Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет138/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   177
Ұйымдастыруда өзара 
әрекет жасауды табыстау
Ұйымдастыру туралы ұғым әлемдік мағынада, көбінесе мазмұны 
белгілі бір қиындықпен сипатталатын ұйымдастырудың әр түрлі 
теорияларын қарастырғанда қолданылады.
Менеджментті жалпы жөнге қоюда тиімді пайдалану 
ұйымдастырудың негізгі элементтерін: табыстау, жауапкершілік 
пен өкілеттілікті ең жайлы үйлестіруді көздейді.
Ұйымдастыру – бұл оның мақсаттарына бірге жету үшін 
адамдарға тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік беретін кәсіпорынның 
құрылымын құру үрдісі.
Ұйым құрылымының іргелі аспектісі – жоғары өндірісті 
жұмыс істеушілердің төменгі деңгейімен байланыстыратын және 
міндеттерді бөлу мен үйлестіру мүмкіндігін қамтамасыз ететін 
өкілеттіліктердің қарым-қатынастары.
Термин ретінде қолданылатын делегирлеу басқару теориясында 
олардың (міндеттердің) орындалуы үшін жауапкершілікті өзіне 
қабылдайтын тұлғаға міндеттер мен өкілеттіктерді беруді білдіреді.
Ол барлық ұйымдастырудың мақсаттарына жету үшін 
орындалуға тиісті қызметкерлер арасындағы көптеген міндеттерді 
басшылықтың көмегімен бөлетін құрал болып табылады. Егер 
елеулі міндет басқа адамға тапсырылмаса, басшылық оны өзі 
орындауға мәжбүр. Бұл көптеген жағдайларда мүмкін емес.
Менеджмент классиктерінің бірі Мэри Паркер Фоллет 
басқарудың мәні «жұмысты басқалардың орындауына жете» 
білуден тұратынын өте маңызды деп байқаған болатын. Сондықтан 
делегирлеу сөзі шын мағынасында адамды басшыға айналдыратын 
акт болып табылады.
Табыстауды қалайша тиімді жүзеге асыруды терең түсіну үшін 
осымен байланысты жауапкершілік тұжырымдамасы (концепциясы) 
мен ұйымдастырушылық өкілеттіктерді түсіну керек.


239
Табыстау дегеніміз:
- тапсырма, билік, жауапкершілік беру;
- біреудің алдына мақсат қою және сонымен бір уақытта оған 
қорытынды сапасына жауапкершілік, мақсатқа жету үшін құралдар 
ұсыну;
- басқару жүйесінде міндеттерді ұзақ уақытқа бөлу үшін негіз;
- басқарушыны артық жұмыстан құтқару;
- басқарылу үшін қосымша жұмысты күштеп міндеттемеу.
Табыстау ережелері:
- атқару мен талап етілетін іс-әрекет деңгейін анық айқындау;
- нәтижелер туралы есеп уақытын анықтау;
- табысталатын билікке қатысты ұжымды хабардар ету;
- бағыныштыны қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;
- бағыныштыларға тапсырылатын тапсырмаларды таңдауға 
мүмкіндік беру.
Қолданылатын тетіктер шегінде үйлестіру тапсырылған 
өкілеттіліктер жүйесі болып табылады. Яғни, табыстау жәрдемімен 
бастықтың бағыныштыларға өз жұмысының біразын тапсыра алуға 
жәрдемдесетін құралы болып шығады.
Өкілеттіктерді сәтті өзгеге беру жауапкершілік, өкілеттілік және 
есеп берушілік жүйесіндегі тепе-теңдікті талап етеді.
Жауапкершілікті өзгеге беру бағыныштыларға белгілі бір 
мәселелерді шешуге арналған құқықты немесе белгілі бір шешімді 
қабылдау құқығын беруді білдіреді. (Менеджер осы мәселені 
зерттеуді және оны шешу жөнінде ұсыныстар енгізуді тапсырады. 
Осындай бұйрық бере отырып, ол бағыныштысына мәселені шешу 
жауапкершілігін табыстайды).
Өкілеттіктерді өзгеге беру бағыныштыларға шешім қабылдау 
мен қандай да бір іс-әрекеттерді жүзеге асыруда билік беруді 
білдіреді.
Есеп беру деген сөз бағынышты өз жұмысының нәтижесі үшін 
жауапкершілік көтеруге тиісті екендігін: егер нәтиже жақсы болса 
мақтау алатынын, егер нашар болса, бетіне басылатынын білдіреді.
Өкілеттіктерді өзгеге беру мынандай болады:

толық
– бағынышты жұмысты орындайды және ол үшін 
жауапкершілік арқалайды. Бастық бұл жұмысқа тартылмайды;
– 
шектеулі
– бағынышты жұмысты бастықпен бірлесіп 
орындайды және ол үшін жауапкершілік арқалайды;


240
– 
нөлдік
– бағынышты жұмысты орындайды, бірақ ол үшін 
жауапкершілікті бастық көтереді;
– 
керісінше табыстау
– бағынышты жұмысты бастыққа қарай 
ауыстырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет