2.Бұлшық ет тонусының бұзылуы.
Кез келген қимыл-қозғалыс актісі ҥшін қалыпты, дҧрыс
бҧлшық ет тонусы қажет. Бҧлшық ет тонусының реттелуі, жҥйке
жҥйесінің әртҥрлі буындарының, ӛзара ҥйлескен қызметімен
жҥзеге асырылады. БЦП–да бҧлшық ет тонусы жоғарылайды
(спастика, бҧлшық ет гипертониясы). Әсіресе, аяқ-қолдардың
бҥгуші бҧлшық еттерінің, жамбас бҧлшық еттерінің, табандағы
бҥгуші бҧлшық еттердің т.б. кейбір бҧлшық ет топтарының
тонусы аса жоғары болып келеді. Бҧлшық еттер тонусының
жоғарылауы, БЦП балалардың спецификалық кейпін туғызады:
аяқтары тізеден бҥгіліп, бір-біріне тҥйістірілген, салмақ табанға
емес аяқ башпайларына тҥседі, қолдары шынтақтан бҥгіліп,
денеге жанасқан, саусақтары жҧдырыққа тҥйілген.
БЦП-ң
гиперкинетикалық
формасы,
бҧлшық
ет
дистониясымен сипатталады. Дистония - бҧзылу, яғни бҧлшық ет
тонусының қҧбылмалылығы. Қалыпты жағдайда, бҧлшық еттер
бос болып кӛрінеді және гиперкинездер жоғалады, босаңсиды,
сәл қимыл жасай бастаса, тонус кҥрт жоғарылайды, бҧлшық еттер
бірден қатты жиырыла бастайды гиперкинездер кҥшейеді.
Атетоидтық гиперкинездерде, бҧлшық ет дистониясы тонусты
ӛзгертеді, қҧрт тәрізді жыбырлаған, ҥздіксіз спазм пайда болады.
БЦП-ң атониялық–астатикалық формасында, бҧлшық ет
гипотониясы орын алады. Гипотония - бҧлшық еттердің әлсіз,
болбыр болып келуі. Ригидтілік қҧбылысы да жиі кездеседі.
Ригидтілік немесе ебедейсіздік - тетанус жағдайы – шамадан тыс
қатты жиырылу. Қимыл-қозғалыс шҧғыл, оқыс орындалады, оқыс
қимылдар жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: |