ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011


-кесте  «Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың



Pdf көрінісі
бет5/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber


1-кесте 
«Құзыреттілік» ұғымдарына берілген ғалымдардың 
анықтамаларындағы мәні
Авторлар
Қабілет
Білім
Білік, дағды
жиынтығы
Тәжірибе
Әрекет 
тәсілдері 
В. П. Шапалов
Құзырет-
тілігі
М. М. Чошанов
құзыреттілік
Б. Т. Кенжебеков құзыреттілік
М. Ж. Жадрина
құзыреттілік
Ш. Т. Таубаева
құзыреттілік құзыреттілік
құзырет-
тілік
К. Ж. Аганина
құзырет-
тілік
А. В. Хуторской
құзыреттілік
қ ұ з ы р е т -
тілік
Сонымен,  құзыреттілік  дегеніміз  –  адамның  өз  кәсібіне  сай 
игерген  әрекет  пен  өнімді  қызмет  түріндегі  білім  жиынтығын 
маңызды  қасиеттермен  біріктірілген  білік  және  саналы  дағдылар 
тәсілдері арқылы тәжірибеде қолдана білу қабілетінің сапасы.

73
Жоғары  оқу  орнындағы  педагог  құзыреттілігін  қалыптастыру 
бүгінгі  кәсіби  тұрпатты  маман  даярлаудағы  қоғам  сұранысы  мен 
қажеттіліктерінен туындап отыр.
Жоғары  оқу  орнындағы  педагог  мынадай  құзыреттіліктің 
түрлерін иреуге тиіс:
Арнайы құзыреттілік - өзінің кәсіби қызметпен жоғары деңгейде 
айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін 
қабілет.
Әлеуметтік  құзыреттілік  бірлескен  кәсіптік  қызметпен 
айналысу қабілеті (ұжыммен, топпен) қызмет ету, басқару кәсібінде 
қабылданған кәсіби қарым-қатынас тәсілдерін қолдана білу.
Білім беру құзыреттілігі – білім беру қызметінде кәсіби білімді, 
білік пен дағдыны, мақсат қоюшылықты игеруге деген қызығушылық 
және білім беру қызметінде субьектілік пен креативтіліктің дамуына 
ынталылық,  педагогикалық  және  әлеуметтік  психологияның 
негіздерін қолдана білу қабілеті.
Осы аталған құзыреттіліктерге ортақ белгілер мыналар:
- іргелі және интеграциялық білімнің жоғары деңгейі;
- жинақталған іскерлік, дағды қабілеттерді меңгеру;
- кәсіби педагогикалық қызметтің жаңашыл әдістері;
- инновациялық технологияны меңгеру;
- шығармашылық шеберлік.
Сонымен,  қорыта  келгенде,  құзыреттілік  дегеніміз  –  адамның 
өз  кәсібіне  сай  игерген  әрекет  пен  өнімді  қызмет  түріндегі  білім 
жиынтығын маңызды қасиеттермен біріктірілген білік және саналы 
дағдылар  тәсілдері  арқылы  тәжірибеде  қолдана  білу  қабілетінің 
сапасы.
Жоғары  оқу  орнындағы  педагог  құзыреттілігі  педагогикалық 
қабілеттер  негізінде  және  құзыреттілік  түрлерінің  жиынтығынан 
тұрады десек, В. А. Сластенин: «Педагогтың кәсіби құзыреттілігі 
педагогикалық  -  іс-әрекетті  атқару  үшін  қажетті  теориялық 
және  практикалық  дайындығы  және  ол  мұғалімнің  кәсіби 
профессионализімі» деп сипаттайды.
Педагогтың  кәсіби  құзыреттілігі  ұғымы  мұғалімнің  жеке 
мүмкіндіктерін білдіреді, ол педагогикалық ситуацияларды дербес 
және тиімді шешуге ықпал етеді. Ол үшін мұғалім педагогикалық 
теорияларды және оны практикада қолдануды білуі керек.

74
Ғалым  В.  А  Мижериков  бойынша,  мұғалімнің  педагогикалық 
құзыреттілігі дегеніміз кәсіби іс-әрекетті орындаудағы теориялық 
және практикалық дайындықтарының бірлігі. 
Педагогикалық  құзыреттілік  –  педагогтың  кәсіби  көрсеткіші; 
педагогтың дайындығы және «қабілеттенуі» арқылы, іс-әрекеттерді 
меңгерудің әдістері мен құралының шынайылығында, алға қойған 
міндеттерді шешу мүмкіндігінде көрінетін нәтиже.
Жоғары  оқу  орны  оқытушысының  кәсіптік-тұлғалық 
құзіреттіліктері Энциклопедиялық сөздікте былайша жіктеледі:
-  Бейімделу  -  өркениетті    адамның  жайлы  өмірді  қамтамасыз 
етуде,  қоршаған  әлем  туралы  білімінің,  табиғатқа  қатынасы, 
ортаның  өзгергіштігіне  бейімделу  және  бірегей  табиғи  байлықты 
шынайылықтың шығармашылық жолмен түрленуін сақтау арқылы 
қолданылатын  интеллектуалды,  физикалық  және  психомоторлы 
біліктіліктердің жиынтығы;
-  Әлеуметтік  -  ұйымдастырушылық  -  әр  түрлі  нақты 
әлеуметтік жағдаяттарды шешу үшін мақсатты таңдалған жол іздеу 
негізінде  адамдардың  арасындағы  қарым-қатынастардың  барлық 
қатынасушылар  үшін  қолайлы  өзгеріске  әкелетін,  нәтижесінде 
өз  мақсаттары,  көңіл-күйі,  әрекет  ету  тәсілдерін  реттеуді  қажет 
ететін  тұлғаның  білімдерінің,  рефлексивті  біліктіліктерінің  және 
қабілеттіліктерінің жиынтығы;
-  Коммуникативті  –  құрылымы  жағынан  күрделі  және 
білім  беруді  ұйымдастыруда  тұтас,  қарым  –  қатынас  жасаудағы 
негізгі  міндеттерді  табысты  жүзеге  асыруды  және  тұлғаның  өз 
мүмкіндіктерін  ашуын  қамтамасыз  ететін  және  лингвистикалық 
біліктіліктерді  меңгерумен  сипатталатын,  тілдік  тәртіптің  арнайы 
әлеуметтік – мәдени нормалары мен қарым – қатынас жасаушылар 
арасында  психологиялық  заңдар,  қолайлы  жағдайды  қолдау, 
тұлғаның әсерлі сезімтал ортасын дамыту;
Құндылықты-мәнді  -    тарихи  дәуірге,  әлеуметтік  немесе 
тендерлік топқа, адамның белгілі бір уақыт аралығындағы кәсібіне 
қатысты  өзгермейтін  (инвариантты)  сипаттағы  құзыреттіліктердің 
жиынтығы, сонымен қатар олар тұлғаның озық ойы мен әрекетін 
анықтайды,  оның  «уақыттан  озу»  қасиетін  келешектің  әулиесі 
және жаратушысы болуын, күн ілгері тұлғаның сыртқы әрекеттерге 
қатысты тұрақтылығын анықтайды, кез келген жағдайда адамның 
«дербестігін» сақтауды қамтамасыз етеді.

75
Сонымен, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі үшін психологиялық-
педагогикалық  және  арнайы  білімдерді  меңгеруі  керек,  сонымен 
бірге  ол  білімдерін  нақты  бір  ситуацияларда  қолданылуы  қажет. 
Кәсіби құзыреттілік мұғалімнің өз ісінде шебер болуын анықтайды 
деп айтуға болады. 
Педагогикалық  құзыреттілік  мұғалімнің  теориялық  және 
практикалық  дайындығынан  құралады.  Олар  өз  кезегінде 
педагогикалық 
іскерліктерге 
бөлінеді. 
Педагогикалық 
құзыреттіліктің құрылымы:
Педагогикалық іскерлік – бұл теориялық білімге негізделген және 
үйлесімді  тұлғаны  дамытуға  бағытталаған,  бірізді  жүзеге  асатын 
автоматтандырылыған әрекеттердің жиынтығы.  (В. А. Сластенин)
Педагогикалық іскерліктер – мұғалімінің әр түрлі әрекеттерінің 
жиынтығы, ең бастысы олар педагогикалық іс-әрекеттің қызметіне 
сәйкес келеді, белгілі бір мөлшерде мұғалімнің жеке психологиялық 
ерекшеліктерін анықтайды. (В. А. Мижериков).
Мұғалімнің теориялық дайындығы педагогикалық ойлау іскерлігі 
түрінде көрінеді.
Педагогтың теориялық дайындығына:
- аналитикалық іскерлік;
- болжау іскерлігі;
- жобалау іскерлігі;
- рефлексивті іскерлік кіреді.
Аналитикалық іскерлік төмендегі іскерліктерден құралады:
- педагогикалық құбылыстарды талдай алу;
- зерттейтін құбылыстарға сәйкес педагогикалық теорияларды, 
заңдылықтарды анықтау;
- педагогикалық құбылыстарды дұрыс болжай алу;
- негізгі педагогикалық міндеттерді құрастыру;
- міндеттерді тиімді шешу жолдарын анықтау.
Болжау  іскерлігі  білім  беру  процесін  басқарумен  байланысты 
және ол басқару субъектісі мен күтілетін нәтижеге бағытталады.
Педагогикалық болжау педагогикалық процестің логикасы мен 
мәні туралы нақты білімге негізделеді.
Болжау іскерлігі құралады:
- білім берудің мақсаты мен міндеттерін анықтау;
- оларға жету үшін әдістерді таңдау;
- мүмкін болатын кедергілерді білу, оларды жою жолын білу;

76
- білім беру процесіне қатысушылардың уақыты мен күтілетін 
шығындарды болжау;
-  білім  беру  процесіне  қатысушылардың  өзара  әсерлесу 
мазмұнын жоспарлау.
Болжау  іскерлігі  болжау  объектісіне  байланысты  үш  топқа 
бөлінеді:
- ұжым дамуын болжау;
- тұлға дамуын болжау;
- педагогикалық процесті болжау.
Жобалау іскерлігі дегеніміз:
- оқыту және тәрбие жолдарын нақтылау;
- оларды кезеңдер бойынша негіздеу;
- іс-әрекет түрлері мен мазмұнды жоспарлау;
- білім беру процесінің құрылымын, формаларын анықтау;
- оқушылармен жеке жұмысты жоспарлау;
- ата-аналармен, қоғаммен байланыс орнатуды жоспарлау.
Рефлексивті  іскерлік  педагогтың  өзіне  бағытталған  бақылау-
бағалау іс-әрекетін жүзеге асыруда қолданылады. 
•  Рефлексия  -  өзімізді,  әрекеттерімізді  талдауға  бағытталған 
теориялық  іс-әрекеттің  ерекше  түрі.  Рефлексия  латынша  өткенге 
қайта оралу дегенді білдіреді.
Рефлексивті іскерлік:
-  берілген  үлгілер  бойынша  жеткен  нәтижені  сәйкестендіру 
негізінде бақылау;
- ойша күтілетін әрекеттер нәтижесі негізінде бақылау;
-  нақты  орындалған  әрекеттерді  талдау  негізінде  бақылауды 
білдіреді.
Аталған  педагогикалық  іскерліктер  нақты  педагогикалық 
әрекетте  көрініс  табады.  Олай  болса,  педагогикалық  іс-әрекет 
ұғымын түсіндірместен бұрын іс-әрекет ұғымына тоқтала кетейік. Іс-
әрекет – адамның қоғамдық тарихи болмысының ерекше формасы. 
Бар болудың және даму тәсілі ретінде іс-әрекет бұл адамның табиғи 
және әлеуметтік шындықты мақсатты түрде қайта жаңғырту тәсілі 
ретінде  түсіндіруге  болады.  Іс-әрекет  ұғымын  бірнеше  мағынада 
түсіндіруге болады: ғылыми білім категориясы, қоғамдық тарихы 
болмыстың ерекше түрі, бар болудың және даму тәсілі ретінде.

77
1-сурет.  Іс-әрекет категориясының түсініктері
 
Адам іс-әрекетінің құрылымы қажеттілік, мотив, мақсат, міндет, 
әрекет,  операциялар  жиынтығынан  құралады.  Ғылыми  білім 
категориясы  ретінде  іс-әрекеттің  бірнеше  түрлері  бар,  соның  бірі 
педагогикалық іс-әрекет. 
Педагогикалық іс-әрекет – адам іс-әректінің ерекше түрі, басқа 
іс-әрекет  түрлерімен  салыстырғанда  ол  мақсатқа  бағыттылық 
сипатқа ие болады. 
Педагогикалық  іс-әрекет  –  аға  ұрпақтың  жас  ұрпаққа  адамзат 
жинақтаған мәдениет пен тәжірибені беруіне бағытталған, олардың 
тұлғалық  дамуына  жағдай  жасап,  қоғамда  белгілі  бір  әлеуметтік 
рөлдерді  орындауға  дайындайтын  әлеуметтік  іс-әрекеттің  ерекше 
түрі.
Педагогикалық  іс-әрекет  дамудың  шарты  мен  негізі  ретінде 
оқушылардың  пәндік,  әлеуметтік  мәдени  тәжірибені  меңгеруіне 
бағытталған оқу іс-әрекетінің ұйымдастырылуы болып табылады.
Педагогикалық  іс-әрекеттің  мәнін  түсіндіру  үшін  оның 
құрылымына  талдау  жасау  қажет.  Педагогикалық  іс-әрекетті  іс-
әрекеттің  мақсаты,  мотивтері,  әрекеттер  (оперативтер),  нәтиженің 
бірлігі  ретінде  көрсетуге  болады.  Төменде  педагогикалық  іс-
әрекеттің құрамдас бөліктері көрсетілген: 

78
2-сурет.  Педагогикалық іс-әрекеттің құрамдас бөліктері
Педагогикалық  іс-әрекеттің  құрамдас  бөліктерінің  бір  бөлігі  – 
мақсат. Мақсат – педагогикалық іс-әрекеттің жүйе құрушы факторы 
рөлін  атқарады  (А.  Н.  Леонтьев).  Педагогикалық  іс-әрекеттің 
мақсаты - оның мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, нәтижесін анықтау. Олар 
мақсатқа тікелей тәуелді болады. 
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты тәрбие мақсаттарын жүзеге 
асырумен байланысты. Бүгінгі уақытта тәрбиенің негізгі мақсаты – 
үйлесімді дамыған жан-жақты тұлғаны қалыптастыру. 
Педагогикалық іс-әрекеттің мақсаты – ол тарихи құбылыс. Ол 
әлеуеметтік  даму  қарқынына  байланысты  өзгеріп  отырады.  Ол 
қоғамдық  дамудың  объективті  тенденциясы  ретінде  пайда  бола 
отыра, қоғамның қажеттіліктеріне қарай педагогикалық іс-әрекеттің 
мазмұны,  формасы  және  әдістеріне  сәйкестендіре  отырып,  ең 
жоғары мақсатқа жетудің кезеңдік бағдарламасы құрастырылады. 
Педагогикалық  іс-әрекеттің  негізгі  функциональды  бірлігі 
–педагогикалық  әрекет.  Педагогикалық  әрекетті  мақсат  пен 
мазмұнның біртұтастығы ретінде түсіндіруге болады. 
Педагогикалық  іс-әрекеттің  мәні  –  мақсат,  мотив,  әрекет, 
нәтиженің біртұтастығында, ондағы мақсат жүйе құрушы сипатқа 
ие болады (А. Н. Леонтьев). 
Кәсіби  педагогикалық  іс-әрекет  қоғам  арнайы  ұйымдастырған 
келесі мекемелерде жүзеге асады:
• Мектепке дейінгі білім беру мекемелері;
• Орта білім беру;
• Орта арнаулы оқу орындары;
• Жоғары білім беру;
• Қосымша білім беру;
• Біліктілікті арттыру және қайта даярлау.
Педагогикалық іс-әрекеттің өнімділік деңгейлері (Н. В. Кузьмина 
бойынша): 
1-деңгей  –  продуктивті  емес  –  педагог  өз  білгенін  өзгелерге 

79
айтып бере алады;
2-деңгей – аз продуктивті – бейімделуші, педагог өз хабарламасын 
аудитория ерекшелігіне бейімдей алады;
3-деңгей - орташа продуктивті – педагог оқушыларды курстың 
әр  бөлімдері  бойынша  білімге,  дағдыларға,  іскерліктерге  үйрету 
стратегияларына ие;
4-деңгей  –  продуктивті  –  жалпы  пән  бойынша  оқушылардың 
білім,  іскерлік,  дағдыларын  жүйелі  қалыптастыру  іскерліктерін 
меңгерген;
5-деңгей  –  жоғары  продуктивті  –  педагог  оқушы  тұлғасын 
қалыптастыру,  оның  өзін-өзі  тәрбиелеу,  өзін-өзі  дамыту 
қажеттіліктерін құралдарын меңгерген.
Педагогикалық  іс-әрекет  әлеуметтік  маңызды  іс-әрекеттердің 
маңызды  бір  түрі.  Бұл  іс-әрекет  түрі  құрылымы  жағынан  күрделі 
жүйені  құрайтын  іс-әрекет  болып  табылады.  Педагогикалық 
іс-әрекеттің  құрылымы  үш  бөліктен  құралады:  конструктивті, 
ұйымдастырушылық, коммуникативті іс-әрекеттер. 
 
Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
 
 
Конструктивті іс-әрекет
 
 
Ұйымдастырушылық іс-әрекет
 
 
Коммуникативті іс-әрекет
 
 
1

Консруктивті- 
мазмұндық; 
2. Консруктивті- 
оперативті; 
3. Конструктивті- 
матералдық
 
 
Оқушыларды әр түрлі  
іс-әрекетке қосуға 
ұжымды  
қалыптастыруға 
бірлескен іс-әрекетті 
ұйымдастыруға  
бағытталған  
шаралар жүйесі
 
 
Педагогтың  
тәрбиеленушімен,  
мұғалімдермен, 
ата-аналармен 
педагогикалық  
қарым-қатынас 
орнатуға бағытталған  
іс-әрекеті 
 
3-сурет. Педагогикалық іс-әрекеттің құрылымы
Педагогтың  конструктивті  іс-әрекеті  педагогикалық  іс-
әрекеттің жобаларын, жоспарларын құрастыру тұрінде жүзеге асады. 
Конструктивті  сі-әрекет  конструктивті-мазмұндық,  конструктивті-

80
оперативті, конструктивті-материалдық іс-әрекеттерден құралады:
1) Конструктивті мазмұндық іс-әрекет оқу материалын таңдау, 
педагогикалық  іс-әрекетті  жоспарлау,  сабақ,  тәрбиелік  шара 
жоспарын әзірлеу сияқты іс-әрекеттерден құралады.
2) Конструктивті-оперативті іс-әрекет педагогикалық процестегі 
мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттерін  жоспарлау,  қолданылатын 
әдіс-тәсілдері таңдап, оларды құрастыру түрінде жүзеге асады.
3)  Конструкивті-материалдық  іс-әрекет  педагогикалық  іс-
әрекетке  қажетті  материалдық  техникалық  базаны  құрастыру, 
ұйымдастыру  түрінде  іске  асады.  Яғни  мұғалім  сабағына 
қажетті  техникалық,  көрнекі  құралдарды  әр  түрлі  жабдықтарды 
анықтайды. Констриуктивті іс-әрекет мұғалім жұмысының жүйелі 
әрі  нәтижелі  болуының  кепілі  деп  айтуға  болады.  Мұғалім  өзінің 
және оқушылардың іс-әрекетін дұрыс жоспарлай алса, ол нәтижелі 
жұмыс жасауына ықпал етеді.
Педагогтың  ұйымдастырушылық  іс-әрекеті  конструктивті  іс-
әрекеттің  жалғасы  деп  айтуға  болады.  Мұғалім  өзі  құрастырып, 
өзі  жоспарлаған  іс-әрекеттерін  нақты  іс-жүзінде  жүзеге 
асарады.  Оқушыларды  білім  алу  процесіне,  тәрбиелеу  процесіне 
ұйымдастырады.  Олардың  жүйелі  білім  алуын,  олардың  таным 
процестерін басқарады. Оқушылардың сабақтаны тыс әрекеттерін, 
әр  түрлі  тәрбиелік  шараларды,  балалар  ұжымының  іс-әрекетін, 
ата-аналардың  бала  тәрбиесіне  қатысты  іс-әрекеттерін  және 
т.б.  шараларды  ұйымдастырады.  Бұл  педагогикалық  іс-әрекет 
құрылымындағы маңызды іс-әрекеттердің бірі болып табылады. 
Педаготың коммуникативті іс-әрекеті педагогикалық процеске 
қатысушылармен  қарым-қатынас  орнатуға  бағытталған  іс-әрекеті. 
Мұғалім  оқушылармен,  мұғалімдер  ұжымымен,  ата-аналармен 
тиімді қарым-қатынас орната алуы керек. Коммуникативті іскерлік 
мұғалімнің  педагогикалық  іс-әрекетіндегі  маңызды  құралы  деп 
айтуға болады. Мұғалім өзінің сөзі арқылы оқушыға білім беріп, оның 
тәрбиесін  ұйымдастырады.  Сондықтан  да  жақсы  мұғалім  болуы 
үшін  педагогикалық  қарым-қатынас  құпияларын,  педагогикалық 
әрекеттің этикасын меңгеру маңызды болып табылады. 
Педагогикалық  шеберліктің  тағы  бір  көрінісі  –  мұғалімнің 
шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға ретінде жеке-даралығы. 
Шығармашылық:  1)  қоғамның  көпқырлы  қажеттілігін 
қанағаттандыратын,  жаңа  сападағы  мтаериалдық  және  рухани 

81
құндылықтарды  жасайтын  адам  әрекеті  процесі;  2)  туындаған 
міндетті  шешуде  бұған  дейінгі  белгілі  болған  шешу  жолдарынан 
басқаша ойлаудың жоғары түрі.
Педагогикалық іс-әрекет сапалық мәнге ие мамандықтың бір түрі 
болып табылады. Мұғалім еңбегінің ұйымдастырылуы мен мазмұны 
оның өз іс-әрекетіне деген шығармашылық қатынас деңгейі арқылы 
анықталады.  Педагогтың  іс-әрекетіндегі  шығармашылық  деңгей 
алдына  қойған  мақсаттарды  шешудегі  мүмкіндіктерін  пайдалану 
деңгейі  арқылы  анықталады.  Сондықтан  мұғалім  мамандығының 
басты ерекшеліктерінің бірі шығармашылық сипат болып табылады. 
Мысалы,  басқа  да  мамандық  иелері  (ғылым,  техника,  өнер  т.б.) 
шығармашылық  сипатқа  ие  болғанымен,  олар  жаңалық  ашуға 
бағытталса, мұғалім мамандығы адамды дамытуға бағытталады. 
Мұғалімінің 
шығармашылық 
мүмкінідігі 
жинақталған 
әлеуметтік  тәжірибе,  психологиялық-педагогикалық  және  пәндік 
білімдері, жаңа идеялар, дағды, іскерліктер арқылы анықталады. 
Мұғалім  шығармашылығы  деп  өзгермелі  жағдайларда 
педагогикалық міндеттерді шеше алу процесін атауға болады. 
Шығармашыл  тұлғаның  ерекше  жеке  іскерлік  қасиеттерін 
ерекшелендіріп тұратын қасиеттерін креативтілік деп атаймыз. 
Зерттеушілер Е. С. Громов және В. А. Мояко креативті іскерліктің 
ерекшелілік,  эвристикалық,  фантазия,  белсенділік,  анықтылық-
нақтылық, сезімталдық және т.б. сияқты белгілерін көрсетеді.
Шығармашылық  педагогқа  бастамашылдық,  дербестік,  ойлау, 
сезіну,  танымға  деген  құштарлық  сияқты  қасиеттерді  меңгеруді 
қажет етеді. 
Осыдан  шығарар  қорытындымыз:  әрбір  педагог  мұғалім 
мамандығын  таңдап  алған  соң,  ол  жауапкершілігін  бірге  ала 
жүруі  керек.  Ұстаз  өз  пәнін  ғана  емес,  дүние  сырын,  қоғамдағы 
өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы 
қажет. 

82
Пайдаланылған әдебиеттер
1.  Білім  және  ғылым.  Энциклопедиялық  сөзік./Ред.басқарған 
Ж.Қ.  Туймебаев,  ред.алқасы  А.  Е.  Әбілқасымова,  И.  Б.  Бекбаев, 
Н. Б. Қалабаев, Е. Ә. Оңғарбаев, С. Ж. Пірәлиев, М. В. Рыжаков. - 
Алматы, 2009. - 400 б.
2.  Ясницкий  М.С.  Ценностные  ориентации  личности  как 
динамическая система. - Кемерово, 2000. - 236с.
3. Аристотель. Сочинения. -М.: Мысль, 1984.  - 830 с.
4.  Залесский  Г.Е.  Психология  мировоззрения  и  убеждений 
личности. - М., 1994. - 142 с..
5.  Хекхаузен  X.  Мотивация  и  деятельность.  -  М.:  Изд-во 
Педагогика, 1986. - 408 с.
6. Хьелл Л., Зиглер Д. Теории личности. - СПб.: Изд-во Пресс, 
-1997. - 608 с.
7.  Фейдимен  Дж.,  Фрейгер  Р.  Теория  и  практика  личностно-
ориентированной психологии. - М., 1996. - 208 с.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. «Құзіреттілік» сөзіне бірнеше анықтама бер
2. Құзіреттілікке байланысты ғалымдардың айтқан сөздері
3. Мұғалімнің педагогикалық құзіреттілігі
4. Педагогикалық іскерлікке сипаттама бер
5. Аналитикалық іскерлік дегенді қалай түсінесің?
6. Педагогикалық іс-әрекетті қалай түсінесің?
7. Креативтілік ұғымы
8. Мұғалімнің педагогикалық креативтілігі
Тестік тапсырмалар
1. Педагогикалық мәдениет:
A. Оқытушының өзіне және өз ісіне деген көзқарасы, оның оқу-
тәрбие  жұмысын  ұйымдастыру  стилі  және  кәсіби-педагогикалық 
қасиеттерінің, этикасының, шығармашылығының жиынтығы.
Ә. Педагогикалық жұмысты нәтижелі орындауға қажетті білім, 
дағды және тәжірибенің жиынтығы.

83
Б.  Жаттықтырушының  педагогикалық  әрекеттестікті  жүзеге 
асыратын әдістері мен тәсілдері.
В.  Педагогтың  балалар  ұжымындағы  қарым-қатынасты 
басқарудағы өзіндік әдістемесі.
Г.  Оқу-жаттықтыру  процесінде  педагогикалық  міндеттерді 
шешудің жаңа баламаларын табу икемдіктері.
2. Педагогтің мәдениеттілігінің көрсеткіші
А. Әдептілігі
Ә. Жауапкершілігі
Б. Сенімділігі
В. Ізеттілігі
Г. Қамқорлығы
3. Педагогикалық іскерлікті неше топқа бөлуге болады
А. 2 топқа
Ә. 4 топқа
Б. 6 топқа 
В. 8 топқа 
Г. 10 топқа
4Көрсетілген белгілер қай іскерлікті сипаттайды: «Жұмыс 
анықтау, мақсатты белгілеу, тапсырма беру, жұмысты бақылау, 
есеп  беру»
А. Зерттеушілік  іскерлігі
Ә. Қарым-қатынас іскерлігі
Б. Құра  білу іскерлігі
В. Ұйымдастыру  іскерлігі
5.Зерттеушілік іскерліктің мәнін ашу мақсатында төмендегіні 
аяқтаңдар: Зерттеушілік іскерлік – әрбір педагогикалық құбылысқа 
ғылыми тұрғыдан  қарауды...

84
4. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНИКА ПЕДАГОГ 
ШЕБЕРЛІГІНІҢ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ
Жоспары:
1.  Педагогикалық  техника  мұғалімнің  жүріс-тұрыс  формасы 
және оның компоненті. Мұғалім іс-әрекетінің техникалық мәні.
2. Педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясы.
3.  Мұғалімнің  өзін-өзі  басқарудың  шеберлігі  өзін-өзі 
қалыптастырудың техникалық негізінде.
4.  Педагогикалық  қарым-қатынастағы  пантомимика  және 
пластика. Зиянды әдеттер. Мұғалімнің сыртқы киімінің мәдениеті
Негізгі ұғымдар: педагогикалық техника, басқару технологиясы
1.  Шебер  педагогтардың  жетістіктеріне  үңілген  сайын,  біз 
педагогтардың  бойындағы  нәтижелі  үлгі  мен  ситуациялық 
тапсырмаларды  жан-жақты  шеше  білу  өнерін  көреміз.  Мұнда 
жеке  іскерлік  басты  рөл  атқарады.  Мысалы:  оқушыларға  сапалы 
білім беру; сұрақтар қою; топпен жұмыс жасай отырып, әрбір жеке 
тұлғамен  жұмыс;  бақылау  жүргізу;  топты  ұйымдастыра  білу;  өз 
көңіл-күйіне иелік ете білу; дауыс ырғағы, мимика, қимыл әрекет. 
«Тәрбиеленуші сіздің жан дүниеңіз бен ақыл-ойыңызды сізді көру, 
тыңдау арқылы қабылдайды», - деген А. С. Макаренко. 
Педагогикалық  шеберлік  –  тек  қана  мұғалімнің  жалпы,  жан-
жақты, әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр  сөзді оқушыларға 
жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.
Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын 
мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы 
тиіс,  оның  жүріс-тұрысы,  қозғалысы,  отырып-тұруы  оқушыларға 
ерсі  болмайтындай дәрежеде болуы  керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп 
кірмей,  қабағын  түйіп  келсе,  қол  сілтеп,  бей-берекет  сөйлеп,  өз-
өзімен абыржып  тұрса, жоқтан  өзгеге ашуланып қалса, онда  ол  
ұстаздың    сабағын  оқушылар  тыңдамайды,  оқушылар  алдында 
сенімнен де, абыройдан да айрылады. Сондықтан, педагогикалық  
техника, әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық  қажет.
Педагогикалық техниканың өзі мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен 
байланысты және ол мұғалімнің сырт келбетінен білінетін құрылым. 
Педагог шеберлігі-мұғалім жан дүниесінің мәдениеті мен сыртқы 
келбетінің көркемдігін көрсетеді. 

85
Сонымен, техника - қабылдау болып табылады. Оның құрамына-
сөйлеу және вербальды емес қарым-қатынас жатады. 
А. П. Черняевская бойынша, педагогикалық техника – мұғалім 
іс-әрекетінің  ішкі  мазмұны  мен  сыртқы  мазмұнының  үйлесімді 
бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық  техника  –  мұғалімнің  өздерінің  жеке 
психофизиологиялық  жай-күйін,  көңіл  күйін,  эмоциясын, 
денесін,  сөзін  және  педагогикалық  мақсатты  қарым-қатынасын 
ұйымдастыруды  қамтамасыз  ететін  жалпы  педагогикалық  және 
психологиялық білім кешені.
Педагогикалық  техника,  педагогтың    ішкі    және    сыртқы  
құрылымына    гармониялық  себеп  болады.  Педагогикалық 
шеберлік– педагогтың ішкі мақсатының  бейнелі, мәнерлілігі мен 
рухани мәдениетінің  синтезі. 
«Педагогикалық  техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:
1)  Педагогтың  ішкі  дүниетанымын:  өз  денесін  басқаруы 
(мимика, пантомимика), сезімді  басқаруы (психикалық  күш  салу, 
шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, 
бақылау,  ойлау),  техникалық  құрал  (тыныс  алу,  дауыс  ырғағы, 
дикция, темп) басқара білу қабілетімен  байланысты.
2) Оқыту – тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық  
жағынан, педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, 
ұйымдастырушылық,  коммуникативті  қабілет,  педагогикалық 
қарым  –  қатынасты  бақылау,  ұжымды  шығармашылық  істермен 
байланыстыру.
Педагогикалық 
техникадағы 
педагогикалық 
шеберлік 
төмендегідей критерийлерге бөлінеді: 
-мақсаттылық (бағытталған)
-продуктивтілік (білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі).
-оптималдық (таңдамалы)
-шығармашылық (құрамына байланысты)
Педагогикалық техника: 
- Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;
- Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;
- Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін 
бөліп көрсетеді және бейне жасайды;
-  Жест  –  қол  сермеуі,  ол  бейнелеуші  және  психологиялық 
жесттер болып бөлінеді;

86
-  Бейнелеуші  жесттер  –  ойдың  барысын  бейнелейді, 
иллюстрациялайды;
- Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;
-  Мимика  -  өз  ойын,  сезімін,  көңіл-күйін,  жағдайын  беттің 
бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;
- Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, 
оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;
- Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы 
ашықтық, нақтылық.
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері
- Өзін-өзі басқару іскерліктері;
- Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.
1) Өзін-өзі басқару іскерліктері:
-  өз  денесін  игере  білу  (физикалық  денсаулық,  төзімділік, 
мимика, понтомимиканы бақылай алу)
- эмоциональды жағдайды бақылай әрі пайдалана білу (жағымды, 
жағымсыз эмоциональды көңіл-күй, эмоциялар және т.б.);
-  әлеуметтік  перцепция  (зейін,  әлеуметтік  сезімталдық  – 
басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу 
және қабылдау);
- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дұрыс демалу, сөз темпі мен 
тембірін басқара алу, дикция)
2)  Ұжыммен  және  жеке  тұлғамен  өзара  әрекеттесу 
іскерліктері:
 - дидактикалық іскерліктер;
 - ұйымдастырушылық іскерліктер;
 - коммуникативті іскерліктер;
 - талап қою іскерліктері;
 - бағалау іскерліктері;
 - конструктивті скерліктері;
 - педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері.
2. Педагогикалық  шеберліктегі басқару технологиясы.
Педагогикалық шеберлік: 
1)  мұғалімнің  өмірге  көзқарасы,  оның  идеялық  нанымды, 
моральды  бойына сіңірген адам екендігі; 
2)  пәнді  жетік  білген,  ойын  оқушыға  толық  жеткізетін, 
оқушылардың    бойына  әдет,  әдеп,  дағды  сияқты  моральдық  
нормаларды сіңіре  білгендігі;

87
3)  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әдіс  –  тәсілдерін  меңгерген, 
білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп 
пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие бола алады.
Шебер ұстаздың сыртқы құпиясының жетістігін оның әр түрлі 
практикалық  тапсырмаларды  орындауындағы  педагогикалық 
әрекетінен  байқаймыз.  Мұндағы  басты  рөл  арнайы  қабілеттілігін 
мойындау  оқушыларды  интенсивті  қызметінен  тануға,  сұрақтар 
қоюға, ұжыммен жеке тұлғамен араласуға, барлығының назарында 
болып,  ұжымды    ұйымдастыруға,  өзінің  көңіл-күйін,  дауысын, 
мимикасын, қозғалысын, басқаруға баулу. А. С. Макаренко былай 
деген:  «Тәрбиеші  сіздің  жаныңызды,  ойыңызды  қабылдайды,  ол 
сіздің жаныңызды білмейді, бірақ сізді көреді, тыңдайды».
Басқару  технологиясы  –  жақсы  нәтижелер  алуға  мүмкіндік 
беретін  білім  беру  мен  тәрбиенің  жаңа  технологияларын  құруға 
бағытталған қызмет.
Педагогикалық  басқару  функциялары  –  педагогтің  оқыту, 
тәрбие  мен  дамыту  мақсаттарын  іске  асырудағы  әрекеттері: 
мақсатты, әлеуметтік-педагогикалық, ұйымдастыру-педагогикалық, 
нұсқаулық-әдістемелік, әкімшілік-шаруашылық.
Басқаруда  басшының  кәсіби  қажетті  тұлғалық  сапасы  –  еңбек 
ұжымын басқару бойынша оның жұмыс жетістігін қамтамсыз ету 
барысында көрінетін адамның даралық-тұлғалық және әлеуметтік-
психологиялық ерекшелігі.
Әр түрлі деңгейдегі басшылар үшін, оның қызметтігі жетістігін 
қамтамасыз  ететін  жалпы  сапалар  қатарына  жоғары  кәсіби 
біліктілігімен  қатар  саяси  жетілгендігі,  жағдайды  саралап  көре 
білуі, мемлекеттік мүддені көре білуі, ұйымдастыру білігі білігі мен 
дағдысы, жеке ұқыптылығы, өзара сын мен жоғары өзіндік бақылау 
және шыдамдылықпен үйлесетін өзіне деген сенімділігі, басқаларға 
және өзіне жоғары балап қою барысында адамдарға белсенді – оң 
қатынасы  да  жатады.  Сапа  құрылымында  оның  ұжымды  біртұтас 
ретінде  және  оның  жай-күйі  мен  топтық  процестерге  әсерін  көре 
білуі маңызды рөлге ие болады. 
Зерттеу бойынша, педагогикалық техниканы меңгеруде жұмысын  
жаңа бастап жатқан педагогтарда қателіктер болатынын көрсетеді. 
Педагогтың  ата-аналарымен,  оқушылармен  сырласып,  әңгімелесе 
алмауынан педагогта ашу, сенімсіздік пайда болады. Практиканттар 
бірінші  сабақта  сөйлеуінде  мазасыздық,  жылы  қабақ  танытудан 

88
қорқу,  жылдам  сөйлеу,  сезімін  қорқынышпен  алмастыратынын 
жасырмайды. Негізгі жетіспеушілік дауыс монотоны, мәнсіз сөйлеу, 
мәнерлі  оқудың  жоқ  болуы.  Көптеген  индивидуальды  сөйлеуде 
жетіспеушілік – мақам, үйлесімді дауыстың түрін таба алмау. Бұл 
қателіктер педагогқа оқу барысында кері әсерін тигізеді. Сонымен 
қатар,  тәрбиешінің  сыртқы  түрі  эстетикалық  тартымды  болуы 
тиіс. Өзінің сыртқы түріне ұқыпсыз қатынас, өзгелердің шамадан 
тыс  ыңғайсыз  зейінін  байқатады.  Мұғалім  бала,  ата-ана  алдында 
сымбаттың  бейнесі  болуы  тиіс.  Бұның  барлығы  сабақ  барысында 
психофизикалық ұйымдармен, қарым-қатынас кезінде эмоционалды 
сезімін басқара білуін қажет етеді. 
Педагогқа өз қабілетін тексеруге келесі тест көмектеседі:
1. Сіз әрқашан шыдамды әрі ұстамдысыз.
2. Сіздің көңіліңіз шын мәнінде де салқын.
3. Сіз сабақта, аудиторияда, үйде әрқашанда зейіндісіз.
4. Сіз өз сезіміңізді басқалар аласыз.
5.  Әрқашан    әріптестеріңізбен,  жақындарыңызбен  қарым-
қатынасыңыз  жылы.
6. Оқыған материалыңызды тез ұғып аласыз.
7. Құтылу үшін жасалатын кері қылығыңыз жоқ.
8. Қандай да бір жағымсыз оқиғаға өкіну болмайды.
«Иә», «жоқ» деп жауап беріп, санап шығыңыз. Егер барлық жауап 
дұрыс  болса,  сіз  ұстамдысыз,  басқару  қабілетіңіз,  бағалауыңыз 
жоғары. Егер жауабыңыздың барлығы немесе бірнешеуі жағымсыз 
болса, онда сіз үрейлі, сенімсіз, өзіңізге сынмен қарайтындығыңыз.
В. А. Сухомлинский рухани тепе-теңдікті тәрбиелеуде мынаны 
ұсынады: қабақ шытушылыққа, өзге де кемшіліктің жолауына жол 
бермеу, әзіл – оспаққа назар аудармау, оптимист, мейірімді болу. Бұл 
сапаларды  дамытудың шарты: өз мамандығындағы әлеуметтік рөлді 
терең сомдау, даму сезімінің ұзақтығы, педагогикалық қырағылық, 
эмоцияналды  ықылас,  сонымен  қатар,  өзіндік  талдауға  және 
өзіндік  адекватты  бағаға  ұмтылу.  Жас  мамандарды  психикалық, 
физикалық әлсіреуден, балалар алдындағы  қорқыныштан, сабаққа 
дайындалудағы қорқыныш деңгейінен арылту. Аутогенді жаттығу, 
тыныс  алу,  артекуляциялық  жаттығулар  болуы  тиіс.  Мамандық 
мақсатын құру мен өзін-өзі сендіру.
4. Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды рөл паномимика 
және  пластика.  Пантомимика  -  дененің,  қолдың,  аяқтың  қимыл-

89
әрекеті  ол  образды  бейнелеуге,  негізді  бөліп  алуға  көмектеседі. 
Егер біз сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімді бақыласақ, оның барлық 
денесі, қолдары, бет әлпеті, аяғы үнемі қозғалыста болады. 
Мұғалімнің  әуелгі  жүріс-тұрысы,  сөйлеу  мәнері  оның  ішкі 
жан  дүниесін  бейнелейді.  Жинақылық  пен  емін  еркін  қимылы 
педагогтың  өз  біліміне,  күшіне  деген  сенімін  білдіреді.  Сонымен 
қатар салбыраңқы бас, жиі қобалжу мұғалімнің әлсіздігін, өз-өзіне 
деген сенімсіздігін білдіреді. 
Сабақ  беру  барысында  мұғалім  оқушылардың  алдында  тұру 
тәртібін ескеру керек (екі аяқтың ара қашықтығы 12-15 см, бір аяқ 
екінші  аяқтан  сәл  алға  шығуы  керек).  Барлық  қимыл  әрекетімен 
оқушылардың назарын өзінің қарапайымдылығына аудартуы керек. 
Сонымен  қатар  эстетикалық  зиянды  әрекеттерден  арылуы  керек: 
алға-артқа  теңселу,  екі  аяғына  кезек-кезек  сүйену,  орындықтың 
арқасын бір қолмен сүйеп тұру, қолында өзге бір заттарды қозғап 
немесе айналдырып тұру, басын (шашын) қасу, мұрынын жиі сүрту, 
құлақтарын ұстау және т.б.  
Педагог  іс-әрекеті,  қимылы  өз  дәрежесінде  шектеулі  және 
ұстамды  болуы  керек.  Мұғалімнің  әрбір  іс-әрекеті,  қимыл-
қозғалысы, бет әлпетінің қозғалысы оның сөзіне сай болуы керек. 
Мысалы:  сабақ  түсіндіру  барысында  мұғалім  тұрған  жерінен 
алға  қадам  басса,  ол  тақырыпты  ары  қарай  толығырақ  түсіндіріп 
тұрғанын, артқа шегінсе оқушыларға демалуға мүмкіндік бергені.  
Ал  оқушыға  қойылған  сұраққа  жауап  алу  барысында,  оң  қолын 
кеуде тұсына дейін көтеріп, сәл алға созу керек. 
Әрбір  ұстаз  оқу  процесі  барысында  оқушыларға  өз  білімінің 
басты байлығы мен құнарлылығын жеткізе білуі керек. 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  «Педагогикалық  техника»  деген  ұғымға  анықтама  беріп, 
оның  мазмұнын  мұғалімнің  практикалық  іс-әрекеті  тұрғысынан 
түсініктеме беріңіз.
2. Педагогикалық процестегі мұғалім мен оқушылардың өзара 
қарым-қатынасындағы пантомимиканың мәні неде?
3.  Педагогикалық  процесті  басқару  үшін  мұғалімге  қандай 
қасиеттер қажет? 
4.  Оқушылармен  қарым-қатынаста  мұғалімнің  сыртқы  киім 
мәдениеті әсер ете ме? Сіздің пікіріңіз.

90

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет