Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен


  ЕЖБА балалардың ойлау ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет153/178
Дата18.06.2020
өлшемі1,6 Mb.
#73895
түріОқулық
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   178
Байланысты:
tebenova-arnaiy-psih

12.7.  ЕЖБА балалардың ойлау ерекшеліктері 
 
О.  С.  Никольская,  Е.  Р. Баенская, М. М.  Либлинг  бойынша, 
ЕЖБА-де  бір жеке қабілеттің  болмауы  туралы  айтуға  болмайды, 
мысалы,  жалпылау  немесе  жоспарлау.  Интеллектуалды  даму 
деңгейі,  ең  алдымен,  аффективті  саланың  ӛзгешелімен 
байланысты.  Олар  заттардың  функционалды  белгілеріне  емес, 
перцептивті  айқын  жақтарына  бағдар  жасайды.  Қабылдаудың 
эмоционалды  компоненті,  ӛзінің  басым  маңызын  ЕЖБА  бар 
баланың,  бҥкіл  мектеп  жасындағы  ӛмірінің  барысында 
жоғалтпайды. Нәтижесінде, қоршаған орта нақтылығының кейбір 
белгілері  ғана  игеріледі,  заттық-сараптаушылық  іс-әрекеттер 
нашар дамиды.  
Мҧндай  балалардың  ойлау  қабілеті,  ерікті  оқудағы  орасан 
зор қиындықтарды жеңе білумен, және пайда болған мәселелерді 
мақсатты  тҥрде  шеше  білумен  байланысты  дамиды.  Кӛптеген 
мамандар,  олардағы  белгіге  айналдыра  білудің,  белгілі  бір 
ситуацияларда  қолдана  білудің  қиындығын  айтады.  Аутизмі  бар 
балаға ситуацияның уақытқа қатысты дамуы мен қатынастың 
------------------------ 
1
Основы специальной психологии / Под ред. Л. В. Кузнецовой. —М.: «Академия», 2002. — 
С.455. 


 
232 
себпті-салдарлы  байланысын  ҧғыну  ӛте  қиын.  Кӛптеген  аутизмі 
бар  балалар,  стереотиптік  ситуациялар  шеңберінде  топтау, 
жалпылау  мҥмкіндігіне  ие,  ойындық  символдарды  пайдаланады, 
іс-әрекет  жоспарын  қҧра  алады.  Бірақ,  олар  ақпаратты  белсенді 
тҥрде  қорытуға  дәрменсіз,  ҥнемі  ӛзгеріп  тҧратын  қоршаған  орта 
жағдайларына орай, ӛз қабілеттерін бейімдеп белсенді пайдалана 
алмайды.  
Сонымен  қатар,  бҧл  балаларда  интеллектуалды  кемістіктің 
болмауы  мҥмкін.  Керісінше,  оларда  кейбір  салаларда,  ерекше  
дарын байқалады, бірақ ойлаудың аутистік бағыты сақталады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   178




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет