Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Басқарудың  психологиялық тәсілдері



Pdf көрінісі
бет130/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   177
Басқарудың 
психологиялық тәсілдері
Басқарудың психологиялық тәсілдері адамдар арасындағы 
қарым-қатынастарды ұжымда үйлесімді ахуал жасау арқылы 
реттеуге бағытталған. 
Адам еңбегі әрқашан адам психикасының жұмыс істеуі, яғни 
дүние таным, қиял, ықылас-ілтипат және басқа элементтер негізінде 
жүзеге асады. Сондықтан, адамның уақыт сәтіндегі психикалық 
ахуалы оның жеке іс-қызмет нәтижелеріне тікелей және тура әсер 
етіп қана қоймайды, барлық ұжымның іс-қызмет қорытындыларына 
да әсер етеді.
Басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру кезінде адамдардың 
іс-қызметтегі мінез-құлқы заңдарын ескеру қажет. Бұлар:
- адам әрқашан өзі аз шығарып, көп нәтижелерге жетуге 
ұмтылады; 
- әрбір адам нәтижесінде жарамды формада өзіне ең көп 
шамадағы көтермелеу мен ең аз шамада жаза болатындай әрекет 
етуге ұмтылады; 
- әрбір адам өзін іс жүзінде көтермелейтін немесе жазалайтын 
орны не айтса, соны істейді.
Басқарудың психологиялық әдістеріне мыналар кіреді: 
- шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау; 
- еңбекті ізгілендіру (гуманизациялау, ниетті ояту); 
- психологиялық себепкерлік (мотивация); 
- кәсіби іріктеу мен оқыту.
Шағын топтар мен ұжымдарды іріктеп жинақтау әдістері шағын 
топтардағы еңбеккерлер арасындағы оңтайлы сандық және сапалық 
арақатынастарды анықтауға мүмкіндік береді. Арнайы зерттеулер 
көмегімен топ ішінде пайда болған бір-бірін ұнату мен жек көру 
сезімдерін, оның әрбір мүшесінің орнын топтағы қызметкерлермен 
психологиялық үйлесуі негізінде анықтауға болады.
Еңбекті ізгілендіру (гуманизация) әдістеріне мыналар жатады: 
түрлі түс пен музыканың психологиялық әсер етуін қолдану, 
еңбектің бір сарындылығын болдырмау, шығармашылық үдерістерді 
(процесс) кеңейту және т.б.


223
Еңбеккерлердің психологиялық ынтасын ояту үлкен мәнге ие 
болуда. Психологиялық ынтаны ояту моральдық ынталандыруда 
еңбеккерлерді еңбекке тартуға бағытталуымен айрықшаланады. 
Кәсіпорында 
еңбеккерлерге 
(кәсіби 
мүдделер, 
еңбектің 
шығармашылық мәні) себептеме болатын жағдайлар жасау мен 
еңбек әдістерін қалыптастыру жолмен қамтамасыз етіледі. Олар 
еңбеккердің еңбек етуге деген ішкі құштарлығына әкеледі.
Кәсіптік іріктеу мен оқыту әдістері қажетті психологиялық 
сипаттамаларды дамытуға: орындалатын жұмысқа неғұрлым көп 
деңгейде сәйкес келетін психологиялық қасиеттері бар адамдарды 
іріктеуге бағытталған.
Әлеуметтік-психологиялық әдістерді қолдану тетігі қоғамның, 
ұжымның және жеке тұлғалардың мүдделерін ескеру мүмкіндігі 
басқару үрдісінде қамтамасыз етілетіндей болып құрылуға тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет