ОҚулық Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулық ретінде бекіткен Алматы, 2011



Pdf көрінісі
бет7/19
Дата26.03.2020
өлшемі1,89 Mb.
#60784
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19
Байланысты:
jusipova-pedagogikalyk-sheber


Тест тапсырмалары
1. Ұстаздық шеберлік компоненттерін атап көрсет:
А) сөйлеу шеберлігі
Ә) оқушылар ұжымын ұйымдастыруы
Б) әдіс - тәсілдерді тиімді таңдай бі луі
В) педагогикалық талап қоя білуі
Г) педагогикалық іскерліктерді кешенді игеруі
2.  Мұғалімнің  кәсіптік  қабілетіне  жатпайтын  қабілетті 
белгілеңіз:
А) балаға жылылықпен қарауы;
Ә) мәнерлі сөйлей білуі;
Б) мұғалімнің өзін-өзі ұстауы;
В) мұғалімнің көңіл-күйі;
Г) жаңаны сезінуі.
3. Педагогтің жұмысының түпкі нәтижесі 
А) оқушыларға сапалы білім беру
Ә) тәрбиеленушілерді қоғамдық қызметке бейімдеу
Б) оқушыны өзін-өзі ортада ұстай білуге үйрету және танымдық 
процестерін дамыту 
В) белгілі бір кәсіпке баланы дайындау, өмірге бағыттау
Г) оқушы, оның дамуы, білімділігі, тәрбиелілігі, жеке басының 
қалыптасуы
4. Сөйлеу мәдениетіне қойылатын талаптар
А) Әдеби тілді игеру
Ә) Білімін тереңдету
Б) Әдістемені игеру
В) Үздіксіз іздену
Г) Кәсіптік білім

103
6. КӘСІПТІК ШЕБЕРЛІКТІҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ 
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Жоспары: 
1. Педагогикалық қарым-қатынастың мәні
2. Педагог пен тәрбиелеуші арасындағы кәсіби қарым-қатынас. 
Қарым-қатынас педагогиканың негізі жөніндегі ұғым.
3. Қарым-қатынас құрылымы мен функциялары
4. Қарым-қатынас стилі және педагогикалық жетекші стиль
Негізгі  ұғымдар:  қарым-қатынас,  педагогикалық  қарым-
қатынас, қарым-қатынас стилі.
Өмір,  тіршілік  адамдардың  бір-бірімен  араласуынан,  қарым-
қатынастан  тұрады.  Адамдар  арасындағы  қарым-қатынас  дегенді 
қалай  түсінеміз?  Қарым-қатынас  ұғымы  -  адамның  ішкі  жан 
дүниесінің сыртқы көрінісі, олардың күнделікті өмір тіршілігіндегі 
бейнесін жасаудағы іс-әрекеті.
Өмірдегі  әр  түрлі  тіршілік  жағдайына,  өмірлік,  қоғамдық 
қажеттілікке  қарай  адамдар  арасындағы  қарым-қатынасты  бөліп 
қарауға  болады.  Жеке  тұлғаның  қалыптасуындағы  мұғалім  мен 
оқушы арасындағы қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам 
болсын,  мейлі  оқымысты,  мейлі  қарапайым  жұмысшы  болсын, 
мектеп  өмірі  туралы  аса  бір  жылылықпен  еске  түсіндіруі  жиі 
кездеседі.  Бұл  қарым-қатынас  оқушының  жеке  қасиеттерінің 
қалыптасуына зор ықпал етеді.
Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі 
осы әр түрлі рухани дүниені біріктіру. Педагог міндетті түрде ықпал 
ету нысанын көріп қана қоймай, жасалған ықпалдың нәтижесінде 
көру керек. Мұғалім көп жағдайда өзінің сәтті ұйымдастырылған 
іс-әрекеттің  тәрбиеленушіге  сәтті  ықпал  ететіні  сөзсіз  сенеді. 
Алайда  баланың  бағынуы,  келісімі,  эмоциясы,  іс-әрекеті  міндетті 
түрде  ескерілуі  керек.  Мұғалім  үшін  кері  байланысты  түсініп, 
қабылдауы  өте  маңызды.  Мұғалімдер  қалыптасқан  әдет  бойынша 
өзімен  әңгімелескен  оқушыға  өз  сырларын  айта  бермейді.  Өзінің 
оқушылары,  жұмысы  туралы  бәріне  әңгімелеп  өз  сырларын  айта 
бермейді.  Өзінің  оқушылары,  жұмысы  туралы  бәріне  әңгімелеп 
бергісі  келіп  тұрса  да,  ол  басқа  әңгімелесушінің  жан  дүниесіне 

104
саңырау болады. Оқушылармен қарым-қатынаста да осы «мамандақ 
қасиеті»  айқын  көрінеді,  көп  жағдайда  мұғалімнің  оқушымен 
әңгімесі өзінің монологын, ал мазмұны ескертумен толы болады.
Қарым-қатынас  басқа  біреудің  жан  дүниесіне  «мен»  ұғымын 
ендіру.  Бұл  оңай  емес,  өйткені  өзіңе  ұқсамайтын  басқаның  жан 
дүниесіне  ену  үшін  психологиялық  дайындық  қажет.  Сондықтан 
қарым-қатынасты  ұйымдастырғанда  субъектінің  психологиялық 
жағдайын ескеру өте маңызды. Кез-келген адам баласымен қарым-
қатынаста  оның  психологиялық  ерекшелігін  ескеріп,  оған  уақыт 
беру қажет.
Мұғалім  мен  мұғалімнің,  мұғалім  мен  басшының  қарым-
қатынасы қарама-қарсы нақтылық пен сөз мәдениетін талап етеді. 
Сөз  жүйесі,  сөйлемдер  айтылуы  тез  әрі  түсінікті  болуы  шарт. 
Оқыған адамдар тез түсініп, дәл қабылдай алатын болу керек. Ең 
бастысы  -  іскерлік  қарым-қатынаста  екі  жақты  пікірдің  келісім 
табуы.  Білімділіктің,  кәсіби  шеберліктің  жемісі  ең  басты  нәтиже 
болмақ.
Ол үшін: 
1) сөз өте жинақы, тұжырымды болып құрылуы; 
2) уақытты шебер пайдалану;
3) істің жоспары, шарты, заңдылығы болуы; 
4) мұғалім білім, білік, кәсіби шеберліктің шебері болуы; 
5) құқықтық білімнің болуы; 
6) сөз мәдениетін меңгеруі; 
7) азаматтық, адамгершілік тәртіптерді қатаң сақтау; 
8) әдеп нормаларына сай жүріс-тұрыс, киім кие білу мәдениетіне 
мән беру.
Сыныппен  алғаш  кездескен  жас  педагогтар,  жаңадан  үйретіп 
жүрген  тәрбиешілер,  практикадағы  студенттер  сыныппен  қарым-
қатынас  жасаудың  қиын  екенін  айтады.  Педагогикалық  практика 
кезінде  мынадай  сұрақтарды  жиі  естуге  болады?  «Балалармен 
қалай  сөйлесу  керек?»,  «Әзіл  айтуға  бола  ма?»,  «Балалар  неге 
тыңдамайды?»,  «Бұйығылық  пен  ұялшақтықты  қалай  жеңуге 
болады?»  т.б.  Осы  сұрақтардың  барлығы  -  педагогикалық  қарым-
қатынасты  меңгере  білмеудің  нәтижесі.  А.  С.  Макаренко  былай 
деп  жазған  болатын:  «Мен  үшін  менің  практикамда,  сондай-ақ 
сіздер үшін, көптеген тәжірибелі мұғалімдер үшін мұндай «түкке 
тұрмайтындар» қалай тұру, стол қасындағы орындыққа қалай дұрыс 

105
отырып, қалай дұрыс көтеру, күлу, қарау өте мәнді бола бастады. 
Бізді бұған ешкім үйретпеді, ал мұны үйренуге болады және үйрену 
қажет те, ең үлкен шеберліктің мәні осы және осы болуы тиіс».
Балалармен  педагогикалық  өзара  әрекетте  ұсақ-түйек  жоқ 
барлығы  да,  көзқарас,  көз  жанарының  қозғалысы,  дене  қимылы 
және  т.б.  жұмыс  істейді.  Өйткені  біз  жай  қарым-қатынас  емес, 
кәсіптік іскерлік пен қарым-қатынас жасаймыз.
Өз тобыңда мынадай жаттығу өткізіп көр: екеуара жұптасып, әр 
нәрсе туралы әңгіме-дүкен құр (фильм, кітап, заттар т.б.). Ал енді 
сонда отырғанның біреуі аудиторияға шығып, барлығының алдында 
жаңағы  айтқан  сөздерін  қайталап  көрсін.  Сонда  қарым-қатынас 
жүйесінде қандай өзгеріс болғанын сіз бірден сезінесіз.
Көпшілік  алдында  сөйлеушіде  байқалатын  ең  негізгі  сезім 
түсініктері мынадай:
1. Әңгімені қалай бастауды білушілік.
2. Толық ұғынықты, әрі түсінікті айтып бере алмаймын-ау деген 
қобалжу.
3. Қарым-қатынас мақсатындағы еленбейтін өзгерістер.
4.  Бұрын  пайдаланылған  қарым-қатынас  амалдарын  өзгерту 
қажеттігі жайлы түсінік.
5. Қарым-қатынас жүйесіндегі бір нәрсені өзгерту қажет деген 
түсінік,бірақ не екені-онша айқын еместік.
6. Жұрт алдында сөйлеуге дағдыланбағандық.
7. Бұрын табиғи болып келген дене қимылының, қозғалыстың, 
жалпы мінез-құлқының ерсілеу сияқты болып сезілуі.
8.  Қарым-қатынастың  өзгерген  формадағы,  мәнерлі  атқару 
компоненттерін қажет етуі.
9.  Өзіңізді  дұрыс  түсіну  үшін  жоспарланған  информацияны 
неғұрлым сол қалпында жеткізуге талпынушылық.
10. Таңдаушыны қызықтыруға тырысу.
11. Информацияны сұрыптауға, мазмұндауға және беру формасы 
жайында өзіне едәуір талап қоюдың пайда болуы.
Байқаған боларсыздар, көпшілік алдында сөйлеу үшін қарапайым 
қарым-қатынасты  барынша  жаттықтыра  түсу  қажет.  Тек  осындай 
кәсіптік-педагогикалық  қарым-қатынаста,  оған  қоса  балаларды 
шынайы жақсы көргенде ғана педагогикалық процестің бүкіл мәні 
айқындала түседі. В. А. Сухомлинский айтқандай, тәрбиеші өнері 
ең  алдымен  сөйлеу  өнерімен,  адам  жүрегін  баулап  алу  өнерімен 
көрінеді.

106
«Балалараға іскерлікпен табанды түрде айтылған жақсы сөздің - 
деп жазды А. С. Макаренко, - орасан зор маңызды болатынына мен 
кәміл  сенемін,  біздің  ұйымдық  формаларымызда  әлі  де  көптеген 
қателіктердің болуы, сірә, біз көп жағдайда балалармен дұрыстап 
сөйлесе  білмейтіндігімізден.  Сіздің  сөзіңізден,  сіздің  жеке 
басыңыздың лебі есіп тұратындай етіп сөйлей білу қажет. Осыған 
үйрену қажет».
А.  С.  Макаренконың,  В.  А.  Сухомлинскийдің  және  басқа  да 
көрнекті совет педагогтарының қызметін үйрену, озат педагогикалық 
тәжірибелер  мынаны  көрсетеді:  балалармен    өте  оңтайлы 
қарым-қатынас  жасай  білу  көп  жағдайда  оқу-тәрбие  процесінің 
тиімділігін қамтамасыз етеді. А. С. Макаренконың педагогикалық 
тәрбие  ықпалындағы  тамаша  үлгілері;  В.  А.  Сухомлинскийдің 
педагогикалық 
жұмысындағы 
адамдармен 
қарым-қатынас 
жасаудағы әдептілік пен нәзіктік.
Қарым-қатынас  ұғымы  пәнаралық  ғылыми  категория.  Қарым-
қатынас ұғымын философия, әлеуметтану, психология, педагогика 
және т.б. ғылымдар қарастырады.
«Қарым-қатынас» ұғымын педагогика мен психологияға  алғаш 
рет А.Ф. Лазурский енгізген. Ол тұлғаның сыртқы объектіге, адамға, 
рухани байлыққа, материалдық дүниеге қатынасын білдіретін ұғым.
Психологияда ең алғаш рет А. Ф. Лазурский тұлғаның қарым-
қатынасын  проблемасын  адамның  мінезімен  байланыстырды. 
Ол  қарым-қатынастың  15  тобын  талқылап  жіктеуі,  яғни,  қоғамға, 
табиғатқа, адамға, өзіне-өзі, т.б.
Ал  В.  Н.  Мясищев,  А.  Ф.  Лазурский  көзқарасын  дамыта 
отырып,  тұлға  қарым-қатынасының  психологиялық  анықтамасын 
жасады.  Адамның  психологиялық  құрылымы  санасымен,  өмірге 
қатынасымен анықталады. Саналы тұлға қарым-қатынастың күрделі 
динамикалық жүйесін білдіреді.
В. Н. Мясищев қарым-қатынас түсінігінің маңызын аша отырып, 
психологиялық  тұлғаның  белсенді,  таңдамалы  бағытының,  іс-
әрекетінің сипатын, мінез-құлығында көрінетін ерекшелігіне талдау 
жасайды.
Сондықтан,  қарым-қатынас  адамда  шындықтың  объектісін 
танып  білудің  нәтижелерін,  қатынасын  психикалық  ерекшелік 
ретінде түсіндіреді. 

107
Қарым-қатынас  сипаты  қоршаған  шындыққа  тәуелді  келеді, 
оның  ортамен,  дүниемен  байланысын  білдіреді,  ішкі  дүниесінен 
көрініс  береді.  Қарым-қатынас  жүйесі  адамның  жеке  дамуының 
жемісі болып табылады.
Осы  тұжырымға  сүйене  отырып,  қарым-қатынас  мәдениетінің 
қалыптасу ерекшелігі анықталады. Ол тұлға аралық қарым-қатынас 
байланыста дамиды.
Тұлға  аралық  өзара  қарым-қатынас  мәдениет  проблемасымен 
ұштасып, жеке тұлғаны дамытудың бағыты негіздей алады. 
Дүниенің  адаммен  арақатынасын  білдіретін  құбылыстар 
жиынтығы. Адам қоршаған ортаға еніп, ерекше мәнге ие болады, 
сонымен  бірге,  жеке  тұлғаның  дамуының  маңызды  бөлігі  оның 
мәдениеті қалыптасады.
Мәдениеттің  қалыптасуы  қарым-қатынас  тыс  болмайды,  сол 
себепті  қарым-қатынастың  механизмдері  де  бұл  жағдайда  белгілі 
орын алады.
Педагогика  ғылымында  адам  қоғамының  басты  құндылығы  
және  қоғамдық  дамудың  өзіндік  мақсаты  мәдени-рухани 
құндылықтармен ашылады. Сонымен қатар, жеке адам танымның, 
қарым-қатынастың, шығармашылықтың белсенді субъектісі ретінде 
беріледі. 
Мәдениет  компоненті  ретінде  білім  өз  кезегінде  мәдениеттің 
тасымалдаушысы,  оның  өмір  сүрунің,  сақталуының,  кеңеюінің 
басты шарты.
Қарым-қатынас барысында жеке адамның әлеуметтану процесі 
жүреді, соның нәтижесінде оның қоғамдық рухани және материалдық 
құндылықтарға  жақындауы  мен  дәстүрлермен  танысу  жағдайы 
қалыптасады. Адам тек қарым-қатынас процесінде ғана жеке тұлға 
болып қалыптасады, өзі үздіксіз қатынас жасайтын қоғамға кіреді. 
Коммуникация  процесінде    әрбір  адам  өзара  әрекеттің  белсенді 
субъектісі бола отырып, олармен қатынасты дамытады, тереңдетеді. 
Ал коммуникативтік іс-әрекетте жеке адамның өзін- өзі  тануы мен 
нақтылауы, ішкі мәдени дамуы жүреді. 
Қарым-қатынас  –  адамдар  арасындағы  дыбыстық-белгілік 
(сөздік)  өзара  іс-әрекет;  оның  барысында  және  соның  көмегімен 
ақпараттар  алмасу,  қатынастар  орнату  мен  қалыптастыру,  кімнің 
болса да іс-әрекетін басқару жүзеге асады.
Қарым-қатынастың  жетекші  түрлері  –  тұлғаның  дамуының 
сол  кезеңіне  сәйкес,  адамның  негізгі  тұлғалық  қасиеттерінің 

108
қалыптасуына  әкелетін,  қандай  да  бір  жас  кезеңіндегі  қарым-
қатынастың басым түрі. 
Қарым-қатынастың кезеңдері:
1.  Болашақта  болатын  қарым-қатынасты  модельдеу  (болжау 
кезеңі);
2. Қарым-қатынасты ұйымдастыру (қарым-қатынастың бастапқы 
кезеңі) – “коммуникативті шабуыл”
3. Педагогикалық процесте қарым-қатынасты басқару;
4.  Өткен  қарым-қатынасты  талдау  және  келесі  педагогикалық 
міндеттерді шешу үшін оны модельдеу.
Қарым-қатынасты  модельдеу  барысында  мыналар  жүзеге 
асады:
- Өзара әрекеттесудің коммуникативті құрылымы жоспарланады;
-  Педагогикалық  міндеттер  коммуникативті  міндеттерге 
ауыстырылады.
Қарым-қатынас  әлеуметтік-психологиялық  құбылыс,  ол 
адамдардың  өзара  әрекетінің  үрдісі,  оған  қатысатын  адамдар  бір-
бірінің  ұмтылысына,  ойларына,  күйлеріне  әр  түрлі  дәрежедегі 
күштермен әсер етеді. 
Қарым-қатынас  педагогикалық  іс-әрекеттің  маңызды  кәсіби 
құралы, педагогикалық қарым-қатынас бұл жағымды психологиялық 
ахуалды  тудыруға  бағытталған  мұғалімнің  оқушылармен  кәсіби 
қарым-қатынасы.  Педагогикалық  қарым-қатынас  әлеуметтік 
психологиялық процесс ретінде мыналармен сипатталады: тұлғаны 
тану, ақпарат алмасу, іс-әрекет, өзін-өзі бекіту т.б. 
Қарым-қатынас  -  әлеуметтік-психологиялық  құбылыс.  Ол 
адамдардың  өзара  әрекетінің  үрдісі,  оған  қатысатын  адамдар  бір-
бірінің  ұмтылыстарына,  ойларына,  күйлер  және  сезімдеріне  әр 
түрлі дәрежедегі күштермен әсер етеді.
Қарым-қатынаста өзара байланысты үш жағы бөлінеді: 
- коммуникативті /ақпарат алмасу/, 
- интерактивті /қарым-қатынасқа түсетін индивидтердің белсенді 
өзара әрекетін ұйымдастыру/, 
-  перцептивті  /қарым-қатынасқа  түсушілердің  бірін-бірі 
қабылдау үрдісі, осы негізде өзара түсінікті орнату/.
Біздің  бәріміз  де  бір-бірімізбен  қарым  қатынас  жасаймыз. 
Қарым-қатынас  дегеніміз  тіл  арқылы  пікір  алысу.  Адамның 
ең  жарқын  ерекшеліктерінің  бірі  -  оның  сөйлеу  қабілеттілгі. 

109
Сөз  -  адам  психикасының  өмір  сүруінің  аса  маңызды  факторы. 
Қарым-қатынассыз  қоғам  ыдырап  кетеді.  Қарым-қатынас  жасау 
мүмкіндігінен айырылған адам ойдағыдай дами алмайды. Қарым-
қатынас адам іс-әрекетінің таным және еңбекпен қатар жеке адамды 
қалыптастыратын аса маңызды түрі болып табылады. Лингвистер 
тілді  қарым-қатынас  құралы,  қоғам  жасаған  білімдерді  таратушы 
ретінде  зерттеп  келеді.  Кибернетика  мен  информатика  теориясы 
жасалғаннан бері ойды машиналық өңдеуге лайықтап, символдармен 
белгілеу мүмкіндігі туды. Осылайша машина тілі деген пайда болды. 
Оның көмегімен адам электрондық есептеу машинаның қызметін 
басқарады,  компьютерлерді  басқарады.  Жануарлар  арасындағы 
сигнал  алмасу  да  тереңірек  зерттеле  бастады.  Адамның  қарым-
қатынасы ақпарат алмасудың жеке дара жағдайына айналды. Осы 
ұқсас құбылыстарды талдап қорыту қажеті туды. Олардың бәрін де 
коммуникацияның жеке дара жағдайы деп қарауға болады.
Сабақта сыныпты меңгеру үшін осындағыларды мұғалім түгел 
өзінің  сөзіне  тартып  немесе  тапсырманы  орындауға  жұмылдыра 
алуы  шарт.  Сабақ  үстінде  оқушыларға  түгел  ие  болу,  негізінде 
баяндалатын оқу материалын нендей тілмен жеткізуге байланысты 
келетініне, жеке балаға түрлі ескертулердің қалай жасалынуы керек 
екенінде үлкен маңызы бар. Өйткені, сабақ үстінде оқушының бірі 
тынышсыз  отырғанда,  мұғалім  онымен  айналысып  кетсе,  онда 
ол  өзінің  жоспарын  орындай  алмай,  мақсатына  жете  алмайды. 
Сондықтан  сабақты  ойдағыдай  жүргізуде  ескертулерді  дұрыс 
жасап,  сыныптағылармен  қатынас  жасай  алу  шеберліктің  белгісі. 
Сабақта мұғалім ескертейін дегенін өзінің тікелей сөз мағынасында 
айтпай, көңілімен жеткізе алуы – оқушылармен қатынас жасаудағы 
шеберліктің ең жақсы түрі. Мұндай тәсіл бір жағынан сыпайылықты 
сақтауға  мүмкіндік  берсе,  екінші  жағынан  әрі  әсерлі,  оқушының 
санасына қонымды келеді. Өйткені, оқушы ұстазының не себептен 
оның  атын  атамай  тұрғанын  бірден  түсініп,  көпшіліктің  көзінше 
ұялтқысы келмей тұрғанын біліп алаңдауын тоқтата қояды. Сабақта 
оқушылармен  қатынас  жасаудағы  шеберліктің  өзге  түрлері  де 
кездеседі. Сабақта сыныппен байланыс жасаудың негізгі тәсілдердің 
бірі – мұғалім сөзінің нақты және оқушыларды сендіретіндей болып 
келуінде. Мұғалім сөзінің сенімділігі – айтылатын сөздердің айқын, 
бірінен соң бірі жүйемен келуін айтады.
Соңғы  кезде  психологиялық  зерттеулерде  қарым-қатынас 
жасаушылардың  аралығындағы  қашықтықтың,  партнерлердің 

110
отырысының  коммуникативтік  мәніне  көңіл  аударылуда. 
Американдық  қарым-қатынас  психологияда  бұл  бағыттағы 
зерттеулерге  просемика  деп  ат  қойылды.  Төрт  түрлі  арақатынас 
бар: көңілдестік, жекебастық, әлеуметтік, көпшіліктік. Алдыңғы екі 
қарым-қатынас  бір-біріне  жақын,  достық  байланысты  аңғартады, 
ресми  байланысты  адамдар  әлеуметтік  қатынасты  ұстанады. 
Көпшіліктік арақатынас бөтен адаммен араласу. 
Бейнелеу де қарым- қатынас құралы болып табылады. Алайда 
бұлар тікелей байланыс жасау құралы емес, оны тарату техникаға - 
кітап басу, кино, телеведениеге байланысты. 
Жоғарыда аталған қарым-қатынастың сөзден тыс құралы сөйлеу 
қарым-қатынасын демелеп отырады.
Коммуникацияның  сөйлеу  және  сөйлеусіз  қарым-қатынас 
құралдарының  бірлігіне  жету  –  басқалармен  жұмыс  жүргізетін 
мұғалімнің міндеті болып табылады.
Қарым-қатынас  -  педагогикалық  іс-әрекеттің  маңызды 
кәсіби  құралы.  Педагогикалык  карым-қатынас  -  бұл  жағымды 
психологиялық  ахуалды  тудыруға  бағытталған  мұғалімнің 
оқушылармен  кәсіби  қарым-қатынасы.  Педагогикалық  қарым-
қатынас  әлеуметтік-психологиялық  процесс  ретінде  мыналармен 
сипатталады:  тұлғаны  тану,  ақпаратпен  алмасу,  іс-әрекетті 
ұйымдастыру,  рольдік  алмасу,  іс-әрекетті  ұйымдастыру,  өзін-өзі 
бекіту.  Педагогтың  міндеті  -  оқушыларға  өзіндік  «Менің»  тануға 
жағдай    жасау,  өзінің  тұлғалық  мәнін  терең  сезінуі,  тұлғаның 
болашағын және адекватты өзін-өзі бағалауын қалыптастыру. 
Қарым-қатынас  қажетті  информация  алмасуда,  басқаруда 
көрініс  беретін  заттың  іс-әрекеттің  тиімділігін  қамтамасыз  ететін 
мәдениеттілік  белгілері  белсенділік,  идеяшылдық,  еркіндік, 
ерекшеліктің субъектісі ретінде танылады.
Екіншіден,  қарым-қатынас  жасау  үшін  адамға  тән  әлеуметтік 
сапаның  пайда  болуы  адамның  мәдени  қауымдастыққа  жету 
мүмкіндігін ашады.
Үшіншіден, субъектінің өз құндылқтарына қатынасы көрінеді. 
Сонымен,  қарым-қатынас    адамды  тәрбиелеу  үшін,  дүниені 
қабылдау  және  түсіну  үшін,  адамдарға  және  өзіне  өзара  әрекет 
субъектісі ретінде қатынасының мәдени құралы ретінде беріледі. 
Адамдар өзара бірлесе отырып, ортақ нәтижеге жету үшін күш 
біріктіре келсуін қарым-қатынас деп түсінеміз. 

111
Гуманизм  принциптеріне  сәйкес  қарым-қатынасқа  түсуші    әр 
адамға, қатынас жасайтын басқа адамдар бағалы болып табылады. 
Қатынас  гуманизмі  дербестік  рөлдік  позицияны  саналы  түрде 
өзгерте  алады.  Қарым-қатынас  серіктестікті  қабылдауда  аса 
маңызды. Егер педагог баланы  әсер ететін нысана  ретінде көретін 
болса, өзара қатынаста гуманистік, ізгілікті ештеңе болуы мүмкін 
емес.  Психолог  Я.  И.  Коломинский  тұжырымдамасы  бойынша 
қарым-қатынастың екі деңгейі болады: сыртқы деңгейі тәртіптілік, 
операциялы-  техникалық  және  ішкі  деңгей  жеке-маңызды  ішкі 
дүниесі /87/.
В. А. Кан-Камен пікірінше адамдардың бір-бірінң мүмкіндіктерін 
бағалауы  олардың  бірлесе  орындаған  әрекетінің  өту  сипаты  мен 
нәтижесіне байланысты (89).
Қарым-қатынас  жетістігі  көп  жағдайда  әлеуметтік  перцепция 
деңгейімен  анықталады,  яғни  адамдардың  бірін-бірі,  топта, 
әлеуметтік  бірлестікте,  өзін-өзі  түсінуі  және  бағалалауы 
қабылданады.
Әлеуметтік  перцепция  адамдарды  бірлестіріп,  қарым-қатынас 
жасауға мәжбүр қылатын іс-әрекет.
Қоршаған  ортада  адамдарда  жеке-тұлғаны  бейнесін 
қалыптастыруда оның бет әлпеті, сыртқы келбеті басымдылық рөл 
атқарады.  Адам  бейнесін  қабылдауда  нақты  айырмашылық  бар. 
Қабылдаудың дәлдігі түрлі адамдарды  ажыратуға  мүмкіндік береді.
Әлеуметтік  перцепция  зерттеулерінде  өзін-өзі  танып  білуі 
өзекті  мәселе  болып  табылады.  Осы  мәселе  адамды  күрделі 
өзін  реттеуші  жүйе  ретінде  түсінуде  аса  маңызды.  Америка 
психологтарының  тұжырымдамасына  сәйкес  адамның  өзі  туралы 
пікірінің  қалыптасуы  үш  әлеуметтік  блоктан  тұрады:  когнитивті, 
эмоциялық-бағалаушы және реттеуші. Когнитивті блоктың қызметі 
- өзі туралы мәліметті қорыту және сақтау, эмоциялық-бағалаушы 
қызмет - өзінің мүмкіндігі мен қабілеттілігін бағалап,  өзіне деген 
көзқараста  бағалау,  реттеуші  блоктың  қызметі  -  өз  тәртібін  және 
іс-әрекетін  реттеп,  кері  байланыс  арқылы  өзі  туралы  мағлұматты 
коррекциялау.  Өзін-өзі  қабылдау  дегеніміз  -  адамдардың  өзін 
басқалармен салыстыруы, өзін басқалардың қабылдауын сезінуі, өз 
әрекетінің нәтижесіне сәйкестігі және сыртқы кейпін қабылдаудан 
тұрады.
Әлеуметтік перцепцияда аса маңызды болып қарым-қатынастың 
вербальсыз әдістері табылады.

112
Жеке-дара  қатынас  процесінде  адамдардың  бірін-бірі 
қабылдаудың  негізгі  әдіс-жүріс  тұрысы,  қимылы,  дауыс  ырғағы, 
ымдау  маскасы.  Мысалы,  көздер  контактісі  адамдар  арасындағы 
қатынасы  реттеуші  механизм.  Сол  сияқты  жест  (қимыл)  тілі 
де  ежелгі  тілдің  бірі  болып  табылады.  Мысалы,  аудиторияда 
алдында сөйлеп тұрғанда кейбір қимылдар тыңдаушыларға қысым, 
сыйламау, тәкәппарлық болып көрінеді. Егерде сөйлеп тұрған адам 
бір  аяғынан  екінші  аяғын  аударылып,  қозғалып  тұрса  сенімсіздік 
тудырады.  Артық  шапшаң  қимылдар  аудиториямен  байланысқа 
түсуге кедергі болады. 
Экспресивті психологияны күнделікті қолдану маңызды қимыл-
қозғалысты дамытып қана қоймайды, сонымен қатар жалпы жеке 
адамның қалыптасуына әсер етеді (90).
Жеке  даралық  қатынаста  өзі  туралы  мәлімет,  өзінің  тәртібі, 
сонымен  қатар  өзге  адамдардың  қылығына  жауапты  реакцияны 
көрсету  маңызды.  Кері  байланыс  арқылы  адам  өзінің  тәртібін 
икемдеп,  оның  тиімді  жолдарын  қарастырып,  өзін  бағалауды 
қалыптастырады.  Кері  байланысты  жасай  білу,  қарым-қатынас 
жүйесінде компоненттілігін көрсетеді. 
Әдетте  адам  өзі  туралы  мәліметтерді  іс-әрекеті  барысында 
бақылай  алады.  Егерде  қарым-қатынас  өзінің  тәжірибесі    мен 
бейнесімен сәйкес қабылданбаса, онда жеке тұлға қарым-қатынаста 
кері  жағдайларды  осындай  жағдайда  қарым-қатынаста  адам 
оқшаулану жағдайына сезінеді. 
А. А. Леонтьев зерттеулерінде бұндай ситуацияларда оқытушыда 
пайда  болатын  қорғаныс  жүйесі  балаларға  педагогикалық  ықпал 
етуіне мүмкіндік береді (91,92).
Адам  қарым-қатынаста  қиыншылықтарға  кездеседі.  Психолог 
В. А. Лабунская тұжырымдамасы  бойынша қиын қарым-қатынас 
әлеуметтік-психологиялық  феномен  ретінде,  адамдардың  өзара  
түсініспеушілік  формасында  шынайы  жағдайларда  байқалады. 
Қиын  қатынастың  көрсеткіштері  қатынас  жасаудағы  ұзақ  үзіліс, 
бір  сөзді  жауап  беру,  дауыс  ырғағын  жоғарылату,  адамды  тыңдай 
алмау,  әңгімені  жалғастырмау,  байланысқа  түсе  білмеу,  көздер 
байланысының  болмауы,  дөрекілік,  серіктесін  кемсіту,  менсінбеу, 
жасықтық,  ұялшақтық,  келіспеушілік,  өтірік,  сенімсіздік, 
бірбеткейлік, серіктесінің пікіріне құлақ аспаушылық (93).

113
Қарым-қатынас  қиыншылығы  ішкі  күйзеліс  жағымсыз 
эмоциямен білінеді және қарым-қатынастың бұзылуы да тұлға үшін 
жеке қиыншылқтар туғызады. 
Жеке  адамдар  арасындағы  байланыста  қарым-қатынастың 
маңызын сапалы түрде ұсынбау ситуациясы болып табылады. Жеке 
даралық қатынастың бұзылуы- психологиялық көмекті талап ететін 
қатынас жүйесін өзгерту және коррекциялау арқылы өтеді.
Психологтар  өзара  қарым-қатынас  кедергілерінің  алты  типін 
көрсетеді:
- ситуациялық кедергілер, жағдайды әр түрлі түсіну, жағдайға әр 
түрлі деңгейде ену;
- мағыналық кедергілер, алдыңғы хабарға байланыссыз айтқанды 
қабылдау;
-  мотивациялық  кедергілер,  бір-бірімен  қатынасты  не  себепті 
жасайтынын түсінбеу;
- өзге адам туралы түсінігі болмау;
-  өзге  адамды  мәдени  деңгейі,  қажеттілігі,  қызығушылығы, 
бағыттылығына қарай қате бағалау;
- кері байланыстың болмауы.  
Жеке  қарым-қатынас  кедергілері  біріншіден  алғашқы  әсердің 
тиімділігі, екіншіден әсердің бірлігі, үшіншіден әсердің қайталануы, 
төртіншіден әсердің үздіксізділігі.
Егер  өзара  қарым-қатынасқа  түсетін  адамдар  түсінушіліктің  
деңгейін  анықтай  алса  және  қарым-қатынас  жасаған  адамды 
түсінемін  деп  өзіне  сенімді  болса,  олардың  арасында  қарым-
қатынас  пайда  болады.  Қарым-қатынасқа  түсушілер  өздерінің 
саналарында  бір-бірінің  ішкі  жан  дүниесін  ұғуға  сезімдерін 
түсінуге,  қылықтарының  себебін  анықтауға  тырысады.  Бөгде 
адамдарды тану ғана жеке адам қатынас деңгейін жоғары дәрежеде, 
анықтауға мүмкіндік береді. Қарым-қатынасқа түсушілер өзара бір-
бірінің  жан  дүниесін  түсініп,  қабылдағанда  ғана  қатынас  деңгейі 
соғұрлым жоғары болмақ. Қарым-қатынастың дамуына аз дегенде 
екі  адам  қатынасады.  Қатынасқа  түсушілер  бірін-бірі  тануда 
қабылдауда маңызды қарым-қатынас механизмдерін меңгеруі тиіс, 
олар идентификация, рефлексия және стереотипизация. 
Идентификация - бұл бөгде адамды саналы түрде оның мінезін 
түсініп, оның орнына өзін қойып  көру ниетімен оның жан дүниесін, 
ойын, әрекетін, сезімін ойша құрастырады. Қарым-қатынас үшін тек 

114
сырттай бөгде адам ретінде оны түсіну ғана емес, сондай-ақ онымен 
қарым-қатынасқа түскен жеке адам қалайша  өзін қабылдап, түсініп 
тұрғанын назарына алу да маңызды. Қарым-қатынасқа түскендердің 
біреуі өзін қандай түрде қабылдап тұрғанын саналы ойласа, онда 
бұл қарым-қатынас рефлекция деп аталады. 
Рефлекция  -  адамды  түсіну  негізіне  жатады.  Бөгде  адамды 
түсіну  -  сол  адамның  қарым-қатынасын  қабылдау  тек  қана  өзіне 
арналғандығын  құптау.  Осылайша  адамның  адамды    қабылдауы 
оның айналадағы бейнесі секілді. 
Адам  бөгде  жеке  адамды  бейнелей  отырып,  өзін  сол  адамның 
қабылдау айнасында бейнелейді. Қарым-қатынас жүру барысында 
идентификация мен рефлекция бірлікте болады. Егер де әрбір жеке 
адам өзі қарым-қатынасқа  түскен адамдар туралы әрқашан толық 
ғылыми  негіздерінен  хабардар  болса,  онда  ол  өзара  қатынасты 
ешқандай кемшіліксіз құра алады. Бірақ күнделікті өмірде адам осы 
тәрізді дәл хабарға ие бола алмайды. 
Стереотипизация  -  қылықтар  түрлерінің  формасы  және 
кейде ешқандай негізсіз қылықтарды таныс немесе таныс сияқты 
көрінетін  құбылыстарға  жатқызу,  яғни  әлеуметтік  стереотипке 
жауап беру. Стереотип бұ жерде өз бетінше қалыптастырған адам 
бейнесін әрдайым белгі ретінде ұстану.
Стереотипизация  -  қарым-қатынас  қорытындысы,  жеке  дара 
қабылдаудың  тәжірибесін  жинақтау,  кітаптар  мен  кинофильмдер, 
таныстарының есте қалған сөздері арқылы қалыптасуы мүмкін. Бұл 
ретте  осы  жинақталған  білімдердің  өзі  дұрыс  қорытындылармен 
сәйкес  келмей  қате  болуы  мүмкін.  Қалыптасқан  жекедаралық 
қабылдау  стереотипі  бөгде  адамдарды  түсінудің  таңдап  алынған 
эталоны және салыстырмалы жағдайда  тиімді болады. 
Адамзат  болмысының  бөлінбес  бөлшегі  бола  отырып,  қарым-
қатынас жеке адам дамуының құралы мен басқаруы бола алады. Ол 
арқылы адам қоршаған орта, әлеуметтік ортамен әртүрлі контактіге 
түсіп, қоғамдық мәдени және адам құндылықтарына жақындасуы, 
өзін-өзі тануы, дүниемен өзара байланысы қалыптасады. 
Жоғарыда  атап  өтілгендей  қарым-қатынас  жәй  хабар 
алмастырумен шектелмейді.
Қарым-қатынас  жоғары  деңгейде  болуы  үшін  міндетті  түрде  
өзара хабар алмастыру.

115
Бөгде адамға бір нәрсені хабарлағанда, нұсқау бергенде немесе 
сұрақтар  қойғанда,  яғни  онымен  өзара  байланыс  жасағанда  жеке 
адам өзінің қатынасының пайдалы екендігі жайында қажетті хабар 
алады. 
Адам  арасындағы  қарым-қатынас  және  түсінушілкке  жету 
басшы  қолданатын  әдіске  байланысты.  Сыйластық  формасында 
басқару  адам  тұлғасы,  оның  белсенділігі,  тәртіптілігі,  әділдігінің 
қалыптасуына мүмкіндік береді.
Сонау  ерте  заманның  өзінде-ақ  адам  жалғыз  жүріп  мақсат-
мұратына  жете  алмайтынын,  айналасындағылармен  бірлесіп  өмір 
сүру  адамдардың  табиғи  қажеті  екендігін,  тіпті  өмір  сүрудің  де 
мұнысыз мүмкін еместігін адамзат жақсы аңғарған.
Шығыстың екінші Аристотель атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр 
Әл-Фараби өз еңбектерінде жақсы адамдармен бірлесіп тірлік етіп, 
бас қосу да бақытқа  жетудің басты шарттарының бірі деген  екен 
(94). 
Педагогикалық  қарым-қатынас  технологиясы.  Педагогикалық 
қызметтің  өнімділігі  көбіне  мұғалімнің  педагогикалық  қарым-
қатынас технологиясын меңгеру деңгейіне байланысты. Білім беру 
мен  тәрбиелеудің  міндеттерін  шешуде  кездесіп  отыратын  түрлі 
қиыншылыктардың  болуы  мүғалімнің  балалармен  дұрыс  қарым-
қатынас ұйымдастыра алмауынан туындайды.
В.  А.  Кан-Каликтің  мұғалімге  арналған  педагогикалық 
қарым-қатынас  технологиясы  кітабында:  тәрбиенің  тиімділігі 
баланың бойында қандай қасиет тәрбиелегіміз келетінін білу, сол 
бағытта  жағымды  қарым-қатынас  тудыруға  тәуелді  делінген.  Бұл 
жинақталған  қарым-қатынас  механизмі  аркылы  қалыптасады. 
Сондықтан  да  әр  мұғалімнің  алдында  педагогикалық  қарым-
қатынас технологиясын меңгеру міндеті тұр.
Педагогикалық  кызметпен  байланысты  қарым-қатынас  -  бұл 
оқытудың міндеттерін шешудің құралы, әлеуметтік-психологиялық 
қамтамасыз  етілген  білім  беру  процесі,  педагог  пен  балалардың 
оқыту мен тәрбиенің жетістікке жетуіне жағдай жасалуы.
Педагогикалық  қарым-қатынас  технологиясының  жоспардағы 
ерекше  шығармашылық  типі  ретінде  ақпаратты  бере  алуда, 
оқушының  жағдайын  түсінуде,  балалармен  өзара  қарым-қатынас 
ұйымдастыруда,  қарым-қатынас  серігіне  әсер  ету  өнерінде,  өзінің 
психикалық жағдайын басқара алуда көрініс табады.

116
Коммуникативті міндет. Кәсіби педагогикалық қарым-қатынас 
процесі  коммуникативтік  міндет  жүйесі  ретіңде  берілгендіктен, 
педагогикалық карым-қатынас технологиясының мәнін «коммуни-
кативтік міндет» ұғымымен түсіндіреді.
Коммуникативтік міндет педагогикалық міндеттен шығады, дәл 
сондай шешу кезеңдерінен тұрады: жағдайды талдау, варианттарды 
және  оның  ішінен  тиімдісін  таңдау,  коммуникативті  әрекеттесу 
және оның нәтижесін талдау.
Педагогикалық  міндетті  шешудің  барлық  кезеңінде  педагог 
салаларға сәйкес қалыпты қарым-қатынас технологиясын қолданады, 
соның көмегімен педагогикалық әрекетті ұйымдастырады.
Жалпы коммуникативтік міндет баяндау және ынталандырудан 
құрылады. Баяндау түрлері: өзінің баяндауы, мәлімет беру, хабарлау, 
атап  өту,  жауап,  жеткізу,  рапорт  және  т.б.  Ынталандыру  түрлері: 
бұйрық,  талап  ету,  ескерту,  ақыл  беру,  тапсырма,  шақыру,  өтініш, 
уағыздау және т.б.
Коммуникативтік міндет оқыту міндетін шешудің әдісі ретінде 
қарастырылады.  Мұғалімнің  коммуникативтік  іс-әрекетінің 
-қызметі белгіленген:
- ынталандырушы
- жауап беруші
- бақылаушы
- ұйымдастырушы
Коммуникативті міндеттерді шешудің кезеңдері келесі негізден 
құралады:
1.  Қарым-қатынас  жағдайында  бағдар  көрсету  кезеңі  келесі 
компоненттерге  сүйенеді:  1)  педагогтың  қарым-қатынас  стилін 
сезіну,  осы  ұжыммен  болатын  қарым-қатынастың  ерекшеліктерін 
ойша құрастыру - коммуникативті есте сақтау; жаңа коммуникативтік 
қызмет  жағдайында  карым-қатынас  стилін  анықтау;  сыныптағы 
жағдаятқа және ағымдағы педагогикалық міндеттен шығады. Мұнда 
соның негізінде сынып, балалар тобы немесе жеке тәрбиеленушілер 
қатыса алатын қимыл-қозғалыс объектісін нақтылау жүзеге асады.
Өзіне көңіл аударту кезеңі әртүрлі тәсілдердің көмегімен жүзеге 
асырылады.  Олар  мына  варианттарға  бөлінеді:  сөздік-вербалдь 
қарым-қатынас,  өзіне  көңіл  аудартудың  ішкі  белсенді  талабы  мен 
үзіліс, белгі-кестелерді, көрнекілікті ілу, тақтаға жазу.
Пайдаланатын құралдары бойынша: вербальды қарым-қатынас 
– тіл, сөз арқылы қарым-қатынас жасау; ал вербальды емес – басқа 

117
адаммен  немесе  адамдар  тобымен  сөзді  пайдаланбай  белгілер, 
символдар, ым, ишара, пантомимика арқылы қарым-қатынас жасау.
Нақтылау  кезеңінде  педагог  алдыңғы  кезеңдерде  жинақталған 
қарым-қатынас  жағдайын  және  мүмкін  болатын  міндеттерді 
нақтылайды. Өнімді қарым-қатынас деңгейін анықтауға тырысады.
Коммуникативтік  міндетті  шешудің  негізгі  кезеңі  -  вербальдь 
қарым-қатынасты жүзеге асыру. Мұндай қарым-қатынасты жетістігі, 
педагогтың жақсы вербальдық еске сақтауыш байланысты, жарқын 
нақты  сөйлеу,  тілдік  әдістерді  дұрыс  таңдай  білуі,  ақпаратты 
беру  мәтінін  логикалық  түрде  құрастыра  білуі  интонациясына 
байланысты.
Коммуникативтік  міндетті  шешудің  ең  соңғы  кезеңі  –  кері 
мазмұнды  және  эмоциональды  байланысты  ұйымдастыру.  Кері 
мазмұнды  байланыс  қатысушылардың  оқу  материалын  меңгеру 
деңгейі туралы ақпарат” береді. Ол фронтальды және шұғыл жеке 
сауалнама арқылы орындалған тапсырманы талдау арқылы жүзеге 
асырылады. 
ХХ  ғасырдың  60-жылдардың  соңында  әлеуметтік  және 
педагогикалық 
психология 
ғылымдарының 
тоғысында 
“педагогикалық қарым-қатынас” ұғымы пайда болды
ХХ  ғасырдың  70-жылдары  Т.  Н.  Мальковский  қарым-
қатынастың  коммуникативті  аспектісін,  А.  В.  Мудрик  мектептің 
өзара әрекеттесуі мен тәрбиелеуші әсерлерін, В. В. Течет ата-аналар 
мен балалардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін зерттеді.
ХХ  ғасырдың  80-жылдары  А.  А.  Бодалев,  В.  Я.  Ляудис 
педагогикалық  қарым-қатынасты  ғылымның  жаңа  саласы  деп 
көрсетті. Ал, А. А. Леонтьев, Н. А. Березевина, Я. Л. Коломинский, 
С. В. Кондратьев, В. А. Кан-Калик педагогикалық қарым-қатынас 
ұғымын  қарастырды.  В.  А.  Кан-Калик  қарым-қатынастың 
психологиялық  мазмұнын,  құрылымын,  стилін,  кезеңдерін 
анықтады.  Педагогикалық  қарым-қатынас  “педагогикалық 
шеберлік” пәнінің аясында оқытылды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет