215
- қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған
өзгертулерді жүзеге асыруға
бағытталған экономикалық
ынталандыруды саралау;
- ұжымдық және жеке мүдделердің бірыңғай болуын қамтамасыз
ететін алғышарттарды жасау;
- экономикалық ынталандыруды ар-ождандық ынталандырумен
ұштастыру;
- кәсіпорындардың және лауазымды тұлғалардың материалдық
жауапкершілігін қарастыратын
экономикалық санкциялармен
экономикалық ынталандыруды ұштастыру.
Экономикалық
ынталандырудың
маңызды
элементіне
материалдық ынталандыру жатады. Ол әр түрлі формада жүзеге
асырылады, оны ең алдымен әрбір жұмыскердің еңбекақысы
түрінде және ұжымның еңбек нәтижелерін ынталандыру түрінде
жүзеге асыруға болады.
Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде
жетекші орын алады.
Шаруашылық жүргізудің іс-тәжірибесінде
бірігіп еңбек етуге
және шұғыл міндеттерді (тапсырмаларды) қабылдап,
орындауға
ұжымның материалдық тұрғыдан мүдделілігін тудыратын әдістерді
әзірлеу ісі маңызды мәнге ие. Экономикалық ынталандырудың
көтермелеу қорын қалыптастырушы тетігі қорды қалыптастыратын
көрсеткіштердің
таңдауын, пайдадан аударылатын (ұсталатын)
аударымдардың нормативтерін белгілеуді, қор мөлшерін анықтайтын
әдістерді әзірлеуді қарастырады. Нақ осы бағытта ғана ол ұдайы
жетілу үстінде болады.
Басқару
тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың
өндірістік-шаруашылық қызмет
нәтижелеріне және олардың
басқару органдарының басқарушылық тиісті (міндетті) істерді
қалай орындағанына экономикалық тұрғыдан жауап берудің, яғни
экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды орын алады.
Достарыңызбен бөлісу: