Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет155/177
Дата07.02.2022
өлшемі4,22 Mb.
#86201
түріОқулық
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   177
Реттеу тетігіндегі өзгерістер
Реттеу тетігінде (механизмінде) елеулі өзгерістер болып жатыр.
1. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеудің маңызды формасы 
– экспортқа бейімделіп, бағдарланған өнеркәсіпті құрылымдық 
жағынан қайта құрудың негізгі бағыттарын экономиканың ұзақ 
мерзімді даму бағдарламасына кіргізу.
Қазіргі кезеңде құрылымдық саясат мәселелері экономикалық 
саясаттың жетекші бағыттарына айналды. Мұнда негізгі назар жеке 
және мемлекеттік капиталды біріктіретін мақсатты инвестициялық 
бағдарламаға жасалады. Бұл кәсіпкерліктің нарықтық экономика 


287
мен тұтастай әлемдік шаруашылық жағдайларына неғұрлым жақсы 
бейімделген жаһандық проблемаларды шешу үшін қажет.
2. Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекеттік саясат 
кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жан-жақты қызмет етуге 
бағытталған. Көбінесе әкімшілік қадағалау мен өндірісті (азық-
түлік және дәрі-дәрмектік (фармацевтика) тауарларының; сапаның 
бір ізді жүйеге келтірілген ұлттық стандарттарын әзірлеу мен енгізу) 
нормаға сай реттеу туралы сөз қозғалады.
3. Мемлекеттің патенттік саясаты мемлекеттік реттеудің маңызды 
бағыты болып саналады. Ол сайып келгенде, патенттің әрекет ету 
мерзімін шектеп, жаңа патенттерді мәжбүрлеп лицензиялауды іске 
асырады.
4. Жалпы қағидаларды әзірлеу мен сыртқы экономикалық 
саясатты жүзеге асыру (техникалық және қаржылық көмек
шетелдік инвестиция ауқымындағы саясат, сыртқы экономикалық 
байланыстар) мемлекеттік реттеудің маңызды функцияларының 
бірі болып табылады. Жеке кәсіпкерлердің сыртқы экономикалық 
қызметіне ұйымдастыру жағынан жәрдем жасауға мыналар жатады: 
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру; шетелдік күрделі қаржы 
салымының өсуіне ықпал ету; әлемдік нарықта ірі сериялы өнімді 
өткізу және т.б. үшін қолайлы жағдай жасау.
5. Мемлекеттік реттеу мен ықпал жасау құралдарының 
көмегімен бәсекелестердің іс-әрекетін шектеудің сан алуан әдістері 
қолданылуда. Жеке фирмалар арасындағы іс-әрекетті реттеудегі 
мемлекеттің рөлін арттыруға әр түрлі жолмен жетуге болады:
- ұлттық фирмаларды шетелдік бәсекелестермен салыстырғанда 
жақсы жұмыс жағдайларымен қамтамасыз ету.
- ҒТП (ғылыми-техникалық прогресс) және сериялық өндіріске 
шапшаңдатып енгізілетін жаңалықтарға жағдай жасау, ынталандыру;
- жеке фирмалардың салалық құрылымын қайта құруына 
жәрдемдесу;
- ұлттық фирмалардың әлемдік нарықта бәсекелесуіне тікелей 
ықпал жасау.
6. Нарық тетігіне (механизміне) бағдарлануға байланысты 
мемлекеттік реттеу әдістері тікелей және жанама болуы мүмкін.
Тікелей әдіс
. Ол жұмыс істеп тұрған нарық тетігінің ісіне 
араласуды көздейді. Сонымен қатар, баға белгілеу, кіріс саясатына, 
атап айқанда: бағаның өсуін және еңбекақыны тоқтата тұру 


288
немесе шек қою (ауытқуына байланысты), несие-ақша жүйесінің 
көрсеткіштер өзгерістерін шектеу, квоталарды пайдалану және т.б..
Жанама әдіс
– қаржылық және несие-ақша саясатының жанама 
шаралары, демеуқаржы (субсидия), экспортты ынталандыру, валюта 
шаралары.
Мемлекет бұл әдістерге жағдайға байланысты жүгінеді 
– көбінесе, реттеуші және бәсекелесуші күштер арасындағы 
арақатынастарға орай. Нақты нарықтың, шаруашылықтың жай-
күйіне (конъюнктурасына) байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   177




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет