Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075)


Арнайы білімді қажет ететін адамдарға арнайы білім беру мекемелерінің тізімі, түрлері, қажетті орындар саны



бет30/33
Дата25.12.2016
өлшемі11,49 Mb.
#4420
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Арнайы білімді қажет ететін адамдарға арнайы білім беру мекемелерінің тізімі, түрлері, қажетті орындар саны
29.10.2003ж. ҚР БжҒМ №787 бұйрығымен бекітілген арнайы білім беру мекемелер түрлері мен үлгілерінің тізімі.

Бұйрықта көрсетілген арнайы білім беру мекемелерінің түрлері:

- Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеудің түзетушілік (теңестіру) мекемелері.

- Түзетушілік білім беру мекемелері.

- Орта-кәсіби, бастауыш кәсіби білім беру түзетушілік мекемелері.

- Арнайы білім беру мекемелері.

- Ата-анасынан айырылған мүмкіндігі шектеулі, жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.

Психофизикалық дамуының бұзылуы және жасына байланысты арнайы білім беруді қажет ететін тұлғаларға арналған арнайы мектепке дейінгі мекемелер түрлері, ондағы орындар саны, 3 жас және 3 жастан ересек балаларға арналған топтар:



    1. бөбектер балабақшасы:

    2. мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған балабақшасы:

  • ауыр тіл кемістігі бар балаларға:

3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес;

3 жастан жоғары – 12 баладан кем емес;

- естімейтін (керең) балаларға:

3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес,

3жастан жоғары -12 баладан артық емес;


  • көру қабілеті зақымдалған (соқыр) балалар:

екі топта – 10 баладан артық емес:

  • нашар көретін балалар, амблиопиясы бар, қыли балалар;

3 жасқа дейін -10 баладан артық емес;

3 жастан жоғары – 15 баладан артық емес;



- тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балалар:

3 жасқа дейін – 10 баладан артық емес,

3жастан жоғары -12 баладан артық емес;

- зияты бұзылған ( ақыл –ойы кем) балалар;

3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;

3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес;

- психикалық дамуы тежелген балалар;

3 жасқа дейін – 6 баладан артық емес;

3 жастан жоғары – 10 баладан артық емес;

- ақыл-ойы терең зақымдалған балалар;

3 жастан жоғары - 8 баладан артық емес;

- күрделі кемістіктері бар балалар;

екі топта да – 8 баладан артық емес;

3) Жалпы білім беру және түзету сипатындағы функцияларды біріктіріп жүргізетін аралас балабақшалар.

4) Қалыпты дамыған және мүмкіндігі шектелген балаларды оқытып тәрбиелеуге арналған жалпы үлгідегі жалпыдамыту балабақшасы ( бөбектер балабақшасы).

Мүмкіндігі шектелген балаларға арнайы түзете білім беру мекемелерінің түрлері және топ, сыныптағы балалар саны:

1) Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы ( түзету) мекемесі:

- көрмейтін (соқырлар) – 8 баладан артық емес;

- нашар көретін және кейін көрмей қалған – 12 баладан артық емес;

2) есту қабілеті зақымдалған балаларға арналған арнайы ( түзету) мекемесі:

- естімейтіндер (кереңдер) – 8 адамнан артық емес;

- нашар еститіндер және кейін естімей қалған балаларға арналған 2 бөлімді:

1 бөлім – 10 адамнан артық емес;

2 бөлім – 10 адамнан артық емес;

4) тірек-қимыл аппараты бұзылыстары бар балаларға арналған арнайы

( түзету) мекемесі – 10 адамнан артық емес;

5) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған арнайы (түзету) мекемесі-12 адамнан артық емес;

6) ақыл-ойы кем (зият бұзылыстары бар) балаларға арналған арнайы



(түзету) мекемесі (көмекші мектеп) - 12 адамнан артық емес;

7) эмоция-ерік аясы бұзылған балаларға арналған арнайы (түзету) мекемесі – 6 адамнан артық емес;

8) ақаудың күрделі құрылымы бар балаларға арналған түзету мекемесі – 6 адамнан артық емес.

Бастауыш кәсіби және орта кәсіби білім беретін арнайы түзету мекемелерінің түрлері, арнайы топтарда 8 адамнан артық емес.

1) бастауыш кәсіптік мектеп;

2) мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған бастауыш кәсіптік (арнайы) мектеп

5. Арнайы білім беру мекемелер түрлері

1) психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңестер (60000 балаға бір кеңес)

2) оңалту орталығы (облыстық, республикалық маңызы бар қалаларда);

3) психология – педагогикалық түзету кабинеттері (район орталықтарында);

4) мектептердегі логопедиялық пункттер (мектепте 20 бастауыш сынып болған жағдайда)

Мүмкіндігі шектеулі ата-ана қарауынсыз қалған немесе жетім балаларға арналған арнайы білім беру мекемелері.

- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі (әртүрлі категориядағы балаларға);

- мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған балалар үйі және жалпы үлгідегі балалар үйі функцияларын атқаратын аралас балалар үйі.



Арнайы оқыту-тәрбиелеу мекемелерін ұйымдастырудың негізгі жалпы қағидалары:

  • мекемелерді негізгі кемістік (ауытқу) қағидасы бойынша толықтыру;

  • топ тәрбиеленушілерінің саны 15-ке дейін;

  • қызметкерлер штатына дефектолог мамандарды енгізу;

  • тәрбиешілер мен дефектологтар арасындағы сабақтар түрлерін қайта бөлу;

  • сабақтардың арнайы түрлерін ұйымдастыру (есту зейінін дамыту, емдік, дене шынықтыру, т.б.)


Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Сөйлеу тілі бұзылысының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеудің түзете-қалыптастыру аспектісі балабақшаның арнайы топтарындағы тәрбиелеу – оқыту жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады. Логопедиялық түзету-педагогикалық әсер ету – балалардың сөйлеу тіліндегі ақаулықты түзетуге, және де, мектепте оқығандағы кездесетін қиындықтардың (сауат ашуға дайындық, дисграфияның алдын алу, танымдық процестерін жетілдіру және мектепте оқуға тұлғаның дайындығын қамтамасыз ету) алдын алуға бағытталған. Мақсатқа жету білімділік, түзетушілік және дамытушылық міндеттердің қойылуымен негізделеді. Оларды логопед, тәрбиешілер арнайы жеке және топтық сабақтарда шешумен айналысады, балабақшада біркелкі сөйлеу тәртібін (күні бойы балалардың сөйлеу тілін қадағалау) ұйымдастыруда іске асырады.

Түзете оқытуды жоспарлау және мазмұның толтыру бағдарламалармен, әдістемелік материалдармен белгіленеді және балалардың жасын, топ ерекшелігін және сөйлеу тіл кемістігінің белгісін ескеріп құрастырылады.

Арнайы логопедиялық топтарды құру, ондағы жұмысты ұйымдастыру және жүргізу бірнеше кезеңнен тұрады:


  • топтарды іріктеу және топтастыру (толықтыру);

  • балаларды кешенді тексеру;

  • жеке және топтық жұмыстың алдын ала (перспективті) жоспарын құрастыру;

  • сабақтардың жоспарларын іске асырумен байланысты, негізгі кезең;

  • аралық және қорытынды бақылаудың қамтамасыздандырылуы;

  • күнделікті анамнестикалық (түзете оқыту нәтижелерін талдау, балаларға мінездеме құрастыру).

Кемістігі бар балалармен жүргізетін жұмыстан басқа логопедтің міндеті төмендегідей:

  • медициналық-педагогикалық комиссияларды өткізу;

  • ата-аналарға кеңес беру-педагогикалық жұмысы;

  • күнделікті құжаттарын толтыру;

  • тәрбиешілерге кеңестік-әдістемелік көмек көрсету; арнайы педагогика кафедрасымен өзара байланыс, көмек туралы келісім-шартқа сәйкес студенттермен оқу-әдістемелік жұмыс жүргізу.

Балабақшадағы жұмыстың логопедиялық бағытының даму болашағы сөйлеу тіл кемістігі бар баланы оқытып тәрбиелеп, дамытудың әдістемелерінің мазмұнын жетілдіруге бағдарлауға байланысты.




Балабақшаның арнайы топтарындағы, сөйлеу тілінің кемістігі бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердегі жұмыс
Арнайы топтарда түзету жұмысын оңды ұйымдастыру сөйлеу тілінің бұзылысы қаншалықты дұрыс және уақытылы зерттелгеніне, ауырлығына және түзету сабақтарының басталуына байланысты.

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды уақытында айқындап, оларды топтарға дұрыс бөлу және арнайы оқыту – балаларды оқыту мен тәрбиелеуде оңды нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді және олардың мектепте ары дамып оқуына жағымды жағдайлар туғызады.

Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға арнайы мектепке дейінгі мекемелерде сөйлеу тілінің түрлі ақаулықтары бар балаларды дифференциалды түрде оқыту және тәрбиелеу іске асырылады.

Сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балаларды оқыту және тәрбиелеуде дифференциалды көзқарасты іске асыру үшін, мектепке дейінгі мекемелерде топтар құрылады:



  • жалпы сөйлеу тілінің дамымауы бар балаларға арналған (3-6 жас);

  • сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балаларға арналған топтар (5-6 жас);

  • жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балаларға арналған топтар (5-6 жас)

  • тұтықпасы бар балаларға арналған топтар (2-6 жас).

Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларды арнайы бөбекжай– балабақшаларына, балабақшаларға және жалпы білім беру балабақшаларының жеке топтарына іріктеу және топтарды топтастыру МППК отырысында төмендегідей қағидаларды ескере отырып жасалады:

1. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды басқа ақаулықтардан ажырату (мектепке дейінгі мекемелерге сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалар тек есту қабілеті қалыпты және зияты сақтаулы болған жағдайда ғана қабылданады). Сөйлеу тілі бұзылыстары бар ақыл-ойы кем балалар, зиятында бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге қабылданады, себебі олардың сөйлеу тілінің кемістіктері зияттың біріншілік бұзылысымен күрделенген екіншілік кемістік болып табылады. Дұрыс диагностикалауда біріншілік және екіншілік ақаулық түсінігі өте маңызды екенін ескеру.

2. Жас ерекшелігін ескеру қағидасы. Балабақшалар, бөбекжай–балабақшаларына, жалпы білім беру балабақшаларындағы жеке топтарға сөйлеу тілі бұзылыстары бар 2-7 жастағы балалар қабылданады, бір топқа жастары бірдей балалар қабылданады. Мысалы, кішкентайлар тобына – 2-3 жастағы, 2-ші кішкентайлар тобына – 3-4 жастағы, ортаңғы топқа – 4-5 жастағы және мектепалды даярлық тобына – 6 -7 жастағы.

3. Сөйлеу тілі кемістігінің ауырлығына сай балаларды дифференциалды түрде оқыту қағидасы.

Топтарға толықтыру педагогикалық классификация негізінде іске асады. Сөйлеу тілі бұзылыстарының әртүрі бар мектеп жасына дейінгі балалар сөйлеу тілінің даму деңгейінің ұқсастығы (фонетика, лексика, грамматика, байланыстырып сөйлеуі) бойынша бір топқа біріктіріледі. Мысалы, ЖСТД топтарына алалия, афазия, ринолалия, дизартрия бұзылыстары бар балалар қабылданады, бірақ жас бойынша және сөйлеу тілінің даму деңгейі бойынша топтастырылады. Сөйлеу тілінің фонетика-фонематикасы жетілмеген балалар топтарына ринолалия, дизартрия, дислалия бұзылыстарымен, бірақ сөйлеу тілі даму деңгейі бірдей балалар қабылданады. Тұтықпасы бар балаларға арналған топтарға – тұтықпасы бар балалар қабылданады.

Балаларды іріктеп топтарға топтастыру кезінде МППК мүшелерінің алдында төмендегідей міндеттер тұрады:



    1. Сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерге баланың сәйкестігін белгілеу.

2. Баланы қай топқа жіберу керектігі туралы.

3. Оқытудың қандай мерзіміне жіберу қажет.

ЖСТД, дизартрия, ринолалия, алалия, афазисы бар балалар 2-3 жылға (жасына және сөйлеу тілінің даму деңгейіне байланысты) жіберіледі:


  • ФФЖ балалар оқытудың 1 жылына;

  • жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балалар жарты жылға;

  • тұтықпасы бар балалар -1 жылға.

Белгіленген уақыт аяқталғанда оқуды жалғастыруды қажет ететін балаларды ПМПК мүшелері қайталап тексереді. Оқытудың мерзімін жалғастыруға ақаулықтың ауырлығы, соматикалық әлсіздігі, науқастығына байланысты сабақтарға қатыспауы сияқты объективті себептер негіз болады.

Топқа қабылданбаудың себептері:

Арнайы балабақшаға (топтарға) төмендегідей балалар қабылданбайды:

а) есту қабілеті зақымдалған балалар;

ә) ақыл-ойы кемдігінің салдарынан болған сөйлеу тілі дамымаған балалар;

б) қояншық ауруы жиі ұстайтын балалар;

в) тірек-қимыл аппараты бұзылған балалар;

г) тәртібі күрделі психопатияға ұқсас балалар;

ғ) өзіне-өзі қызмет көрсете алмайтын мүгедек балалар;

д) жалпы білім беру балабақшасына тіркеуге сай келмейтін балалар;

Топ құрамының саны сөйлеу тілінің күрделігімен белгіленеді. Сондай-ақ жалпы сөйлеу тілі дамымаған, тұтықпасы бар балаларға арналған топтардағы балалар саны 10 бала, фонетика-фонематикасы жетілмеген балаларға арналған топтарында – 12 бала, жеке дыбыстарды айту бұзылыстары бар балалар тобында - 15 бала.

Жалпы сөйлеу тілі дамымаған балалар топтарында балалармен жалпы білім беру мектебінде немесе сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептерде оқытуға дайындық жұмысы жүргізіледі.

Фонетика-фонематикасы жетілмеген балалар топтарында және жеке дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға арналған жалпы білім беру мектебінде оқытуға дұрыс дайындық жүргізіледі. Тұтықпасы бар балаларға арналған топтарда балаларды жалпы білім беру мектебінде немесе ауыр тіл кемістігі бар балаларға арналған мектептерде оқытуға дайындық жүргізіледі. Сөйлеу тілі кемістігі түзеле салысымен балалар жалпы білім беру балабақщаларына ауыстырылады.

Балалар топқа келген алғашқы екі аптада оның сөйлеу тіліне логопедиялық тексеру жүргізіледі. Баланың фразалық сөйлеу тілі бар-жоғы айқындалады, сөйлеу тілін түсінуіне, лексикалық, грамматикалық талдауға, дыбыстық талдау, жинақтау жасауға дайындығы, фонетикалық өнделуіне, сөздің буындық құрамының қалыптасқандығы артикуляциялық аппараттың құрамы мен қалыптылығына назар аударылады.

Тексеруді аяқтап, логопед топ тәрбиешілеріне әр баланың сөйлеу тілі дамуының негізгі кемістіктері (сөйлеу тілі дамуында айтарлықтай ауытқулары бар балаларды), ерекшеліктері туралы айтып, әсіресе түзете оқыту мазмұны туралы тиянақты түрде түсіндіреді. Логопед оқытудың әр кезеңдерінде балалардың сөйлеу тіліне қойылатын талаптарды белгілейді. Әр педагог дыбыстың қате айтылуы, сөйлеу тіліндегі аграмматизмдер неден тұратынын жақсы түсініп, сөйлеу тілі бұзылысының сипатын, сөйлеу тілі дамуының динамикасын нақты білуі керек.

Оқу жылы бойы логопед төмендегідей құжаттар толтырады:

а) жұмыстың алдын ала жоспары;

ә) топтық, шағын топтық, жеке сабақтың жоспарлары;

Әр баламен жүргізілетін сабақтарға арналған жеке дәптер бастап, апта сайын (айына бір реттен кем емес) логопед түзету жұмысын жоспарлайды, күнделікті түзету сағатында күннің 2 жартысында тәрбиеші баланың тапсырманы орындауын белгілеп отырады.

Алдын ала жоспар құрғанда логопед ескеруі керек:

1) тәрбиешілермен әңгімелесу, кеңестер жүргізуді;

2) логопедтің ересектер және мектепалды даярлық топ балаларының сөйлеу тілін тексеруді;

3) логопедтерге, жалпы білім беру және түзету топ тәрбиешілеріне арналған ашық логопедиялық сабақтар жүргізуді;

4) ауыр тіл кемістігі бар балаларды, басқа мамандарды шақырып (психоневролог, тәрбиеші, музыка жетекшісі) кеңес алып тексеру;

5) педкеңестер, семинар, кеңестер, әдістемелік бірлестіктерге, жиындарға, конференцияға қатысу;

6) ата-аналармен байланыс, жеке әңгімелесулер, ата-аналарды ұйымдастыру; жиналыстар ашып, ата-аналардың қатысуымен балаларды мектепке шығарып салуды ұйымдастыруды т.б.

Әр топтық сабаққа жоспар құру міндетті түрде болуы керек.

Жоспарда сабақ тақырыбын, мақсатын, құрал-жабдықтарын, жүру барысын белгілеу керек. Тәрбиеші сабаққа қатысып, балалардың жіберген қателерін жазып, талдап, есепке алу бағанында жазады.

Логопедпен тәрбиеші арасындағы байланыс дәптерін логопед жүргізеді. Дәптерге логопед жеке баламен (күніне 3-6 бала) тәрбиеші түзету сағатында орындайтын тапсырмаларды жазып қояды. Тапсырмалардың барлық түрлері балаларға таныс болып, тәрбиешіге әбден түсіндірілуі керек. Есепке алу бағанына тәрбиеші балалардың материалды қалай меңгергенін, кім және не себепті қиналғанын жазып қояды.

Жыл соңында логопедтер жүргізілген жұмыстың тиімділігі жөнінде есеп жазып, аға логопедке өткізеді, ал ол білім беру басқармасына жалпы есеп береді.

Кейінгі уақытта жалпы білім беру балабақшаларында логопедиялық кабинеттер ашылуда. Логопед дыбыс айтуының бұзылыстары бар балаларға амбулаторлы қабылдау типі бойынша кеңес беру-түзету көмегін береді.


Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған балалар бақшасында логопедтің жұмысын ұйымдастыру
Тірек-қимыл аппаратының бұзылыстары бар балаларға арналған балалар бақшасындағы топтар төмендегідей мағлұматтарды ескеріп топтастырылады:

бөбектер тобы – 2-3 жастағы балалар;

кішкентайлар тобы – 3-4 жастағы балалар;

ортаңғы (естиярлар) топ – 4-5жастағы балалар;

мектепалды даярлық топ – 6-7 жас.

Топтағы балалар саны -10-12 бала.

Балаларды қабылдау жыл сайын 1 тамыздан 1-ші қыркүйекке дейін өтеді. Жеті жасқа толған балалар, медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссия шешіміне сәйкес қажетті мектеп түріне жіберіледі.

Ұстаз-логопед балалардың зиятын дамыту, дұрыс сөйлеуге үйрету, дыбыстарды дұрыс айту бойынша барлық оқу-түзету жұмысын жүргізеді. Логопед психоневрологпен, топ тәрбиешілерімен тығыз байланыста болып, топтық , шағын топтық және жеке сабақтарды жүргізіп, сәйкес құжаттарды толтырумен айналысады.



Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемедегі логопедтің қызметі
Зияты зақымдалған балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелердің негізгі үлгісі балалар бақшасы (балалар үйі) болып табылады. Топтар жас ерекшеліктерін ескеріп топтастырылады: кішкентайлар тобы – 3-4 жастан – 4 -5 жасқа дейінгі балалар; ортаңғы топ – 4-5 жастан – 5-6 жасқа дейінгі балалар; ересектер тобы – 5-6 жас , мектепке дейінгі – 6-7 жас. Топтағы балалар саны зияттың бұзылу деңгейіне байланысты емес – 10-12 адам.

Ақыл-ойы кем мектепке дейінгі балалардың көпшілігінде күрделі ақаулықтары бар, сондықтан түзете оқытудың жалпы жүйесінде жүйелі логопедиялық жұмыс көзделеді. Ол тіл дамыту топтық сабақтарында іске асырылады, сабақ кестесі бойынша аптасына 2 рет әр топта (оқытудың 1-3 жылдығында топ шағын топтарға бөлінеді, 4 жылда топтық сабақтар барлық балалармен өткізіледі). Жеке логопедиялық сабақтар әр баламен аптасына 3 реттен кем емес ұйымдастырылады.

Түзете оқыту мазмұнына дыбыстарды қою, машықтандыру, сөйлеу тілі әуезділігі бойынша, тыныс алу, екпінділікті дамыту бойынша, сөз қорын молайту, грамматикалық құрылымдарды тәжірибе жүзінде қолдану, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру қосылады. Күнделікті тіл дамыту жұмысын арнайы мектепке дейінгі мекеменің барлық ұжымы жүргізеді.

Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мекемелердегі (топтардағы) логопедтің қызметі
Аталған мекемелерге көру қабілеті бұзылған, көру қабілеті өте нашар, интенсивті ем қажет ететін (бөбектер балабақшалары – 2 жастан, балабақшаға – 3 жастан) балалар қабылданады. Соқыр балаларға арналған мектепке дейінгі топтардағы балалар – 10 бала, нашар көретіндермен амблиопиясы бар балаларға арналған – 12 -15 бала. Бұл категориядағы балалармен үнемі логопедиялық жұмыстың қажеттілігі олардың ауызша сөйлеу тілі бұзылыстары болғанға байланысты. Алғашында балалармен танысу, оның сөйлеу тілі және сөзсіз процестерін (байланыстырып сөйлеу тілі, грамматикалық құрылымның қалыптасуы, сөз қоры, фонетика, қабылдауы, жалпы және сөйлеу моторикасы зерттеледі, т.с.с) тексеріп, бағалаудан басталады.

Түзету жұмысы тексеру нәтижелерін ескере отырып жоспарланады. Дифференциалды оқыту жүйесі балалардың сөйлеу тілі дамуының деңгейлерін (олар 4) көздейді. Сондай-ақ, сөйлеу тілі дамуының 1 деңгейіндегі топтарда негізгі назар дыбыс айтуды қалыптастыруға аударылады. Сөйлеу тілі дамыуның 2 – 3 деңгейіндегі балалар топтарындағы логопедиялық жұмыс тілдің фонетикалық-фонематикалық, лексикалық-грамматикалық құрылымының қалыптасуындағы кемшіліктерді жоюды көздейді.

Логопедиялық сабақтар түрлері – жеке және шағын топтық болып келеді. Соқыр және нашар көретін балалардың сөйлеу тілі дамуын түзету осы мектепке дейінгі мекемеде қызмет жасалатын барлық мамандардың күшімен іске асырылады.
Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында логопедиялық пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы Ережелер құрастырылған, оларға сай меншік нысанына және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан логопедтік пункт қызметінің тәртібі белгіленеді.

Логопедтік пункт - логопедтің басшылығымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшіліктерін жою жөнінде балалармен сабақ жүргізетін білім беру ұйымы.

Логопедтік пункт жұмысын білім беруді басқаратын органдар ашады, әрбір логопедтік пункттегі топтардың (сыныптардың) белгілі бір саны бекітіліп беріледі.

Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пунктті ашу 14-16 сынып болғанда, ауылдық мекемеде 9-12 сыныптар болғанда жүзеге асырылады. Бір уақытта қалалық логопедтік пунктте 20-25 адам, ауылдық жерде 15-20 адам оқиды.

Қалалық жерде және ауылдық жерде орналасқан білім беру мекемелерінің (бастауыш мектеп – балабақша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, балаларға арналған оқу-тәрбие орталықтары) басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пункттер ашуға құқылы.

Жалпы білім беретін мектептің логопедтік пунктіне ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сөйлеу қабілеті дамымаған, фонетика-фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бұзылыстары, тұтықпа, сөйлеу тілінің дыбыс айту жағының бұзылуы (дислалия, дизартрия, ринолалия) әртүрлі бұзылыстары бар балалар қабылданады.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды логопедтік пунктке қабылдау үшін тексеру жыл бойы жүргізіледі. Мамырда бірінші сыныпқа баратын балаларды тексеру жүзеге асырылады. Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтармен шағын топтарға бөлу үшін тізімге тіркеледі. Логопедтік пунктке қабылданған әрбір балаға сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жұмысты ұйымдастырудың негізгі нысаны топтық (шағын топтық) сабақтар болып табылады. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады.

Әртүрлі жастағы балаларды топтарға жинақтау мынандай:



  1. Жалпы сөйлеу тілі дамымаған ( ЖСТД) – 3-5 адам;

  2. ЖСТД-на байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам;

  3. Фонетикалық-фонематикалық жағы жетілмегендер (ФФЖ) – 3-5 адам;

  4. ФФЖ-ға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар - 4-6 адам;

  5. Тұтықпасы бар – 3-4 адам;

  6. Дыбысты айту кемшіліктерімен – 5-6 адам жіберіледі;

Мектепке дейінгі логопедтік пунктте жеке сабақтар сөйлеу бұзылыстары бар барлық балалармен, мектептегі логопедтік пункттерде – сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар ( ринолалия, дизартрия, ЖСТД 1-2 деңгейі) балалармен жүргізіледі.

Әрбір топтағы балалармен сабақтар аптасына 2-3 рет жүргізіледі.

Топтық сабақтардың ұзақтығы балалардың жастарына байланысты және мектепке дейінгі мекемелерге байланысты құрастырылады: екінші кішкентайлар тобында- 15-20 минут, ортаңғы топта 20-25 минут, ересектер және мектепалды даярлық тобында 30-35 минут.

Мектепке дейінгі балаларға арналған шағын топтық сабақтардың ұзақтығы 20-30 минут, жеке сабақтардың – 15-20 минут.

Мектептегі логопедтік пункттің топтық сабақтарының ұзақтығы 40-45 минут.

Мектеп жасындағы балаларға арналған логопедиялық пункттегі шағын топтық сабақтардың ұзақтығы 25-30 минут; жеке сабақтардың ұзақтығы- 20-25 минут.

Түзете оқытудың ұзақтығы сөйлеу тіл бұзылыстарының күрделілігімен, оның құрылымына байланысты. Фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігімен (ФФЖ ) және осы бұзылыстарға байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік көмекті жарты жылдан 1 жылға дейін алады. ЖСТД және ақаулықтарына байланысты оқу мен жазу бұзылыстары бар балалар логопедтік пунктте бұзылыс деңгейіне байланысты 2 ден -3 жылға дейін оқиды.

Мектептегі логопедтік пунктте сабақтар сабақтан бос сағаттарда жүргізіледі.

Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған логопедтік пунктте сабақтар сабақтан тыс уақытта немесе «Тіл дамыту және сауат ашу», «Бейнелеу өнері», «Еңбек» және «Құрастыру» сабақтары кезінде жүргізіледі.

Сөйлеу қабілеті бұзылған балаларды шығарып салу жыл бойы олардың сөйлеу тілінің даму кемшіліктерінің түзелуіне байланысты болады.

Психофизикалық дамуын анықтау қажет болған жағдайда, логопед балаларды ата-аналарының келісімімен дәрігер-мамандардан (невропотологқа, психиатрға, отоларингологқа және т.б.) кеңес алуға немесе ПМПК- ға жіберуі мүмкін.

Логопедтік сабақтардың нәтижелері сөйлеу картасында белгіленеді және педагог-тәрбиешінің, сынып жетекшісінің және ата-аналар назарына жеткізіледі. Мектепке дейінгі және мектептегі логопедтік пункттегі сабақтарға балалардың міндетті түрде қатысуы және қажетті талаптарды орындау жауапкершілігі мұғалім-логопедке, мектепке дейінгі ұйымның немесе мектептің педагогтарына және ата-аналарға (заңды өкілдеріне) жүктеледі.



Мұғалім-логопедтің кәсіби міндеттері:

Мұғалім-логопед болып дефектологиялық білімі («логопедия»

мамандығы, қайта даярлық курсынан өткен жағдайдағы «олигофренопедагог» пен «сурдопедагог»), «логопедия» мамандығы бойынша қайта даярлықтан міндетті түрде өткен «орыс (қазақ) тілі мен әдебиеті мұғалімі», «бастауыш сыныптарының мұғалімі» мамандығы бойынша жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады.

Мұғалім-логопед жалпы білім беретін мекемелер мұғалімдер үшін белгіленген тәртіпке сай тағайындалады және жұмыстан босатылады.

Мұғалім-логопед балалардың сөйлеу бұзылыстарын уақытылы анықтауға, пунктті жинақтауға, түзете оқытудың сапасына жауап береді.

Мұғалім-логопедтің міндеттері:


  1. ауызша және жазбаша сөйлеу қабілетінің кемшіліктерін түзету бойынша

балаларға сабақ жүргізуі және біріншілік кемістікке байланысты үлгермеудің алдын алуға жәрдемдесу;

  1. сөйлеу бұзылыстарына байланысты үлгермеушілік мәселелері бойынша

педагогтар мен ата – аналарға ( заңды өкілдерге) нұсқаулар беру;

  1. логопедтік пункттерге баратын балалармен жұмыс істейтін

педагогтармен жүйелі түрдегі байланысты жүзеге асыру;

  1. мектепке дейінгі мекемелермен, жалпы білім беретін мектептермен ,

сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларға арналған мектептермен, логопедтермен, балалар емханаларының дәрігер-мамандарымен, ПМПК, оңалту орталықтарының , психологиялық –педагогикалық түзету кабинеттерінің дәрігер мамандарымен байланысты жүзеге асыру;

  1. білім беру саласындағы қызметкерлер, ата –аналар арасында логопедтік

білім жөнінде насихат жүргізу, логопедтік жұмыстың міндеттері, мазмұны, нәтижесі, сөйлеу бұзылыстары бар мектеп оқушыларының үлгермеушілігінің алдын –алу және болдырмау жөніндегі логопедтік түзету жұмысының ерекшелігі туралы баяндамалармен педагогикалық кеңестермен ата-аналар ( заңды өкілдер) жиналыстарында сөз сөйлеуі;

  1. мұғалім -логопедтердің, (аудандық, қалалық) әдістемелік

бірлестіктердің жұмысына қатысуы ;

  1. білім беру мекемесінің әкімшілігіне жыл сайын логопедтік комек

көрсету жұмысының жылдық есебін құрастыру;

  1. өзінің кәсіби біліктілігін арттыру (5жылда бір рет) және педагог

қызметкерлерге арналған тәртіпке сәйкес аттестациядан өтуі;

Мұғалім-логопедтің апталық жүктемесі кеңес жұмыстарына жұмсалған уақытты ескермегенде 18 сағатты құрайды.

Мұғалім-логопедтердің жұмысына басшылықты және қадағалауды, қарамағындағы логопедтік пункттің білім беру басқармасы, және логопедтік пункт орналасқан мекеменің әкімшілігі жүзеге асырады.

Ауданда, қалада, облыста, бірнеше логопедтік пункт болған жағдайда аудандық (қалалық), облыстық әдістемелік кабинеттерде немесе білім беру қызметкерлерінің білімін жетілдіру институттарында әдістемелік бірлестіктері құрылуы мүмкін.

Мұғалім –логопедтердің әдістемелік бірлестіктеріне басшылық жасау аттестаттаудың қорытындысы бойынша аға мұғалім -әдіскер атағы бар, білім беруді басқару органы тағайындаған аса тәжірибелі мұғалім –логопедтің біріне жүктеледі.

Аудан орталығынан қашықта орналасқан жалпы білім беретін мекемелерде ( шағын жинақталған мектептер) балаларға логопедтік көмекті логопедия бойынша қайта даярлау курсынан өткен мектепке дейінгі мекемелердің педагог – тәрбиешілері мен ана тілі мұғалімдері (бастауыш сыныптардың) жүзеге асыра алады. Бұл ретте логопедтік жұмыс еңбек саласындағы заңнамалық актілерге сәйкес қосымша төлем төлеумен осы Ережеге сәйкес ұйымдастырылады.


Балалар емханасында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру
Балалар емханасындағы логопедиялық жұмыс «Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмек көрсетуді жақсарту бойынша шаралар туралы құжаттармен белгіленеді:

1) Қалалық, облыстық, аудандық әкімдігі, денсаулық сақтау бөлімдерінің басқармаларының басшыларына:

1.1 Емхана мекемелеріндегі логопедиялық кабинеттер жүйесін кеңейту:

10000 балаға 1 кабинет бөліп, ерте жастағы балаларға қызмет көрсету үшін бір логопед ставкасын бөлу .

1.2 Барлық облыс орталықтарындағы денсаулықты жақсарту, емдеу кабинеттерінде мұғалім –логопед және психолог қызметін еңгізу;

1.3 Орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымдануы және сөйлеу тілінің бұзылыстары бар балаларға логопедиялық көмекті үйде көрсетумен қамтамасыз ету.

1.4 Туылғандар патологиясы бөлімшелерінде қызмет енгізу (15 балаға 1 логопед).

1.5 Тұтығатын мектеп жасындағы балалармен жасөспірімдерге арналған жазғы уақытта санитарлы үлгідегі лагерьлер ұйымдастырып, сөйлеу тілін түзетуге логопедтерді қатыстыру.

1.6 ОЖЖ зақымдалған балаларға арналған неврологиялық бөлімшелерде ( логопед қызметін 10 науқасқа - 1 ставка еңгізу)

1.7 Қазақстан Республикасының барлық облыстарында штаттан тыс ұйымдастырушылық тәжірибесі бар логопедия бойынша бас мамандар тағайындау.

Балалар емханасындағы логопед жұмысының мазмұны Балалар емханасының логопедиялық кабинеті туралы жарғысында ашылып көрсетілген. Жарғыға сәйкес, мұғалім- логопед (психолог) қызметіне логопедия мамандығы бойынша жоғары дефектологиялық білімі бар адамдар тағайындалады. Логопед емхананың бас дәрігеріне бағынады және оның алдында орындаған жұмысы бойынша жауапты.

Емхана логопедінің міндеттері:

1. Сөйлеу тілінің патологиясының барлық түрлері жөнінде 3 айдан-14 жасқа дейінгі балаларға кеңес беру.

2. Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жұмыс.

3. Ұйымдастырылмаған балалар арасында сөйлеу тілінің бұзылыстарын айқындау және алдын алу мақсатында алдын алу шараларын жүргізу.

4. Логопедиялық сабақтар курсын өткен балаларға диспансерлік бақылау жасау.

5. Аудан тұрғындары және емхананың медициналық персоналы арасында санитарлы-ағарту жұмыстарын жүргізу.

Логопед дизартрия, ринолалия, тұтықпа, жалпы сөйлеу тілінің дамымауы, алалия, балалар афазиясы сияқты тіл кемістігінің ауыр түрі бар балаларға логопедиялық көмек көрсетуге міндетті. Аталған тіл кемістіктерінің барлығы әр баламен жеке сабақтардың 20-30 минуттан өткізілуін және де ата-анасына үйге тапсырма беруді қажет етеді. Ата –аналар баламен логопедтің өткен сабақтарына қатысулары керек, себебі үй жағдайында сабақтарды қайталау үшін балаға талаптарды білікті түрде қолдану (ұсыну) қажет.

Логопед орта есеппен күніне сөйлеу тілінің ауыр кемістігі бар 5 -6 бала қабылдайды.

Басталған оқу жылында логопед көмекті қажет етіп келген балалардың барлығын алғашқы қабылдау журналына тіркеу қажет. Күнделікті және кеңес беру сабақтарына қатысып жүрген балаларға арнап логопед логопедиялық карталар бастап, оған сөйлеу тілінің статусы , сөйлеу тіл қорытындысын тиянақты түрде сипаттап жазады. Сабақ жоспары мен жетістіктер динамикасын жазып отырады. Бала арнайы логопедиялық сабақтарда болмаған жағдайда, онымен үйде қалай жұмыс жүргізу туралы ата –анаға кеңес беру қажет. Логопед сабақтарына психомоторлық дамуы терең тежелген сөйлеу тілі дамуының 1 – 2 деңгейіндегі, кереңдер, психоневрологиялық диагностикалық жағдайында арнайы емді қажет ететін балалар алынбайды.

Балалардың бұл категориясындағы балалар сәйкес емдеу және оқыту мекемелеріне жіберіледі.

Логопедтің жұмыс уақыты аптасына 14 сағатты құрайды. 5 күндік аптада 2 қабылдау таңертен, 2 қабылдау кешке жасау керек. Сабақтарға дайындық, көрнекілік құжаттар дайындау, құжаттармен жұмыс уақытынан тыс кезде жасалуы тиіс.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің № 485 бұйрығына қосымша ретінде: жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін логопедиялық кабинетке 20 метрден кем емес бөлме бөлінуі керек.

Кабинет қажетті жиһаз, арнайы құралдармен, көрнекілік, сөйлеу тілін дамытуға арнайы көрнекі материалдарымен жабдықталуы қажет.

Кабинетте ойын бұрышы болуы керек.

Күнтізбелік жыл соңында логопед емхананың бас дәрігеріне жылдық жұмыстың есебін береді. Есеп беруді сандық көрсеткіштерден басқа есеп беру кезеңдерінде барлық атқарылған емдеу педагогикалық, алдын алу және санитарлы – ағарту жұмысының талдауымен түсініктеме хат болуы қажет.

Логопед міндетті:


  • балаларды тексеруге;

  • сабақтарды жоспарлауға;

  • сабақтарды жүргізуге;

  • ата –аналармен жұмыс жасауға;

  • кеңес беру жұмысын жүргізуге ;

  • алдын алу жұмыстарын жүргізуге;

  • санитарлы – ағарту жұмысты жүргізуге.

Логопед уақытымен логопедиялық әртүрлі мәселелеріне арналған сұхбаттасулар, дәрістер, емхананың медицина қызметкерлеріне , ата – аналарға, тәрбиешілеріне арнап кеңестер өткізіп, балабақша тәрбиешілеріне және балалардың тілін дамыту бойынша санитарлы газеттер, бюллеттендер шығарып, сұрақ –жауап тақталарын толтырып өткізіп отырады.

Алдын алу шаралары: білім беру мекемелеріне баратын және бармайтын балалар арасынан логопедиялық көмекті қажет ететіндері іріктеліп, логопедиялық кабинеттегі тізімге тіркеледі.

Ұйымдастырылмаған балалар ішінен сөйлеу тілі патологиясы бар балаларды айқындау үшін логопед айына 1 рет алдын ала жалпы тексеру жүргізеді. Тексеруге 5 – 6 жастағы балалар қатысады. Үш айдан – 4 жасқа дейінгі балаларды логопед тек невропатолог , педиатр, басқа мамандардың сұрауы бойынша тексеруі керек. Диспансерлі бақылауға сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы дизартриясы, ринолалиясы, сөйлеу тілінің дамымауы бар, зияты бұзылмаған, тұтықпасы бар балалар алынады. Диспансерлі бақылауға алынатын балаларды айқындау жұмысын логопед алдын –ала тексерулерде, емханадағы алғаш қабылдауда жүргізеді. Диспансерлі есепке алынған балаларға № 30 форма толтырылады.

Емхана штатында үйде оқытатын мұғалім–логопед қызметі қарастырылса, БЦСА, дизартриясы және сөйлеу тілінің ауыр бұзылысы бар зияты сақталған және ұйымдастырылмаған балалармен сөйлеу тілін түзету жұмысын жүргізуге мүмкіндік туындайды.


ӘР ТҮРЛІ АРНАЙЫ МЕКТЕПТЕРДЕ ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Көмекші мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

Зияты зақымдалған оқушылар сөйлеу тілі кемістіктері тұрақты, механизмдерінің күрделілігі себебінен логопед көмегін қажет етеді.

Оқу жылының басында мектеп логопеді оқушылардың сөйлеу тілін тексереді. Терең (толық) тексеруден өздері келген сыныпқа байланысты емес өтеді. Логопедтің сабақтарына бұрыннан қатысқан, бірақ жұмысты әліде қажет ететін балаларда тексеріледі.

Бұл балаларды тексерудің мақсаты: оқу жылының басындағы сөйлеу тілі жағдайын айқындау.

Тексеру төмендегідей қағидаларды ескеріп құрылады: кешенділік көзқарас, жанжақтылық, жүйелік, динамикалық.

Жеке тексеруге алынған мәліметтер сөйлеу картасына толтырылады. Логопедиялық сабақтарға жазылған әр баланың сөйлеу картасына қосымша сөйлеу тіл қорытындысына сәйкес құралған, онымен өткізілетін логопедиялық сабақтардың жеке жоспары тіркеледі.

Тексеру нәтижелері бойынша логопедиялық сабақтарға балалар топтастырылып алынады. Логопедиялық сабақтарға балаларды тіркеудің көрсеткіші болып сөйлеу тілінің бұзылысының сипаты, оның үлгеріміне тигізетін әсері табылады. Топтар сөйлеу тілі бұзылысының ұқсастығы, бірдейлігі, сипаты бойынша құрылады.

Логопед әрекетінің келесі кезеңі – логопедиялық сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу. Сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету жұмысы ақаулықтың құрылымын, жас ерекшеліктерін ескеріп мектеп бағдарламасы материалында құрылады. Логопедиялық сабақтар екі түрге бөлінеді: жеке және топтық сабақтар.

Оқушылардың әр тобына арнап логопед жұмыс кезектілігін, ұзақтығын көрсететін жұмыстың ұзақ мерзімдік жоспарын құрады. Сабақтарды қажетті оқу-әдістемелік материалмен жабдықталған логопедиялық кабинетте өткізеді. Логопедтің сабақтан тыс жұмысы сөйлеу тілін дамыту шараларының мектепте біркелкі сөйлеу тәртібінің қамтамасыздандырылуын бақылауды көздейді. Логопедтің әрекеті мұғалім, тәрбиеші, мектеп дәрігері, сөйлеу тілі бұзылыстары бар оқушылардың ата –аналарымен тығыз байланыста болады.

Логопед сабақтар, сыныптан тыс іс – шараларға біріншіден оқушыларды бақылау мақсатымен, екіншіден балаларға көмек беру жөнінде өзі берген ұсыныстарды мұғалімдермен, тәрбиешілердің ұстанып, орындауын қадағалайды.

Логопед әрекетінің бағытының бірі – мектеп қызметкерлерін, сөйлеу тілі бұзылыстары бар балалардың ата –аналарын сабақтан тыс уақытта, сабақтарда, үй жағдайында қолданатын тәсілдерді (дыбыстық талдау дағдыларын қалыптастыру, жазу бұзылыстарының алдын алу, қолдың ұсақ моторикасын дамыту, артикуляциялық аппаратын дамыту т.б.) үйрету.

Логопед мұғалімдер, тәрбиешілер ата -аналарға арнап сұхбаттасу, семинар, кеңестер ұйымдастырып, жаңа ғылыми, әдістемелік әдебиеттермен таныстырумен айналысады.

Сонымен, логопедтің мұғалімдермен, тәрбишілермен, ата –аналармен жұмыс негізінен кеңес беру сипатында болып, логопедиялық білімдерді пропагандалау мақсатын көздейді.

Логопедтің мектеп дәрігерімен қатынасы оқушылардың сөйлеу тілі бұзылыстарының себепті күрделілігін анықтауға мүмкіндік береді.

Логопедтің құжаттары: жылдық жоспар, мектеп бойынша сөйлеу тіл кемістіктері бар балаларды есепке алу, сөйлеу карталары, алдын ала мерзімді және сабақ жоспарлары, жылдық жоспары бойынша атқарылған жұмысқа есеп беру.

Cөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектептегі логопед жұмысының ерекшеліктері жалпы білім беру міндеттерімен қатар, сабақтарда және сабақтан тыс уақыттағы түзете-тәрбиелеу жұмысында ауызекі сөйлеу тілі мен жазба тілінің әртүрлі бұзылыстарын түзетуге, психикалық даму ерекшеліктерімен байланысты екіншілік бұзылыстарды жоюға бағытталған арнайы міндеттер және оқушыларды кәсіби-еңбекке дайындау міндеттері қойылады. Сөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте екі бөлім болады. Біріншісіне алалия, афазия, дизартрия, ринолалия, тұтықпа, жалпы білім беру мектептерінде білім алуға кедергі болатын жалпы сөйлеу тілі дамымауының күрделі түрі сияқты сөйлеу тіл қорытындылары бар балалар қабылданады. Екінші бөлімге сөйлеу тілінің қалыпты дамуындағы тұтықпаның күрделі түрі бар балаларқабылданады.

Сыныптың толықтырылуы 12 баладан аспауы тиіс. Сөйлеу тілімен жазудың бұзылуын түзету оқу-тәрбие процесі бойы іске асырылады.

Логопедиялық жеке және топтық сабақтарды ұйымдастырып жүргізу міндетті болып табылады.

Жеке логопедиялық сабақтар аптасына 3 рет жүргізіледі. Мұғалім-логопедтің негізгі міндеті оқушыларды дыбыс айту және сауат ашу бойынша бағдарлама талаптарын неғұрлым қысқа уақытта орындауға дайындау, сондықтан, мектепалды даярлық сыныптарында, 1-3 сыныптарда логопедиялық жұмыс мазмұнын жоспарлағанда дыбыс айтуды қалыптастыру бағдарламасы міндетті болып табылады.

Сөйлеу тіліндегі ақаулықтары ұқсас балалармен мұғалім-логопед топтық сабақтар ұйымдастыра алады, алайда, балалар бір уақытта алынған балалар саны 2-3-тен аспауы тиіс (сабақтың ұзақтығы – 20-25 минут). Топтарды топтастыру қағидасы – тексеру барысында оқушылардың біріншілік, негізгі ақаулықтарын айқындау.

Топ құрамы оқу жылында өзгеріп тұруы мүмкін, әр топтың оқушылардың ауыз екі және жазбаша сөйлеу тіліндегі спецификалық, біркелкі қиындықтарды түзетуге бағытталған міндеттері бар. Шағын топтардағы логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы, сөйлеу тілінің ұқсастығына негізделеді.

Өткізілетін сабақтарға ақаулықтың ұқсастығы бойынша мынадай топтар құрылады: дыбыс айту бұзылыстары бар балаларға, дисграфиямен дислексияның тұрақты түрлері; сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптасуындағы күрделі қиындықтары бар балаларға, артикуляциялық аппарат құрылымында бұзылыстары бар балаларға (сөйлеу тілінің қорытындысы: «ринолалия», «дизартрия»).

Сөйлеу мүмкіндіктері (тіл кемістігінің ауыр түрінде) шектеулі балаларға арналған мектепте үй тапсырмасы берілмейді.
Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

Көру қабілеті зақымдалған балаларда артикуляциялық аппараты әлсіз дамыған, оның салдарынан сөйлеу тілі ақырын, түсініксіз болады. Көрмейтін және нашар көретін балаларда полиморфты бұрмалап сөйлеу жиі кездеседі, себебі, дыбыс айтудың қалыптасуы мен артикуляциялық аппараттың жұмысы еліктеумен байланысты, ал ол мұндай балаларда қиындатылған болып келеді.

Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жүргізілетін жұмысты логопед сынып мұғалімімен байланысты түрде ұйымдастыруы қажет. Дұрыс сөйлеу дағдаларына үйрету дайындық жұмысынан басталады, онда мұғалім оқушыға түсінікті етіп оның кемістігі туралы айтып, оның себептерін түсіндіреді, баланың алдынадыбыс айту кемшіліктерін түзету мақсаты қойылады.

Дыбысты дұрыс қоюда әліппеге дейінгі кезеңді қолдану аса маңызды. Мұғалім балалармен тек дыбыстармен танысып қана қоймай, оларды қоюмен айналысады.

Сөйлеу тілінің кемістіктерін түзету бойынша жұмыс арнайы түзету сабақтарымен қатар, тіл дамыту сбақтарында жүргізілуі қажет. Тіл дамыту, сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасты дамыту жұмысын логопедпен қатар мұғалім мен тәрбиеші жүргізеді.
Балалар церебральды сал ауруы (БЦСА) бар балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

БЦСА балалармен жасөспірімдерді оқыту тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаттарда, кей жағдайларда жалпы білім беру мектептерінде іске асырылады.

Логопедиялық жұмыс бұл мектепте аз да болса балалардың сөйлеу мүмкіндіктерін түзетуге, кейде қалыпты қылуға мүмкіндік береді.

Логопед мұғалімдер, тәрбиеші, балалардың ата-аналарымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.

Логопедтің міндеттері:

1. Әр баланы, сөйлеу картасына тексеру нәтижелерін белгілей отырып, тексеру.

2. Алдын ала жоспарды және логопедиялық сабақтардың кестесін құру.

3. Баланы қайталап тексеру (1-ші тоқсан соңында), логопедиялық қорытынды анықтау (нақтылау).

4. Балаларға арналған логопедиялық тәртіпті орнату.

5. Сөйлеу тіл кемістіктерін түзету бойынша жеке, топтық, шағын топтық логопедиялық сабақтарды жүргізу.

6. Мұғалім, тәрбиеші, ата-аналарға кеңес-әдістемелік көмек көрсету.

7. Динамикалық тексеру жүргізу және балалардың сөйлеу тілінің қорытындысын дәрігер, ЕДШ әдіскерлерімен, тәрбиеші, ата-аналармен. Логопедиялық жұмыста бала дамуына сөйлеу тілі, қимыл психикалық бұзылыстардың өзара әсер етуін ескеру аса маңызды. Логопедиялық жұмыссөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетумен қатар, оның барлық жағын (лексика, грамматика, фонетика), психикалық, сенсорлы функцияларын жетілдіруге бағытталған. сенсорных и психических функций. Сөйлеу тілі терапиясы, қимыл функцияларын дамытуға арналған емдік шаралардың тығыз байланыстағы бірлігіне негізделген. Онтогенетикалық кезектілік және кезеңділікпен логопедиялық әсер ету сақталған функцияларға сүйенеді. Логопедиялық жұмыстағы бағыт – сөйлеу тілі дамуының өзекті деңгейі. Артикуляциялық моторика бұзылыстарын және қол саусақтарының функциональды мүмкіндіктерін дамыту және түзету бойынша жұмыс міндетті, қимыл-кинестетикалық анализатор қимылдарын белсендіру маңызды. Себебі, ол артикуляциялық праксисті басқаруға мүмкіндік береді.

Мектептегі логопедиялық жұмыстың негізгі мақсаты – сөйлеу тілі арқылы қарым-қатынасын дамыту, сөйлеу арқылы ойын айтуының анықтылығын нақтылау, сөйлеу тіл бұзылысын түзету.

БЦСА бар балалармен түзету логопедиялық жұмысында, логопедиялық әсер етідің мынадай әдістерін қолдану тиімді:



  1. Дифференциалды логопедиялық уқалау (массаж) (босаңсыту немесе ынталандыру)

  2. Зондпен уқалау.

  3. Нүктелік уқалау.

  4. Енжар және белсенді артикуляциялық гимнастика.

  5. Тыныс алу және дауыс жаттығулары.

  6. Жасанды локальды контрастотермия ( гипо- және гипертермияның үйлестірілуі).


Логопедтің мамандық қасиеттері
Қазіргі заманға сай маман жалпытеоретикалық, ғылыми және арнайы кәсіби білімдер жүйесімен қамтамасыз етілген. Олардың кең диапазонымен біріктілігі маманда ауытқулы даму құрылымы және типологиясы, бұзылыстардың алдын алу, түзету тәсілдері, түзетудің психикалық-педагогикалық әдістері туралы білігін қалыптастырады.

Арнайы білім беру жүйесіндегі логопед балалардың дамуындағы бұзылыстарды диагностикалық бірліктерімен қарулану керек, түзету алдын алу шараларын ұйымдастыру әдіс-тәсілдерін меңгерген болуы керек.

Логопед даму проблемалары бар балалардың психологиялық ерекшеліктері туралы білімдері және қазіргі заманға сай «оқыту және тәрбиелеу» инновациялық технологияларын меңгерген болуы керек.

Аталған міндеттердің іске асырылуы көбінесе кәсіпке сайлық,

«Отандық және шетелдік» түзету педагогикасы және байланысты ғылымдар жүйесіндегі бағдарлауға, қазіргі замандағы арнайы білім беру проблемаларын және жеке басының шығармашылық инициативасы мен белсенділігіне байланысты.

Даму мүмкіндіктері шектеулі балалармен түзете-дамыту жұмысының мазмұнына қойылатын қазіргі таңға сай жоғары талаптарды іске асыруда ең алдымен логопедтің тұлғалық қасиеттері өте маңызды. Ол әлеуметтік және ұйымдастырушылық белсенділігімен ерекшеленіп, балаларды сүйіп, өз мамандығына берілген болуы керек. Логопедке педагогикалық шығармашылықтағы елес, бақылаушылық, жауапкершілік қажет. Қазіргі заман маманы мәдениеттің, қоғамның, рухтық құндылықтардың жеткізушісі, тек қана педагог емес, ең алдымен, новатор, зерттеуші, шығармашылдық тұлға болуы керек.

Қазіргі заман маманына ойлаудың жаңа сапалы стилі қажет. Қазіргі таң әрекеттердің алуан түрлі аяларында жылдам және тиімді шешім қабылдауды, түзету шараларын уақытылы жоспарлап және болжамдау білігін талап етеді. Осының барлығы жалпы әдістемелік ұстанымдарды бағдарлағанда ғана қолжетерлік болады. Сондықтан ойлаудың дәл сол әдістемелік мәдениетін заманға сай маманның жалпы интеллектуальдік мәдениетінің құрамының бірі ретінде қарастыру қажет.

Логопед, ғылыми-зерттеу жұмысының біліктерін меңгере отырып, сол біліктілігін педагогикалық жағдайларды шешуде, қабылдаған шешімдерді негіздеуде білікті қолдана білуі керек.

Арнайы білім беру жүйесінің педагогтарын теоретикалық дайындау классика университетінің жағдайында, медициналық, психологиялық-педагогикалық, лингвистикалық (жалпы және арнайы педагогика, жалпы және арнайы психология, оқытудың арнайы әдістемелері, логопедия, невропатология, психолингвистика, сөйлеу тілінің психологиясы және б.) пәндер циклдарын оқыту негізінде іске асырылады.

Арнайы және кәсіби пәндерді оқу барысында болашақ мамандар балалардың қалыпты және ауытқып дамуының теоретикалық және жаратылыс-ғылыми негіздері, олардың жас бойынша даму ерекшеліктерін, бала тұлғасының қалыпты және атипиялық жағдайда қалыптасу заңдылықтары туралы білімдерді меңгеріп шығады.


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет