Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет123/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   177
28. Басқарудың экономикалық әдістері
Басқарудың экономикалық 
әдістерінің жалпы сипаттамасы
Экономикалық әдістердің тұтас жүйесі нарықтық экономика 
жағдайында мынандай міндетті істерді орындайды: реттеуші
теңгерімші және бөлуші. Экономикалық әдістердің көмегімен 


214
тауарларды өндіру мен айырбастауда, тауарлардың экспорты мен 
импортының көлемі мен бағытында және басқа да экономикалық 
үрдістерде құрылымдық жылжулар реттеледі.
Нарықты қалыптастыру мен қалыпты жағдайға түсіруде 
экономикалық әдістердің ең тиімді пайдаланылатын бағыттарының 
бірі – жекелеген қызмет салалары мен түрлерін саралау тәсілдемесі 
болып табылады. Бұл саралау ең алдымен экономикалық 
ынталандыруды күшейтуді талап ететін өндірістің артықшылығы 
бар салаларында, яғни басым саларында қолданылуы керек, салық 
және пайыз мөлшерлемерінде, еңбекақы деңгейінде, қысқа мерзімді 
және ұзақ мерзімді несиелерде артықшылықтарға ие болуы қажет.
Нарықтық қатынастарды қалыптастырудың түпкі мақсаттарына 
қол жеткізу үшін микродеңгейдегі (кәсіпкерлердің әрекет ететін 
саласындағы) басқарудың экономикалық әдістер жүйесін әлеуметтік 
бағыттағы тиімді нарықтың талаптарына сәйкес орайластыру 
(ыңғайластыру) қажет.
Басқарудың экономикалық әдістері
бұл адамдардың 
экономикалық қатынастары мен олардың экономикалық мүдделерін 
пайдаланатын адамдарға ықпал етудің тәсілдері мен әдістері.
Басқарудың көптеген экономикалық әдістерінің арасынан 
өндірістің тиімділігін бастапқы буын деңгейіне дейін арттыра 
алатын әдістерді бөліп көрсетуге болады.
Оған мыналарды жатқызуға болады:
- экономикалық ынталандыру;
- экономикалық тетікті шаруашылық есепке көшіру;
- баға және баға белгілеу;
- фирмалардың қаржылық саясаты және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет