Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы, 2011 (075)


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар



бет31/33
Дата25.12.2016
өлшемі11,49 Mb.
#4420
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мектепке дейінгі арнайы мекемелерде логопедиялық жұмысты ұйымдастыру.

  2. Логопедтік пункттің қызметін ұйымдастыру тәртібі.

  3. Балалар емханасы жағдайында логопедиялық жұмысты ұйымдастыру

  4. Көмекші мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

  5. Логопедтің мамандық қасиеттері

  6. Балалар церебральды сал ауруы(БЦСА) бар балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

  7. Көру қабілеті зақымдалған балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру

  8. Cөйлеу мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған мектепте логопедтің жұмысын ұйымдастыру



Ұсынылған әдебиет :

1. Қазақстан республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Арнайы білім беру мекемелерінің іс-әрекетін белгілейтін, нормативті құқықтық актілерді бекіту туралы» 3.09.2004ж. №712 бұйрығына қосымша.

2. Қазақстан Республикасында балаларға білім беру мекемелерінің әр түрлерінде логопедиялық жұмыстың ұйымдастырылуы және мазмұны. Ибатова Г.Б., Оразаева Г.С. Алматы, 2010.

V ТАРАУ
ӨЗІНДІК ЖҰМЫСҚА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Бұл тарауда оқулықта қарастырылған тақырыптар бойынша студенттердің теориялық және практикалық білімдерін жүйелеуге, нақтылауға, бекітуге бағытталған өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар беріледі.
Сөйлеу тілінің қалыпты дамуы
1. Балалардың сөйлеу тілінің толық дамуына әсер ететін факторлар.

2. Сөйлеу функциясы туа біткен еместігін дәлелдеу.

3. Бала тілінің даму кезеңдеріне сипаттама беру.

4. Баланың уілдеуі мен былдырлауында әлеуметтік сипатының жоқтығын дәлелдеу.

5. Сөйлеу тілінің бұзылыстарын айқындау процесінде баланың жасын ескеру қажеттілігін негіздеу.

6. Балалардың дыбыстарды дұрыс айтуын қалыптастырудағы фонематикалық есту қабілетінің ролін көрсету.

7. Ерте диагностикалау мәселелерін тұжырымдау.

8. Сөйлеу әрекетін қалыптастырудағы қарым-қатынастың және оқытудың ролін көрсету.

9. Ерте және мектепке дейінгі жаста сөйлеу тілі бұзылыстарының алдын алу қажеттілігін негіздеу.

10. Ата-аналар, мұғалімдер, тәрбиешілер арасында логопедиялық білімнің насихаттау жұмыстарын ұйымдастырудың маңызды және қажетті екенін дәледеу.



Тәжірибелік тапсырмалар

  1. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:


1- тапсырма

Сөйлеу тілі дамуының жас бойынша кезеңділіктері мәселелерімен айналысқан авторларды атаңдар:



  1. А. Р. Лурия 4) Л. В. Нейман

  2. Г. Л. Розенгард-Пупко 5) В. И. Бельтюков.

  3. А. Н. Гвоздев

2-тапсырма

Уілдеу пайда болатын уақыт:



  1. 3-4 айда 4) 2-3 айда

  2. 4-5 айда 5) 0-2 айда

  3. 1-2 айда

3-тапсырма

Қалыпты жағдайда 5-6 айлығында балада пайда болады:

1) уілдеуі 4) сөз тіркестері

2) алғашқы сөздері 5) қатынастың вербальді құралдары

3) былдырлауы

4-тапсырма

Қалыпты жағдайда баланың алғышқы сөздері пайда болатын уақыт:



  1. 2 жаста 4) 7-8 айда

  2. 5-6 айда 5) 1 жаста

  3. 6-7 айда

5-тапсырма

Сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымы қалыптаса бастайтын кез:



  1. 3 жас басында 4) 6 жас басында

  2. 4 жас басында 5) 7 жас басында

  3. 5 жас басында

6-тапсырма

Сөйлеу тілінің қалыпты дамуында басқалардан кеш шығатын дыбыстардың тобы:

1) дауыстылар 4) ысқырық

2) ызыңдар 5) таңдайлық

3) сонорлар

7-тапсырма

Онтогенезде сонор дыбыстарының тобындағы басқалардан кеш шығатын дыбыс:

1) Л 4) Б

2) Н 5) Р

3) М


  1. №1, №2 «Дыбыстардың онтогенезде пайда болу уақыты» кестелерін толтыру:

1-кесте



Жасы

Дыбыстар

1-2 жас




5-6 жас



2-кесте



Жасы

Дыбыстар




И,Ы,У,Ә,І,В,Ф,Т,Д,Н,Ң,К,Қ,Г,Ғ,Х




С,З,Ц,Ш,Ж,Ч,Щ


СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ АНАТОМИЯЛЫҚ-ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ

1. И. П. Павловтың, А. Р. Лурияның және т.б. ілімдерін сипаттау. Сөйлеу тілінің табиғи-ғылымдылық негіздерімен, туындау механизмдерін ашудағы олардың ролі.

2. Сөйлеу аппаратының анықтамасын беру.

3. Сөйлеу тілінің орталық бөлімінің құрылымы мен рөлін сипаттау.

4. «Локализационисттер», «Антилокализационисттер» теориясын сипаттап, олардың негізсіздігін дәлелдеу. И. П. Павловтың «динамикалық» теориясы тарапынан сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің функцияларын қарастыру.

5. Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің құрылымы. Сөйлеу тілі мүшелерінің қызметін белгілеу (артикуляцияның белсенді және енжар мүшелері).

6. Физиологиялық және сөйлеу кезіндегі тыныс алу айырмашылықтарын белгілеу.

7. Дауыстың жасалу механизмін ашу. Дауыстың жасалу теориясына сипаттама (миоэластикалық, нейрохронаксикалық теориялар).

8. Артикуляция аппараты құрылымында болуы мүмкін ақаулықтарды атап, олардың сөйлеу тіліне тигізетін әсерін ашу.

9. Сөйлеу актісінде сөйлеу-қимыл және есту анализаторларының ролін ашу.

10. Сөйлеу тілі туа біткен функция еместігін дәлелдеу.

11. Сөйлеу әрекетінің қалыптасуындағы қарым-қатынас пен оқытудың ролін көрсету.

12. Сөйлеу тілінің функцияларын атау.

13. Сөйлеу тілінің қатынастық (коммуникативті) функциясын сипаттау.

14. Сөйлеу тілі мен ойлаудың өзара байланысын көрсету (Л. С. Выготский).
Тәжірибелік тапсырмалар

1. Кестелер (таблица) мен муляждарда Брока (моторлы), Вернике (сенсорлы) сөйлеу тілі орталықтарының орналасуын көрсету. Орталықтардың рөлін ашу.

2. Сөйлеу тілі дыбыстары артикуляцияларының профильдерін сызып, олардан артикуляция мүшелерін белгілеуге үйрету.

3. Тістенудің суреттері мен көшірме бейнесі бойынша ақаудың түрін белгілеу.

4. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:
1-тапсырма

Сөйлеу аппаратының орталық бөлімінің құрылымы:



  1. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми, сопақша ми ядролары, пирамидальды жолдар.

  2. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, сопақша ми.

  3. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, пирамидальды жолдар, дауыс жасалу бөлімі.

  4. Пирамидальды жолдар, ми қыртысы асты, сопақша ми.

  5. Ми қыртысы, ми қыртысы асты, артикуляция бөлімі.



2-тапсырма

Сөйлеу аппаратының шеткі бөлімінің құрылымы:



  1. тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі,

  2. артикуляция бөлімі,

  3. тыныс алу бөлімі, дауыстың жасалу бөлімі, артикуляция бөлімі,

  4. дауыстың жасалу бөлімі, сопақша ми,

  5. пирамидальды жолдар.


3-тапсырма

Артикуляцияның белсенді мүшелерін ата:



  1. ерін, тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек,

  2. ерін, тіл, қатты таңдай,

  3. ерін, тіл, жұмсақ таңдай, тістер,

  4. тіл, жұмсақ таңдай, астыңғы жақ сүйек,

  5. тіл, жұмсақ таңдай, еріндер, жоғарғы жақ сүйек.


4-тапсырма

Сөйлеу кезіндегі тыныс алуға тән емес:



  1. дем шығаруда сөйлеу

  2. дем шығару тыныс алудан ұзағырақ

  3. тыныс алу қимылдары екі есе аз

  4. сөйлеу тыныс алуда жасалады

  5. тыныс алу ауыз арқылы жасалады


5-тапсырма

Мұрын мен ауыз қуысы арасындағы қалқанның аты:



  1. кеңірдек

  2. жұтқыншақ

  3. тіл

  4. таңдай

  5. трахея


6-тапсырма

Азу тістері тістенген жағдайдағы жоғарғы және төменгі жақ сүйектерінің қатынасы не?:



  1. тістену

  2. прогения

  3. прогнатия

  4. артикуляциялық аппарат

  5. артикуляция мүшелерінің қалпы

7-тапсырма

Жұмсақ таңдайдың құйрықшақтығы қалай аталады?:



  1. тіл

  2. қатты таңдай

  3. увуля

  4. тіл асты сіңірі

  5. кеңірдек



ДАУЫССЫЗ ДЫБЫСТАРДЫҢ АРТИКУЛЯТОРЛЫ-АКУСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

1. «Фонема» түсінігіне сипаттама бер.

2. Фонемелардың негізгі дифференциалды мағынасын ажырату белгілерін ата.

3. Дауыссыз дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер:



    • дауыс перделерінің қатысы бойынша,

    • тіл арқасының ортасы қатысы бойынша,

    • жасалу орны бойынша,

    • жасалу тәсілі бойынша.

4. Дауысты дыбыстардың артикуляторлы сипатын ашып айту.

5. Дауысты дыбыстар жіктеліміне сипаттама бер.

6. Дауысты және дауыссыз дыбыстардың айырмашылықтарын ата.

7. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы айырмашылықтарды атау.

8. Ұяң және қатаң дауыссыз дыбыстар артикуляциясындағы ұқсастық пен айырмашылықтарды атау.
Тәжірибелік тапсырма


  1. Таңдай пердесі жабық болатын екі дыбысты, артикуляциясында таңдай

пердесі ашық болатын екі дыбысты ата.

  1. «С», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Салыстырып

ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңдар.

  1. «Ш», «Ж» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар.

Артикуляциялық аппараттың қалпындағы ұқсастығы мен айырмашылығын

анықтаңдар.



  1. Ойланып, талдаңдар.

«Р» дыбысының артикуляциясын сызыңдар, тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс

пернелерінің қалпына көңіл бөліңдер, «РЬ» дыбысының

артикуляциясымен салыстырыңдар.


  1. «Л», «ЛЬ» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Артикуляциялық

аппарат мүшелерінің ұқсастығы мен айырмашылығын түсіндіріңдер.

  1. Ойланып табыңдар. «Ч», сосын «Щ» дыбысын атаңдар, тілдің қалпына

көңіл аударыңдар. Бұл дыбыстардың артикуляциясының айырмашылығы мен ұқсастығы қандай. Профильде (кескінде) көрсетіңдер.

  1. Ойланып, талдап, жауап беріңдер.

Жұмсақ дыбыстарды (С', Ш', Р', П' т.б.) айтқанда тілдің қалпы қалай өзгереді.

Профильде сызып көрсетіңдер.



  1. Ойланып, талдап, жауап беріңдер.

«П-б-м» және «т-д-н» дыбыстарының айтылуы қандай артикуляциялық

мүшелердің жұмысына байланысты.



  1. Ойлан, тап.

«К», «Қ» дыбысының артикуляциясын сызыңдар.

Тілдің, жұмсақ таңдайдың, дауыс желбезегінің қалпына көңіл аударыңдар.

«Г», «Ғ» дыбысының артикуляциясынан айырмашылығы неде?


  1. Ойланып, қатесін тап.

«С» дыбысын айтқанда - ерін жымияды, тістердің арасында 1-1,5 мм саңлау қалады, тілдің ұшы астындағы күрек тістерге тиіп тұрады, тілдің ортасы ойық, тілдің екі бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп, мұрынға ауа жолын жабады, дыбыс пернелері ажырайды, ауа жолы әлсіз және суық келеді.

  1. Ойланып, талдаңдар.

«С», «З» дыбыстарының артикуляциясын сызыңдар. Сол дыбыстардың артикуляциясының ұқсастығы мен айырмашылығын табыңдар.

  1. Қай дыбыстың артикуляциясы: Ерін аздап дөңгеленіп, тіл «ожауға»

ұқсатылып таңдайға қарай көтеріледі, бірақ тимейді, тілдің екі жақ бүйірі жоғарғы азу тістерге тиіп тұрады, жұмсақ таңдай көтеріліп мұрынға баратын ауа жолын жабады, дауыс пернелері ажырайды, ауа жолы күшті және жылы.

13. Ойланып, қатесін тап.

«Ж» дыбысын айтқанда ерін аздап дөңгеленіп алдыға қарай шығыңқы келеді, тіл «ожауға» ұқсап таңдайға көтеріледі, бірақ таңдайға тимейді, тілдің екі жақ бүйірі жоғары азу тістерге тиеді, жұмсақ таңдай жұтқыншақтың артқы қабырғасына тиіп тұрады, дауыс пернелері ашық, ауа жолы әлсіз, жылы.


  1. Қай дыбыстың артикуляциясы.

Артикуляциялық аппарат мүшелерінің қалпы «Ш» дыбысын айтқандағыдай, бірақ «Ш» дыбысына қарағанда тіл аздап алға қарай жылжыған, сәл көтеріңкі болады.

15. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:


1- тапсырма

Берілген сипаттама қай дыбысқа тән: дауыссыз, мұрын арқылы айтылады, жіңішке, тіл алды, жабысыңқы-өтпелі:



  1. ТЬ

  2. Д

  3. НЬ

  4. Л

  5. МЬ

2-тапсырма

Берілген сипаттама қай дыбысқа тән: дауыссыз, қатаң, ауыз арқылы, жуан, тіл алды, саңылаулы:



  1. Ш

  2. Л

  3. С

  4. Д

  5. Ф

3-тапсырма

Берілген сипаттама қай дыбысқа тән: дауыссыз, ұяң, ауыз арқылы, жіңішке, тіларты, жабысыңқы:



  1. НЬ

  2. Д

  3. Х

  4. ГЬ

  5. КЬ

4-тапсырма

Ойлан, тап.

Мына артикуляция қай дыбысқа тән?

- еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа байланысты,

- тіл жоғарғы альвеолға көтеріліп, дірілдейді;

- бүйір шеттері түп азуларға тиеді;

- дауыс пернесі қосылған, дірілдейді.


ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ


  1. Логопедиялық тексеру қағидаларын атап, сипаттама беру.

  2. Сөйлеу тілі бұзылыстарын талдаудағы жүйелілік, жанжақтылық қағидасының ролін көрсету.

  3. Логопедиялық тексеру түрлерін сипатта.

  4. Үстіртін және тереңдетіп тексерудің мақсат, міндеттерін ашып айту.

  5. Логопедиялық тексерудің әдістерін ата.

  6. Логопедиялық тексеруге арналған дидактикалық материалдарды ата.

  7. Логопедиялық тексеру құрылымын ашып айт.

  8. Логопедиялық тексеруді ұйымдастыру алдында анамнезді жинау қажеттілігін дәлелдеу.

  9. Артикуляциялық аппаратты тексеруге қойылатын талаптарды ата.

  10. Сөйлеу тілінің просодикалық жағын тексеру әдістемесін ата.

  11. Фонематикалық қабылдау, талдау (қарапайым және күрделі түрлері), жинақтаудың қалыптасу деңгейін айқындауға бағытталған тапсырмаларды атау.

  12. Балалардың дыбыс айтуын тексеруге қойылатын талаптарды ата.

  13. Сөйлеу тілінің лексикалық жағын тексеру әдістемесін ата.

  14. Сөйлеу тілінің граматикалық құрылымының жағдайын айқындау әдістемесін атап, сипатта.

  15. Балалардың байланыстырып сөйлеуін тексеруге қойылатын талаптарды атап сипатта.

  16. Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін тексеруге қойылатын талаптарды ата.

  17. Балалардың зиятын, сенсомоторлы дағдыларын тексеру әдістемелерін ата, сипатта.

  18. Білім беру мекемелерінде балаларды тексеру мерзімдерін негізде: («Мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде логопедиялық пункттерді ұйымдастыру жөніндегі ережелерге» сүйеніп).


Тәжірибелік тапсырмалар

  1. Сөйлеу карталарын талдап, логопедиялық тексерудің кезектілігін,

мазмұнын белгілеу. Кешенділік, жүйелілік, жан-жақтылық, динамикалық тәсіл қағидаларының іске асырылуын көрсету.

  1. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:


1-тапсырма

Тексеру қағидасын ата:



  1. көрнекілік

  2. дифференциалды тәсіл

  3. жан-жақтылық

  4. ғылымилық

  5. саналылық



2-тапсырма

Тексеру түрі:



  1. бақылау

  2. әңгімелесу

  3. анамнез жинау

  4. тереңдетілген

  5. динамикалық

3. Қойылатын талаптарға сәйкестігі жас ерекшеліктерін ескеру, бағдарлама материалына сүйену т.с.с. көзқарас тарапынан тексеру әдістемелерін талдау.

4. Балалардың фонематикалық түсініктерін, сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеруге арналған материалды іріктеуге қойылатын талаптарды сипаттап ата.

5. Тексерудің төмендегідей әдістемелерін дайындау:

- фонематикалық түсініктерін,

- балалардың дыбыс айтуын.

6. Балалардың моторлы сферасының дамуын айқындауға, жалпы, сөйлеу анамнездерін жинауға арналған сұрақтар тізімін құрастыру.

7. Сөйлеу картасының бөлімін талдап, анамнез жинау, қорытынды жасау:


Сөйлеу тілінің анамнезі:

1 нұсқа.



Сұрақтар

Жауаптар

Баланың уілдеуі қашан пайда болады?

3, 5 - 4 айда

Былдырлауы қашан пайда болады?

7 айда

Алғашқы сөздерінің пайда болу уақыты?

1-1,5 жаста


Қорытынды: (Негіздеу).


2 нұсқа.


Сұрақтар

Жауаптар

Баланың уілдеуі қашан пайда болады?

7-8 айда

Былдырлауы қашан пайда болады?

1 жаста

Алғашқы сөздерінің пайда болу уақыты?

2,5 жастан кейін


Қорытынды: (Негіздеу).

3 нұсқа.


Сұрақтар

Жауаптар

Баланың уілдеуі қашан пайда болады?

4 айда

Былдырлауы қашан пайда болды?

Пайда болмады

Алғашқы сөздерінің пайда болу уақыты?

Жоқ

Қорытынды: (Негіздеу).

Ата-аналарға ұсыныстар: (негіздеу).


8. Сөйлеу картасындағы артикуляция мүшелерінің құрылымын тексеру бөлігін талдау, қорытынды шығару:

Еріндер

Ауытқуы жоқ

Тістер

Ауытқуы жоқ

Қатты таңдай

Құрылымы қалыпты

Жұмсақ таңдай

Құрылымы қалыпты

Увуля

Құрылымы қалыпты

Тістену

Жоғарғы және төменгі алдыңғы тістерді қосқанда арасында саңылау пайда болады

Қорытынды:


  1. Тәжірибелік міндеттерді шешіңіздер:


1- тәжірибелік тапсырма

Артикуляциялық аппаратты логопед тексергенде баланың астыңғы жақ сүйек тістері жоғарғы жақ сүйек тістерінің алдына шығып тұрғанын айқындады. Тістенудің ақаулы түрін белгіле. Осындай жағдайда мүмкін болатын дыбыс айту бұзылыстарын ата.


2-тәжірибелік тапсырма

Тексерілген бала азу тістерін қосып тістегенде алдыңғы жоғарғы (күрек тістер) тістері астыңғы тістерді толық жауып тұрады. Тістенудің ақау түрін белгіле. Мүмкін болатын дыбыс айту бұзылыстырын ата.


3-тәжірибелік тапсырма

Артикуляция мүшелерінің қозғалысын тексеру барысында логопед балаға мынадай тапсырмалар береді: «Жымию», «Серуен» (жалпақ тіл астыңғы иекте бос жатыр), «Ине» (жіңішке тіл). Тапсырмалар тізімін талдап, қорытынды жаса.


4-тәжірибелік тапсырма

Тексерілген балаға қандай мақсатпен: «Жымию-түтікше» (ерінге арналған жаттығу) беріледі: тілді жіңішке, кейін жалпақ қылып жасау (бірнеше рет қайталау).


10. Дұрыс жауаптар нұсқаларын іріктеу:
1-тапсырма

Азу тістері тістенгенде жоғарғы күрек тістер астыңғы тістерді толық жауып тұрады. Тістенудің ақаулы түрін белгіле:



  1. прогения,

  2. прогнатия

  3. алдыңғы ашық тістену,

  4. тік жабық тістену

  5. терең жабық тістену.


2-тапсырма

Бала «Ине» (жіңішеке тіл) жаттығуын жасауда қиналады. Қиналу себебін белгіле:



  1. тілдің асты желбезегі' қысқа

  2. тілдің сопақша бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  3. таңдай-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  4. тілдің көлденең бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  5. артикуляция мүшелерінің қимылдары шектелген


3-тапсырма

Бала тілін ауыз қуысының түбіне «тығып» қоя алмайды, тілдің ұшын таңдайға көтере алмайды. Қиналу себептерін ата:



  1. жоғарғы бойлық бұлшық еттері функциясы бұзылған

  2. таңдай-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  3. иек асты-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  4. тіл асты жүйесі қысқа

  5. жұмсақ таңдай қысқалығы


4-тапсырма

Бала тілін шығарып, жоғары көтеріп ұстай алмайды. Оның қиналу себептерін ата:



  1. таңдай-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  2. прогения

  3. тілдің көлденең бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  4. иек асты-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  5. тілдің жоғарғы бойлық бұлшық еттерінің функциясы бұзылған


5-тапсырма

Бала жалпақ тілмен жоғарғы ерінің жалағанда қиналады, астыңғы иекпен көмектеседі. Қиындықтар себептерін ата:



  1. тілдің жоғарғы бойлық және иек асты-тіл бұлшық еттерінің функциясы бұзылған

  2. терең жабық тістену

  3. бойлық бұлшық етінің функциясы бұзылған

  4. прогнатия

  5. таңдай-тіл бұлшық етінің функциясы бұзылған.


6-тапсырма

«Прогнатияда» астыңғы жақ сүйекке жоғарғы жақ сүйектің қатысы қандай қалыпта болады:



  1. астыңғы жақ сүйектің жоғарғыға қатысы- алдыға қарай шығыңқы

  2. жоғарғы жақ сүйектің астыңғыға қатысы-алдыға қарай шығыңқы

  3. алдыңғы ашық тістену

  4. алдыңғы жабық тістену

  5. жоғарғы қатар тістері астыңғы қатар тістеріне тура сәйкестікте тиіп тұрады.

11.Сөйлеу картасының бөлімін артикуляциялық аппараттың қозғалысын тексерудің толықтылығы жағынан талдаңыз:


1-бөлім

Ұсынылатын сынақ

Баланың орындауы

Астыңғы тілге жалпақ жайылған тілді салу

Жаттығуды орындайды, 1-5-ке дейін санағанда осы қалыпта тілді ұстап тұра алады

«Ине» жаттығуы

Қиналмай орындайды

«Сағат» жаттығуы

Орындайды

«Кесе» жаттығуы

Тапсырманы қиналмай орындайды

Қорытынды:


2-бөлім

Ұсынылатын сынақ

Баланың орындауы

«Серуен» жаттығуы

Жаттығуды орындайды

Тілді жіңішке қылу

Орындай алмайды

«Сағат» жаттығуы

Орындамады

«Кесе» жаттығуы

Тілді жоғары көтеруде қиналады, астыңғы иекпен көмектеседі

Қорытынды:
12. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:

Тапсырма


Жаттығулардың қайсысын тілдің қозғалысын тексеруге алуға болады:

  1. «Күрекше»

  2. Ауызды кең қылып ашу

  3. «Сағат»

  4. «Күлкі»

  5. «Түтікше»

13. Балалардың фонематикалық түсініктерінің қалыптасу деңгейін айқындауға бағытталған тапсырмаларды ата.
14. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:
1-тапсырма

Фонематикалық қабылдауын тексеруде қолдануға болатын тапсырма:

1) Суреттегі заттарды ата: шалқан, машина, қылыш

2) Қайтала: СА-ЗА-ЩА

3) «Сақа» сөзіндегі бірінші дыбысты ата

4) «Ж» дыбысына сөз ойла

5) «Ш» дыбысы бар суреттерді іріктеп ал.

2-тапсырма

Дыбыстық-әріптік талдау дағдыларын айқындауға арналған тапсырманы ата:



  1. «Қылыш қай суретте, қамыс қай суретте екенін көрсет»

  2. Берілген буындардан сөз құра

  3. «ТАС» сөзінде қанша дыбыс бар

  4. «С» дыбысын естігенде жалауша көтер

  5. Атауында «С» дыбысы бар суреттерді ата.

15. Сөйлеу картасының бөлімін талда:



Сөздерді ата

Баланың тапсырманы орындауы

Шағала

Шала

Сиыр

Иыр

Автобус

Атобус

Ғарышкер

Ғашер

Сөздің буындық құрамының бұзылу сипатын белгіле.

16. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағын тексеру әдістемесін қойылған талаптар жағынан (сөйлеу тілінің барлық дыбыстарын тексеру, дыбысты сөздің басында, ортасында, соңында, бундық құрамы жеңіл және күрделі сөздерде айту іскерлігін айқындау) талдау.

17. Педагогикалық тапсырмаларды орындау.


1-педагогикалық тапсырма

«С» дыбысының айтылуын тексеру үшін логопед қасық, тас, сиыр салынған суреттері дайындады.

Материалды іріктеудің дұрыстығын бағалаңыз.
2-педагогикалық тапсырма

«Ш» дыбысының айтылуы тексеріледі. Балаға шкаф, шана, шаңғы, шалбар суреттері ұсынылды. Тексеру материалы дұрыс аланды ма? Қатені тап.


3-педагогикалық тапсырма

«Ж» дыбысының айтылуы тексеріледі. Алынған суреттер: жалау, ожау, тәж. Тексеру материалы дұрыс аланған ба? Пікіріңізді айтыңыз.


4-педагогикалық тапсырма

Сөйлеу тілінің дыбыстық жағын және фонематикалық түсініктерін тексергенде бұзылыстар байқалмады. Сөйлеу тілінің қорытындысын шығаруға мағлұматтар жеткілікті ме?

18. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеп алыңыз:
Тапсырмалардың қайсысы дыбыс айтуын тексеруге арналған:

1) Сөздегі бірінші дыбысты ата

2) Атауында «С» дыбысы бар суреттерді ірікте

3) «Ш» дыбысын естігенде қолыңды көтер

4) Тіліңмен «Кесе» жаса

5) «Сақа, тасбақа, қас» суреттерін ата.


19. Фонематикалық түсініктерін, дыбыс айтуын тексеру хаттамасын талдау. Өңделуіне, тәсілдерді іріктеу дұрыстығына, қорытындылардың тексеру нәтижелеріне сәйкестігіне назар аудару.

20. Балалардың белсенді және енжар сөз қорларын тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу.

21. Балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу.

22. Сөйлеу тілін түсінуін тексеруге арналған тапсырмалар іріктеу.

23. Балалардың танымдық мүмкіндіктерін тексеруге арналған тапсырмалар дайындау.

24. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын іріктеу:


1-тапсырма

Сөз қорын тексеруге арналған тапсырма:



    1. Бір сөзбен қалай аталады (доп, қуыршақ, машина)

    2. Суреттерде салыңған заттарды ата: раушангүл, тырна, қар

    3. Суреттерде салынған заттарды ата: трамвай, троллейбус, құрылысшы

    4. Суреттерде салынған заттарды ата: ескі-ешкі

    5. «тышқан» сөзін естісең, шапалақ соқ


2-тапсырма

Бастауыш сынып оқушыларында сөздің буындық құрылымын тексеру үшін қай сөзді алуға болады:



  1. балапан

  2. шағала

  3. қарындаш.

  4. құмырсқа.

  5. қаламсап


3-тапсырма

Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай тапсырма алынады:



  1. «Не қалай қозғалады?»

  2. «Заттың түсі қандай?»

  3. «Киім тігетін адамды кім дейміз?»

  4. «Кітапты ал да, аш»

  5. «Кім кіммен келе жатыр


4- тапсырма

Сөзөзгерту дағдыларын тексеруге қай тапсырманы алуға болады:



  1. «Мен үлкен зат туралы айтамын, ал сен кішкентайын ата»

  2. «Мен бір затты атаймын, сен көп болса не деп айтасың?»

  3. «Қызыл түсті заттарды ата»

  4. «Кітапты ал да, аш»

  5. «Бала не істегенін айт» (сурет бойынша: шықты, кірді, өтті).


5-тапсырма

Сөйлеу тілін түсінуін тексеруге қай тапсырманы алуға болады?



  1. «Суреттерді ата: құлақ, тарақ»

  2. «Не қалай дауыс шығарады?»

  3. «Қаламмен қарындашты көрсет»

  4. «Мен сөз айтамын, ал сен сол сөзді керісінше айт»

  5. «Суреттен төртінші затты ата»


6-тапсырма

Сөйлем құрау дағдыларын тексеруге арналған тапсырма:



  1. «Кімге не керек?»

  2. «Жануарлардың төлдерін ата»

  3. «Берілген сөздерден сөйлем құра»

  4. «Қай сурет туралы мен айтқанымды тап ( суретте көк...)»

  5. «Бала иттің артынан жүгіріп бара жатыр. Кім алдыда?»


7-тапсырма

Байланыстырып сөйлеуін тексеруге қай тасырманы алуға болады:



  1. «Алдымен көкөністерді , кейін жемістерді ата»

  2. «Кім кімнен кейін тұр?»

  3. «Менің соңымнан тақпақты қайтала»

  4. «Демалыс күнін қалай өткізгенін туралы айтып бер»

  5. «Жұмбақты шеш»


8-тапсырма

Жазуды тексеруге қай тапсырманы алған тиімді:



  1. «Әріптерді ата»

  2. «Берілген буындардан сөз құра»

  3. «Кеспе әліппе әріптерінен сөз құрастыр»

  4. «Мәтінді көшіріп жаз»

  5. «Қас-қаш, тар-тал сөздеріндегі айырмашылық неде?»


9-тапсырма

Оқуды тексеруге арналған тапсырманы ата:



  1. «Ш» дыбысынан басталатын сөзді ата»

  2. «Мал-бал сөздерін салыстыр»

  3. «Ш» дыбысы бар сөзді тап»

  4. «Мәтінді айтып бер»

  5. «Алғашқы түрінде берілген сөздерден сөйлем құрастыр»



10-тапсырма

Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай суреттерді алуға болады:



  1. Ай, сүт, қас

  2. Инелік, таңқурай, велосипед

  3. Тауық, қаз, үйрек, балапан

  4. Көрпеше, тостағанша, жастықша

  5. Үй-үйлер, бас-бастар, қалам-қаламдар


11-апсырма

Тексеру барысында бала «балапан» сөзінің орнына «бабапан» дейді. Сөздің буындық құрамы қай тип бойынша бұзылған:



      1. қысқарту

      2. ұқсасу

      3. орнын ауыстыру

      4. қосып айту

      5. контаминация


12-тапсырма

Тексерген кезде бала «шағала» сөзін «шалаға» деп айтады. Сөздің буындық құрамы қай тип бойынша бұзылған:



  1. ұқсасу

  2. қысқарту

  3. қосып айту

  4. орнын ауыстыру

  5. контаминация


13-тапсырма

Талдаудың қарапайым түрін айқындауға қай тапсырманы алуға болады:



  1. «Схемаға сәйкес суретті тап»

  2. «Ошақ» сөзінде «ш» дыбысы сөздің қай жерінде тұр?

  3. «Берілген әріптерден сөз құра: (ш,а,р)»

  4. «Ш» дыбысы бар сөз естісең, қолыңды көтер»

  5. «Ш» дыбысы бар сөз ойла


14-тапсырма

Сөзжасам дағдыларын тексеруге қай ойын жарамды:



  1. «Төртінші артық»

  2. «Керісінше айт: мен бір затты айтамын, сен көп зат болса қалай дейсің?» ойыны

  3. «Дыбыстың сөздегі орнын тап»

  4. «Қатарды есіңе сақта да, ата»

  5. «Киім тігетін адамды қалай атаймыз?»


15-апсырма

4 жасқа дейінгі баланың логикалық ойлауын тексеруге қай тапсырманы алуға болады:

1) «тас-бас» сөздерінің айырмашылығы неде

2) Мәтінді айтып бер

3) 4 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр

4) бір сөзбен ата

5) 8 бөлшектен тұратын кесілген затты құрастыр.
25. Базалық мектепке бару. Баланың сөйлеу тілін тексеруді төмендегідей бағыттарда бақылау:

а) тексеру өтіп жатқан бөлменің қойылған талаптарға сәйкестігі;

ә) логопедтің тексеруге дайындығы:

- тексеру әдістемелерінің бар-жоғы, олардың қойылған талаптарға

сәйкестігі;

- баламен қарым-қатынасы;

- логопедтің балаға берген инструкциялары, олардың балаға түсініктілігі;

- тексерудің толықтылығы;

- логопедиялық тексеру қағидаларының іске асырылуы;

- алынған мәліметтердің тіркеліп жазылуы.


26. Сөйлеу тілі бұзылыстары бар балаларды өз бетінше тексеру, сөйлеу қортындысын анықтау, сөйлеу картасын толтыру.

ДЫБЫС АЙТУЫНЫҢ БҰЗЫЛЫСТАРЫ ЖӘНЕ ТҮЗЕТУ ЖОЛДАРЫ


    1. Балалардың дыбыс айту бұзылыстарының таралуына сипаттама бер.

    2. Функциональді және органикалық (механикалық) дислалияға анықтама

бер.

    1. Мономорфты және полиморфты дислалияға анықтама бер.

    2. Ызың, ысқырық, сонор, таңдай арқылы айтылатын дыбыстардың

бұзылыстарына, түзету тәсілдеріне сипаттама бер.

    1. Дыбыс айту бұзылыстарының артикуляциялық аппараттың жағдайына

байланысты екенін негізде.

    1. Дыбыс айту бұзылыстарының кейбір жағдайларында фонематикалық

түсініктерінің деңгейін айқындау қажеттілігін негізде.

    1. Дислалияны түзетудегі логопедиялық жұмыстың кезеңділігін айтып бер.


Тәжірибелік тапсырмалар

  1. Ысқырық (С, З, Ц), ызың (Ш, Ж, Щ, Ч), сонор (Р, Л), таңдай арқылы

айтылатын (К, Қ, Г, Ғ) дыбыстардың артикуляциясын салу.

  1. Жуан және жіңішке дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы

айырмашылықтарды атау.

  1. Қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың артикуляциясындағы

айырмашылық пен ұқсастықты атау.

  1. Дислалияның түрлерін және олардың себептерін салыстыру:


3-кесте.- Дислалия түрлері.


Дислалия түрі

Ұсақ артикуляторлық қимылдардың жетілмеуі

Артикуляция мүшелерінің ақаулықтары

*Ұсақ естіп ажыратуының әлсіздігі

Нейродинамикалық процесстердің функциональді бұзылыстары

Механикалық дислалия













Сенсорлы функциональді дислалия













Моторлы функциональді дислалия












5.Тексеру барысында бала дыбыстарды айтуда «С» дыбысын «Ф»

дыбысына, «З» дыбысын «В» дыбысына ауыстырып айтатыны айқындалды.

Артикуляциялық аппаратта ауытқушылық жоқ. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы бұзылмаған.

Міндет: берілген мағлұматтарды талдап, сөйлеу тілінің қорытындысын шығару.

6. Бала дыбыстарды айту кезінде «С» дыбысын «Т», «З» дыбысын «Д»-ға

ауыстырып айтады. Артикуляция мүшелерінің құрылымы және қимылдары бұзылмаған. Дыбыстық талдау дағдылары қалыптаспаған. Сөздік қоры және грамматикалық құрылымы қалыптыға сай.

Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, жұмыс жоспарын құрастыру, бұзылған дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін белгілеу.

7. Бала ысқырық дыбыстарды ызыңдарға ауыстырып айтады. Тексеру барысында сөйлеу тілінің лексикалық жағы, грамматикалық құрылымы бұзылмаған; артикуляция мүшелерінде ауытқу жоқ; фонематикалық түсініктері қалыптаспағаны айқындалды.

8. Берілген мағлұматтарға сүйеніп сөйлеу тілінің қорытындысын шығару, жұмыс жоспарын құру, ысқырық (С, З, Ц) дыбыстарды түзетудің тиімді тәсілдерін белгілеу.

9. Дыбыс айту бұзылыстарының түрлерін себепкер факторлармен сәйкестендіру:
3-кесте. Ызың-ысқырық дыбыстардың айтылу бұзылыстарының түрлері


Себепкер факторлар

Дыбыс айту бұзылыстарының түрі




Еріндік-тістік

Тісаралық

Тіс-төңіректік

Бүйірлік

Мұрындық

Прогения
















Терең жабық тістену
















Алдыңғы ашық тістену
















Бүйірлік ашық тістену
















Алдыңғы тістері жоқ
















Тіл асты желбезегінің қысқа болуы
















Қатты таңдай жарықшақтығы















9. Жұмыстың дайындық кезеңінде логопед балаға артикуляциялық жаттығуларды жасауын өтінеді: ерінге – «Жымию», «жалпақ тілді астыңғы ерінге салу», «науа», «түтікше», тілдің ұшына үрлеу.

Логопед баланың артикуляциялық аппаратын қай дыбысты қоюға дайындап жатыр?

10. Баланың ызың дыбыстарды айтуында бұзылыстар байқалады. Логопед келесі артикуляциялық жаттығуларды жасатты: ерінге – «Түтікше», тілге – «кесе», «Дәмді қаймақ», «науа», «серуен».

Жаттығулар кешені дұрыс алынды ма? Дәлелде.

11. Баланың тіл арты дыбыстары бұзылған. Дайындық артикуляциялық жаттығулар кешенін іріктеп алу.

12. Балада «Р», және «Л» дыбыстарының бұзылуы болса, қандай артикуляциялық жаттығуларды алуымыз керек?

13. «Тіл арты дыбыстарды қою тәсілдері» таблицасын толтыру.


5-кесте. Тіл арты дыбыстарын қою тәсілдері.


Түзетілетін дыбыс

Бастапқы буын

1 кезең

2 кезең

3 кезең

К













Қ













Г













Ғ













Х












14. Сөйлеу тілі дыбыстарының бұзылуының фонологиялық және антропофониялық түрлерінде жұмыс айырмашылығын табу.


15. Логопедиялық сабақтың үзіндісімен танысып, жұмыс кезеңін анықтаңыз.

Сабақ үзіндісі.

Тақырыбы: С дыбысы және әрпі.

Сабақ барысы:

Дыбыстың қалыпты артикуляциясын қайталау.

Логопед: Маған қара да, мен қай дыбысты айтайын дегенімді тап. (С дыбысының үнсіз артикуляциясы). С дыбысын айтқанда тіл, ерін, тістер қандай қалыпта болатынын есіңе түсір.

Бала: Еріндер түтікше тәрізді, тістер жақындаған, тілдің ұшы жоғары көтеріледі, көмейде діріл бар.

Жеке дыбысты айту.

Логопед: Ал, енді айна алдында дыбысты айт.

Бала: С-С-С.

Логопед: Жылан қандай дыбыс шығарады?

Бала: С- С-С.

Дыбыс пен әріпті сәйкестендіру.

Логопед: Кескін әліпбиден сен айтқан дыбыстың әріп таңбасын тап. Бұл қай әріп? Осы әріпті сым темірден (моншақтан) жаса.
16. Төмендегі жоспар бойынша логопедиялық сабақтардың үлгісін құрастырыңыз:

- дыбысты қою кезеңіне;

- машықтандыру кезеңіне;

- дыбыстарды ажырату кезеңіне.



Дыбысты қою кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі
Тақырыбы__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________

Құрал-жабдықтар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Мақсатын баяндау.

3.Артикуляциялық гимнастика.

4.Дыбысты қою.

5.Жеке дыбыстың айтылуын бекіту.

6.Фонематикалық естуін қалыптастыру бойынша жұмыс.

7.Дыбыспен таңбаны сәйкестеу.

8.Үйге тапсырма.

9.Сабақ қорытындысы.


Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі

Тақырыбы:__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________

Құрал-жабдықтар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Мақсатын баяндау.

3.Артикуляциялық гимнастика.

4.Дыбыстың артикуляциясын, оның жеке айтылуын анықтау, сипаттама беру (жасалу

тәсілі және орны бойынша).

5.Дыбысты буындарға, сөздерге, фразаларға, байланыстырып сөйлеуіне еңгізу.

6. Дыбыстық талдау, жинақтауды қалыптастыру бойынша жұмыс.

7.Үйге тапсырма.

8.Сабақ қорытындысы.
Дыбысты ажырату кезеңіндегі логопедиялық сабақ жоспарының үлгісі
Тақырыбы:__________________кезеңі______ мақсаттары__________________________

Құрал-жабдықтар:

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2. Мақсатын баяндау.

3. Артикуляциялық гимнастика.

4. Шатастыратын дыбыстар артикуляцияларындағы ұқсастық пен айырмашылықтарын анықтау және оларға сипаттама беру. Дыбыстарды таңбалармен белгілеу.

5. Дыбыстық талдау, жинақтау бойынша жұмыс.

6. Үйге тапсырма.

7. Сабақ қорытындысы.

17. Дыбысты жеке, буында, сөздерде сөйлемдерде машықтандыруға, сөйлеу тілінің дыбыстарын ажыратуға арналған ойын түріндегі тапсырмаларды құрастыру.

18. Дыбысты сөздерде машықтандыру кезеңдегі логопедиялық сабаққа дидактикалық материал іріктеу.

19. Жауаптардың дұрыс нұсқаларын ата:
1-тапсырма

Аталған кемшіліктердің қайсысы кейін жазуға әсер етеді:



  1. дыбыстың жоқ болуы

  2. дисфония

  3. бір дыбысты екіншіге ауыстыру

  4. дыбысты бұрмалап айту.


2-тапсырма

Дислалия – ол ненің бұзылуы:



  1. дауыс, фонацияның

  2. сөйлеу тілінің ырғақтылығы мен жылдамдығының

  3. сөйлеу аппаратының сақтаулы иннервациясы мен есту қабілетінің

қалыпты жағдайындағы дыбыс айтудың,

  1. сөйлеу аппаратының анатомиялық-физиологиялық ақауларымен

күрделенген дауыстың тембрі мен дыбыс айтуының,

  1. сөйлеу аппаратының жеткіліксіздік иннервациясымен күрделенген айту

жағының
3-тапсырма

Дыбыстары тілдің төменгі қалпында айтылатын фонетикалық топты ата:



  1. ысқырық

  2. таңдайлық

  3. ызың

  4. сонор

  5. жабысыңқы-өтпелі


4- тапсырма

Тісаралық сигматизмге бейімдейтін себептерін ата:



  1. прогнатия

  2. субмукозды жарықша

  3. бүйірлік ашық тістену

  4. ерін жарықшағы

  5. артикуляциялық аппарат қозғалысының бұзылуы


5-тапсырма

Дыбыс айту бұзылыстарының қайсысы фонологиялық (фонематикалық) бұзылысқа жатады:



  1. «ш» дыбысының бүйірлік болып айтылуы

  2. «ч» дыбысының тіс арасынан айтылуы

  3. «ч» мен «ш» алмастыстырып айту

  4. «р» дыбысын велярлы қылып айту

  5. «л» дыбысын тіс арасынан айту


6-тапсырма

Сигматизмнің қай түрінде бүйірлік ашық тістену мен тілдің бір бөлігінің бұлшық еттерінің әлсіздігі себепші фактор болады:



  1. тіс аралық

  2. бүйірлік

  3. мұрын жолды

  4. ерін-тістік

  5. ызың


7-тапсырма

Сигматизмнің қай түрінде тіл асты жүйесінің қысқалығы мен таңдайдың биік тар болуы себепші фактор болады:



  1. тісаралықта

  2. бүйірлікте

  3. мұрын жолды

  4. ерін-тістікте

  5. ысқырықта


8-тапсырма

Моторлы функциональді дислалияның себепші факторын ата:



  1. артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы

  2. нейродинамиканың әлсіздігі, кедергісі

  3. естіп ажыратуының жетілмеуі

  4. артикуляциялық аппарат құрылымындағы зақымдармен дұрыс еместіктер

  5. қатты таңдай жарықшақтары



9-тапсырма

Артикуляциялық гимнастикада төмендегідей жаттығулар алынды: «жалпақ тіл», « жалпақ тілмен астыңғы ерінді жала», «жалпақ тілді шығарып ұшына үрлеу». Қандай дыбыстар тобын түзету жүргізілді:

1) ызың

2) ысқырық



3) тіларты

4) ұяң


5) қатаң
10-тапсырма

Тіл жоғары көтеріліп айтылатын дыбыстардың фонетикалық тобын ата:



  1. ысқырық

  2. ызың

  3. дауысты

  4. таңдай арты

  5. таңдай ортасы «J»


11-тапсырма

Бала сөйлеу тілінде ызың және ысқырық дыбыстарды бұзып айтады, бірақ «ф» дыбысын дұрыс айтады. Сақтаулы «ф» дыбысын қолдана қай дыбысты оңай қоюға болады:



  1. д

  1. з

  1. с

  2. г

  3. н


12-тапсырма

Логопед дыбысты қоюда сақтаулы «Р» дыбысын дірілді тоқтатып қолданды. Логопед қай дыбысты қоюмен айналысты:



  1. с

  1. ш

  1. ж

  2. щ

  3. к

13-тапсырма

Балаға тіл ұшын тістер арасына қысып «ы» дыбысын ұзақ созып айту ұсынылды. Қай дыбысты қою жүргізіліп отыр:



  1. с

  1. ш

  1. л

  2. к

  3. б

14-тапсырма

Бала келесі артикуляциялық жаттығуларды жасай алады: «серуен», «қоршау», «жел», «жымию». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатырмыз:



  1. ш-ж

  1. с

  1. р

  2. н

  3. л

15- тапсырма

Сенсорлы функциональді дислалияның себебі болатын факторды ата:



  1. артикуляция мүшелерінің органикалық зақымдануы

  2. жіңішке естіп ажыратудың пайда болуына кедергі жасайтын нейродинамикалық әлсіздік

  3. Сөйлеу тілі моторикасының дамымауы

  4. Артикуляциял аппаратының құрылымында зақымдану байқалғанда

  5. Жұмсақ және қатты таңдай жарықшағы болғанда


16-тапсырма

«Кесе» артикуляциялық жаттығуын алдымен ауыз қуысынан тыс, сосын ауыз қуысында жасау қай дыбысты қоюда қолданылады:



  1. з

  2. ц

  3. к

  4. ш

  5. л


17- тапсырма

Балаға «Саңырауқұлақ» жаттығуын жасатып, кейіннен жасалған түйісуді күшті ауа ағынымен үземіз. Қай дыбыс бойынша жұмыс жасап отырмыз:



  1. ж

  2. з

  3. р

  4. ш

  5. б

18-тапсырма

Дыбысты дұрыс айтудың орнына бала тілдің фонетикалық жүйесінде жоқ дыбысты айтса, қандай бұзылыс болып есептеледі:



  1. ауыстыру

  2. дыбысты айтпау

  3. бұрмалап айту

  4. еліктеу

  5. жетілмеу


19- тапсырма

Балаға мынандай артикуляциялық жаттығуларды жасатады: «қайық», «дауылпазшы», «ат шабады». Артикуляциялық аппаратты қай дыбысты қоюға дайындап жатыр



  1. ж

  1. з

  1. д

  2. р

  3. г

20- тапсырма

Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.

Күфігім

Өві адамға үйірфек,



Өліп-өфіп ойнайды.

Қиқулафып вүгірфек,

Қафып вүр деп ойлайды.
21-тапсырма

Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.

Әде

Дұмтағанда барамыд



Тілін дәйім аламыд.

Әде бідің панамыд,

Әде үлкен анамыд.

22-тапсырма

Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.

Әкем менің - қауынсы,

Сесем менің - сауынсы,

Ағам менің - егінсі,

Зеңгем менің - тігінсі.



23-тапсырма

Баланың сөйлеуін талдап, фонеманың бұзылу түрін анықтаңдар.

Кеште

Тұлымшағы титтей,



Қарындашым беште.

Ойын қуып кетпей,

Отыр тігіп кеште.
24-тапсырма

Тіс аралық сигматизмінде мына өлең қалай айтылар еді?

Пеш қасында мысық отыр,

Екі көзін қысып отыр.

Тышқан етін жегісі кеп,

Тісі оның қышып отыр.


25-тапсырма

«Р» дыбысының бұзылып айту үлгісін жасаңдар (фонологиялық бұзылу түрін).

Көл бойында

Көк құс отыр.

Көк құстың маңайында

Көп құс отыр.


20. Дыбыс айтуды түзетуде қолданылатын бірнеше тәсілдер ойластырыңыздар. Сол тапсырмалар мен тәсілдерге түзетушілік негіз беріңіздер.

21. Сөйлеу тілінің дыбыстарын балалардың жас ерекшеліктерін, бағдарлама талаптарын ескеріп түзетуге арналған тапсырмаларды студенттердің өздік жұмысында төмендегідей схема бойынша құрауы:

а) тапсырма атауы

ә) түзетушілік негізі

б) қай жастағы балаларға арналған

в) тапсырма сипаттамасы

Іскер ойын ретінде тапсырмаларды орындау.

Студенттердің ұсынған тапсырмаларын талдау.


22. Базалық мектепке барып, дислалиясы бар баламен әр кезеңдегі логопедиялық сабақтарды көру. Сабақтардың стенограммаларын жазу.

23. Қатысқан сабақтарды схема бойынша талдау.



Логопедиялық топтық сабақты талдау үлгісі

1.Жұмыс кезеңдеріне және сөйлеу тілі қорытындысына сәйкес сабақтың тақырыбы, мақсаттарының, құрылуы

2. Тақырыбы бойынша сабақтар жүйесіндегі осы сабақтың орны, алдыңғы және кейінгі сабақтармен байланысы.

3. Сабақтың көрнекі құралдары:

а) сабаққа көрнекіліктің дайындығы және оның бар-жоғы.

ә) балалардың даму ерекшеліктеріне және сабақ мақсатына көрнекіліктің сәйкес келуі, оларды осы сабаққа іріктеудің орындылығы.

б) көрнекі құралдардың жалпы дидактикалық және эстетикалық талаптарға сәйкес келуі.

в) сабақтың оқытудың техникалық құралдарымен жабдықталуы және олардың лайықтылығы.

4. Сабақ кезеңдерінің бір бірімен байланысы, ақталғандығы.

Сабақтың білімділік, түзетушілік және тәрбиелік мақсаттарының бір- біріне бағыныңқылығы және байланысы. Ой әрекетін белсендіру тәсілдері.

5. Сабаққа сөйлеу материалының іріктеліп алынуы.

а) сөйлеу материалдарының сабақтың фонетика, лексика, грамматикалық тақырыбына сәйкестігі;

ә) сөйлеу материалының қолжетерлігі.

6. Сөйлеу әрекетінің түрлері:

а) еліктеу, оқу, суреттерді атау, сұрақтарға жауап беру,өзіндік сөйлеу:

ә) сабақта сөйлеу белсенділігі.

7. Грамматикалық құрылысын қалыптастыруда сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуін белсендіру әдістері.

8. Топтық және жеке жұмыстың үйлесімділігі.

9. Пәнаралық және пәнішілік байланыстың жүзеге асырылуы.

10. Сабақта өзіндік жұмыстың ұйымдастырылуы.(көмек түрлері және сипаттары).

11. Мұғалімнің сабаққа дайындығы:

а) теориялық білімі, әр түрлі тәсілдерді қолдану біліктілігі және жұмыс түрлері, сабақты жүргізу техникасын білуі.

ә) арнайы әдебиеттерді қолдана білуі.

б) сабақ барысында әр баланың тұлғалық ерекшелігіне сәйкес мақтау- мадақтау және ұялту әдістерін қолдану біліктілігі.

в) мұғалімнің сөйлеуі: анықтылығы, нақтылығы, эмоционалдығы.

12. Оқушылардың сабаққа қатысуы:

а) қызығушылығы;

ә) белсенділігі;

б) инициативтілігі;

13. Сабақтың тұтастығы және аяқталуы. Логопедиялық сабақ барысында оқушылардың алған білімі, дағдылары.

14. Қорытынды және ұсыныстар:

а) сабақты өткізу кезіндегі қиындықтар;

ә) сабақты жалпы бағалау, негізгі жетістіктері, шығармашылық ізденістері;

б) негізгі кемшіліктер мен ескертулер;

24. Логопедиялық сабақтардың конспектілерін талдау негізінде сабақтың, өңделуіне, мазмұнына қойылатын талаптарды атау. Жұмыс дәптеріне жазу.

25. Төмендегі үлгі бойынша дислалиясы бар балалармен өткізілген логопедиялық сабақтың толық конспектісін құрастыру:

- сөйлеу тілінің қорытындысын шығару,

- балалардың жасын көрсету;

- дыбыс бойынша жұмыстың кезеңін,тақырыбын белгілеу;

- сабақтың мақсаттарын белгілеу (білімділік, түзетушілік)

- дыбыс бойынша жұмыстың кезеңіне байланысты түзету немесе дыбысты машықтандыру тәсілдерін белгіле;

- сөйлеу тілі, көрнекілік, дидактикалық материал іріктеп алу;

- балаларға берілетін тапсырмалардың кезектіліген белгілеу;

- сабақтың бөлімдерін нақты сипаттау.

26. Сабақтардың үзінділерін ойын түрінде өткізу. Талдау.
1-тапсырма

Дыбысты түзету жұмысының алгоритмімен танысыңыздар.



  1. Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:

- дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА);

- дыбыс айтуының бұзылуының түрін анықтау (ДАБТ);

- артикуляциялық жаттығулар кешенін анықтау (АЖ);

- дыбысты қою тәсілін анықтау (ДҚТ);

- дыбысты жеке айтуы (ДЖА).


  1. Дыбысты машықтандыру кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:

- дыбыстың қалыпты артикуляциясын айту (ДҚА);

- дыбысты жеке айтуын бекіту (ДЖА);

- дыбысты буынға кіргізу (ДБК);

- дыбысты сөйлемге кіргізу (ДСК).



  1. Дыбысты ажырату кезеңіндегі жұмыс алгоритмі:

- дыбыстардың қалыпты артикуляциясын салыстыру (ДҚАС);

- дыбыстардың жеке айтуын ажыратуға үйрету (ДЖА);

- дыбыстарды буында ажырату (ДБА);

- дыбыстарды сөзде ажырату (ДСөз.А);

- дыбыстарды сөйлемде ажырату (ДСА)

- дыбыстарды өз бетінше сөйлеуінде ажырату (Д.өз б.СА).


Дыбысты қою кезеңіндегі жұмыс алгоритмінің үлгісі
ДҚА (дыбыстың қалыпты артикуляциясы)

ДАБТ (дыбыс айтуының бұзылуының түрі)

АЖ (артикуляциялық жаттығулар)

ДҚТ (дыбысты қою тәсілі)

ДЖА (дыбысты жеке айтуы)
Дыбысты қою кезеңінде берілетін тапсырмалар
ДҚА: - Дыбыс артикуляциясының профилін сызу.

- Дыбысқа сипаттама беру.

ДАБТ: - бұзылған дыбыстың артикуляциясын сызу.

- ақаулыққа бейімдейтін факторларды атап беру.

- профильде ақаулыққа тән белгілерін көрсету.

- дыбыстың бұзылуын анықтау (магнитофон, бейне таспаға

жазылған үлгілер бойынша, дыбыс бұзылуын модельдеу).


Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет