әсер етушілер
4.  Педагог-психологты  дайындаудағы  К.  С  Станиславскийдің 
театрлық жүйесіндегі принциптері
5.  Тәрбиешінің  жұмыс  барысындағы  келіспеушілігі,  стресстік 
жағдайы
6. Педагогтың мимикалық және пантомимикалық мәнері
7. Мұғалім сөзі ақпарат тарату құралы ретінде 
8. Мұғалім сөзінің мәдениеті мен техникасы
9. Мұғалымның кәсіптік қызметіндегі педагогтік қатынастар
10. Мұғалім - оқушы жүйесіндегі кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынас
11. Мұғалім - ата-ана жүйесіндгі кәсіби-педагогикалық қарым-
қатынас
12. Жас мұғалімнің педагогтің техникасының жетіспеушілігі
13. Педагогтың сыртқы көрінісі: бедел, сән және мұғалім
14. Мұғалімнің коммуникативтік білігі.

12
СӨЖ тақырыптары
1. Мұғалімнің жеке тұлғасы және оның кәсіби қызметінің негізгі 
өзегі
2. Мұғалімнің кәсіби білімінің ерекшеліктері
3. Педагогтың сыртқы көрінісі: беделі, сәні және мұғалім
4. Сөздік әрекеттің психологиялық құрылымы
5. Педагогтың лекциялық сөз мәдениеті
6.  В.  А.  Сухомлинскийдің  педагог  сөзіне  қоятын  талаптары 
жөнінде
7.  Психологиялық  ұстанымдары,  оның  педагогикалық  қарым-
қатынастағы рөлі
8. Мұғалімнің коммуникативтің білігі
9. «Педагогикалық этика» және «кәсіби мәдениет» ұғымдарының 
арақатынасы
10. Этикалық категория - педагогикалық такт
11. Нанымның сөздік түрі
12. Кикілжіңді жеңудің жолдары
13. Педагогтың кәсіби байқампаздығы
14. Мұғалімнің өзіндік білім жетілдіруі және өздігінен жетілуі
15. Педагогикалық шығармашылықтың құрылымдық компонент-
тері

13
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ
1. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ  
МӘДЕНИЕТТІҢ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ МӘНІ МЕН 
МАЗМҰНЫ
Жоспар:
1.  Педагогикалық  шеберлік  және  педагогикалық  мәдениеттің 
компоненттері ретінде
2.  Педагогикалық  шеберлік  компоненттері:  гуманистік  бағыт, 
кәсіби білім, педагогикалық қабілет, педагогикалық техника.
3. Мұғалімнің кәсіби білімі - шеберлік негізі.
4. Педагог мамандығындағы актерлік және режиссерлік шеберлік 
элементтері
5. Педагог мамандығындағы жеке шығармашылық қабілетті іске 
асыру.
6.  К.  С.  Станиславскийдің  педагог  дайындауда  театрлық 
жүйесінің принциптері.
Негізгі  ұғымдар:  шеберлік,  педагогикалық  шеберлік, 
педагогикалық мәдениет, актерлік шеберлік. 
Заман  ағысына  сай  біліммен  қаруланған  ой-өрісі  жоғары, 
зерделі, жан-жақты дамыған маман - уақыт талабы. Кеше ғана көк 
туын  желбіретіп  шаңырақ  көтерген  егемен  елімізді  өркениетке 
жетелейтін  білім  бастауында  мектеп,  ал  сол  мектепте  жас  ұрпақ 
бойына білім негізінің мәңгілік іргетасын қалаушы- ұстаз тұрады. 
«Мұғалімдер  -  қоғамның  ең  білімді,  ең  отаншыл,  білгілеріңіз 
келсе, «ең сынампаз» бөлігі болып табылады», - деп Елбасы Н. Ә. 
Назарбаев бекер айтпаса керек. Сондықтан да бүгінгі таңда тәуелсіз 
елімізге  білікті  маман,  өз  ісінің  шебері  қажет.  Ал,  педагогикалық 
шеберліктің негізі неде? 
Шебер педагог білімді, тәжірибесі мол, жан-жақты бола отырып, 
оқушыларды жеке тұлға етіп қалыптастыру мақсатында білім мен 
тәрбиені  ұштастыра  алуы  қажет.  Әр  оқушының  дарындылығын 
айқындау,  олардың  дамуына  қолайлы  жағдайлар  жасау,  мектеп, 
жанұя,  мұғалімнің  рөлін  анықтау,  студенттер  мен  мұғалімдер 
ұжымын  қалыптастыру  -  педагогикалық  шеберлікті  жетілдіруге 
негізделеді деп есептейміз. 

14
Қазақстанда  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
арналған Мемлекеттік бағдарламасында мемлекетіміздің білім беру 
жүйесінде жүргізілетін реформалардың мақсаты – оның нарықтық 
экономика  жағдайында  ғаламдық  ауқымға  ие  болуын  ескере 
отырып,  саналы  өзгерістерін  қамтамасыз  ету  деп  көрсетілген. 
Білім  беруді    реформалау  осы  саладағы  жинақталған  оң  әлеуетті 
жақтардың негізінде осы процесті тереңдету мен дамыту үшін жаңа 
құқықтық, әдістемелік, қаржы материалдық жағдайларын жасауды 
және тиісінше кадрлармен қамтамасыз етуді талап етеді.
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  “Болашақта  еңбек  етіп, 
өмір  сүретіндер  бүгінгі  мектеп  оқушылары,  мұғалім  оларды 
қалай  тәрбиелесе  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан 
ұстазға  жүктелер  міндет  ауыр,”-  деген  болатын.  Қазіргі  заман 
мұғалімінен  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болуы  емес,  тарихи 
танымдық,  педагогикалық-психологикалық  сауаттылық,  саяси 
экономикалық  білімділік  және  ақпараттық  сауаттылық  талап 
етілуде.  Ол  заман  талабына  сай  білім  беруде  жаңалыққа  жаны 
құмар, шығармашылықпен жұмыс істеп, оқу мен тәрбие ісіне еніп, 
оқытудың  жаңа  технологиясын  шебер  меңгерген  педагог  болуы 
керек.
Қазақстан  заңдары  білім  беруді  қоғамның  және  мемлекеттің 
рухани,  әлеуметтік,  экономикалық,  мәдени  дамуының  негізі  деп 
жариялайды.  Елімізде  1999  жылы  қабылданған  «Білім  туралы» 
Заңда білім беру жүйесінің басым міндеттері көрсетілген:
1 - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау;
2  -  жеке  адамның  шығармашылық,  рухани  және  дене  мүмкін-
діктерін дамыту,  адамгершілік  пен салауатты өмір салтының берік 
негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау 
арқылы интеллектілік байыту;
3  -  азаматтық  пен  елжандылыққа,  өз  отаны  Қазақстан 
Республикасына 
сүйіспеншілікке, 
мемлекеттік 
рәміздерді 
құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, конститутцияға қайшы 
және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу;
4 - әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қазақ 
халқы  мен  республикасының  басқа  да  халықтарының  тарихын, 
дәстүрлерін, тілдерін меңгерту; 
5  -  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық    коммуникациялық 
желілерге шығу;

15
6 - еңбек рыногында бәсекелесуге қабілетті білікті жұмысшылар 
мен  мамандар  даярлау,  оларды  қайта  даярлау  және  біліктілігін 
арттыру.
Осы  міндеттерді  орындап,  жүзеге  асыруда  мұғалімдердің  рөлі 
өте зор. Бүгін мұғалімдердің еңбегінің нәтижесі қандай болса, ертең 
біздің қоғам сондай болады. 
Адам  қажырлы  еңбегімен  табиғатты  өзгертсе  мұғалім  жалпы 
жасампаз  еңбегімен  жаңа  адамды  қалыптастырып,  дамытып, 
жетілдіріп  өмірге  дайындайды.  Оқушыларын  тек  біліммен 
қаруландырып  қана  қоймай,  назарын,  білгендерін  жадында 
сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген 
құштарлығын,  өмірге  деген  көзқарасын  дұрыс  қалыптастырып, 
ықыласын,  сенімін,  төзімділігін,  іскерлігін,  ізденімпаздығын  тағы 
басқадай  танымдық  қасиеттерін  жетілдіріп,  адамгершілігі  мол 
азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп 
санайды. 
«Талант»  деген  сөзді  әркім  әр  түрлі  ұғынуы  мүмкін.  Талант 
көбіне,  ақын  –  жазушыларда,  әртістерде,  өнер  адамдарында 
кездеседі.  Ал,  «мұғалім  болу  –  талант  па,  ол  әркімнің  қолынан 
келе бермей ме?» - деген сұрақ туады. Ұстаздың барлығы талантты 
болып  тумайды.  Егер  кез  келген  мұғалім  ынта  –  ықылас  қойып, 
табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық 
жағынан  сенімді,  саяси  жағынан  есейген  азамат  болса,  өз  пәнін 
жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын 
жете  білсе,  педагогикалық  техниканы  қалыптастыра  алса, 
педагогикалық  шеберлікке  жету  қасиеттеріне  ие  бола  отырып, 
педагогикалық  кәсіпті  меңгерсе,  педагогикалық  әдепті  бойына 
сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады. 
Педагогикалық  шеберлік  –  ұстаздық  талантпен  тығыз 
байланысты.  К.  Д.  Ушинский:  «Педагогика  теориясын  қаншама 
жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, 
бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады. 
Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі 
жүйелі түсінік  «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс 
тілінің  сөздігінде  «шеберлік  белгілі  саладағы  өнер  деп  анықтама 
берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген 
маман» делінген (С. И. Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті 
адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген 

16
ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып , оның кәсіби қызметтік 
және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек.
Педагог  түрлі  ғылым  саласында  озық  білімді  меңгерумен 
шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде 
кәсіби  қызметінен  көре  аламыз  ба?  Жоқ,  себебі  педагог  сағат 
сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның 
заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе 
білу  керек.  Бұл  жағдайда  ең  объективті  заңдар  туралы  сөз  болып 
отырған,  яғни  нақты  бір  адамның-педагогтың  өмірге  көз  қарасы, 
қарым-қатынасы  туралы екенін түсіну маңызды болмақ. 
Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын 
кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден 
қарастырамыз.
Педагогқа  қойылатын  талаптар  туралы  ағарту  саласы 
бойынша  халық  комиссары  А.  В.  Луначарскийдің  мақалалары 
мен  басылымдарда  жарияланған  сөздерінен  білеміз.  1928  жылы 
тәрбиешілер  мен  қоғам  қайраткерлерінің  мәжілісіндегі  сөзінде  ол 
педагогқа  жүктелетін  жауапкершілік  ерекше  екенін  атап  айтқан: 
«Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса,  онда оны 
қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе, онда іске алғысыз 
болып  қалады,  бірақ  ең  зор  баға  жетпес  гауһар  –  өмірге  келетін 
адам.  Адамды  бұзу  ең  ауыр  қылмыс  немесе  күнәсіздіктің  үлкен 
күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, 
айқын жұмыс істеу керек» дейді. 
Н. К. Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» 
деген  мақаласында  «үлгілі  мұғалімнің  мерилі»  ретінде  төмендегі 
критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті 
ұйымдастырудың  ғылыми  негіздерін  білуі  керек,  оқушының 
қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие 
жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі  қажет.
Педагогикалық  шеберлік  туралы    А.  С.  Макаренконың  (1988)  
пікірлеріне  сүйенер  болсақ,  оның  дәлелдеуінше  шеберлік  –  бұл 
«тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». 
Бұл  жөнінде  ол:  «Мен  білік  пен  дағдыға  негізделген  шеберлік 
қана  мәселені  шеше  алатынына  өз  тәжірибемде  көз  жеткіздім» 
дейді.  Одан  әрі  жоғарыда  келтірілген  шеберлік  туралы  түсінікті 
ережелер  қатары  кездеседі,  «дауысты  келтіру  –  өнер  ,  көзқарасы  
мен  қозғалысы,  тұру,  отыру,  орындықтан  көтерілу,  күлу  бәрі  – 

17
өнер  болып  табылады».  «Мен  өзімді  нағыз  шебер  болдым  деп 
есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, 
даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса 
да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден 
түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді. 
Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін 
мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.
В.  А.  Сухомлинсий  (1981)  бұл  түсінікке  нақты  анықтама 
бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, 
өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. 
Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, 
симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының 
педагогтың сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай 
қасиеттер  жалындаған  жас  ұрпақтың  жүрегіне  жол  табатын  шоқ 
жұлдыз  болады»  дейді.  Сондай  –ақ  ауызбіршілік  тәрбиеші  үшін 
органикалық  қажеттілігі  ретінде  өте  маңызды,  әрі  жан  дүниесін, 
жеке  бақытын,  ой-санасын  онсыз  елестете  алмайтын  өмір  заңы 
екенін айтады.
А.  И.  Щербаков  (1968)  педагогикалық  шеберлік  –  мұғалімнің 
ғылыми,  әдістемелік  өнерінің,  білігі  мен  дағдысының,  жеке 
қасиеттерінің  үндесіп,  үйлесуі  деп  санайды.  Мұндай  үйлесімді 
тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны 
айдан  анық.  Бұл  өнердің  негізгі  атрибуты  –  өз  жұмысын  үлкен 
жауапкершілікпен орындау дейді.
Ю. П. Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы 
айта  келіп,  оның  мәнін  төмендегіше  ашады:  «педагогикалық 
шеберліктің  негізі  бала  тәрбиесінің  заңдылығын  білу  болып 
табылады»  дейді.  Одан  әрі  шеберлікті  құрайтын  құрамдас 
бөліктерінің  өзара  әрекеті  туралы  айта  келіп,  шеберлікке  берген 
анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті 
педагогтың  жеке  тұлғаға  немесе  ұжымға  жаппай  эмоционалды 
образды ықпал жасауына әкелетінін айтады».
Міне  ,  шеберліктің  құдіреті  –  осындай  тұтасқан  үйлесімде. 
Ю.П.Азаров  (1989)  қалың  оқырман  қауымына  арнаған 
публицистикалық  басылымында  :  «мен  шеберліктің  формуласын 
қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарым-
қатынас,  тұлға  сияқты  үштікте»  дейді.  Шеберлік  ...    істейтін 
ісіміздің  материалдық  жағында  болуы  тиіс,  мен  технология  деп 

18
атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның 
арқасында қарым- қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені 
және мен қатысатын балаларды қалыптастырады  деген екен. 
Н.  В.  Кузьмина  (1972,  1980)  шеберлікті  маманның  өз  жұмыс 
жағдайын  зерттеп,  зерделей  білуі,  кәсіптік  міндеттерін  оңтайлы 
шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды.
Н. В. Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі 
тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. 
Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда 
ғана  жеткілікті  биік  дәрежеге  ие  болады  (талдау,  синтездеу, 
жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).
Ю.  К.  Бабанский  (1989)  «мұғалім  –  кәсіби  технологияны 
еркін  меңгерумен,  шығармашылығымен  бала  оқытуда  және  бала 
тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай –ақ автор педагог 
еңбегінің  қарапайым  қырларын  дұрыс  талдау  және  педагогтық 
оптималды  шешім  жасау  мен  оқушының  жеке  басы  сияқты 
қасиеттерге тоқталады.
Н. В. Кухарев (1990) мұғалімнің белгілі дәрежедегі педагогтық 
шеберлігін қарастырудың дұрыстығын айта кетіп, оның шеберлігі 
психологиялық-  педагогтық  дайындығының  жоғары  деңгейіне 
негізделуі шарт дейді.
Павлютенкованың ойынша (1990), мұғалімнің кәсіби шеберлігін 
төмендегі  компоненттер  құрайды:  а)  тұлғаның  мотивациялық 
саласы;  ә)  операциялық-техникалық  саласы  (интегралдық  бірігу, 
жалпы арнайы білім мәнділігімен сипатталады); б) тұлғаның өзін-
өзі тануы.
В.  А.  Сластениннің  (1998)  педагогикалық  шеберлікке  берген 
анықтамасы  Ю. П. Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтық 
шеберлікті  педагогикалық  технологиямен  өзара  байланыстырады, 
дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, 
адамның  жеке  іскерлігі  мен  оның  бойында  педагогтік  прцестің 
жоғары  тиімділігін  анықтайтын  қасиеттерінің  сабақтасып  жатуы 
керек деген пікір айтады.
И.  П.  Андриади  (1999)  педагогикалық  шеберлікті  жеке 
тұлғаның  рухани-  әдеп  және  интелектуалдық  дайындығы, 
қоғамның әлеуметтік- мәдени құндылықтарын шығармашылықпен 
ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық білімді 
тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды 
деп  атап көрсетеді. 

19
В. А. Мижоренко және М. И. Ермоленко (1999 ) педагогикалық 
шеберлік  педагогтік  қызметтің  дамуының  биік  сатысын  жасай 
отырып,  педагогтың  педагогикалық  технологияны  игеруін,  кәсіби 
және азаматтық бағытын, тәжірибесін, бүтіндей тұлғасын көрсете 
алатынын  айтады.  Педагогтік  шеберліктің  мәні  жоғары  нәтижеге 
қол жеткізетін білімді, білік пен дағдыға ұштастыру арқылы жүзеге 
асқан қызметтің деңгейімен анықталады. 
В. П. Куравлеваның (1999) анықтамасында педагогтік шеберлік 
«...теориялық  негіздемелер  және  мұғалім  мен  оқушының  арасын 
жоғары  ақпараттық  дәрежеде  байланыстыратын  педагогикалық 
іс-  тәжірибелер  мен  операциялардың  тұрақты  жүйесі»  делінген. 
Осы  анықтаманы  өрбіте  отырып,  автор  теориялық  білім  мен 
жоғары  дамыған  практикалық  біліктің  үйлесіп,  біртұтас  болуы 
шығармашылықпен  бекітіледі  деп  ой  қосады.  Шеберліктің  нақты 
көрсеткіштері  оқытушының  ісінде,  оқу-тәрбие  жұмыстарында, 
еңбек  сапасында,  міндеттерін  жауапкершілікпен  орындау  кезінде 
көрінеді.
А. А. Сидоров, М. В. Прохорова, Б. Д. Синюхин (2000) педагогтік 
шеберлік педагогикалық мәдениеттің тірек компоненті деп есептейді  
және шеберлік сан алуан оқу-тәрбие ісіне байланысты міндеттерді 
табысты  шешуде  педагогтың  жеке  басының  қасиеттерімен  қоса 
оның психологиялық-педагогикалық ойлауы, кәсіби білігі, дағдысы 
мен  эмоциясы  өзара  сабақтастық    табатын  ерекшеліктері  деп 
анықтайды. 
Л.  А.  Байкова,  Л.  К.  Гребенкиннің  (2000)  дәлелдеуінше 
педагогикалық  шеберлік  –  бұл  мұғалімнің  шығармашылығымен, 
оқыту өнерін үздіксіз жетілдірумен пайда болатын педагогикалық 
шеберліктің  жоғары  деңгейі  біріншіден,  педагогтың  жеке 
тұлғасына,  жеке  басының  қасиеттеріне  байланысты,  оның  бұл 
қасиеттері кәсіптік қызметін өз бетінше ұйымдастырудың жоғары 
сатысына  қол  жеткізуіне  жол  ашады  дейді.  Яғни  шебер-педагог 
бойындағы  жеке  қасиеттер  жиынтығы,  оның  оған  оқу  –тәрбие 
жұмысын  жақсы  жүргізуіне  септігін  молынан  тигізбек.  Олардың 
ішіндегі  ең  маңыздылары  азаматтық  және  патриотизм,  гуманизм 
және зиялылық, жоғары рухтағы мәдениеттілік пен жауапкершілік. 
Өте  маңызды  деп  адамсүйгіштік  пен  адамдармен  тіл  табысу  атап 
айтылған.
Одан  әрі  авторлар  педагогикалық  шеберлік  анықтамасына 
тоқталады және технологиялық негізгі компоненттері жалпы биік 

20
мәдениет  пен  ізгілендіру  бағыты  болатын  көзқарастары  жүйесі  – 
кәсіби білім , қабілеттілік, шығармашылық технологиялық құзырет 
болып табылады деп тұжырым жасайды.
А.  М.  Новиков  (2000),  педагог  тұлғасының  әлеуметтік 
рөлі  өлшеусіз  артып  келеді,  ол  педагогтың  жалпы  және  кәсіби 
мәдениетінде,  қарым-қатынасында,  әдебінде,  оның  жан  дүниесі 
байлығында. Автор бүгін педагогты кітаппен, дербес компьютермен 
немесе  қашықтан  оқытатын  басқа  құралдармен  ауыстыруға 
болмайтындығына  көз  жеткіздіреді.  Осылайша  нені  үйретесің, 
қалай үйретесің, немен үйретесің, кім үйренеді деген шынайылық 
тұрады. Осыған байланысты А. М. Новиков (2000) педагогикалық 
шеберліктің мазмұнын жаңа әлеуметтік –экономикалық жағдайды 
ашып  береді,  оқушыға  өз  мақсатына  –  мұратына  тез  жетсем,  өз 
орнымды тапсам деген ой салу педагогтың дарынына байланысты 
екеніне назар аударады. 
Орыс  ғалымы  В.  Г.  Белинский  былай  дейді:  «Тәрбиешілік 
мәртебесі қаншалықты маңызды, ұлы, әрі қастерлі десеңізші: оның 
қолында адам өмірінің тұтас тағдыры тұр».
Сондықтан шебер педагог көзі қарақты, құлағы сергек, көкірегі 
ояу,  білім  беру  саласында  атқарылып  жатқан  игі  істердің  куәсі 
болуы керек. Сонымен бірге жаныңды шуаққа бөлеп, үлкен үмітке 
жетелеуші - білім беру саласы мұғалімдік мамандықтың сыры мен 
қырын  шебер  меңгерген,  сол  кәсіптің  ыстығы  мен  суығын  өзі  де 
басынан кешірген адам нағыз ұстаздар, шынайы бапкерлер осындай 
қасиеті бар жандардан шығады. Сыпайы әдебімен, тұнық мінезімен, 
терең білімділігімен көпке жақын адам. 
Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп 
отыратын,  адамдармен,  әсіресе,  оқушылармен  қарым-қатынасқа 
тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік 
білетін  әрі  уағыздаушы,  таланты  мен  тәжірибесі  тоғысқан,  өзінің 
қоғамындағы  саяси  өмірге  белсенді  араласып,  өз  елі  мен  жеріне 
деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек. 
Педагогикалық  шеберлік  –  тек  қана  мұғалімнің  жалпы,  жан-
жақты  және  әдістемелік  сауаттылығы  ғана  емес,  ол  –  әр  сөзді 
оқушылырға  жеткізе  білу,  олардың  толық  қабыл  алуы.  Ұстаздық 
шеберлік: 
1)  мұғалімнің  өмірге  көзқарасы,  оның  идеялық  нанымды, 
моральды бойына сіңірген адам екендігі; 

21
2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың 
бойында  әдеп,  әдет,  дағды  сияқты  моральдық  нормаларды  сіңіре 
білгендігі; 
3)  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдіс-тәсілдерін  меңгерген,  білгенін 
қызықты  да,  тартымды  өткізе  алатын,  педагогикалық  әдеп  пен 
талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады. 
Педагогикалық  шеберліктің  негізі  –  балалардың  өз  еркімен 
дамуына  жол  ашу,  оқу-тәрбие  процесінде  оқушылармен 
педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, 
әдістерін  дамыту,  шәкіртке  деген  қамқорлық  пен  сүйіспеншілікті 
арттыру  педагогикалық  шеберліктерінің  басты  сипаты  болып 
табылады. 
Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, 
жұмысты  ұйымдастыруы  педагогикалық  шеберлік  негіздерін 
білумен  шарттас.  Бұл  саланы  зерттеуші  ғалымдардың  пікірінше 
педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:
- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;
- педагогикалық кәсіби білгірлігі;
- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;
- педагогикалық техникасы. 
Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз 
байланыста жүзеге асады. 
Зерттеу  жүргізген  ғалымдардың  пікірінше,  педагогикалық 
шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:
- педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;
- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;
- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;
- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы. 
Сонымен  қатар  әлеуметтік-қоғамдық  өмірдің  жаңаруына 
байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс. 
Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:
1. Педагогикалық білім бірлігі.
2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.
3. Ситуацияларды меңгеру.
4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру. 
Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, 
әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері. 

22
 Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі 
мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам 
басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. 
Қазіргі  заман  оқу  әдістерін  жеке  меңгеру  де  осы  шеберліктің  бір 
қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің іс-
әрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы 
бала  тәрбиесіне  ықпал  етумен  яғни  дәлелдеп  сендіру,  шәкірттің 
қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске 
асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек. 
Педагогикалық  шеберлік  –  мұғалімге  оқу-әрбие  процесін 
ұйымдастыруда  қажетті  кәсіби  білім,  білік  және  дағдылардың 
жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында 
қалыптасады. Оның мазмұнына:
1. Кәсіби педагогикалық білім;
2. Педагогикалық  тәжірибе;
3. Шығармашылық тәжірибе;
4. Тұлғалық қасиеттері;
5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді. 
Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты 
жағдайларды,  балалардың,  балалар  ұжымының  ерекшеліктерін 
және  өзінің  жеке  ерекшелігін  есепке  ала  отырып,  педагогиканың 
практикадағы  заңдарын  және  принциптерін  шығармашылықпен, 
белсенді меңгеру мен іске асыруы.
Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:
1.  Кәсіби  педагогикалық  қызметке  дайындық  кезінде  алынған 
білім, білік, дағды.
2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, 
дағды. 
Педагогикалық  шеберліктің  нәтижесі  ретінде  мұғалімнің 
шығармашылығы,  жеке  тәжірибесі  және  оның  жариялылығы 
болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби 
қабілеттілігінің өзара байланысын А. С. Макаренко: 

23
 
Педагогикалық мәдениет 
Педагогтің кәсіби білігі 
 
Педагогикалық этика 
Педагогикалық қарым-қатынас 
 
 
өіің 
Мұғалімнің сөйлеу мәдениеті 
Психо-педагогикалық білім 
Педагогикалық шеберлік-бұл 
оқытумен тәрбиелеу әрекетін 
кәсіби меңгеру,тұлғаны жан-
жақты  дамыту, көзқарасы мен 
қабілетін қалыптастыру 
мүмкіндігі. 
Педагогикалық білім мен кабілет 
педагогикалық  шеберліктің  туа  біткен  ерекшеліктері,  қасиеттері 
арқылы  белгіленетінін  жоққа  шығара  отырып,  ол  оның  кәсіби 
қабілеттілік  деңгейіне  байланысты  екендігін  көрсетті.  Оның 
айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін 
педагогикалық  шеберлік  -  бұл  тәрбие  процесін  білу,  оны  құру, 
қозғалысқа  түсіру.  Педагогикалық  шеберлікті  меңгеруге  әрбір 
педагогтың  жеке  практикалық  тәжірибесі    мен  еңбектенуі 
нәтижесінде қол жеткізуіне болады.
Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту 
мен  тәрбиелеу  әдістемесін  білетін,  психологиялық  білімі  бар, 
сонымен қатар әртүрлі  ғылым саласынан хабардар маман. 
Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен 
жұмыс істейтін, әрбір педагогтың қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда 
тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.
Педагогикалық  үрдістің  ерекшелігі,  оның  кұрылымы  және 
мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе бары-
сында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады. 
Педагогикалык  шеберлік  педагогикалық  мәдениеттің  маңызды 
құрамдас  бөлігі  бола  отырып,  мынадай  төрт  жүйені  қамтитын 
күрделі кұрылымды қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет