Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет124/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   177
Экономикалық ынталандыру
Экономикалық ынталандыру
– жұмыскерлердің экономикалық 
мүдделерінде көрініс табатын өндірісті басқарудың әдісі. Оның 
негізін ЖҰӨ жалпы табысына қосқан үлесіне қарай өндірістік 
ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын қалыптастыру 
құрайды.
Экономикалық ынталандыру мынадай негізгі қағидаларға 
сүйенеді:
- экономикалық ынталандырудың мақсаттарын қоғамды 
дамытудың мақсаттарымен келісімге келтіріп, өзара байланыстыру;


215
- қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған 
өзгертулерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық 
ынталандыруды саралау;
- ұжымдық және жеке мүдделердің бірыңғай болуын қамтамасыз 
ететін алғышарттарды жасау;
- экономикалық ынталандыруды ар-ождандық ынталандырумен 
ұштастыру;
- кәсіпорындардың және лауазымды тұлғалардың материалдық 
жауапкершілігін қарастыратын экономикалық санкциялармен 
экономикалық ынталандыруды ұштастыру.
Экономикалық 
ынталандырудың 
маңызды 
элементіне 
материалдық ынталандыру жатады. Ол әр түрлі формада жүзеге 
асырылады, оны ең алдымен әрбір жұмыскердің еңбекақысы 
түрінде және ұжымның еңбек нәтижелерін ынталандыру түрінде 
жүзеге асыруға болады.
Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде 
жетекші орын алады.
Шаруашылық жүргізудің іс-тәжірибесінде бірігіп еңбек етуге 
және шұғыл міндеттерді (тапсырмаларды) қабылдап, орындауға 
ұжымның материалдық тұрғыдан мүдделілігін тудыратын әдістерді 
әзірлеу ісі маңызды мәнге ие. Экономикалық ынталандырудың 
көтермелеу қорын қалыптастырушы тетігі қорды қалыптастыратын 
көрсеткіштердің таңдауын, пайдадан аударылатын (ұсталатын) 
аударымдардың нормативтерін белгілеуді, қор мөлшерін анықтайтын 
әдістерді әзірлеуді қарастырады. Нақ осы бағытта ғана ол ұдайы 
жетілу үстінде болады.
Басқару тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың 
өндірістік-шаруашылық қызмет нәтижелеріне және олардың 
басқару органдарының басқарушылық тиісті (міндетті) істерді 
қалай орындағанына экономикалық тұрғыдан жауап берудің, яғни 
экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет