5. Шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтысып,
жасайтын ортақ іс-әрекеті қалай аталады
А) Қарым-қатынас
Ә) Оқу
Б) Диалог
В) Оқыту
Г) Ойын
6. Перцептивті қарым-қатынас дегеніміз не
А) Өзара түсіністік ақпарат алмасу
Ә) Қарым-қатынасқа түсушілердің бірін-бірі қабылдау үрдісі
Б) Қарым-қатынасқа түсушілердің өзара әрекетін ұйымдастыру
В) Жағымды қарым-қатынас тудыру
Г) Әңгімелеу
7. Педагогикалық қарым-қатынас стильдері
А) Шығармашылық іс-әрекет қарым-қатынасы
Ә) Достық қарым-қатынасы
Б) Қорқыту қарым-қатынасы
В) Ойын қарым-қатынасы
Г) Еңбек қарым-қатынасы
129
8. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ
ҚАЖЕТТІ ЭЛЕМЕНТІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЭТИКА МЕН
ТАКТ
Жоспары:
1. Педагогикалық қатынас және оның мұғалімнің кәсіби
қызметіндегі орны.
2. Педагогикалық қарым-қатынастың қажетті элементі
педагогикалық этика мен такт.
3. Педагог әдептілігін меңгеру шарттары
4. Сендіре білу – тілтабысудың негізгі әдісі ретінде
5. Мұғалімнің кәсібі қызметіндегі жанжалдар олардың түрлері
мен себептері. Дауларды шешу жолдары
6. Педагогикалық ұжымдагы әлеуметтік-психологиялық климат.
7. Педагогтың этикасы мен шеберлігі.
Негізгі ұғымдар: ұстаздық әдеп, тіл табысу
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы
тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана
қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие
болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты.
Қоғамнан тыс адам өмірінін болу мүмкін емес.
Кез келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-
қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен
«тілдесу» қажетін қанағаттандырмау- біртіндеп оның қасаң сезімді,
мейірімсіз болып өсуіне кішкентайынан айналасына әкеліп
соқтыратыны байқалып жүр. Cөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа
түсу қай жастағыларға болмасын оған киім-кешек, баспана, ұйқы,
демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс
қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап
басқалармен араластырмай ұстау жазаның ең ауыр түрі екендігіне
шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау, бұл
тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-
қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады,
еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап
шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас
ақпарат алумен шектелмейді, оның шеңбері аса кең, бұл көп қырлы
130
ұғым. Біздің бәріміз де бір-бірімізбен қарым-қатынас жасаймыз.
Қарым-қатынас дегеніміз тіл арқылы пікір алысу. Адамның
ең жарқын ерекшеліктерінің бірі – оның сөйлеу қабілеттілігі.
Сөз - адам психикасының өмір сүруінің аса маңызды факторы.
Қарым-қатынассыз қоғам ыдырап кетеді. Қарым-қатынас жасау
мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-
қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды
қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер
тілді қарым-қатынас құралы, қоғам жасаған білімдерді таратушы
ретінде зерттеп келеді.
Коммуникацияның түрлі формаларын зерттеу, адамның қарым-
қатынас жайлы білімімізді кеңейтті. Сөйлеу құралымен қатар адам
қарым-қатынасының сөзден тыс жолдары: келбет, ым, мимика,
серіктестердің бір-біріне қатысты жағдайы, бейнелеу кең зерттеле
бастады.
Адамның сыртқы түрі саналы өзгереді және белгілі дәрежеде
адам өзі оны өзгертеді. Адам келбеті физиономиялық маскадан,
киімнен, жүріс-тұрыс кейпінен құралады. Физиономиялық маска
адамның басым ойынан, сезімінен, қарым-қатынасынан тұрады.
Физиономиялық маскалардан ызғарды, жайдарлылықты, өр
көкіректікті, мейірбандықты және басқаларды аңғаруға болады.
Педагогикалық қарым-қатынас өте күрделі процесс. Тәрбие
әдістері педагогикалық қарым-қатынас арқылы іске асады. Оған
көптеген адамдардың қатынасы балаға ықпалы жатады. Ұстаздық
қызмет ұстаздық қызметті ұйымдастыру, балаларды ұжымда
тәрбиелеу, балалардың өзара қатынасын ұйымдастыру, балалардың
өзара қатынасы бала тәрбиесіндегі қолданатын әдіс, тәсілдері,
құралдары болып табылады. Мұның бәрі педагогикалық қатынас
арқылы іске асады, ұстаз баланы соған тәрбиелейді.
Шындығында, педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке
қатынасты дұрыс жүргізу үшін ынта керек. Ынта дегеніміз - белгілі-
бір іске адамның ықыласпен кірісіп, оны нәтижелі орындауы,
алдына қойған мақсатты жете түсінуі. Ұстаздың ынтасы оқу-тәрбие
процесінде дамиды.
Ұстаздық педагогикалық қатынасты жүргізу үшін бейімділік
керек, яғни мұғалімдік мамандыққа бейімділік, балалармен қарым-
қатынас жасау, олармен ойнау, жұмыс істеу процесінде білінеді.
Педагогикалық қатынасқа ұстаздың қабілеті де керек. Белгілі
іске бейімділік және адамның қабілетіне байланысты. Ал жеке
131
адамның белгілі іс әрекетінің нәтижесін танытатын психикалық
қасиетті қабілет дейді.
Сонымен, педагогикалық қатынас жасау ұстаздың балаға
сүйіспеншілігі, қызметіне ынтасы, бейімділігі, қабілеті, ұстаздық
нышаны, дарындылығы болу керек.
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес жеке адаммен
де қарым-қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын, ұстаз бен
шәкірт, шәкірт пен шәкірт т.б. өзара қарым-қатынаста болады. Олар
айтысады, тартысады, пікірлеседі, ой бөліседі. Соның арқасынды
өмірден мол тәжірибе жинақтайды, тәрбие әдістерін, тәсілдерін
қолданады. Қазіргі қатынас кешегі кеңес дәуіріндегі қатынастан
бөлек. Ол - ашық бүкпесіз қатынас. Жеке қарым-қатынастан
ұжымдық қарым-қатынасқа көшеді. Қарап тұрсақ, ұжымның өзі
көптеген жеке топтардан 2-3 адамдардан тұрады. Бұл әрбір жеке
адамның жас дүниесін, рухын байытады, сауатын ашады. Ұжым-
әрбір жеке адам үшін тәрбие мектебі.
Ұжымдағы көңіл-күймен қоғамдық пікір эмоциялық күш-
қуатпен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-
психологиялық климатпен айқындалады. «Психологиялық климат»,
«Әлеуметтік психологиялық климат», немесе «Микроклимат»
ұғымдары ғылыми емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Әлеуметтік-
психологиялық климат ұжым мүшелерінің бірлескен іс-әрекетпен
өзара қатынас процесінің сипатын танытатын ұжымның сезімдік-
психологиялық жағдайларының жүйесін білдіреді. Әлеуметтік-
психологиялық климатты осылай түсіне отырып, оның мынадай
негізгі қызметтерін атауға болады. Педагогикалық ұжымның
әлеуметтік-психологиялық климатының топтастырушылық қызметі
ұжым мүшелерінің оқу-тәрбие міндеттерін шешуге ұжымдық күш-
жігерді топтастыруын, бірігуін іске асырады. Ынталандырушылық
қызметі педагогикалық әрекеттің қолдануына қажетті ұжымның
«эмоциалдық
күш-қуатын»
қалыптастыруға
байланысты.
Тұрақтандырушылық
қызметі
ұжымішілік
тұрақтылығын
қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті алғышарт
жасайды. Реттеушілік қызмет өзара қатынас нормаларын нығайтуда,
ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Психологияда қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың
басты көрсеткіштерін айқындау бағытында зерттеулер жүргізілуде.
Бір жағдайларда көрсеткіш ерекшеліктері ретінде тұлға аралық,
132
адамгершілік, сезімдік, құқықтық өзара қатынастар қарастырылса,
ендігі бір жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша
жалпы сипаттамасына аса мән беріледі. Ондай сипаттамалаға
мыналар жатады:
- Ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек процесі
мен нәтижесінің қанағаттануы;
- Ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
- Ұжымдағы жарқын, көтерінкі көңіл-күй;
- Ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі басқаруға
қатысуының жоғары деңгейі;
- Ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
- Сапалы тәртіп;
- Еңбектің өнімділігі;
- Кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы әлеуметтік-психологиялық климаттың бұл белгілерін
педагогикалық ұжымға баға беруде қолданылуға болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда ол
ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал жасайды.
Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда тәжірибелі
немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал немқұрайдылық,
селқостық немесе қысым үстемдік еткен жағдайда ұжым мүшесі
ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді. Бұл жағдай оның кәсіптік
қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың пайда болуына, тіпті басқа
ұжымға ауысуына апарып соғады.
Кең көлемдегі кәсіптік педагогикалық міндеттерін атқара жүріп
мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын қажетсінеді.
Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан берілген бағаны
түсінуге бейім. Жағымды баға педагогты ынталандырады. Жағымсыз
баға өзінің қызметін, кәсіптік позициясын, өзгелермен қарым-
қатынасын қайта қарауға негіз болады. Сондықтан педагогикалық
ұжымдағы қатынас өзара сыйластық, принципті, талапшылдық әрі
тілеулестік сипатта болуды талап етеді.
Әлеуметтік-психологиялық
климаттың
тұлғаға
ықпал
жасауының механизмі еліктеуден - өзге адамдардың сезімін, ойларын
тікелей қолдану, пайдаланудан тұрады. Педагогикалық қызмет
барысында кейбір мұғалімдер өзара әріптестерінің эмоциялық
жағдайын түсінуге және оған төзуге қабілетті болса, екіншілер оның
психологиялық жағдайына талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен
133
сәйкес келетін, келмейтіндігін салыстыруға бейім. Ұзақ уақыт
бірлесе қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін
едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық көңіл-
күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан жағдайда
шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді.
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның ұжымдағы
климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, принципті, іске
жауапкершілікпен қарайтын, тәртіпті, көпшіл, қайырымды, әдепті
педагогтар ұжымда жағымды климат қалыптастыруға елеулі ықпал
жасай алады. Ал керісінше, тоғышар, әдепсіз, тәртібі тиянақсыз,
ұжым мүшесі жағымсыз климат орнықтыруға ықпал жасайды.
Ұжымның жалпы климаты оның мүшелерінің интеллектуалдық,
сезімдік және мінездерінің жігерлілік белгілеріне тәуелді болып
келеді. Жекелеген педагогтардың танымдық белсенділігі, өнер
тапқыштығы ұжымды инновациялық қызметті дамытып, жаңа
технологияларды іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші
өзгелерді соңынан ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы,
сезімі, ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырса, онда
табысқа жету қиын емес.
Жағымды психологиялық климат қалыптастыруға кедергі
жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті
немесе «Климаттық ауытқуды» атауға болады.
“ Конфликт” сөзі латын тілінен аударғанда “Conflkt’s” –
қақтығысу мағынасын білдіреді.
Шетелдік педагогикалық-психологиялық әдебиеттерде конфликт
деп құндылық үшін күрес және белгілі бір статус, ресурстар үшін
таласу барысында қарсыласты бейтараптандыру, зиян келтіру деп
көрсетіледі. (Л. Козер).
Психологиялық тұрғыда конфликт дегеніміз әр түрлі адамдар
арасындағы қақтығыс, ортақ қажеттіліктердің, ойлар мен
сезімдердің болмауы.
Педагогикалық конфликтінің ерекшеліктері:
- Проблемалық ситуацияларда мұғалімнің дұрыс шешім
қабылдауға жауаптылығы;
- Конфликтіге қатысушылар әр түрлі әлеуметтік статусқа ие;
- Өмір тәжірибесі әр түрі;
- Конфликт тәрбиелік мәнге ие болуы тиіс;
- Мұғалім инициативаны өз қолына алуы керек;
134
- Кез келген қателік жаңа проблема тударуы мүмкін.
Конфликтінің түрлері:
- тұлға ішілік
- тұлға аралық
- топ аралық
- тұлғалық-топтық
Тұлға ішілік конфликт – бұл тұлғаның мотивтері,
қызығушылықтары, арасындағы күресті бейнелейді.
Тұлға аралық конфликт – бұл тұлғалар арасында бір-біріне
қарама-қарсы келетін мақсаттарды орындау барысында іс-әрекетте
туындайтын конфликтілермен сипатталады.
Топ аралық конфликт – бұл әлеуметтік топтар арасында
мақсаттар мен оларға жету жолдарының қарама-қарсы келуінен
туындайтын конфликтілер.
Тұлғалық-топтық конфликт - тұлғаның мінез-құлқы мен
тәлім-тәртібі топтың нормалары мен қалауына сәйкес келмегенде
туындайды.
Конфликтінің туындау себептері (М. М. Рыбакова бойынша) :
- іс-әрекет конфликтілері;
- қарым-қатынас конфликтілері;
- әрекет конфликтілері.
Іс-әрекет конфликтілері мұғалім мен оқушы арасында
туындайды және оқушы белгілі бір тапсырманы орындаудан бас
тартқанда немесе дұрыс орындамаған жағдайда пайда болады.
Бұл конфликттер көбінесе оқуда қиындық көретін оқушылар
мен мұғалім сыныпқа жаңадан келген жағдайда туындайды.
Қарым-қатынас конфликтілері – педагогтың проблемалы
ситуацияларды шеше алмауы барысында туындайды, ол көбінесе
ұзақ мерзімге созылады. Бұл конфликтілер тұлғалық сипатқа
ие болады, оқушының мұғалімге деген жек көрушілік сезімін
туындатады.
Әрекет конфликтілері мұғалімнің конфликтіні шешуде
туындаған кез келген қателіктері жаңа мәселелер мен конфликттер
туындатады. Педагогикалық іс-әрекеттегі конфликтілерді шешуден
қарағанда оның алдын-алу жеңіл.
Мұғалім конфликт барысында өзінің позициясын анықтап
алғаны дұрыс, себебі сынып оның жағында болған жағдайда
конфликтіден шығу жеңіл өтеді.
135
- Педагогикалық конфликт құрылымы:
- Объектісі;
- Субъектілері;
- Пәні;
- Инцидент
- Конфликтілік қарым-қатынастар
- Мотивтері;
- Нәтижесі
Әлеуметтік-психологиялық келіспеушілікті көптеген мамандар
адамдардың тікелей қарым-қатынасы саласында пайда болатын
қарама-қайшылықтың күрт шиеленісіп кетуі ретінде қарастырады.
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушіліктер өз
табиғатында тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай
жағдайда адамдар іс-әрекеттің мақсатына келіспейді немесе оған
қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әр-түрлі пікірлерде
болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің салдары болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық келіспеушіліктер бірлескен
педагогикалық әрекет процессінде орныққан өзара байланыстың
бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық қызметке
байланысты мұғалімдер, басшылар арасындағы іскерлік сипаттағы
байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің негізгі
үш тобын бөліп көрсетуге болады.
1. Кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа жетуге кедергі
келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан туындайтын
кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер жұмыстағы
ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және
өз ісін жете білмеуінен туындайды.
2. Педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына сай
келмеуіне, сол сияқты мінез-құлықпен іс-әрекеттің ұжым
мүшелерінің бір-бірінен күткен талаптарына сай келмеуінен
туындайтын. Ол педагогтың өз әріптестеріне және оқушыларға
көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік этика нормаларының бұзылуы, ұжым
талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
3. Педагогикалық процестерге қатысушылардың мінез бен
темпераменттік ерекшеліктер негізінде тұлғалық сәйкессіздіктен
туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен ұстамдылық,
136
өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы, эмиоциялық
тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты сапалар құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің
бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған
жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды
шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау; келіспеушіліктің түйінін
шешу. Келіспеушіліктің алдын алу кезінде сол адамның неге
осылай жасағандығын анықтаудың маңызы зор. Мектеп басшысы
қалыптасқан келіспеушілік ахуалға немқұрайлы қарамауы тиіс,
сондықтан ол келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып
қалыптасқан жағдайда бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті
басқару кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды
алдағы кездесуге, араласуға психологиялық тұрғыдан дайындау
тиіс.
Егер келіспеушілікті бастапқы кезеңінде келістіру мүмкін
болмаса, онда оны шешудің тактикасы мен стратегиясы жасалуы
керек. Оны мектеп директоры немесе оның орынбасарлары іске
асырады, қажет болған жағдайда ұжымдық шешім қабылданады. Ол
бойынша келіспеуші ұжым мүшелеріне біршама уақыт бір-бірімен
араласпау немесе ол араласуды шектеу туралы шарт қойылуы
мүмкін. Кәсіптік келіспеушіліктер еңбек жағдайын, оқу-тәрбие
процесін өзгерту, мектеп жұмысының тәртібіне түзету енгізу арқылы
реттеледі. Ал тұлғалық сәйкессіздіктен туындаған келіспеушілікті
жою күрделі сипат алады. Бұндай жағдайда басшы келіспеуші
жақтарға өзге де пікірлердің өмір сүруін мойындататындай шешім
қабылдайды.
Қарым-катынас кезінде жеке тұлғаның өмірлік құндылықтары,
әлемге деген көзқарасы және тұлғалық этикалық принциптері
дамиды.
Тұлға үшін коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған
тұрақты және нақты тіл табысуды ұйымдастыру әдістері мен
тәсілдерінің жиыны тіл табысу стилі деп аталады. Адамдарды,
ұжымды басқару, қадағалау, бағыттап отыру әрекеті демократиялық,
авторитарлы, және либералды стильге бөлінсе, кәсіптік
педагогикалық тіл табысуды да көптеген авторлар осы үш стильге
бөледі. Бұл басқару іс-әрекетінде жаттықтырушының маңызды
құрамдас бөлігі болып табылатындығы негізделген: жаттықтырушы
спорттық ұжымды басқаруды жүзеге асырады. Сондықтан мына
137
түсініктерді қолдану дұрыс болып саналады: педагогикалық тіл
табысу стилі, жаттықтырушының спорттық ұжымды синонимдік
басқару стилі, жетекшілік стилі, ұжымдарды басқару мәселелерін
зерттеумен айналысып жүрген мамандар жетекшілік стилін былай
сипаттайды:
Педагогикалық қарым-қатынас – күрделі процесс. Оған
көптеген адамдардың қатынасы, балаға ықпалы жатады. Ұстаздық
қызмет, ұстаздық қызметті ұйымдастырудың, балаларды ұжымда
тәрбиелеу, баланың өзара қатынасын ұйымдастырудың тәрбиесінде
қолданылатын әдіс, тәсілдер, құралдары болып табылады. Мұның
бәрі педагогикалық қатынас арқылы іске асады, ұстаз баланы соған
тәрбиелейді.
Ұстазға педагогикалық қарым-қатынасты орнату барысында
балаға сүйіспеншілігі, қызметіне ынтасы, бейімділігі, қабілеті,
ұстаздық нышаны, дарындылығы болу керек.
Әсіресе, педагогикалық іс-әрекеттің нәтижелі болуы бірін-бірі
толықтыратын бірнеше іскерлікке, қабілетке байланысты. Қатынас
үшке бөлінеді:
- ішкі қатынас
- сыртқы қатынас
- табиғатпен қатынас.
1. Ішкі қатынас – бұл адамның өзімен-өзінің кеңесуі Қазақ
мұндайда, «қабырғаңмен тілдес» дейді. Бұл да қатынастың бір
жолы.
2. Сыртқы қатынас жеке адам бірімен және ұжыммен, топпен,
ұстазбен, қатынасады. Бұл қатынастардың әрқайсының көздеген
мақсаты, мазмұны, әдісі, тәсілі, бар.
3. Адам тірі және өлі табиғатпен, заттармен, жан-жануарлармен
тілдесе отырып қатынас жасайды.
Ұстаз ішкі, сыртқы және табиғатпен қатынастарды
жасөспірімдерге үйретеді, ықпал етеді. Педогогикалық қатынастың
ерекшелігі оның мақсаттылығында, саналылығында, білімділік,
тәрбиелік құндылығында.
Педагогикалық қатынастың нәтижесіндегі бірнеше жағдайға:
а) балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне;
ә) баланың психикалық, эмоциялық (сезімталдық) жағдайына,
баланың ойын табуға;
б) ұстаздық шеберлігіне, тартымдылығына, сауаттылығына,
баланы өзіне қарата білуіне.
138
Тек осы жағдайларды ескергенде ғана педогогикалық қатынас
нәтижелі болады байланысты.
Кәсіби педагогикалық қарым-қатынастың сипаттары:
1. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір
кәсіби қасиет-сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін
анықтауға бірқатар ғалымдар(А. Сатынская, В. А. Сластенин, К.
Успанов және т.б) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс
теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Хмель Н. Д),
педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның
салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын
педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады Сонымен,
біртұтас педагогикалық процестің нәтижелі «педагогтар-оқушылар»
жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне
байланысты. «Оқушы» жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған
болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен
материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып
табылады. «Оқушылар» қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл
болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің
қызметін жандандыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар
сапаларды қалыптастырудың неге қажет екенін көрсетеді.
Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді
жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде
қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін
қалыптастыруға қатысты.
Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және
оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының
негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы
арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында
бұл өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады
және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді.
Қызмет барысында сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді.
Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде
балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болу керек.
Тұтас педагогикалық процесс және балалар ұжымы
теорияларының негізгі қағидаларына сүйене отырып, мұғалімге,
сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді
жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулер қажет.
1) Мұғалім іс-әрекетінің заңдылықтарының, қозғаушы күш-
терінің және тәрбиелеу механизімдерінің объектісі ретінде педа-
гогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.
139
2) Оқушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірбиесі және
оның негіздері мен даму заңдылықтары жөнінде біртұтас түсініктің
болуы.
3) Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін
диагностика жасай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі
көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау
үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.
4) Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі құралдарын білу
және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана
алу.
5) Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес
жалпы мақсатқа жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-
әрекеттерін ұйымдастыра алу;
6) Алғашқы ұжымдық қалыптасудың мұғалімнің педагогикалық
жетекшілігімен ұжымда өзін-өзі басқаруды үйлестіре алу.
7) Мектеп және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды
басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.
Педагогикалық қатынастың бірнеше түрі бар: қызметтестік,
техникалық, көркемөнерпаздық, спорттық, жалпы ортақ адам-
гершілік, діни, сымбаттылық т.б. Осы қатынастың көпшілігі ұжымда
өтеді.
Күнделікті өмірде адам тек қана ұжыммен емес, жеке адамдармен
де қарым-қатынаста болады. Үлкен болсын, кіші болсын ұстаз бен
шәкірт, шәкірт пен шәкірт т.б. өзара қарым-қатынаста болады. Олар
айтысады, тартысады, пікірлеседі, ой бөліседі. Соның арқасында
өмірден мол тәжірибе жинақтайды, тәрбие әдістерін, тәсілдерін
қолданады.
Мұғалімнің қоғамнан алатын орны зор. Олай болатын себебі,
мұғалімнің еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Өйткені ол жас ұрпақтың
болашақ тағдыры үшін өзін жауапты сезінеді, оның тәртібі, білімі,
қоғамнан алатын орны, адамгершілігі, белсенділігі, іскерлігі үшін
күресетін, оның жүрегіне жол тауып, оның жан дүниесінің таза,
қоғам үшін жан тәні мен еңбек етуге құштарлығын оятатын, білімге
деген ішкі қажеттігін оята отырып, баланы білімге ұмтылдырып
талаптандыратын мұғалім. Оны осы қасиеттері үшін адам жанының
инженері деп атайды.
Өмірдің әрі салалары секілді, педогогикалық істе де таланттар
сирек кездеседі. Әрине, әр мұғалімге талантты болмауына да
болады. Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
140
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары
бар.
Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан
хабары бар, әртүрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп
өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әр түрлі
сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
А. С. Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген,
бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы
сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.
Такт – бұл адамдармен қарым-қатынасты реттеуге көмектесетін
жағымды категория болып табылады.
Гуманизм қағидасына (принципіне ) негізделе отырып, әдептілік,
мінез-құлық, жүріс, тұрыс өте қиын және қарама қайшылықты
жағдайларда адамдарға деген құрмет, ізеттің сақтауын талап етеді.
Әдепті болу - әрбір адамға өнегелі, әдепті болуды талап етеді,
әсіресе ол мұғалімге, себебі мұғалім жеке тұлғаның дамуына
қатысып, өзіндік қасиеттерді қалыптастырады.
Педогогикалық такт – мұғалімнің кәсіби санасына, шеберлігінің
бөлігі. Педогогикалық такт жалпы такт түсінігінен мыналар арқылы
ерекшеленеді: мұғалімнің жеке, өзіндік қасиетін (әдептілік, құрмет,
балаға деген мейрім, кішіпейілдік) белгілейді.
Сонымен, педагогикалық такт – бұл оқытушы мен оқушының
орынды іс-әрекетіндегі педагогикалық өлшем бірлігі, қарым-
қатынастың өнімді стилін құра білу шеберлігі. Педагогикалық такт
оқушылармен қарым-қатынасқа түсу барысында сыйлай отырып,
мұғалім балаларға құрмет көрсетуге міндетті.
Педагогикалық такт – мұғалімнің салмақты, байсалды мінез-
құлқынан көрініс табады.
Педагогикалық такт – мұғалімнің мінезіндегі жоғары
гумандылық, оқушының қасиетін құрметтеу, әділдігі және
әрекетіндегі балаға, ата-аналарға, еңбек бойынша әріптестеріне
қатысты шыдамдылығы мен өзін-өзі ұстай білуінің сана-сезімдік
өлшемі; педагогикалық этиканы іске асыру формаларының бірі.
Өзіндік жұмысты мұғалім сенімімен бақылау керек. Практиканы
мұғалімге оқушыларды ұдайы тексермей-ақ, олардың әрбір
қозғалысын бақылауға болады. Мұғалім мен оқушы арасындағы
дау-жанжал бұл мұғалімінң тактісінің дұрыс қалыптаспауының
себебінен туындайды.
141
Мұғалімге такт сабақтың барлық этабында қажет. Әсіресе,
оқушылардың білімін бағалау, тексеру кезінде көңіл аудару керек.
Мұнда такт оқушының жауабын тыңдауға шеберлігін білдіреді:
жауаптың формасына мазмұнына көңіл аудару, қиын оқушыларға
төзе білу.
Барлық оқушы жауап беру кезінде өзіне көңіл қойып
тыңдағанды, жақсы көреді. Жауап беру барысында қолдау көрсету:
жақсы көзқарас, күлімдеу, мимика, сонымен қатар баға қою кезінде
өте маңызды болып есептеледі. Сонымен педагогикалық такт
мұғалімнің мінез-құлқы, жүріс-тұрысы. Өйткені, педагог оқушының
алдында әртүрлі рөлге еніп шығады.
Сабақта – айқындық, қаталдық, кластың берілген тапсырмаға
дайын болмаған жағдайда өзін-өзі ұстай біліп, салқын қанды болу
керек. Сыныптан тыс жұмысты – еш зорлықсыз, сырластықпен,
әсіресе жеке тұлғамен сұхбат жүргізу тиімді.
Тәрбие беру існдегі аса маңызды жайттардың бірі – педагогикалық
такт. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы мақсатқа сай
адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім оқушыларға педагогикалық
ықпал жасайды.
Ықпал оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі.
Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл
жұртшылық үшін үлгі- өнеге. Ол әркез көпшіліктің бақылауында
болады.
Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті
болуында тактыға жатады. Әділетті ұстазды бола әр кезде бағалап,
сыйлайды. Үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі
ұмтылмайтын, педагогикалық істің шебері.
Қорыта айтқанда мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол
өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген,
өз ұлтының әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан
сіңірген зиялы адам болуы керек.
Педагогтық әдеп – мұғалімнің ең жақын кәсіптік белгісі. Ол
әртүрлі әрекет саласында педагогтың балалармен дұрыс қарым-
қатынас жасауы. Жалпы әдеп «жұғысу», «адамдар арақатынасының
түрі» мағынасында қолданады. Ал этикалық сөздікте «әдеп»
адамдар арасындағы қатынастың ерекшеліктерін, мінез-құлық
кодексін айтады. Бірақ бұл анықтама толық емес.
142
Педагогтық әдеп – этика ғылымының салыстырмалы дербес
бөлімі. Ол педморальдің ерекшеліктері мен кәсіптік ортадағы
өнегелік қатынастарды зерттейді. Педагогтық әдеп - мұғалімдер
арасындағы пайда болған қарым-қатынастың ерекшеліктерін,
мінез-құлықының, киінуінің, балалармен қарым-қатынасының
және т.б. жиынтығын білдіреді. Мұғалім кәсібінің ерекшелігі ең
алдымен оның педагогтық әдебіне жатады. Әнші немесе музыкант
үшін музыканы ұғу қандай қажет болса, мұғалім үшін педагогтық
әдеп сондай қажет.
Педагогтық әдеп-жастардың тәлімгері ретінде өзіне қойылатын
әлеуметтік үмітті тепе-тең қабылдау негізінде құрылатын
мұғалімнің мінез-құлқы. Бұл педагогтың шәкірттерімен, олардың
ата-аналарымен және әріптестерімен дұрыс қарым-қатынасты
қолдау іскерліктер мен өлшемдерді сезіне алуы арқылы көрінеді.
Педагогтық әдеп оқуда да, тәрбиеде де өте қажет. Оның рөлі
тәрбие жұмысында тіпті ерекше. Әдеп әлемінен алыстау кезінде
мұғалімнің тәрбиесі нәтиже бермейді. Моральдық сенімді, ынта,
ықылас және талғамды күштеп қалыптастырмайды. Қалыптастыру
үшін амал біреу: балалар мұғалімдерін шексіз сүйіп, құрмет тұтуы
керек. Балалар көбінесе ескертпе жасағыш, сол арқылы өздерінің
артықшылықтарын көрсетуге, үстемдік жүргізуге тырысатын
мұғалімдерді жүре тыңдайды. Сондықтан, педагогтық әдепті
сақтамайынша, олармен тіл табысу мүмкін емес. Белгілі психолог
М. Д. Левитов айтып көрсеткендей, педагог әдептен құр қол
болса, балалардың әрекетіне залалы тиеді, олардың бойында кейін
түзетуге қиын соғатын неше түрлі жаман әдеп, қылықтардың пайда
болуына себеп болады. М. Д. Левитовтың байқауынша, мұғалімнің
әдеп әлемінен алыстығы, оқушыларды тұйықтыққа, сенімсіздікке,
жаман оқуға бастап, тәртіп бұзуға итермелейді. Олар мұғалімге
өшігіп, бәрін теріс ұстауға бейім тұратын көрінеді. Әдетте, әдепті
адамдарды олардың кішіпейілділік, басқаны түсіне білушілік,
жылы шырайлық, тапқырлық, елгезектік, өзгенің пікіріне құлақ
салушылық, ұстамдылық, байсалдылық, сияқты мінез-құлық
белгілеріне қарап тануға болады.
Жалпы әдеп және педагогтық әдеп бар. Кез келген тәрбиеші,
мәдениетті адамның бойынан педагогтық әдеп табыла бермейді.
Педагогтық әдеп – медициналық қызметкерлерінің дәрігерлік
этикасы сияқты мұғалімнің кәсіптік белгісі. Педагогтардың
143
кейбіреулері педагогтық әдеп - мұғалімнің балаларды баурап
алатын табиғи қабілеті десе, енді біреулері – мұғалімнің жалпы
мәдениетінің құрамдас бөлігі, ал үшіншілері – пәнді жетік
білу және оның әдістемесін жақсы меңгеру деп есептейді. Бұл
айтылғандардың барлығы да қай-қайсысында педагогтық әдептің
азды-көпті белгілері бар. Педагогтық әдепті мұғалімнің жалпы
мәдениеті тәртібі және жалпы әдістемелік сауаттылығымен қою
қате. Педагогтық әдеп мұғалімнің барлық жақсы қасиеттерімен
жымдасып жатады, бірақ өзіндік ерекшелігі болады. «Педагогтық
әдеп дегеннің өзі, шын мәнінде психологиялық әдеп», - деген
болатын К. Д. Ушинский.
Педагогтық әдеп тек қана педагогтық мораль принциптерінің
мәнін қарастырып қоймай, олардың категорияларының мәнін де
қарастырады.
Категориялары:
1. Кәсіби педагогтық борыш.
2. Педагогтық әділеттілік (әділдік), абырой.
3. Педагогтық беделділік.
Педагогтық әдептің басты ерекшелігінің бірі – мұғалім жас
буынға моральдық тәрбие беру процесінде қайталау арқылы
емес, бүкіл оқу-тәрбие жұмысын адамгершілікке тәрбиелеу ісімен
тығыз ұштастыра білуге байланысты болмақ. Бұл мұғалімнен
принципшілдік пен жауапкершілікті талап етеді.
Ұстаздың білімділігі жастардың моральдық қасиетін өзінен-
өзі қалыптастыра алмайды. Адам білімді болуы мүмкін, бірақ
оның мінез-құлқы , адамгершілік қасиеті кейбір жағдайларда
оның біліміне қайшы келуі мүмкін. Өмірде кейбір білімді адамдар
арасынан мораль нормасы мен принциптері қайшы келетін, сөзі мен
ісі арасында алшақтық бар адамдар да кездесіп отырады.
Педагогтық әдептің тағы бір ерекшелігі – мұғалім жас ұрпаққа
белгілі бір салада жүйелі білім беру мен қатар, өздерінің іс-әрекеті,
дүниеге көзқарасы, адамгершілік пен гуманистік қасиеттері арқылы
оларды мораль нормаларына тәрбиелеуі тиіс.
Кәсіби борыш - педагогтық әдептің ең маңызды категорияларының
бірі. Бұл түсінікке мұғалімнің жеке басына қоғамның қоятын
талаптары мен моральдық ұйғарымның жиынтығы туралы, кәсіби
міндеттерді орындауы туралы, яғни анықталған еңбек функциясын
жүзеге асыру, оқушылардың және олардың ата-аналарымен,
144
әріптестерімен дұрыс өзара қарым-қатынас орнату, таңдаған
кәсібіне деген өзінің қатынасын терең сезінуі.
Кәсіби педагогтық борышта мұғалімнің өзінің еңбегіне деген
шығармашылық қатынас жасауға қажеттілігін, өзіне ерекше талап
қоюға, кәсіби білімін көтеруге, оқушыны және оның ата-анасын
құрметтеуге және т.б. бағдарланған.
Педагогтық әдепте әділдік түсінігінің ерекшеліктері бар. Әділдік
педагогтық моральда мұғалімдердің объективтілігін, балалардың
қылықтарын, олардың оқуға және қоғамдық пайдалы іс-әрекетке
қатынасын бағалауда көрінетін адамгершілік тәрбиелілігінің
деңгейінің өлшемін білдіреді.
Әділдік бір жағынан мұғалімнің адамгершілік қасиеті ретінде,
екінші жағынан оқушылардың іс-әрекетін бағалау өлшемі ретінде
қабылданады. Әділеттілік педагогтық қызметте оқушылардың оқу
процесіндегі еңбегін әділ бағалау арқылы жүзеге асады. Бағаны
дұрыс, орынды пайдалану тәрбиелік мәні зор. Баға балалардың
сана-сезіміне, психикасына, қылықтарына үлкен әсер етеді. Бала
тек «бестік» бағаны қалайда алуды мақсат тұтпау керек, ол үшін
көп еңбек етудің қажеттілігін ұғуға, материалды толық игеруге
дағдыландыру керек. Сол сияқты «екілік» баға оқушыларды
мұқатуға қолданылатын, яғни мұғалімнің субъективтік көңіл-
күйінің нәтижесі емес, оқушының жеке басындағы ұқыпсыздық
немесе жалқаулығының салдары екендігін көрсететіндей болуы
қажет. Әрбір әділ қойылмаған баға балаға моральдық соққы. Бағаны
артық не кем қою мұғалімнің әділетсіздігінің кепілі. Оқытушының
сөзі мен ісі арасындағы алшақтық баланың моральдық ұғымына
теріс әсер етеді.
Әділетілік пен абыройдың арасында біте қайнасқан білік бар.
Себебі, әділетті мұғалім оқушылар арасында абыройлы келеді.
Бірақ абырой тек әділетті болу емес, педагогтың өз жұмысына
шебер келіп, көп еңбек сіңіруге байланысты болып келеді. Мысалы,
кейбіреулер балаларға қатал көзбен қарау арқылы абыройлы болып
көрінем деуі мүмкін. Осындай жағдайда оқушы сырттай мұғалімнің
тілін алып, сөзін тыңдайтын болғанмен, іштей оны жақсы
бағалай бермейді. Кейбір мұғалімдер сабақты асқан шеберлікпен,
бағдарламалық материалды жақсы игерген, білімдарлықпен өткізуі
мүмкін. Бірақ оқушылар арасында беделі болмауы мүмкін. Бұл
мұғалімдер өздерінің білімдарлығымен, түсіндіру тонымен оларды
145
басып тастайтынын сезбейді. Мұндай мұғалімдерге оқушылар
сұрақ қоймайды. Себебі, «Сіз мынаны білмейсіз бе?», «Енді сіз нені
білесіз?» деген репликаны естуі мүмкін.
Педагогтық беделдің деңгейі –білімнің тереңдігімен, әдеп-
тілігімен, шеберлігімен, жұмысқа қатынасымен мұғалімнің қоғам-
дық белсенділігін, педагогикалық тактикасымен айқындалады.
А. С. Макаренконың айтуынша, педагогтық белгінің болуы
қорқыту емес, ол талап етушілік және тәрбиеленушілерді құрметтеу
ғана әсер етеді дейді.
Педагогтық әдепке жат, жарасымсыз тәсілдер:
- Өзін айрықша адам етіп көрсету, өз әріптестерінен дараланып
көрінуге әуестену, оларға кекете қарау («Мен сендерге бәленше
емеспін», «А, ол ма, неге менен сұрамадыңдар?» деген сияқты және
т.б.);
- Өз пәнінің маңызын дәріптеп, басқалардың пәнін кемсіту («Бұл
сендерге қалай болса солай сөйлейтін тарих емес, бұл математика.
Мұнда ойлану керек, мұндағы үштік, бестіктен өтімдірек» деген
сияқты және т.б.);
- Оқушыларға көлгірсу, жағымпаздану, бағаларын өсіру («сіздің
сыныпты бәрінен де жақсы көремін» деген сияқты және т.б.);
- Оқушыларға қоқан лоққы жасау, белгілі адамдармен
таныстығына сүйену;
Сөйтіп өз беделдін ептеп септеп көтеруге қолы жеткен мұғалімдер
онысынан да тез айрылады. Сондықтан беделге ие болу ғана емес,
оны сақтау да маңызды.
Педагогтық әдеп жаттау, еске сақтау және жаттығу жолымен
жасалмайды. Педагогтық әдеп әр мұғалімде әр түрлі және әрқалай
көрініс беруі мүмкін. Бұл оның жас ерекшелігіне, темпераментіне,
мінез құлқына және т.б. ерекшеліктерге байланысты.
Мұғалімнің әдебін құрайтын компоненттер көп. Олардың
бастылары: педагогтық оптимизм, педагогтық такт, педагогикалық
техника, шеберлік, байқағыштық, психологиялық қырағыштық,
күшті ерік жігер, сөйлеу және сезім мәдениеттілігі, қылық сұлулығы,
ұстамдылығы, талант, бейімділік, ұйымдатырушылық.
Оқушылармен дұрыс іскерлік және эмоциялық қарым қатынас
орнату күрделі іс. Ол педагогтардан жоғары шеберлікті, кәсіби
білгірлікті, іскерлік пен дағдыны қажет етеді. Педагогтық әдеп
түптеп келгенде педагогтық тактика болып табылады. «Такт»
146
латынша «жанасу», «түйсіну» дегеннен, ал «тактика» грекше
«тәртіпке келтіру» деген сөзден шыққан. Біз көбінесе осы терминді
екіншісімен алмастырып жібереміз, педагогтық тактикамен істес
бола отырып, педагогтық әдеп туралы айтамыз. «Педагогтың әдебі
нашар», қайырымдылығы, сыпайылығы нашар, балаларға деген
сүйіспеншілігі нашар т.б. деумен бірдей. Ал педагогтық тактика
тым күрделі жақсыдан жаманға, мейілінше жетілгендіктен, қара
дүрсіндікке және тәрбие талаптарына сай еместікке мәні болуы
мүмкін. Әрбір мұғалім оқушылармен қарым қатынасты белгілі бір
тактиканы қолдана береді, бірақ онда педагогтық әдебінің болмауы
ықтимал. Былайша айтқанда, оқытушы бір сыныптың оқушыларын
бағындыруға, олардың қарсылығын тойтаруға бағытталған
үркітулері, жазалауы, дауыс көтеру және т.б. жақсы болмаса
да әрине өзіндік тактикасы бар, бірақ ол педагогтық әдеп бола
алмайды. Кейбір ұстаздар балаларға қарап, оларды қадірлеп, кең
пейілді, әдепті болғанымен, олармен қоян қолтық сөйлесе алмайтын
жағдай болады. Оның сабағында тәртіпсіздік үстем етеді, балалар үй
тапсырмасын орындамайды, тыңдамайды, яғни оны сыйламайды.
Мұндай оқытушының әдептілігі жоқ деп кінәлауға болмайды. Онда
әдеп бар. Бірақ оның тактикасы жетілмеген, тактикалық амал-
тәсілдерінің қоры аз, ұйымдастыру мен жүйелілік мүлде жоқ.
Педагогтық тактика мұғалімнің бір сөз тіркесін сан құбылтып
айтатын алуан түрлі дауыс ырғығы, күлімсіреу, әсерлі көзқарас,
ым қимылдарының жинақталған шоғыры. Сан құбылатын дауыс
ырғағының ішінен тек бажылдауды, ал бар сөздік құралдардан:
«Қимылдама», «Үніңді шығарма», «Сөйлемей отыр» деген сияқты
мезі болған сөздер жиынтығын қолданатын «техникалық» жағынан
қаруланбаған мұғалімдердің табысқа жетуі шамалы болады.
Әсер ету құралдарын ұзақ қолдануға болмайтындығы белгілі.
Олар «тозады». Егер, ол педагог өз тактикасын өзгертпесе, ол өз
оқушыларының көңілінен шықпайды.
Оқытушы педагогтық техниканы да меңгеруі тиіс. Ол қалай
тұру, қалай отыру, орындықтан қалай тұру, дауысты қалай көтеру,
қалай жымию, қалай қарау, дауысты ұстай білу, сыңай білдіру, көз
тастау өнері,т.б. педагог үшін дауысты билей білу маңызы зор. А. С.
Макаренко дауысты мұғалімнің жұмыс аспабы деді.
Педагогтың жеке дара мәдениеті – тұлға әлемі. Мәдениет – адам
әрекетінің саналы қызметінің көрінісі. Мұғалім мәдениеті өзін-
147
өзі жетілдіру үшін педагогикалық еңбектердің мақсаттарын және
оларға жету тәсілдерін еркін таңдауға мүмкіндік беретін кәсіби іс-
әрекет пен өзіндік сана сезім негізінде қолданады. Іс-әрекеттің және
интеллектуалды тәжірибесін меңгеру жайында туындайды.
Мұғалім заманауи жаңалықтардан хабары мол, өз пәнін жетік
білетін, жаңа озық іс-тәжірибеден өз қажетін тауып, өз керегіне
жарата білетін, кәсіби шеберлігін ұштай жүретін, жаңалықты сезіне
білетін, оны өз пәнін оқыту әдістемесіне батыл енгізе білетін жан.
Инновациялық мәдениет, ең әуелі мұғалімнің оқушымен қарым-
қатынасынан көрінеді. Үлкеннің кішіге бұйыруы, ақыл айтуы және
осыны істе деген үзілді кесілді талабымен емес, оқушыны өзін тең
тұтып, жасы кіші болғанымен, ой-білігі қатарлас әріптес ретінде
тануынан, қарауынан мұғалімнің мәдениеті, ішкі жан дүниесінің
байлығы байқалып тұрады.
Мұғалім білікті де білімді болса, оны шәкірт тез таниды,
сыйлайды. Сыйластық қарым-қатынастың бұзылуы, оқушының
мұғалім тапсырмасын орындамауынан, орындағысы келмегеннен
басталады. Мұғалім мәдениетінің тағы бір шарты - өз талабын
орындата алуы. Мұғалімнің өз шәкіртінің жай күліп түсініп оған
дем беруге, көмек көрсетуге дайын тұруы, бәрінен бұрын шәкірттің
еңбегін әділ бағалауы да мәдениеттіктің белгісі.
Ұстаздық әдеп – мұғалімнің көркі. Сондай-ақ, мұғалім мен
мұғалімнің қарым-қатынастағы ең маңызды көрсеткішінің бірі –
ұстаздық әдепті сақтау. Ұстаздық әдеп – инабаттылық, әділеттілік,
ұстанымдылық, адамгершілік және т.с.с. қасиеттерден көрініс беруі
тиіс. Ұжымда бір істейтін әріптестерінің арасында түсінбестік, дау-
дамай, кикілжіңдер кездесуі мүмкін. Мұндай жағдайда әр педагогтың
өзін ұстауы, өзін сыйлай білуі, өзгені сыйлай білуі, ойы, сөзі ұстазға
тән ерекшеленуі керек. Баланы түсінбестікке бола өз басның жалпы
ұстаз беделін түсірмеуі керек. Сондай-ақ, мынадай кемшілктер
мен келеңсіздіктерге қарсы тұрып, оларды жеңе білуі тиіс: шаршап
шалдығушылық, ұйқысыздық, аурушаңдық, басқа адмадар туралы
теріс ой-пікрлер айту, өзінің жұмысына салақтық немқұрайлық
таныту, ашуланшақтық, ынжықтық, орынсыз ұялшақтық және т.б.
Сендіру – адамдардың өзара әрекеттік қарым-қатынас жасау
процесінің құралы болып табылады. Сендіру обьктивтік процесс.
Сендірудің элементі педагогикалық іс-әрекетте практика барысын-
да орын алады. Дұрыс ұйымдастыруды сендіру оқушылардың
148
белсенділігін арттырады, ынталандырады. Сендірудің әр түрлі түрі
педагогикалық іс-әрекеттің амалының арнасын кеңейтеді, мұғалім
оқушымен жеке жұмыс барысында жақсы әрі тактиканы жүзеге
асыруға мүмкіндік береді. Сөздің көмегімен оқушыларға сергектік
сезімін немесе үрей, қуаныш немесе қорқыныш, өзіне сенімділік
немесе сенімсіздік, қызығушылық не зерігу, сенім немесе күмән т.б.
сезімдерді тудыруымыз мүмкін.
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық күш-қуат
пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан әлеуметтік-
психологиялық климатпен айқындалады. «Психологиялық климат»,
«әлеуметтік-психологиялық «климат немесе микроклимат»
ұғымдары ғылым емес, астарлы, ауыспалы ұғымдар. Ұжымдағы
психологиялық климаттық мазмұндық сипатын – адамдардың өзара
қарым-қатынасы, олардың көңіл-күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған
жұмыс процесіне көңілі толуы айқындайтын болғандықтан,
психологиялық климатты сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы
зор. Жағымды әлеуметтік психологиялық климат қалыптасқан
педагогикалық ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа
райымен, жылы шырайлықпен, парыз бен жауапкершілікті құрмет-
теумен өзара танымдылықтан, сергектікпен ерекшеленеді. Сон-
дықтан да А. С. Макаренко ұжымдағы өзара қатынастағы сергек
көңілді екпінге баса мән берген.
Жағымды психологиялық климат қалыптасуға кедергі
жасайтын факторлардың қатарына ұжымдағы келіспеушілікті
немесе климаттық ауытқуды атауға болады. Әлеуметтік психология
келіспеушілікті көптеген мамандар адамдардың тікелей қарым-
қатынасы саласында пайда болатын қарама-қайшылықтың күрт
шиелінісіп кетуі ретінде қарастырады.
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеушілік өз
табиғатынан тұлға аралық келіспеушілік болып табылады. Ондай
жағдайдағы адамдар іс-әрекетінің мақсатына келіспейді немесе
оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі пікірде
болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі себептердің саладры болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымдағы тұлғаарлық келіспеушіліктер бірлескен
педагогикалық әрекетпроцесінде орныққан өзара байланыстардың
бұзылуына байланысты туындайды. Ол педагогикалық ұжымда
орын алатын келіспеушіліктің негізгі үш тобын бөліп көрсетуге
болады.
149
Бірінші топ – кәсіптік-педагогикалық әрекетті мақсатқа
жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан
туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер
жұмыстағы ынтасыздықтан, мұғалімдердің әрекет мақсатын
түсінбеуінен және өз ісін жете білмеуінен туындайды.
Екінші топ - педагог мінез-құлқының өзара қатынас нормасына
сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестерін және
оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі, кәсіптік Этика нормаларының
бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б. түрінде көрініс береді.
Үшінші топ – педагогикалық процестерге қатысушылардың
мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық
сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты негізінен
ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса жоғары болуы,
эмоциялық тұрақсыздығы, шамадан тыс өкпешілдігі сияқты
салалар құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әректтердің
бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған
жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою; келіспеушілік ахуалды
шешудің ең оңтайлы шешімін қабылдау, келіспеушіліктің
түйінін шешу. Келіспеушіліктің алдын алу кезінде неге осылай
жасағандығын анықтаудың маңызы зор.
4. Этика – мораль туралы ғылым. “Этика” терминін б.з.б. ІV
ғасырда Аристотель енгізді. Ол этика адамгершілік, мораль туралы
ілім деп көрсетті.
Этика – мораль туралы түсінік береді, оны түсіндіреді және
моральға үйретеді.
Этика - педагогтың бір ерекше қасиеті. Этиканың орысшасы
«такт», латынша «тактус». Ол арабтың сыпайлылық, ізеттілік деген
сөзіне келеді. Біз мұны этика деп алып жүрміз.
Сонымен, «Этика - белгілі моральдық нормалар мен
принциптерді бұлжытпай орындау. Егер моральдық нормалар
мен принциптер кісінің бойына сіңсе, олар адамдардың этикалық
қасиеті, не этикалық сезімі болып саналады. Этика - өте қажетті
қасиет, сезім мүшелерінің негізгі белгісі».
Синица И. Е. «Педагогтік этика және педагогтік шебрлік» деген
еңбегінде: «Педагогтік этика - мұғалімнің ең етене кәсіптік белгісі.
Қай-қай мамандықтың да белгілі бір айрықша белгісі болатынын
өздеріңізде білесіздер. Ол белгілі адамның ұйреншікті әдісінен,
150
сөйлеген сөзінен, тіпті киім киісінен де байқау мүмкін. Мұғалім
кәсібінің ерекшелігі ең алдымен, оның педагогтік әдісіне жатады.
Әнші үшін үн, ал мұғалім үшін педагогтік әдеп сондай қажет»,
-дейді.
Педагогикалық әрекет этикасы жай ғана сыпайлық білдіру
ғана емес, ол шығармашылық, ақыл-ой әрекеті, мәдени мінез-
құлықтың, саналы іс-әрекеттің, білімділікпен іскерліктің
жиынтығы. Педагогтың әрбір қадамында, баламен арақатынасында
сезгіштік, байқампаздық, салмақтылық, ұстамдылық, ілтипаттық,
кешірімділік, талап қоя білу, адамға сенім арту, ынталы ықыласты
болу, талас-тартыс туған жағдайда әділдік, адалдық көрсету, бала
жүрегіне жол таба білу, оны тыңдай білу, түсіне білу ұстаздық этика
белгілеріне жатады.
Бүгінгі күні педагогтарға қойылатын талаптардың бірі -
оның өзі тарапынан оқушымен, ата-аналармен, әріптестерімен
демакратиялық, гуманитарлық тұрғыда қарым-қатынас жасау
арқылы педагогтық ынтымақтастықты жүзеге асыра білу. Мұның
бәрі педагогикалық этиканы сақтауды талап етеді.
Сонымен, этика - адамдардың өзара жақсы қарым-қатынас
жасауына қажетті жағдай жасау.
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар
сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауынада болады.
Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға да тиіс.
Кәсіби этика – еңбектің моральдың бір түрі, ол әр түрлі мамандық
иелеріне тән моральдық нормалар, мінез-құлық ережелері және
моральдық бет-бейнесі туралы бағалау түрінде көрініс табады.
Кәсіби этиканың мәні мен маңызы – кәсіби міндеттерді сәтті
орындауға әсер етеді, кәсіби мақсаттар мен міндеттерге жету
әдістерін, құраладарын таңдауға мүмкіндік береді.
Педагогтың кәсіби этикасының ерекшелігі:
- Еңбек объектісі – адам;
- Педагог адамның болашағы үшін үнемі адамгершілік
жауакершілікте;
- Педагог еңбегі психологиялық және ұйымдастырушылық
жағынан күрделі;
- Педагог адамды адамгершілікке тәрбиелеу үлгісі, ол жоғары
адамгершілік идеалы.
151
Кәсіби этика – ұжымда моральдық микроклимат орнатады,
тұлғаның моральдық денсаулығын қамтамасыз етеді, қоғамда
моральдық атмосфераның қалыптасуына әсер етеді.
Педагогикалық этика кәсіби этика түрінде көрініс табады.
Кәсіби этиканың зерттеу пәні – кәсіби мораль, оның ерекшеліктері,
қалыптастыру жағдайлары, нақты тарихи жағдайлардағы даму
заңдылықтары.
Кәсіби мораль белгілі бір кәсіби іс-әрекет түріне тән жалпы
адагершілік принциптерді нақтылайды.
Кәсіби этканың міндеттері:
Теориялық міндеттер тұлғаның адамгершілік қажеттіліктерін,
моральдық құндылықтары және бағдарлануын қалыптастыру
процесі туралы зерттейді, оны қалыптастыру механизмдерін,
педагогтың бұл механизмге әсерін қарастырады.
Практикалық міндеттер – моральдық құндылықтарды
қалыптастырудың тиімді тәсілдері мен жолдарын таңдауға
көмектеседі.
Педагогикалық этика мұғалімге педагогикалық ұжымдағы
конфликтерді шешуге көмектеседі, моральдық конфликтерді
шешу тәсілдерін үйретеді, олардың алдын алу жолдарымен
қаруландырады.
Педагогикикалық этиканың категориялары:
- Кәсіби парыз;
- Педагогикалық әділеттілік;
- Кәсіби ар-ождан;
- Педагогикалық ар-намыс;
- Педагогикалық такт;
- Жауапкершілік;
- Ар-ождан;
- Бедел.
Педагогикалық этиканың категориялары:
Парыз - әлеуметтік стаус талап ететін адамның адамгершілік
міндеттерін білдіретін этикалық категория.
Кәсіби парыз – қоғамның тұлғаға немесе белгілі бір мамандыққа
қоятын талап, моарльды қережелер жиынтығы.
Әділеттілік – моральдық сана ұғымы.
Кәсіби ар-ождан – тұлағының жеке басы және кәсіби намысы
туралы ұғым.
152
Ар-намыс – қоршаған ортаның адамның құқытарын мойындауы,
оның еркіндігін, әрекеттерінің моральдық құндылығын түсінуі,
құрметтеуі.
Жауакершілік – тұлғаның негізгі сапаларының бірі, адамның
басты адамгершілік сапаларымен байланысты және оларды
бақылайды.
Гордость – адамының өзінің немесе басқалардың жетістіктерін
жоғары бағалауын, жоғары моральдық құндылықтарға өзінің
сәйкестілігін түсінуін білдіреді.
Бедел – тұлғаның немесе адамдар тобының айырмашылық
ерекшеліктері, соның арқасында сенім және басқа адамдарға ықпал
жасауы жүзеге асады.
Кәсіби моральдың принциптері
Моральдық принциптер – адамгершілік сананың бір формасы,
онда моральдық нормаларға жалпы түрде сипаттама беріледі.
Принциптер –белгілі бір адамгершілік нормалардың мазмұнын
ашады, моральдық санаға сәйкес талаптарды білдіреді
Педагогикалық этиканың негізгі принциптері:
- Ізгілік принципі;
- Педагогикалық оптимизм;
- Педагогикалық ынтымақтастық және ұжымшылдық;
- Азаматтық, патриотизм;
- Тұлғаға талап қоя алу және оны құрметтеу;
- Профессионализм, шығармашылық;
Сөз бен істің бірлігі
Педагогикалық моральдың мәні мен өлшемедері
Кәсіби мораль – бұл мұғалімнің кәсіби парызы, оның
адамгершілік міндеттері.
Педагогикалық еңбекке қатынасының өлшемдері:
а) өмірдің басты мазмұны ретінде;
ә) өзінің қажеттіліктері мен қабілеттерін іске асыру құралы
ретінде;
б) іс-әрекет ретінде
Өмірдің әр салалары секілді, педагогикалық істе де таланттар
сирек кездеседі. Әрине әр мұғалімге талантты болмауына да болады.
Алайда ол өз ісінің шебері болады және болуға тиіс.
Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың бірнеше жолдары
бар.
153
Ең алдымен мұғалім жан-жақты білімдар, өмірдің әр саласынан
хабары бар, әр түрлі жағдайда жол тауып шыға алатын, мектеп
өміріне байланысты барлық мәселені түсініп шеше алатын, әртүрлі
сұраққа жауап бере алатын адам болуға тиіс.
А. С. Макаренко өзін талантты педагогпін деп есептемеген,
бірақ көп еңбектендім, сондықтан шеберлікті меңгердім деген. Осы
сөздің байыбына барып қарасақ, шеберліктің негізі еңбекте екен.
Әрине педагогикалық шеберлік бір жылдық ісі емес, ол жылдар
өткенде келеді. Педагогикалық стаждың әрдайым белгілі дәрежеде
мұғалімнің кәсіптік шеберлігін сипаттайтыны тегін емес.
Адам бойында мұғалім мамандығына деген бейімділіктің болуы
педагогтік шеберлікті меңгеруге көбіне көп нәрсе әсер етеді.
Бейімділік балалармен жұмыс істеуге айқын бейнеленген
ыңғайы мен қабілеттен көрінеді.
Бұл бейімділік мектептің өзінде-ақ көрінуі мүмкін. Мұғалім
мамандығын таңдап алудағы тегі айқындаушы нәрсе – балаларға
деген сүйіспеншілік, балалармен бірге және балалар үшін ең-
бектенуге ұмтылу.
Бүгінгі талапқа байланысты мұғалім өз елінің белсенді идеялық
сенімді жақтаушысы, өз мемлекетінің аяғынан тік тұрып кетуіне,
оның саяси және экономикалық бостандығына, Отанын сүйе білетін
жастарды тәрбиелеуге қызмет ететін мамандарды айтады.
Жақсы мұғалім әрдайым бағдарлама бойынша оқушыларға
терең білім беруге болатынын біледі, оның негіздерін өзі оқытатын
ғылымның күрделі мәселелерін еркін ажыратады. Сонымен бірге
ол өзінің ғылыми білімдерін педагогикалық ой елегінен өткізіп,
оқулық пен бағдарлама материалын әлгі білімдермен толықтырып
отыруға да ұмтылады.
Шеберлікті
көтерудің
жолы
озат-мұғалімдердің,
іс-
тәжірибелерін, олардың ойларын – оқыту мен тәрбиені жетілдірудің
басты көздерінің бірі.
Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі.
Егер мұғалім қандайда болмасын тәрбие мәселесін ұстамдылық пен
шындыққа сүйеніп дәлелдей білсе, оқушы оның мәдениеттілігін,
қамқорлығын, сөзінің әсерлілігін бірден сезе бастайды. Оқушы
өзінің қателігін мойындап,ойланбай істеген қылығын өзі талдап
қорытынды шығаруға мәжбүр болады.
154
Тәрбие беру ісіндегі аса маңызды жайттардың бірі – педа-
гогикалық такты. Педагогикалық такт деп мұғалім бойындағы
мақсатқа сай жоғары адамгершілік сезімді айтады. Мұғалім
оқушыларға педагогикалық ықпал жасайды.
Ықпал – оқушылар арасындағы мұғалімнің беделі мен өнегесі.
Мұғалім қайда болмасын тек оқушылар үшін ғана емес, бүкіл
жұртшылық үшін үлгі – өнеге.
Өзін-өзі үйлесімді ұстай білетін, ілтипатты, қарапайым, әділетті
болуы да тактыға жатады. Әділетті ұстазды бала әр кезде бағалап
сыйлайды, үлгі тұтады. Ол бала жүрегіне жол тапқан үнемі
ұмытылмайтын, педагогикалық істің шебері.
Шебер педагог ызаны қашан басып, қашан ызалану керек екенін
біледі.
Қорыта айтқанда, мұғалім – шынайы адамгершіліктің үлгісі. Ол
өзінің ана тілінің әдеби және ғылыми сөз байлығын жете меңгерген,
өз ұлтының, әрі дүние жүзінің рухани игіліктерін бойына молынан
сіңірген зиялы адам болуы керек.
Байқағыштық – мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеті
Қай заманның мұғалімі болсын алдымен ұлы Абайдың «Ұстаздық
еткен жалықпас үйретуден балаға» дегендей тәлім-тәрбие ісінен
жалықпайтын шығармашылығы мол, еңбекшіл, парасатты адам
болуы тиіс. Өйткені баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі
бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие болады. «Оқытушы этикасы»
тақырыбында республиканың барлық аймақтарында ата-аналар
қауымдастығымен және педагогтардың қатысуымен педагогикалық
кеңестер өткізу, педагогикалық мамандардың кәсіби біліктілігін
арттыру және қайта даярлау қажеттілігі туындайды. Республиканың
білім жетілдіру институттарында мұғалімнің этикасы, кәсіби
мен мәдениеті пәндері бойынша оқыту курстарын енгізу тоқсан
сайын жас өспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу
бойынша бірлескен жоспарлар ұйымдастыру, аймақтардың білім
басқармалары жастар органымен қылмысты азайту, бос уақыттарын
текке өткізбеуге бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарларын
ұйымдастыруды жүктейді.
Қазақстанның жаңа заман оқытушысы көп қырлы, жоғары
білімді де білікті тума болуға тиіс. Соның ішінде мұғалімдердің
кәсіби этикасына, әдебіне, соның ішінде оқушылардың ерекше
қарым-қатынас орната білу қасиетіне байланысты. Оқушылардың
155
жеке тұлға ретінде құрметтеу мұғалімнің күнделікті ұстанымына
айналуы шарт. Оқушылармен қарым-қатынас тұрғысынан
педагогтық әдеп мұғалімнің жан-жақтылығына, оның идеялық
сенімінің, жүріс-тұрыс мәдениетінің жалпы және арнайы білімнің
мамандығына байланысты ізденіс жемістері қорытындысының
жиынтығы іспеттес. Шебер педагог болмай тұрып, әдепті педагог
болмақ жоқ. Педагогтық әдеп жаттау, есте сақтау және жаттығу
жолымен жасалмайды. Ол мұғалімнің ізденістерінің нәтижесі,
ол оның ақыл-ойының көрінісі болып табылады. Мұғалімнің
педагогтық әдебіне еліктеу деген болмайды. Педагогтық әдеп әр
мұғалімнің әр түрлі және әр қилы көрініс беруі мүмкін. Бұл оның
жас мөлшеріне және темпераментіне, мінез құлқына және т.б
ерекшеліктеріне байланысты. Педагогтық әдеп - әр мұғалімнің дар
қасиеті. Нақты математикалық есеп бір тәсілмен шығарылады, ал
оқушылардың жүрегіне жол табудың тәсілдері алуан.
Әр мұғалімнің педагогикалық әдебі бірқатар ұқсас жайттарды
шешуге жарамды белгілі бір схемаға немесе формулаға сыйыспайды.
Дегенмен, ұстаздық әдепті дамытуға септігін тигізетін жекелеген
психологиялық және педагогтік жайттарды бөліп көрсетуге болады.
Мұны біз әдептің құралына жатқызамыз. Олар: байқағаштық, сезу,
сенім және әділеттілік, төзім сабыр сақтау.
Байқағыштық. Бұл педагог мамандығының маңызды белгілерінің
бірі. Байқағыш мұғалім шәкірттерінің ішкі әлеміне терең үңіліп,
көңіл күйлерін қабақтарына танып, әрқайсысының мінез-құлық
ерекшеліктерімен санаса біледі. Мұның бәрі оған әрбір шәкірттің
тілін табуға, сезімдерімен ойларына өз сезіміндей қуанып, өз ой
сезімдеріндей күйінуге мүмкіндіктер береді. Байқағыш мұғалім
шәкірттері талап-тілектерін қалай орындайды, қарсыласу бола ма,
жоқпа бәрін дөп басып айта алады. Байқағыш мұғалім ықтиярсыз
көндіру тәсіліне көп жүгінбей ақ сыныптың бүкіл оқушыларын
өзіне тарта біледі, өзді өздерін еркін ұстап, іштей ашуларына ықпал
етеді. Алайда байқағыштық қыбырлағандарды қалт жібермеу деген
емес. Зерделі мұғалім қыбырдың бәрін көріп отырсада оған мән
бере бермейді. Байқағыш ұстаз бола тұра әдептілікті сақтаған жөн.
Байқағыш ұстазда әдепсіз болуы мүмкін.
Әдебі шамалы мұғалім оқушының назарын аудару арқылы
сабақтың сапасын жақсартамын деп, болмашы тысырға елеңдеп
керісінше істейді. «Сен қайда қарап отырсың, не ұстап отырсың,
156
қане бері кел»-деп өктем сауалдар сабағын бұзып жібереді.
Байқағыштық ұстаздық мамандық сияқты аңғару, сезу арқылы,
жүре бара қалыптасады.
Педагогикалық байқағыштық – оқушының тәрбиеленушінің
ішкі дүниесіне үңіле білу, баланың кім екендігіне бойлай білу
оның сол сәттегі психикалық жағдайна ене білу қабілеті. Шебер
мұғалім, жақсы тәрбиеші сәл ғана өз герісінен сырт пішінінің
азда болса толқуынан баланың ішкі сарайын біле қояды және
бұл өзгерістердің неден екенін дұрыс түсінеді. Мұндай мұғалім
сылтаушылардың зейінін шын мәнінде зейінділікпен жеңіл айыра
алады.
Жаңа материалды түсіндіру кезінде әр түрлі белгілері бойынша әр
түрлі оқушының материалдың мазмұнын қалай меңгере алатынын,
қалай түсінгенін ажырата алады және қажеттілігіне қарай тиісті
шараны қолданады.
Ілтипаттылық әдетте, оқушылар өте жақсы көретін
мұғалімдерінің өздеріне дауыс көтеріп сөйлегенін көңілдеріне ауыр
алып қалады. Дауыс көтеру, жазықсыз жазғыру, мұғалімдерді көзге
ілмеу қөңілдеріне келеді. Өздеріне мұғалімнің назарын аудару үшін
әдейі тәртіп бұзатын оқушылардың да бар екені өтірік емес.
Сенім. Педагогтық әдеп мұғалімнің оқушыларға сенім арта білу
қабілетін де қамтиды. Әрбір оқушы өзінің оқудағы табысының
ынталы тырысуға байланысты екеніне сене білуі тиіс. А. С
Макаренконың пайымдауынша, қателесу қаупі төніп тұрса, мұғалім
оқуда болсын, тәлім тәрбие жұмысында болсын оқушыларға
өзінің батыл ойларымен ықпал жасауы қажет. Оқушылардың
келешектеріне күмәнмен қарайтын және ол күмән күдіктерін
қылт есте оқушылардың беттеріне басатын әдептен саңылаусыз
мұғалімдерде болады.
Ұстаздық әдеп - ұстаздардың тұрақты шығармасы. Шәкірттер
бір-біріне қалай ұқсамаса, ұстаздық әдепте солай әр жағдайда
әрқалай. Ұстаздық әдеп жүре пайда болады. Бірақ ол білімге, жалпы
адамшылық әдепке байланысты дамиды.
Қорыта келгенде, ұстаздық әдепті сақтау үшін шәкірттерге
талаптарды мына тұрғыдан қойған жөн:
1. Сабақты шәкірттердің белгілі бір тобының қабілетіне
лайықтап, олардың бос отырмайтындай қарқында жүргізу;
2. Тәртіп бұзушыларға үсті үстіне тапсырма беріп қою керек;
157
3. Балаларға орынсыз тіл тигізбеу;
4. Оқушылардың болымсыз қылығына ескерту жасау;
5. Сыныпта тәртіп орнатуға басқа адамдардан көмек сұрамау;
6. Бүкіл сыныппен немесе олардың басым көпшілігімен айтыс
тартысқа түспеу,егер ондай жағдай болса, келісімге келу;
7. Шәкіртті марапаттау;
8. Балалардың көңіл күйін көтеріңкі ұстау;
9. Бағалау, мақтау немесе кінәлау әдейі болып, соған баланың
көзін жеткізу;
10. Сынып жиынында балаларға еркіндік беріп, шәкірттер өз
ойлрын айтып, ұстаздар одан қорытынды шығарғаны жөн.
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі
1. М.А. Зязюн ,Педагогикалық еберлік негіздері. Москва 1989 ж.
2. Е. Сағындықұлы, Педагогика Алматы 1999 ж
3. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. Педагогика, Алматы
-2004
4. Байкова Л.А., Гребенкина Л. К. «Педагогическое мастерство и
педагогические технологии» М.,2001ж
5. Ершов П. М. Ершова А. П. «Общение на уроке или режуссура
поведения учителя» М., 1998ж.
6. Интыкбаева А. Б. «Формирование основ. Профессионально-
коммуникативных умений и навыков у будущего
Қосымша әдебиеттер:
1. Пидкасистый П. П., Портнов М. Л. Искусство преподавания.
М., Роспедагенство, 1998.
2. Синица И. Е. Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік.
Алматы, Мектеп, 1997
3. Зезюн И. А. Основы педмастерство. Киев, 1987
4. Чернокозова В. Н. Этика учителя. Киев, 1973
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Мұғалім сөзі – тәрбие беру ісіндегі ең басты құралдардың бірі
деген пікірге Сіз қалай қарайсыз?
158
2. Педагогикалық этиканың категорияларын атаңыз. Соның
ішінде біреуіне сипаттама беріңіз.
3. Педагогикалық шеберлікті қалыптастырудың жолдарын
атаңыз.
4. Педагогикалық байқағыштық дегеніміз не? Мысал келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |