Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет133/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   177
БҰБӘ-нің негізгі сипаттамалары
БҰБӘ-н жіктеуді ашып көрсете отырып, ұйымдастыру 
тұ¬рақтандырушы ықпал ету, әдістері басты орын алатынын атап 
көрсеттік.
Ұйымдастыру-тұрақтандырушылық ықпал ету тәсілдеріне 
реттеу, нормалау мен нұсқау беру кіреді.
Реттеу ұйымдастырушылық ықпал жасаудың өте қатаң түрі 
болып табылады. Бұларға мыналар жатады:
- ұйым құрылымының жалпы қағидалары мен биліктің 
құрылымын айқындайтын басқарудың жалпы ұйымдастыру 
әдістері;
- билік органдарының құрылымын, яғни басқару буындары мен 
деңгейлерін белгілейтін басқарудың құрылымдық әдістері;
- басқарудың қызметтік әдістері, билігі бар әрбір тұлғаның 
лауазымдық мәртебесі (статусы);
- кейбір билік құрылымдарының жұмыс істеу тәртібін 
белгілейтін басқарудың функционалды әдістері.
Реттеуден басқа ұйымдастыру-тұрақтандырушылық ықпал 
етудің бір әдісі – нормалау.
Норматив пен норма ұғымдарын ажырата білу керек. Норма – 
табиғи және антропогенді үрдістер жүретін табиғи жағдайларды 
сипаттайтын шама. Норматив – бір нәрсенің бірлігіне (бекітілген) 
шартты бөлу.
Басқарудың нормалау әдісінде мыналар болады:
- ұйымдастырушылық нормативтер (уақыт, еңбек шығыны 
нормативі, материалдық құралдар шығыны және т.с.с.);
- қызметкерлер санының нормативі;
- шама (сапалық-техникалық, қаржы-несиелік, экономикалық 
көтермелеу, пайдалылық және т.с.с.) нормативтері.
Бұл нормативтердің барлығы кәсіпорын мен өндірістің басқару 
үрдісіндегі қызметін айқындайды.
Ұйымдастырушылық ықпал жасаудың ең жайлы әдісі – нұсқау.
Ол жұмыс шарттарымен танысудан немесе тапсырылған 
істің жағдайынан, жағдайды түсіндірудің, ықтимал қателерден 
сақтандырудан тұрады.
Нұсқау әрқашан жұмысты табысты орындауға бағытталған 


228
әдістемелік және ақпараттық түрде болады. Оған ақпарат берудің 
әр қилы түрлері: түсіндіру, сақтандыру, кеңес беру, таныстыру т.с.с. 
кіреді.
Басқарудың нұсқау әдістері ауыр зардаптарға ұрындыратын, 
бетімен кеткен, қисынсыз және кәсібилікке жат іс-әрекеттердің 
алдын алуға бағытталған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет