ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет3/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber
Педагогикалық шеберлік2, сапаркулов жумыс

Тест тапсырмалары 
1. Педагогикалық шеберлік:
А. Тұлғалық қабілеттіліктер.
Ә.  Тұлғалық  және  іскерлік  қасиеттер  мен  кәсіптік  біліктілік 
жиынтығы.
Б. Біліктілік.
В. Тұлғалық қасиеттер.
Г. Кәсіптік білімдер мен біліктер жиынтығы.
2. Педагогикалық шеберліктің  компоненті емес
А. Кәсіптік білім
Ә.  Педагогикалық қабілет
Б.  Педагогикалық техника
В. Адамның өмірде өзін танытуы
Г. Педагог әрекетінің гуманистік бағыты
3. Педагогтың кәсіби шеберлігін дамытудың негізі
А. Педагогтың сыртқы келбеті
Ә. Қоршаған орта
Б. Кәсіптік білім
В. Өмірлік тәжірибе
Г. Азаматтық позиция
4.  Кәсіптік  әрекет,  ұйымдастырудың  жоғары  деңгейін 
көрсететін педагогтың тұлғалық қасиеттерінің жиынтығы
А. Педагогикалық жоспарлау 
Ә. Педагогикалық басқару
Б. Педагогикалық шеберлік
В. Кәсіптік әрекет 
Г. Тұлғаның гуманистік бағыттылығы
5. Ұстаздық шеберлік компоненттері
А. Ұйымдастырушының шеберлігі
Ә. Реттеушілік шеберлігі
Б. Ынталандырушылық шеберлігі
В. Танымдық шеберлігі
Г. Диагностикалық ерекшелігі

39
6. Шебер педагогтің негізгі қасиетінің бірі. Ол:
А. Педагогикалық әдептілік
Ә. Бала психологиясын білу
Б. Жас ерекшеліктерін білу
В. Балаларды сүю 
Г. Балаларды қадірлей білу
7. Педагог шеберлігі нені қажет етпейді
А. Талантты
Ә. Педагогті жоғары оқу орындарында тәрбиелеу
Б. Педагогті үйрету
В. Теорияларды меңгерту
Г. Өз мамандығын жақсы көру

40
2. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІКТІ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗІ – КӘСІБИ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТ
Жоспар: 
1. Педагогикалық қызмет қоғамдық құбылыс ретінде
2.  Жалпы  педагогикалық  қызмет  және  кәсіби  педагогикалық 
қызмет
3. Педагогикалық қызметтің ерекшеліктері мен қиыншылықтары
4. Кәсіби қызметтің мәні мен құрылымы. 
5. Педагогикалық қызмет деңгейлері: репродуктивтік бейімділік, 
жергілікті үлгіленген, жүйелі-үлгіленген, қызмет пен мінез-құлық. 
Негізгі ұғымдар: педагогикалық қызмет, кәсіби педагогикалық 
қызмет, кәсіби шеберлік, кәсіби  қызмет құрылымы.
Мұғалім  еңбегі  басқа  қызметтермен  салыстырғанда,  өзіндік 
ерекшелігі  мол  шығармашылықты  сүйеді.  Мұғалім  еңбегінің 
ерекшелігі  оның  баламен  үнемі  қарым-қатынаста  болуымен  және 
рухани  араласуымен  сипатталады.  Сол  себепті  мұғалімнің  жалпы 
мәдениетінің  жоғары  дәрежеде  болуы  оның  интеллектуалдық 
мүмкіндігі, ой-өрісінің кеңдігі, рухани байлығы ұстаздық қызметті 
тиімді ұйымдастыруға зор ықпал жасайды.
Баланың  тұңғыш  ұстазы-оны  мектеп  табалдырығын  алғаш 
аттағанда  күтіп  алып,  әріп  танытып,  жазуға  үйрететін  мұғалімі. 
Мұғалім еңбегінің ғылымға негізделе отырып, белгілі жүйелілікпен 
жүзеге  асырылатыны  айқын.  Мысалы,  оңайдан  қиынға,  жеңілден 
ауырға,  нақтылы  түсініктен  абстрактылы  ұғымға  біртіндеп  ауысу 
ережелерін  және  оқушылардың  жасы  мен  дербес  ерекшеліктерін 
еске алмайынша оқу және тәрбие жұмысында белгілі нәтижеге жету 
қиын. Сондықтан мұғалімнің алдындағы басты міндет - оқушыларды 
біліммен қаруландыра отырып, ойлауға, сөз шеберлігіне, еңбек ете 
білуге үйрету және тәрбиелеу. 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген мағынада оқушының 
бойына  шынайы  білім,  білік,  дағдыларын  дарытып,  зердесіне 
ғылыми  негіздерін  тоқыта  алған,  үйренген  нәрселерін  өмірде,  іс 
жүзінде  қолдана  білуге  жаттықтыра  алған  сөйлеген  сөзі,  істеген 
ісі,  парасат  пайымы,  инабаты,  білімінің  тереңдігі  мен  жан-

41
жақтылығы арқылы шәкірттеріне ең беделді үлгі бола алған адам 
ұстазға  саналады.  Екінші  сөзбен  айтқанда,  ұстаз-  адамдардың 
өмірге  көзқарасын,  сенімін  қалыптастыратын,  оларға  өмірден  өз 
жолын  дұрыс  таба  білуге  көмектесетін,  айналасына  білім,  тәрбие 
нұрын  шашып,  адамгершілік  нұрын  төгетін  қоғамдық  қайраткер, 
ойшыл тұлға. Ол жеке адамдардың өмірінің дұрыс бағытта дамып, 
көркеюіне  із  қалдыратын  өмір  тәжірибесі  мол  дана  адам  болып  
табылады.
Сондықтан мұғалімнен жан-жақты терең ғылыми білім, жоғары 
ұстаздық шеберлік, шыныққандық, моральдық таза, табанды, ерік 
жігерлі, парасатты мінез-құлық талап етіледі. 
Мұғалім - мәдениеттің қайнар көзі, жастарды қалыптастыратын 
мүсінші, адамтану мамандығының иесі. Мұғалімдік қызметтің басқа 
мамандықтан ерекшелігі оның сауаттылығында, көрегендігінде және 
баланы  сауаттандырып,  Отанын,  ұлтын  сүюге  тәрбиелеуде.  Басқа 
мамандық иелерінен мұғалімнің айырмашылығы - ең алдымен оның 
жұмысында  да,  үйде  де  білімін  ұлғайтып,  тереңдетуге  айырықша 
қабілетті  болуы  талап  етіледі.  Ғылыми  материалмен  жұмыс  істей 
отырып, мұғалім әрдайым оны педагогикалық ой елегінен өткізуге 
тырысып,  оқушылардың  өз  пәніне  деген  ынта-ықыласын  қалай 
туғызып, тереңдету жағын ойлайды.
Мұғалім  мамандығы  тек  әлеуметтік  тәжірибені  алмастырушы 
ғана  мамандық    емес,  ол  тұлға  қалыптастырушы,  адамды  адам 
ретінде  тәрбиелейтін  мамандық.  Сондықтан  мұғалім  тұлғасында 
мынадай қасиеттер болуы керек: 
- жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;
- балаға деген сүйіспеншілік, оларға өз жүрек жылуын сыйлауға 
деген қажеттілігі мен қабілетінің болуы;
- шынайы зиялылық, рухани мәдениет, басқа адамдармен жұмыс 
жасауға деген ұмтылысының және іскерлігінің болуы;
-  жоғары  кәсіби  шеберлік,  ғылыми-педагогикалық  ойлаудың 
инновациялық  стилі,  жаңа  құндылықтар  тудыруға  және 
шығармашылық шешімдер қабылдауға дайындық;
-  үнемі  өзін-өзі  тәрбиелеуге  және  өзін-өзі  жетілдіруге  деген 
қажеттілігі мен дайындығының болуы;
-  психикалық  және  физикалық  денсаулығы,  кәсіби  жұмыс 
жасауға қабілеттілігі және т.б.
Мұғалім 
мамандығы 
шығармашылық 
сипатқа 
ие 
мамандықтардың  бірі.  Мұғалім  үнемі  ізденіс,  шығармашылық 

42
үстінде  болуы  тиіс.  Шығармашылық  педагогикалық  іс-әрекеттің 
ұйымдастырылуы  мен  оның  мазмұнын  тиімді  құрастыруға  ықпал 
етеді. Мұғалім шығармашылығы педагогикалық міндеттерді тиімді 
шешуіне мүмкіндік жасайды.
Мұғалім  мамандығы  қарым-қатынас  жүйесінде  болуымен 
ерекшеленеді. Басқа мамандықтарға қарағанда мұғалім мамандығы 
қарым-қатынас  жасау  іскерлігін  жоғары  деңгейде  игеруді  талап 
етеді.  Қарым-қатынас  арқылы  мұғалім  тұлғаға  ықпал  етіп,  оның 
тәрбиелі  болуы  мен  білімінің  қалыптасуына  жағдай  жасайды. 
Қарым-қатынас, яғни сөз мұғалім еңбегінің басты қаруы. 
Мұғалім  тұлғасы  үлгі,  өнегелік  сипатқа  да  ие.  Мұғалім  өзінің 
тек беретін білімі мен тәжірибесі арқылы ғана тұлға қалыптасыру 
процесіне  әсер  етпейді,  сонымен  бірге  оның  жеке  басының  өзі 
оқушы тұлғасына ықпал жасайды. Сондықтан мұғалім әрқашанда 
бала алдында адамгершілігі мол, тәрбиелі, адам жанын түсінетін,  
терең  білімді  еліктеу  үлгісі  болуы  керек.  Мұғалім  мектептен  тыс 
уақыттарда  өзінің  сөзі  мен  ісі  бір  жерден  шығып  жатуына  назар 
аударуы керек. 
Мұғалім – қоғам қайраткері. Мұғалімді мемлекет оқытып, білім 
беріп, мемлекеттің болашағын сеніп тапсырады. Ол қоғамның мұң-
мұқтажын жоқтайды, болашағын  ойлайды, соған қызмет етеді. Басқа 
саладағы қызмет түрлерімен салыстырғанда, педагогикалық қызмет 
- әлеуметтенген қызметтің ерекше түрі. Ол ересек ұрпақтың адамзат 
мәдениет тәжірибиесін жас ұрпаққа беруге, олардың тұлға дамуына 
жағдай  тудыру  және  оларды  қоғамда  белгілі  бір  әлеуметтік  рөлі 
орындау үшін дайындауға бағытталған. Бұл қызметті педагогтармен 
қатар,  ата-аналар,  қоғамдық  ұйымдар,  өнеркәсіп  басшылары, 
өндірістік  топтар,  бұқаралық  ақпарат  құралдары  атқарады.  Бірақ, 
педагогтар  мұнда  кәсіби  қызмет  атқарады.  Педагогикалық  іс-
әрекет  кәсіби  қызмет  ретінде  арнайы  ұйымдастырлған  білім  беру 
орындарында жүргізіледі. Педагогикалық қызметінің мәнін түсіну 
үшін  оның  құрылымына  талдау  жүргізу  қажет.  Оның  құрылымы 
мақсат,  мотив,  іс-әрекет  нәтижесі  бірлігінен  тұрады.  Мұғалім 
жұмысының  мақсатын  қоғам  анықтайды,  яғни  оның  әрекетінің 
мақсаты оқушының тұлғасын қоғамдық талаптарға сәйкес тәрбиелеу. 
Ол тарихи құбылыс, әлеуметтік даму бағытын бейнелейтін көрініс 
ретінде мақсат, адалдық, рухани және табиғи мүмкіншілігін есепке 
ала отырып, оған бір жағынана әлеуметтік және этикалық топтардың 

43
қызығушылықтары, екінші жағынан жеке тұлғаның қажеттілігімен 
қабілеттері жинақталған. 
Педагогикалық қызмет мақсатының негізгі объектілері ретінде 
тәрбиелік  ортаны,  тәрбиеленушілердің  әрекетін,  тәрбиелеуші 
ұжымды және тәрбиелеушілердің жеке ерекшеліктерін бейнелейді. 
Педагогикалық  қызметтің  мақсатын  жүзеге  асыру  тәрбиелік 
ортаны қалыптастыру, тәрбиеленушілердің әрекетін ұйымдастыру, 
тәрбиеленуші  ұжымды  тудыру.  Тұлғаның  даралығын  дамыту 
сияқты  міндеттерді  шешумен  байланысты.  Педагогикалық 
қызметтің  барлық  қасиеттерін  анықтайтын  негізгі  функцияналды 
бірлігі  ретінде  педагогикалық  іс-әрекеттің  танымы.  Мұғалімнің 
педагогикалық  іс-әрекеті  ең  алдымен  танымдық  формасында 
көрінеді.  Өзіндегі  бар  білімге  сүйене  отырып,  ол  теория  жүзінде 
өз  әрекетінің  құралдарын,  пәнін  және  нәтижесін  салыстырады. 
Танымдық  міндеттерді  психологиялық  тұрғыдан  өз  шешімін 
тауып  практикалық  өзгерістерге  айналады.  Мұғалімнің  іс-әрекеті 
түрлі  деңгейлердегі  міндеттерді  шешу  процесі.  Педагогикалық 
міндеттердің  спецификалық  ерекшелігі  олардың  шешімін  табуда. 
Педагогикалық қызметтің объектісі - адам. 
Педагогикалық  қызмет  бұл  тәрбиешінің  тәрбиеленушіге 
жасайтын  тәрбиелік  және  оқыту  ықпалы.  Бұл  оның  тұлғалық 
интеллектуалды дамуына бағытталады. Педагогикалық қызметтің 
мақсаты  тұлғаны  жан-жақты  және  үйлесімді  тәрбиелеу.  Сондай-
ақ, қоғамдық мақсаттарды түсіну және өз тәрбиеленушілерін осы 
мақсаттарға  жетуіне  жағдай  жасап,  бағыттау.    Педагогикалық 
қызметтің мазмұны - оқушылардың оқу әрекетін ұйымдастыру үрдісі. 
Педагогикалық қызметтің құралдары - білім оқулықтарымен, оқу 
бағдарламалары, әдістемелік құралдар, компьютерлік, графикалық 
және  техникалық  құралдар.  Педагогикалық  қызметтің  әдістері 
сөздік  көрнекілік  және  практикалық  әдістер  тобы,  педагогикалық 
қызметтің  нәтижесі  оқушы  тұлғасының  интеллектуалдық  дене 
дамуы және оның қоғамда бағалануы. 
Педагог  деп  бiлiм  беру  ұйымдарында,  сондай-ақ  бiлiм  беру 
бағдарламаларын iске асыратын басқа да ұйымдарда бiлiм алушылар 
мен тәрбиеленушiлердi оқытуға және тәрбиелеуге байланысты бiлiм 
беру қызметiмен айналысатын қызметкерлерді атаймыз. 
Педагогикалық қызмет бұл білім алу барысында пайда болатын 
білім,  іскерлік,  дағыдылардың  жиынтығымен  сипатталатын  және 

44
кәсіби-педагогикалық  міндеттерді  шешуге  бағыталған  белгілі  бір 
біліктілікке ие болатын педагогикалық кәсіби топтың іс-әрекетінің 
бір түрі.
Педагогикалық  қызметтің  негізгі  мәні  оның  іс-әрекетіне 
байланысты  болып  табылады.  Педагогтар  әлеуметтік  іс-әрекеттің 
ерекше  түрін  атқарады,  яғни  адамзат  жинақтаған  мәдениет  пен 
тәжірибені аға ұрпақтан жас ұрпаққа беруге бағытталады, оларды 
қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік рөлдерді меңгеруге дайындайды.  
Педагог педагогикалық процесс субьектісі ретінде өз жұмысын 
оқушылармен  ынтымақтастыққа,  іскерлік  қарым-қатынас  және 
оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық 
байланыс қалыптастыруға бағыттауы керек. 
Әрбір адамдардың белгілі қызметке шешімі-оның іс-әрекетімен 
ойлау  бағытының  ерекшелігінен  көрінеді.  Педагогикалық 
мамандықты басқа мамандықтармен оның өкілдерінің ойлау бағыты 
борыш пен жауапкершілікпен сезіну арқылы анықталады. Педагог 
қызметінің  негізгі  ерекшеліктері  мынада:  гуманистік  сипаты; 
ұжымдық сипаты; адаптивтік (бейімдеуші) сипаты; шығармашылық 
сипаты; қарым-қатынас жүйесінде болуы; мұғалім тұлғасының үлгі, 
өнегелік сипаты және т.б.
Мұғалім 
мамандығы 
табиғаты 
жағынан 
гуманистік 
(адамгершіліктік)  сипатқа  ие  мамандықтардың  бір  түрі.  Оқыту 
барысында  мұғалім  адаптивті  (бейімдеу)  және  гуманистік 
мақсаттарды  жүзеге  асырады.  Адаптивтік  мақсаты  ол  оқушыны, 
тәрбиеленушіні  үйретумен,  социомәдениеттік  жағдайлардың 
нақты  талаптарына  -дайындайды,  бейімдейді.  Педагог  өзінің 
тәрбиеленушісін  белгілі  бір  әлеуметтік  жағдайларға  дайындап, 
қоғамның  қойып  отырған  талаптарына  үйретеді.  Ал  гуманистік 
мақсаты  оқушының  жеке  тұлғасын  дамытып,  шығармашылық 
дербестігін  шыңдауға  мүмкіндік  жасау.  Мұғалім  мамандығы  бір 
уақытта  жеке  тұлғаны  қалыптастырушы,  әрі  оны  басқарушы 
мамандық  болып  табылады.  Оның  басты  мақстатарының 
бірі  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  дамыту  болғандықтан  ол 
адамның  инттелектуалдық,  эмоциональдық,  физикалық  дамуын 
басқарып,  оның  рухани  әлемінің  негізін  қалыптастыру.  Мұғалім 
мамандығының  бір  ерекшелігі  ол  «адам-адам»  жүйесінде 
жұмыс  жасауы.  Бірақта  ол  осы  жүйеде  жұмыс  жасайтын  басқа 
мамандықтармен  салыстырғанда  оның  еңбегінің  нәтижесіне  тек 

45
бір  өзі  ғана  ықпал  етпеуімен  ерекшеленеді.  Яғни,  жеке  тұлғаның 
қалыптасуына мұғалім, отбасы, орта және т.б. әсер етеді. Сондықтан 
мұғалім  мамандығы  ұжымдық  бастау  алады.  Мұғалім  қызметінің 
шығармашылық сипаты- педагогикалық қызмет кез-келген қызмет 
сияқты  тек  сандық  мөлшерге  емес,  сонымен  қатар  сапалық 
қасиеттерге ие. Мұғалім еңбегі мен мазмұны ұйымдасқан тек оның 
қызметіне деген шығармашылық қатынас деңгейін анықтау арқылы 
дұрыс бағалауға болады. 
Педагог тұлғаның шығармашылық потенциалы оның әлеуметтік 
тәжірибиесі психологиялық, педагогикалық және пәндік білім қоры 
дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік беретін жаңа идеялар іскерлік 
пен дағдылары жаңа формалар мен әдістер кезінде қалыптасады. 
Педагогикалық  қызметтің  шығармашылық  сипатын  тек 
педагогикалық  міндеттерді  шешумен  ғана  болмайды,  себебі 
шығармашылық  әрекет  тұлғаның  танымдық,  эмоционалдық, 
еріктік және мотивациялық қажеттілік компоненттерінің бірлігінде 
бейімделеді. 
Сонымен  қатар,  мұғалімнің  кәсіптік  іс-әрекеті  төмендегі 
бағыттарды  да  қамтиды:  тәрбие  жұмыстарын  және  оқыту  үрдісін 
ұйымдастыру.  Тәрбие  негізгі  мақсат  болғандықтан,  мұғалімнің 
жеке тұлғасы оқушыға барлық жағынан үлгі болуы керек. Осыдан 
мұғалімнің әлеуметтік ұстанымы (өз мамандығына бағыттылығы, 
педагогикалық  борышты  сезінуі,  жауапкершілігі,  педагогикалық 
әдеп-мәнерін  сақтауы,  педагогикалық  әділдігі,  беделі,  т.б) 
және  кәсіптік  ұстанымы  (азаматтық  белсенділігі,  балаға  деген 
сүйіспеншілік, рухани дүниесінің байлығы, ғылыми-педагогикалық 
ойлауының қалыптасуы, шығармашылық-жаңашылдық көзқарасы, 
көпшілдігі, физиологиялық-психикалық тұрғыдан денінің саулығы, 
кәсіптік жұмысқа қабілеттілігі т.б) айқындалады. 
Педагогикалық  іс-әрекет  күрделі,  әлеуеметтік  маңызды  іс-
әрекеттердің бір түрі. Педагогикалық іс-әрекет өз кезегінде бірнеше 
іс-әрекет  түрлерінен  құралады.  Төмендегі  суретте  педагогикалық 
іс-әрекеттің бірнеше түрлері көрсетілген.

46
 
 
Өзін-өзі 
тәрбиелеу,өзіндік 
білім алу
 
 
Ұйымдастырушылық
 
 
 
 
 
Ғылыми-ізденіс
 
 
Әдістемелік
 
 
Қоғамдық
 
 
Оқыту
 
 
Тәрбиелеу
 
 
Педагогикалық 
іс-әрекет түрлері
 
 
Дамыту
 
 
1-сурет. Педагогикалық іс-әрекет түрлері
Ендеше іс-әрекеттің бір-екі түріне ғана тоқтала кетейік: 
Тәрбиелеу  іс-әрекеті  -  бұл  оқушыларға  адамзат  баласы 
жинақтаған  әлеуметтік  тәжірибені  мақсатты  түрде  алмастыруға 
және  олардың  тұлғалық  сапаларын,  қасиеттерін  қалыптастыруға 
бағытталған іс-әрекет түрі. Тәрбиелеу іс-әрекеті педгог қызметіндегі 
басты іс-әрекеттердің бірі. 
Оқыту іс-әрекеті - бұл мұғалімнің оқушылардың бойында білім, 
іскерлік, дағдыларды қалыптастыруға, олардың ойлау қабілеттерін 
дамытуға  бағытталған,  танымдық  іс-әрекеттерін  басқаратын  іс-
әрекет түрі. 
Педагогикалық  іс-әрекеттің  түрлері  көп  болғандықтан  оның 
атқаратын  қызметтері  де  жеткілікті.  Педагогикалық  іс-әрекеттің 
атқаратын қызметтерін келесі 2-суреттен көруге болады.
 2-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің атқаратын қызметтері

47
Диагностикалық қызмет – бұл оқушылардың дамуын, тәрбиелік 
деңгейін зерттеп, анықтауға бағытталады. Мұғалім өзінің жұмысын 
нәтижелі,  әрі  жүйелі  ұйымдастыру  үшін  психологпен  бірлесе 
отырып,  оқушыларды  әр  түрлі  әдістемелер  бойынша  зерттеп, 
бақылау  жүргізеді.  Бұл  жұмысты  диагностикалық  қызмет  деп 
атайды. 
Бағыттаушы-болжаушылық қызмет – мұғалімнің тәрбиелік іс-
әрекеттің бағытын анықтап, олардың дамуын алдын-ала болжауға 
бағытталған  іс-әрекеті.  Мұғалім  өз  іс-әрекетінің  мақсаттары  мен 
міндеттерін алдын-ала болжап, анықтайды.
Конструктивті-жобалаушылық  –  педагогтың  оқушылар 
меңгеретін  білім  мазмұнын  таңдап,  ұйымдастыру,  оқушылардың 
іс-әрекетін  жобалау,  өзінің  болашақ  әрекетін  және  мінез-құлқын 
жобалауға бағытталған іс-әрекет. Бұл қызмет барысында мұғалім өз 
іс-әрекетіне қажетті әр түрлі жоспарлар мен жобаларды әзірлейді. 
Ұйымдастырушылық  –  педагогикалық  процесті,  оқушылар 
іс-әрекетін  жүзеге  асыруға  бағытталған  іс-әрекет.  Мұғалім 
нақты  міндеттерді  анықтап,  оларды  ұйымдастыру  формаларын, 
оқушылармен  өзара  байланыстылықты  таңдап,  өз  іс-әрекетін 
ұйымдастырады. 
Ақпараттық-түсіндірмелік  –  бұл  өз  іс-әрекетін  қажетті 
ақпараттармен жинақтап, оны оқушыларға түсіндіруіне бағытталған 
іс-әрекет.
Коммуникативті-ынталандырушы 
– 
бұл 
мұғалімнің 
педагогикалық процеске қатысушылармен қарым-қатынас орнатып, 
олардың іс-әрекетін ынталандыруға бағытталған іс-әрекеті. 
Талдау-бағалау  –  бұл  мұғалімнің  педагогикалық  процестің 
жеткен  нәтижелерін  мақсатпен  салыстыруға,  оның  деңгейін 
анықтауға бағытталған іс-әрекет. Талдау-бағалау қызмет мұғалімге 
өзінің  жіберген  кемшіліктерін  болашақта  болдырмауға,  нәтижелі 
жұмыс жүйесін жасауға және т.б мүмкіндік береді.
Зерттеу-шығармашылық -  педагогтың өз іс-әрекетін жетілдіре, 
дамыта  түсуіне  мүмкіндік  беретін  ізденіс  жұмысы.  Педагогтың 
зерттеушілік  қызметі  өзінің  жеке  зерттеу  тақырыбы  бойынша 
немесе  оқушылардың  ғылыми  жұмыстарына  басшылық  жасау 
арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Мұғалім  тұлғасы  -  мұғалімнің  мәдениеті,  өзін-өзі  басқару 
шеберлігі  моральдік  қасиетімен  адамгершілік  нормасының 

48
күнделікті  оқу-тәрбие  процесіндегі  жаңа  сипатқа  ие  болуда. 
Мұның негізі қоғамдағы үздіксіз дамумен ғылым мен техниканың 
өркендеуінен туындап отыр. А.Байтұрсынұлы «Ең әуелі мектепке 
керегі-білімді,  әдістемеден  хабары  мол,  ізгілікті  оқыта  білетін 
мұғалім» керек деген болатын. Олай болса, адамның жеке басының 
қалыптасуы  оны  әлеуметтендіруде  жүзеге  асырылады.  Күрделі 
үрдісті  жасауда  мұғалімге  қойылатын  талапты  бөліп  көрсететін 
болсақ, олар мыналар: 
1.  Мұғалімнің  жеке  басының  ізгілікті  бағыттағы,  қоғамдағы 
борыштылығы  мен жауапкершілігін сезінуі; 
2. Кәсіптік мамандық бағытында өз білімін тиянақты игеруі оны 
оқыту  әдістемесін  жасай  білуі;  сондай-ақ  педагогика  ғылымына 
салалас  психология,  философия  (адам  өмірінің  құндылықтық 
дүниетанымы) мен әлеуметтік пәндерді игеруі; 
3. Педагогтық технологияны игеруде іскерлік әрекетті меңгере 
отырып оқушы шығармашылығының пәрменділігін арттыру.
4.  Мұғалімнің  кәсіби  шеберлігін  арттыру;  мұндағы  мұғалім 
шығармашылығын  көтеру;  кәсіби-біліктілік-кәсіби-шеберлілік-
кәсіби шығармашылық-кәсіби жаңашылдық. 
Міне,  осыларды  топтастыра  келе  жатқан  педагог  қызметіне 
қажетті негізгі дағдылар мен іскерлік қалыптасады: 

оқыту 
мен 
тәрбиелеудің 
тиімді 
әдіс-тәсілдерін 
шығармашылықпен іздестіру; 
- қарым-қатынастық (коммуникативтік) мәдениеттілігі, мұғалім 
мен оқушы жүйесінде қажетті қатынас қалыптасады. 
Ұйымдастырушылық  қабілетті  әр  түрлі  іс-әрекетте  білім 
тереңдігін сапалы меңгеру.
Мұғалімнің жеке әлеуметтік тұлғасын қалыптастыруда қажетті 
негіздер: 
- даралық-тұлғалық қалыптасу;
- өз мүмкіндігін игеру қажеттілік;
- өзін-өзі іскерлік әдістемелік жетілдіру;
- өзінің кәсіби-пәндік білімін толықтыру;
- кәсіби кемелдену т.б. 
Педагогтың  қызметі,  оның  мектептегі  кәсіби  педагогикалық 
негізінде  жүреді.  Ол  өз  пәні  бойынша  сабақ  беру,  әріптестерімен 
кәсіби  тығыз  қарым-қатынас,  өзін-тану,  өзін-өзі  бағыттау,  өз 
мүмкінділік игеру арқылы өзіндік қажеттілік туғызады. 

49
Сондықтан  бүгінгі  таңдағы  мұғалімнің  кәсіби  санасы  мен 
әлеуметтік  бейнесі  жас  жеткіншектерді  рухани-адамгершілік 
құндылықтық тәрбие беруде өмір ағымында адам тәрбиелеу де мол 
мүмкіндігі бар екендігі баршаға аян. 
Мұғалім  тұлғасының  жеке  ерекшеліктеріне  педагогикалық 
процесте  бағынышты.  Мұғалімдерді  негізінен  педагогикалық 
бағытталу ерекшелігі мақсатқа бағытталу педагогикалық қызметке 
бірізділігімен жүйелікті өз еңбек нәтижесінде дұрыс бағалау қабілетін 
талап  етеді.  Мұғалім  баланың  шығармашылық  мүмкіндігінің 
дамуына сендіру қажет. Сондай-ақ оптимистік көзқараста болу үшін 
гуманистік бағдарлау қажет. Бұл баланың жақсы қасиеттеріне сену 
және сүйену балаға деген сүйіспеншілік балаға тіл тигізуден сақтау 
қажет. Мұғалім мінездері салмақтылық ерекше орынға ие. Ол түрлі 
жағдайға  шыдамдылық,  жинақылық,  төзімділік,  бірқалыптылық 
танытуға  міндетті.  Тағы  да  маңызды  қасиет  талап  қоя  білу 
өзіне  және  өзгеге  қойылатын  талап  адам  басқаратын  моральдық 
ерекшеліктерімен  нормаларын  қалыптастырады.  Оқушылардың 
оқуға  деген  ынтасы  анықталады  тәрбиенің  беделінен  танымал, 
мәңділік, ықпал оқытушылардың тәрбиелік әсерлерінің күші. 
Болашақ  мұғалімнің  ЖОО-да  дайындықтың  мазмұны 
құрылымы  және  әдістері  біріншіден  қоғам  дамуының  бағыты, 
екіншіден  педагогика  ғылымының  дамуымен,  үшіншіден  педагог 
мамандығының  еркшеліктерімен  белгіленеді.  Педагогикалық 
білімге  ие  болу  белгілі  бір  бағыттарды  меңгеру  жағдайына  қол 
жеткізетін түрлі деңгейлі кәсіби
 
маман ретінде тұрақты байланыс. 
Педагог  мамандықтарына  қойылатын  талаптардың  мазмұны 
төмендегідей: 
1.Табиғат қоғам және сананың басым заңдылықтарын білу.
2.Адам жайында оның жетік тұлға ретінде тани білуі.
3.Тарихи және қазіргі болмысын меңгеру тәсілдерін білуі. 
4.Ақпартты жинақтарын өңдеу, қолданудың соңғы техникасын 
меңгеру.
5.Педагогикалық қызметті басқару мәселесін шешуі.
Ең алдымен қазіргі мұғалімнің бойында гуманистік бағыттағы 
жалпы  құндылықтарға  сүйену,  кәсіби  қабілеттік  шығармашылық 
қабілеттерді,  психикалық  дайындығы  және  әдістемені  меңгеру 
қасиеттерімен  белгіленеді.  Мұғалімнің  дайындығына  жалпы 
педагогикалық дайындау ерекше орындалады. Кәсіби дайындыққа 
мынадай талаптар қойылады: 

50
- өз мамандығының тұлғалық және әлеуметтік мәңділігін сезіну; 
-мәдениетінің берілуін қамтамасыз ететін білім беру жайында тұтас 
түсінікті меңгеру; ғылыми гуманистік көзқарасты меңгеру; табиғат 
пен  қоғам  дамуының  негізгі  заңдылықтарын  білу;  Қазақстан 
Республикасы  Конститутциясының  этикалық  және  құқықтық 
нормаларын білуі;  білім беру процесінің заңдылықтары жайындағы 
біліммен  түсініктер  жүйесін  меңгеруі  ғылымитану  мен  әдістерін 
білуі;  таным  тәсілдерін  меңгеруі;    пәндік  білімін  кәсіби  тілмен 
жеткізе  білу;  қарым-қатынас  орнату  іскерлігін  ойлау  мәдениеті, 
сөйлеу  мәдениеті,  қарым-қатынас  мәдениетін  меңгеруі  жұмысқа 
психикалық әдістемелік дайындау. 
Мұғалімдерді 
дайындау 
жүйесінде 
талаптар 
жалпы 
педагогикалық  дайындығына  ерекше  көңіл  бөлу  оның  мақсатына 
педагогикалық  теория  мен  практикасын  меңгерген  мұғалім 
қалыптастыру. 
Қазіргі  таңда  оқушылар  «Ұстаз  бәрін  білуге  және  одан  да 
артығырақ  білуге  тиіс»,-  дейді.  Бұл  әзілде  бірталай  шындық  бар. 
Мұғалім  өзі  оқытатын  пән  саласындағы  ғылымды  жетік  білуі  - 
қарапайым  да,  қажетті  талап.  Д.  И.  Менделеев  былай  деп  жазған 
еді: «Ғылымды өзі жетік білетін, оны меңгерген және оны жақсы 
көретін ұстаз ғана шәкірттеріне жемісті қызмет ете алады». «Өзінің 
жақсы  көрмейтін  пәнінен  гөрі,  өзінің  жақсы  көретін  пәні  он  есе 
жақсы меңгеріледі».
Алайда  мұғалімдер  үшін  арнайы  әзірлікпен  және  жалпы 
білімдарлықпен  қоса,  ойлаудағы  икемділіктің,  танымдық  және 
практикалық  міндеттерді  шығармашылықпен  шеше  білудің  де 
маңызы  зор.  Мұғалім  ойын  қадағалау  мүмкіндігі  оқушылардың 
ойлау мәдениетін қалыптастырады. 
Мұғалімнің жеке басындағы барлық қасиеттердің кәсіптік мәні 
бар. Мәселен, А. В. Луначарский атап көрсеткеніндей, педагогика 
моральдағы  кез-келген  кемістік,  мінез-құлықтағы  кез-келген 
кемістік  тікелей  у  болып,  ол  жеткіншек  ұрпаққа  жұғады.  Жақсы 
мұғалім-бұл  ең  әуелі  қайғы-қуанышына  ортақтасатын,  парасатты 
әрі адал, балаларды құрметтей білетін және оларға ұқыпты қарайтын 
жақсы адам. 
К. Д. Ушинскийдің айтуынша, мұғалімге шексіз шыдамдылық 
қажет.  Мұғалім  оқушымен  жұмыс  істегенде  қабылдау  сергектігі 
мен эмоциялылығы шыдамдылықпен және өзін-өзі ұстай білуімен 

51
үйлесім  табуы  тиіс.  Сонымен,  мұғалімнің  жеке  сапасымен  және 
педагогикалық терең білімділігімен тұтасқан идеялық сенімділігі, 
оның  кәсіби  шеберлігінің  берік  іргетасын  қалайды.  Оқытқан 
мұғалім емес, қайтсе де оқытқысы келетін мұғалім, деп тектен-тек 
айтылмаған. Нағыз педагогта жұмыс уақыты және бос уақыт деген 
болмайды:  ол  әрқашанда  балалар  туралы  ойлайды,  мұғалімнің 
мақсаткерлігі-оның жеке басына тән қасиет. 
Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты- 
баланы  жақсы  көру.  Балаларды  жақсы  көрмей  тұрып,  оларды 
адамгершілік пен адалдыққа тәрбиелеу мүмкін емес. Балаға салқын 
қарау көп жағдайда олардың мінез-құлқына рақымсыздықтың, іс-
әрекетіндегі теріс қылықтың пайда болуына әкеп соғады. 
Мұғалімнің 
жеке 
басындағы 
үйлесімділік 
көбінесе 
талапкерлігімен, көнбістігімен, эмоциялығымен, парасаттылғымен, 
сенімділігімен, сақтығымен, қаталдығымен мұғалім ешбір жерден 
таба  алмайды,  оны  іс  үстінде  мінез-құлқын  тексеру  арқылы  ғана 
және үнемі өзін-өзі тәрбиелеу нәтижесінде ғана тани алады. 
Мұғалімнің  жалпы  әлеуметтік  педагогикалық  қызметін 
қарастырсақ, ал мұның өзі оның жеке басына қойылатын маңызды 
талаптарын  айқындайды.  Сонымен  қоса  олардың  нақтылы 
педагогикалық  қызметтерде  оны  ойдағыдай  жүзеге  асыру  үшін 
белгілі  бір  педагогикалық  қабілеттілік  қажет.  Мәселен  бір 
ғалымдар  мұғалімнің  конструктивтік,  ұйымдастырушылық  және 
коммуникативтік  қызметін  көрсетсе,  басқалары  педагогикалық 
қызмет жүйесіне информациялық дамытушылық және зерттеушілік 
қабілеттерін жатқызады. 
Педагогикалық қызметтің тиімділік мүддесі үшін оқушылармен, 
мұғалімдермен, ата-аналармен және қоғамдық ұйымдармен дұрыс 
қарым-қатынас орната білу. 
Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды 
қалыптастыруға  солардың  алдағы  жағдайдың  өзгеруіне  қарай 
белсенділігін  арттыруға  бағытталған.  Л.  Н.  Толстой  былай  деп 
жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша 
жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет, тек сонда ғана тәрбиелеуші өз 
ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады». 
Олай болса, әрбір студенттің міндеті – таңдаған мамандығына 
сәйкес өз қабілетін үнемі жетілдіріп отыру, алғашқы күнінен бастап 
педагогикалық шеберлік сырларын меңгеру. 

52
Н. В. Кузьмина бойынша педагогикалық қызметінің құрылымында 
мынадай  компоненттерді  атауға  болады:  конструктивтік, 
ұйымдастырушылық коммуникативтік. А. И. Щербаков бойынша: 
конструктивтік, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, зерттеулік. 
Конструктивтік-мазмұндық:
- Оқу материалдарын іріктеу, композициялық құруды анықтау;
- Педагогикалық процесті жоспарлау және құру;
Конструктивтиік-жедел:
- өз әрекетін және студенттер әрекетін жоспарлай білу;
- Педагогикалық  процестің оқу-материалдық базасын жоспарлау.
Ұйымдастырушылық компонент:
- амалдар жүйесін орындау;
- студенттерді әртүрлі қызмет түрлеріне қатыстыру амалдары;
- ұжым құру, бірігіп әрекет жасауды ұйымдастыру.
Коммуникативтік компонент:
- студенттермен қарым-қатынас;
- әріптестермен  _________//__________,
- бөгде адамдармен __________//_________.
Зерттеушілік компонент:
- кәсіби білім жаңарту;
- Педагогикалық құбылыстарға ғылыми тұрғыдан қарау;
- Педагогикалық зерттеу әдістерін меңгеру;
- Сізіндік тәжіребиесіне талдау жасай алуы;
- Сезге оқытушылар тәжірибесіне талдау жасай білуі.
Жоғары оқу орнының оқытушыларын 3 топқа бөлуге болады:
а) педагогикалық бағыттылығы басым;
ә) зерттеушілік ____________.___________;
б) педагогикалық және зерттеушілік бағыттары шамалас.
Оқытушының педагогикалық шеберлігі.
Педагогикалық  шеберлік  –  педагогикалық  қызметінің 
жоғары  деңгейде  меңгерілуі:  педагогтың  оқытушылардың 
(студенттердің)  оқу-танымдық  іс-әрекетін  пәрменді  басқарып, 
мақсаткерлік  педагогикалық  әсермен  өзара  әрекеттестікті  жүзеге 
асыруына  мүмкіндік  беретін  арнаулы  білімдерінің,  біліктері  мен 
машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені. 
Бұл  ұғым  көпқырлы.  Р.  Пионова  бұл  ұғымды  сатылы  түрде 
қарастырады:  педагогикалық  жаңашылдық  –  педагогикалық 
шеберлік  –  педагогикалық  профессионализм.  Педагогикалық 

53
шеберлік мәні логикалық жүйеде былай  көрінеді: «Білім- тәжірибе- 
тұлға».
И.  А.  Зязюн  бойынша  педагогикалық  шеберлік  құрылымына 
оқытушының тұлғалық ізгілік (мейірімділік) бағыты, педагогикалық 
білім, педагогикалық техникасын енгізді.
Ізгілік бағыттылығы: қызығуы, құндылығы, идеалы;
Кәсіби  бөлімі:  арнайлы  білім,    психологиялық-педагогикалық 
білім, оқыту әдістемесі, әлеуметтік мәдени білім;
Педагогикалық  қабілеті:  коммуникативтік  перцептивтік, 
динамизм,  эмоционалдық  тұрақтылық,  оптимистік  болжау, 
креативтік.
Педагогикалық техника: өз өзі басқара алуы (денені меңгеруі – 
қозғалыс техникасы, эмонционалдық жағдайы, сөйлек техникасы);
Педагогикалық  міндеттерді  шешудегі  өзара  әрекеттестік  ( 
дидактикалық  іскерлік,  ұйымдастырушылық  іскерлігі,  өзара 
әрекеттік техника).
Педагогикалық  шеберлік:  ғылыми,  кәсіби  білім  және 
шығармашылық,  талдау,  өзін-өзі  бағалау,  өзге  адамның  жағдайын 
сезе  білуі,  студенттермен  қарым-қатынас  жасай  алуы,  қарым-
қатынаста әдептілікті сақтау, қиялшылдық және т.б.
Пайдаланылған әдебиеттер 
1. Зязюн. Основы педагогического мастрества М., 1989
2. Сластенин В. А. Формирование личности учителя советской 
школы в процессе профессиональной подготовки. М., Просвящение, 
1976
3.  Қ.  Сейталиев.  Педагогиканың  жалпы  негіздері.  –  Ақтөбе, 
2004. –Б. -188-211.
4.  Б.  А.  Молдағалиев.  Мектеп  мұғалімінің  анықтамалығы.  – 
Орал, 2005. 
5. Педагогика: Учебное пособие для студентов педагогических 
учебных заведений / В. А.Сластенин, И. Ф. Исаев и др.- М.: Школа-
Пресс, 2000
6. Введение в специальность: Учеб.пособие для студентов пед. 
Ин-тов/ Л. И. Рувинский, В. А. Кан-Калик, Д. И. Гришин и др.-М.: 
Просвещение, 1988.

54
Қосымша әдебиеттер:
1. Абдуллина О. А. Общепедагогическая подготовка учителя в 
системе высшего педагогического образования.- М.: Просвящение, 
1990.- 141с.
2. Багаева И. Д. Учителю о профессионализме педагогической 
деятельности и путях его формирования.- Гомель, 1989.- 90с.
3.  Станкин  Н.  И.  Профессиональные  способности  педагога: 
Ахмеология  воспитания  и  обучения.-  М.:  Мосвовский  психолого-
социальный институт; Флинта, 1998.- 368с.
4. Кан-Калик В. А., Никандров Н. Д. Педагогическое творчество. 
– М.: Педагогика, 1990.- 144с.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  Мұғалім  және  педагогикалық  мамандық  жайында  мақал-
мәтелдер білесіз?
2. Түрлі тарихи кезеңдердегі ұлы мұғалімдерді атаңыз.
3. Педагогикалық қызметтің ерекшелігі неде?
4. Педагог қызметінінің гуманистік мәні неде?
5.  Бүгінгі  қоғамдық  жағдайда  мұғалім  тұлғасының  мәнінің 
төмендеу-жоғарылауын дәлелдеңіз.
6.  «XXI  ғасырдағы  педагогикалық  мамандық»  тақырыбына 
шағын шығарма жазыңыз.
7.  «Қазіргі  қоғам  және  мұғалім»  тақырыбына  баяндама 
дайындаңыз.
8. Педагогикалық мамандықтың негізгі мақсаты
9. Мұғалім мамандығының негізгі ерекшеліктері
10. Мұғалім мамандығын шығармашылық тұсынан зерттеу
11. Сызбадағы педагогикалық іс-әрекеттің түрлеріне сипаттама 
бер
12. Тәрбиелеу іс-әрекетін сипатта
13. Оқыту іс-әрекетін сипатта

55

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет