1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы,
ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті
құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);
3. Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау,
стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік,
экспериментке ұмтылыс);
24
3. Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы,
оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);
4. Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және
өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық
бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика
мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі
дүниесін тануға қызығушылық).
Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын,
тәсілдерін, казіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық
шеберліктің негізін құрайды.
Педагогикалық (білім беру) технология.
1) кәсіби педагогтің басқаруымен жүргізілетін оқушылардың
(студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары
мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет
түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір
сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер; 2) студенттерді
педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға анрналып
бағытталған оқу (ғылыми) пәні; 3) дәстүрлі педагогикада:
а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру;
ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді
амалдар;
б) педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде
талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория;
в) педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін
жүйелі ойлау тәсілін енгізу;
г) орындалуы кепілдікпен педагогикалық мақсаттарға алып
келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі;
д) дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық
құралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге
пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін
арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін
оңтайландыру тәсілдерін жасақтау және принциптерін анықтау:
е) педагогикалық шеберлік;
ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері;
з) дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты
анықтауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару
бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу.
Педагогикалык шығармашылық - педагогикалық шеберліктің
25
маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту
мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалім-
оқушы» жүйесінің оңтайлы карым-қатынасы нәтижесінде ғана
ашылады. Педагогикалык шығармашылықта әр түрлі проблемалы
жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтың өз көзқарасы
мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты.
Нақты шығармашылық ақпараттың толықтығы және педагогтың
оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық өзара әрекеттесудің әр түрлі
құралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді жэне жаңаша колдану
негізінде каланады.
Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге
педагогтардан ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің
ерекшелігімен сипатталады.
Әр педагогтың оқу-тәрбие процесін үйымдастыру сипаты өзгеше
болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік
позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа,
өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан
бағыттылығымен сипатталады. Психологиялық-педагогикалық
өзара қатынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы
мен рефлексиялық қабілеті ашылады.
Аттракция (латын тілінен attractic – тартылыс) - педагогтың
тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді
болу кабілеттілігі.
Эмпатия- педагогтың өзге адамды, оның уайым-қайғысын,
әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне
білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді
онымен бірге қайғыру.
Рефлексия - педагогтың өзін, өзінің психикалық жағдайын
сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін
қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.
Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін
педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және
тыңдата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті кызметте
өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінің және өзгенің әрекетін
бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеттерін
сәтті шешуіне мүмкіндік береді.
Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби
шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі
26
келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында
дамытылады:
Мақсаттылық – мұнда мұғалім іс әрекетіндегі саналы мақсат,
әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдаланып анықталады
да, күтілген нәтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің
қорытындыларын салыстыру әрі басқару құралы қызмет атқарады.
Тұлғалық - әрекеттік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді
шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық
ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты
іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың
шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін
өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді.
Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін
арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінің арнайы
ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың
топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді.
Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту
үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім-мазмұндаму деп
қарастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде
теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз
адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін,
барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің
сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең
меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз
ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.
Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді
жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие
құралы.
Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі.
Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың
ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.
Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.
Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе
педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің
келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы,
бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі
27
жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты
этикалық сапалық белгісі.
Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан
ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының
алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші
болуы керек.
Білім беру саласында қоғам қойған міндеттерді шешу үшін
ұстаздар педагогикалық шеберлікке ие болуға тиісті. И. А. Зязюннің
пікірінше, педагогикалық шеберлік – бұл кәсіптік педагогикалық
іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз
ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені. Ал, В. А. Сластениннің
пайымдауынша, педагогикалық шеберлік – бұл педагогикалық
процестің жоғары пәрменділігін қамтамасыз ететін жеке адамның
жекелік іскерлік белгілері мен қасиеттерінің синтезі.
Ал, оның компоненттеріне гуманистік бағыты, кәсіби білімі,
педагогикалық қабілеті және педагогикалық техника жатады.
Сондай-ақ, педагогикалық шеберліктің маңызды бөлігі ретінде
педагогикалық техника қарастырылады. Бұл жеке оқушыға немесе
ықпал жасауға арналған әдістемелік құралдардың тиімді және
дұрыс қолдану шеберлігі. Оған мұғалімнің сөйлеу техникасы, өзін-
өзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киім киісі, эмоционалдық тұрақтылығы,
дауыс ырғағы және тағы да басқа қасиеттері жатады.
Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке
психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын,
денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын
ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және
психологиялық білім кешені.
Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-
әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-
дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының
қорытынды жиынтығы.
28
Педагогикалық шеберліктің элементтері
Гуманистік
бағытталған-
дығы
Кәсіптік
білімдері
Педагогикалық
қабілеттері
Педагогика-
лық техника
Қызығушылығы
Құндылықтары
Мұраттары
өз пәнін, оны
оқытудың
әдістемесін,
педагогиканы,
психологияны
білу
Коммуникатив-
тілігі: адамға
деген оң қатынасы,
тілектестігі, пер-
цептивтігі, кәсіптік
байқағыштығы,
педагогикалық
интуициясы.
Динамизмі:
еріктік әрекетке,
логикалық
сендіруге
қабілеттілігі.
Эмоционал-дық
орнықтылығы:
өзін-өзі меңгеруі,
оптимистік болжау.
Креативті-лігі:
шығармашылыққа
қабілеті
Өзін-өзі басқара
білу іскерлігі,
өзара әрекет
жасау іскерлігі
Мынадай түрлерге ажыратылады:
- гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);
- дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);
- коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);
- ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әре-
кеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақы ру,өкілеттік
беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олар дың қызы-
ғушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);
- перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған
сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);
- болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру,
педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);
- суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы,
оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті
нәтижесіне жету білігі);
29
- экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және
мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі
интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).
Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін
И. А. Зязюн мынадай критерийлерді белгілеген:
- мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай)
- өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиеленгендік
дәрежесі)
- оптимальдылығы (әдістерді, құралдарды таңдауына қарай )
- шығармашылығы (іс-әрекеттің мамұнына қарай)
Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру
қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды
сұраныстары және даярлық жұйесіндегі сәйкес мазмұнды
қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.
Тұлғаның өзін-өзі кәсіби – шығармашылық дамыту мұғалімнің
өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы
факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып
табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұйымдастыру, өз
бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда
шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісте үдету тәсілдері ретінде
қолданылады.
Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені
меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзін-
өзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен
қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.
Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге
тиісті міндеттері:
- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне
оқыту;
- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға
үйрету;
- оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір
сүрудің нақты жолын көрсету;
Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген
мұғалімге тән мінез-құлық:
- балаларды сүйе білу ізгіліктік қағида мұғалімнің адами
маңызды сапасы;
30
- баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре
білу қасиеті;
- балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік
пен өзіне өзі сенім;
- оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына
айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;
-педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің
тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;
Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:
- әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық,
еңбексүйгіштік, нақтылық).
- рефлексивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік
сыншылдық, білімпаздық).
- коммуникативтілік сапа ( шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық,
талап қоя біліушілік, міндеттілік).
- элепатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық,
түсінушілік, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).
Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген
сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.
Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби
әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр
мұғалімнің міндеті, олар:
- ақпараттық (біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау,
жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу);
- зерттеу (біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді,
обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру жіне жоспарлау,
бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу,
қорытындыны тұжырымдау және т.б.);
- интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу,
салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою,
ой жүгірте алу.)
- креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу, негізін бөліп
алу, алдын ала білу, жаңаша түрлендіру);
- диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша
жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б);
- болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау,
болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер
жасау және т.б.);
31
- коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, ақпараттарды
алмастыру, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзара
әрекеттестік жасау және т.б);
- аксиологиялық (біліктер: обьект пен бақылау формаларын
таңдау, параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру,
өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);
- басқару (біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру, мақсат
қою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);
- жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу,
құрастыру, технологияландыру);
- инновациялық (мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы
бағалау, қадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу);
Мұғалімнің өзін өзі кәсіби шығармашылық дамыту
көрсеткіштері мен белгілері мынадай:
1. Мамандық құралдары арқылы өзін өзі дамытуды көздейтін
дербестік:
- тұлғаның өз біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін,
кәсіби ынтасы мен өз іс әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін
бағалай алу қабілеті;
- өз жұмысын орынды жоспарлау мен ұйымдастыру, өзін-өзі
реттеп отыру қабілеті, ұжымды жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық
және коммуникативтілік қабілеттері;
- өз бетімен мамандығына сәйкес білім, білік және дағдыларды
меңгеру, кәсіби маңызды сапалар мен қабілеттерді тереңдету және
кеңейту, кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық.
2. Кәсіби бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы
мәселелерді шешуде қабылданған тәсілдерді қолдана білу, кәсіби
әрекет стратегиялары мен әдістерін өңдеу.
3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық
қарым-қатынас, еңбектегі инновацияға дамыған қабілет, жеке
шығармашылық еңбек есебінен тәжірибесін байыту.
Қазіргі уақыттағы мұғалімнің кәсіби, көп жағдайда әдістемелік
ой-өрістің жоғарлығы мен мұғалімнің кәсіптік білім беру іс-
әрекетінің деңгейінен байқалады.
Біліктілікті арттыру жүйесінің осындай тұстарын жоюдағы
негізгі салмақ қазіргі таңда қосымша білім беруді жүзеге асыратын
білікті арттыру институтына түседі.
Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы
сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан-
32
жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық
шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді.
Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші. Бір уақытта бірнеше
рөлге енеді.
Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі,
бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта
да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты
нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті
сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір
сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап
көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін
ойнаймын. Ал кіріс»,- деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару
барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту
айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны
сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір
элементі болып табылады.
Болашақ педагогтардың кәсіби міндетін дамыту қазіргі уақытта
психологиялық педагогикалық зерттеу мәселесіне айналуда.
К. С. Станиславский оқушының жан дүниесін түсініп, жұмыс
жасауды ұсынады. Сондай-ақ, мұғалімнің 4 түрін атап көрсетеді:
1-ші түріне белсенді, қиялы жақсы дамыған, әркез ізденушілікпен
айналысатын мұғалім. Олар сабақты жаңа әдістермен өткізуге
тырысады.
2-ші түріне белсенді емес, өз пәніне деген немқұрайлықпен
қарайтын мұғалім.
3-ші түріне бір ізбен жүрмейтін мұғалім. Бірде сабақты
қызықты, кейде жалқаушылық танытатын. Бұл мұғалім кітаптағы
материалды қайталап, еш жаңалық енгізбейді.
4-ші түріне ешнәрсе, тіпті кітаппен де, ізденушілікпен
айналыспайтын мұғалім түрі. Мұндай мұғалім тіпті болмау керек
деген екен.
К. С. Станиславскийдің мектепте қолданылатын принципі -
өмір шындылық принципі. Өмір шындылық принципінің мақсаты
ешқандай өтірік, тәртіпті бұзатындай әрекеттер жасамау. Өмір
шындылық принципіне көмекші принцип – алдын-ала тапсырма
беру. Осы арқылы үміттенген арманды іске асыра алады. Алдын-ала
тапсырма беру принципін қолдану арқылы оқушының дайындық
деңгейін білуге болады. Үшінші принцип – белсенділік және әрекет
33
ету. Мақсат – образға ену және сабақтың практикалық бөлімінде
оқушыларды белсендіре түсу.
Актерлік қабілеттіліктердің тәжірибеде жинақтаған өз белгілері
бар. Көптеген театр қайраткерлері, түрлі театр мектептерінің негізін
қалаушылар К. С. Станиславский, В. Э. Мейерхольд, А. Я. Таиров
актерге қажет ерекшеліктер мен сипаттар жөнінде жазды.
Педагогтар
актердің,
сыналатын
тұлғаның
адамдық
құндылығына, оның ақиқат пен сенім сезіміне яғни түрленуге
деген қабілеттілігіне, саналық тартымдылығына, қызықтыра әсер
беретініне және сендірерлігіне, сезім күшіне және эмоциялық
шапшаңдығына, сахналық тұрғыдан ыңғайлы сыртқы мәліметтеріне
көңіл бөледі.
Сәтсіз көрсеткіш кейде актердің абыржуымен, физикалық
қысымымен, жанын күштеумен байланысты болуы мүмкін,
ол шығармашылық ойлауға, олардың динамикасында күрделі
сипаттарды жүзеге асыру шеберлігі бір көргеннен мүлдем
байқалмайды.
Егерде, болашақ мұғалім өзінің шығармашылығында
әртістікке дейін көрсетілуге ұмтылса, онда театр педагогикасының
элементтерін меңгеру орындауды қажет ететін шарттардың бірі
болып табылады.
Әртіс педагогтің міндеті оқушыларға эмоциялы ықпал ету,
олардың үн қосуына, мұнсыз өмірді және оның ұғымын терең
қабылдауды, балалардың санасы мен жүрегінде өзіне сенімді
нығайту, өзінің қатынасымен, сезімдерімен әсер ету.
Украин зерттеушісі В. Ф. Моргун былай дейді: «Актердің өнері
біріншіден, әлеуметтік, екіншіден, өмірлік және үшіншіде ғана
театралды болуы тиіс, оның үстіне мұндай ұйғарым педагогтың
шеберлігіне қатысты әділ болып саналады. Демек, педагогикалық
шеберліктің формуласы былайша көрініс табады: біріншіден,
өнегелілік, екіншіден, біліктілік және үшіншіден әртістік.
Актерлік дарындылық табиғатының мәселесін, оның
диагностикасының белгілері мен әдістерін зерттеу:
1 - студенттерді курсқа іріктеу үрдісінде-ақ педагогикалық және
актерлік шеберлікке табысты оқытуды болжау үшін;
2 - бейімділіктердің, арнайы қабілеттіліктердің, тұлғаның жал-
пы көркемдік дарындылығы мен шығармашылық әлеуетінің ара
қатынасын елестету үшін;
34
3 - шамамен кәсіби маңызды ерекшеліктерді анықтағанда
қателеспеу үшін;
4 - студентке өзінің мүмкіндіктерін, күшті жақтарын және
кемшіліктерін түсінуде, қабілеттілік барда мамандықты меңгеру
жолында нақты кедергілерді жеңуде жәрдем беру үшін;
5 - шығармашылық дербестікті ынталандыратын факторларды
белсенді ету және жағдай жасау үшін қажет.
Бұдан нені байқауға болады? Мұғалімнен жан-жақты терең
білім-біліктілікті, сегіз қырлы, бір сырлылықты талап етіп тұрған
жоқ па?
Мұғалімге қойылатын талап – жауапкершілік жүктелген үлкен
міндет, абыройлы істің сан қырлылығы одан жан-жақты терең
біліктілікті, аса педагогикалық шеберлікті, өте нәзік психологиялық
қабілеттілікті талап етеді.
Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығы
педагогикалық іс-әрекетке кәсіби дайындығы анықтайды. Кәсіби
дайындық өз кезегінде психологиялық, педагогикалық, әдістемелік,
теориялық, практикалық дайындықтардан құралады. Мұғалімнің
кәсіби дайындық жүйесі кең ауқымды болғандықтан мұғалімге
қойылатын талаптар да өте көп.
Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде үш топқа бөліп
көрсетуге болады:
- жалпы адамзаттық талаптар;
- мұғалім мамандығының ерекшелігін анықтайтын талаптар;
- пәні бойынша білім, іскерлік, дағдылары.
Жалпы адамзаттық талаптарға мұғалімнің адамгершілігі,
қайырымдылығы, әділеттілігі, инабаттылығы, әдептілігі және т.б.
жатады.
Ал, мұғалім мамандығының ерекшелігіне байланысты талаптарға
мұғалімнің сөйлеу мәдениетінің болуы, коммуникативтілігі,
шыдамдылығы,
ұйымдастырушылық
қабілетінің
болуы,
шығармашылық іскерлігінің болуы, жауапкершілігі, үнемі үлгі-
өнеге болуы және т.б. кіреді.
Үшінші топ бойынша мұғалімнің терең теориялық білімінің
болуы, педагогикалық-психологиялық білімдерінің болуы,
әдістемелік білімдерді игеруі және т.б. өзіне меңгереді.
Мұғалімге қойылатын талаптар өте көп. Г. Г. Воробьев «Школа
будущего начинается сегодня» деген мұғалімге арналған кітабында
оқушылардың мұғалімге қоятын 20-дан астам талабын көрсеткен.
35
Сондай-ақ, мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда
педагогикалық қабілеттердің алатын орны ерекше. Бұл жөнінде
В. А. Крутецкий педагогикалық қабілеттерді дидактикалық,
академиялық, коммуникативті деп көрсетеді. Ал зерттеуші А.
И. Щербаков негізгі педагогикалық қабілеттерге дидактикалық,
конструктивті, перцептивті, коммуникативті, ұйымдастырушылық
қабілеттерді жатқызады.
Мұғалімге қойылатын талаптарды анықтауда мұғалімнің
бағыттылығы да маңызды рөл атқарады. Мұғалім тұлғасының
құрылымында кәсіби-педагогикалық бағыттылық маңызды орын
алады. Негізгі педагогикалық бағыттылықтардың бірі мұғалім
мамандығына деген қызығушылығының және педагогикалық
бейімділіктің болуы. Педагогикалық бейімділік негізі мұғалімнің
балаға деген сүйіспеншілігі құрайды. Бұл негіз құрайтын сапа
мұғалімнің өзін-өзі дамытуының және кәсіби маңызды сапаларды
мақсатты түрде дамытудың алғышарты болып табылады.
Мұғалімнің негізгі сапаларының қатарынан педагогикалық парыз
және жауапкершілікті ерекше атап өту керек. Педагогикалық
парызды басшылыққа ала отырып мұғалім үнемі балаға қамқорлық
жасауға ұмтылады. Сонымен қатар педагогикалық шеберлік
қатарына төмендегі қасиеттерді атап кетуге болады:
- психологиялық, педагогикалық. әдістемелік білімдарлығы, өз
пәнін еркін, терең игеруі;
- мұғалім мамандығына бейімділігі, педагогикалық қабілеттілігі;
- кәсіптік көрегендігі;
- педагогикалық сүйіспеншілік пен балаларға деген сенімділігі;
- ұйымдастырушылық шеберлігі;
- оқу-тәрбие процесінде кездесетін қиындықтарды жеңе білуі,
шешімді дұрыс әрі уақытылы қабылдай алуы;
- ұстаздық сезімталдығы, үлкен жүректілігі;
- педагогикалық техника.
Педагогикалық шеберліктің тағы бір көрінісі – мұғалімнің
педагогикалық шығармашылық іс-әрекеті, яғни оның тұлға
ретінде жеке-даралығы және адамның индивид ретіндегі кейбір
ерекшеліктерінің өзгеріске ұшырауы.
Педагогикалық шығармашылық – педагогтің жекедаралығының,
оның тәжірибесінің, дарындылығының, қабілеттілігінің және
тұлғалығының, қиялы мен түйсігінің жоғары көрінісі. Кәсібилігі
36
мен шеберлігінің жоғары өлшемі; мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне
тиімді және стандартты емес педагогикалық шешімдер әзірлеу
мен орындауы, тәрбие мен оқытудың теориясы мен практикасын
байытуы. Педагогикалық шығармашылық алдыңғы қатарлы
инновациялық тәжірибеге, ғылым жетістіктеріне, педагогикалық
шешім табудағы өз тапқырлығына сүйене отырып, мақсаттардың,
құралдардың және нәтиженің тиімді арақатынасын іздеу түйсігі мен
сипатының ықтыималдығына негізделген.
Интегралды сипаттары:
- педагогте терең, жан-жақты білімнің болуы және оларды сыни
өңдеу мен пайымдауы;
- теориялық және әдістемелік ережелерді педагогикалық
әрекетке аудара алу білігі;
- өзіндік жетілуі мен өз бетінше білім алу қабілеті;
- жаңа әдістер, формалар, амалдар мен құралдар әзірлеу және
олардың бірегейлі үйлесімділігі;
- іс-әрекет жүйесінің диалектикалығы, вариативтілігі,
өзгермелілігі;
- қолдағы бар тәжірибені жаңа жағдайларда қолдану тиімділігі;
- өзінің жеке іс-әрекетін және оның нәтижесін рефлексивті
бағалай білуі, педагог тұлғасының эталондық және жеке қайталанбас
сипаттарын үйлестіру мен әзірлеуге негізделген кәсіби іс-әрекет
стилін қалыптастыруға қабілеттілігі;
- білім мен түйсікке негізделген импровизацияға қабілеттілік.
Осыдан шығарар қорытындымыз: әрбір педагог мұғалім
мамандығын таңдап алған соң, ол жауапкершілігін бірге ала
жүруі керек. Ұстаз өз пәнін ғана емес, дүние сырын, қоғамдағы
өзгерістерді, адам мінездерін, өнердің қуат әсерін білетін жан болуы
қажет.
Сонымен, педагогикалық шеберлік дегеніміз өзінің мамандығына
сай игеруі тиіс барлық ерекшеліктердің жоғары деңгейін, тұлғаның
кәсіби қызметті өзінше ұйымдастырудың жоғары деңгейін
қамтамасыз ететін ерекшеліктерінің жинағын, сондай-ақ кейбір
педагогикалық ерекшеліктердің дамуының жоғары деңгейінің
салдарын білдіреді, ал педагогтың жалпы мәдениеті, оның
теориялық білімі және педагогикалық техниканы меңгеруі осы
шеберліктің іргетасы болып табылады.
Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің
37
жаңа саласына жету - мұғалімнің мейірімділігімен, білімімен,
шеберлігімен, тығыз байланысты. Өз мамандығына жан жүрегімен
берілген ұстаз ғана ұстаздық этиканы, ұстаздық техниканы да,
шеберлікті де жақсы меңгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ш. Х. Құрманалина, Б. Ж. Мұқанова. Педагогика: Астана,
2007.
2. Н. Берікұлы. Педагогика. Оқу құралы, 2004
3. Ж. Б. Қоянбаев, Р. М. Қоянбаев. Педагогика. Алматы, 2002
4. Зязюн. Основы педагогического мастрества М., 1989
5. Сластенин В.А. Формирование личности учителя советской
школы в процессе профессиональной подготовки. М., Просвящение,
1976
6. Қ. Сейталиев. Педагогиканың жалпы негіздері. Ақтөбе, 2004.
7. Б. А. Молдағалиев. Мектеп мұғалімінің анықтамалығы. Орал,
2005.
8. Кондратеньков А .В. Труд и талант учителя: факты, мысль. М.,
1989
9. Ж. Әбиев Педагогика. Алматы., 2004.
10. Рыданова И. И. Основы педагогики общения. Мн.:Беларуская
навука,1998.
Сұрақтар мен тапсырмалар
1. Педагогикалық шеберлік дегеніміз не?
2. Педагогикалық шеберліктің элементтеріне сипаттама беріп,
оны түсіндіріңіз
3. Сіз кімді нағыз мұғалім деп санайсыз? Сіздің өміріңізде із
қалдырған мұғалім кездесті ме?
4. XXI ғасыр мұғаліміне қойылатын талаптарды атаңыз.
5. Мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар жиынтығын атап
көрсет
6. Мұғалімге қойылатын талаптарды шартты түрде қандай топқа
бөліп көрсетуге болады?
7. Көрнекі педагогтар шеберлігінен мысал келтіріңіз.
|